Сақтау шартының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 10:45, контрольная работа

Описание

Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.

Работа состоит из  1 файл

сактау курсовая.doc

— 128.00 Кб (Скачать документ)

          Сақтау шартын  (міндеттемесін)  аралас шарттардан   бөлектеген  жөн. Бұл сақтау шартының өзі   туралы толық пікір  (әсер) алуға  мүмкіндік береді.

          Сақтау шартының қарым-қатынасы  туралы  осы мәселені баяндауда  А.ІІ.Сергеева мен Ю.К.Толстойдың  редакторлығымен шыққан  азаматтық  құқық. Оқулығының  авторлары қомақты үлес қосты.

         Аталған оқулықтың авторлары   атап өткендей сақтаудың жалға  алу мен ссудадан ерекшелігі  – сақтаушының  мүліктің сақталуын  оны пайдалану құқықтарын  йеленбей  қамтамасыз етуге тиіс екенінде. Ал жалға алушы  мен несие беруші мүлікті "пайдалану құқығын иеленеді.Яғни екі жағдайда да мүлікті уақытша йелікке берудің мақсаттары әртүрлі (осының өзі салыстырмалы талдау жасауға түрткі болды).

       Аталған ерекшелікке сүйене отырып, сақтаушының әрекеттерін,  егер ол өзінің шарттық өкілеттіктерін асыра отырып, мүлікті пайдаланылатын болса, заңсыз деп тануға болады. Жалға алу шартында сақтау элементін бөліп көрсету мүмкін  емес, өйткені жалға алушы, мүлікті уақытша болса да өз иелігіне ала отырып.  Оны өз мақсаттары  үшін сақтайтын болады. Мүліктің, сақталуын қамтамасыз ету бойынша жалға алушының міндеттері тікелей  мүлікті жалға алу шартынан туындайды. (тек осы шарттың  ерекшелігін құрайды). Жоғарыда мүлікті  жалға алу шартын  қарастыра отырып, біз мүлікті ұстау жөніндегі ауыртпалық сәйкесінше жалға алушыға өтуге тиіс екендігі туралы айтқанбыз. Егер де сақтау шарты  туралы  сөз қозғайтын болсақ, онда мүлікті ұстау ауыртпалығын сақтаушыға беруге жол берілмейді.

       Осы айтылған сөз аралас  шарттардың соның  ішінде  жалға алу элементтері бар сақтау шартының бекітілуін жокқа шығармайды. Мұндай сәттерде, тиісінше жалға алу немесе сактау туралы нормаларды қандай пропорцияда, тараптардың қандай қатынастарына  колдануды  анықт міндеті туындайды.  Бұл жөнсіз мәселе емес. Мәселен, жалға беруші мүлікті жалға бере отырып, затты   пайдалану нәтижесінде   оның  мүмкін  болатын   тозуымен алдын-ала келіседі.

     Ал, жүк беруші болса   затты бұрынғы  күйінде, тозусыз  қайта алуға  жиынтық  айырмашылық айқын көрінеді. Қандай   нормалар  басымды   болып   табылады,  тараптар   мүдделерінің.   балансы   қйда?   Бұл   даулар   бойынша   істерді шеше алатын аяттар, сондай-ақ зерттеушілер мен азаматтық құқықтың өзге де мамандары үшін күрделі сұрақтар болып табылады.

     Сондықтан  оларлың мәнісіне, мазмұнына нормативтік  реттелуі мен  осыған байланысты мүмкін  болатын тәжірибелік айырмашылықтарға сүйене отырьш біз  сақтаумен заем сақтау мен  қозгалмайтьын мүлікті  күзету  шарттарын ажыратамыз.

         Бірақ біз  аталған оқулыкһқ авторларының  мынадай пікірмен келіспейміз: "сақтау шартын, басқа азаматтық-құкықтық міндеттемелердің құрамдас бөліктері болып табылатын  мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерден ажырату қажет Дәлірек айтқанда, мұндай міндеттер заңмен мердігерге (АК 914-бабы) тасымалдаушыға (АК 796-бабы) комиссионерге (АК 098-бабы) және бірқатар өзге міндеттемелердің қатысушыларына жүктеледі. Осындай және соларға ұқсас барлық жағдайларда  тараптардың өзара қарым-қатынастары сақтау шарты  туралы нормалармен    емес тиісті шарттар туралы ережелермен реттеледі.  Келіспеушілік себебін жоғарыда атап өткенбіз.

     Жалға алушы мүлікті өз мақсаттары үшін алатын жалға алуға қарағнда, кәдімгі  сақтаушы сияқты, мердігер де затты  құр сақтайды және мердігердің осы міндетінің тәртібін реттеу үшін мердігерлік туралы нормалардың өзі жеткіліксіз болғанда сақтау туралы нормалар қолдануға тиіс. Енді шарттың  өзін нақты қарастыруға көшейік.

          Әрекет етуші  заңнамада сақтау  шартының бірқатар түрлерінің  тәртібі ретке келтірілген. Ең алдымен, сақтаудың барлық шартары  үшін маңызды болатын сақтау туралы жалпы  ережелер бөліп қарастырылады. Олармен кәдімгі  ( тұрмыстық) сақтау да реттеледі.

          Субьекгілік қатарындағы айырмашылықтарға, мазмұнындағы кейбір ерекшеліктер мен нормативтік бекітілуіне байланысты сақтау шартының мынадай түрлері ажыратылады: 1) заттарды ломбардқа сақтау. 2) құндылықтарды банкте сақтау. 3) көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау. 4) ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау. 5) қонақ үйде сақтау. 6) даулы заттарды сақтау – секвестер.

        Кәсіпкерлік аясындағы қарым-қатынастырды  реттеу үшін  арнайы көзделген және осыған орай нысанындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерндегі  елеулі ерекшеліктерге байланысты жеке бөліп қарастырылатын сақтау шартының тағы бір түрі болып тауарлы қоймада сақтау шарты табылады.

        Сақтау шарты туралы нормалар  Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінде , 39- тарауда (39-тарауда  (768-802-баптар) қамтылған. Сақтау қатынастарында  қатысты нормалар сондай-ақ өзге  де заңдық және заңға сәйкес нормативтік актілерде  көрініс тапқан . Оларға мыналарды  жатқызуға болады: 31 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының "Қазақстан  Рсспублика-сындағы банктер және банк қызметі туралы " Заңы, 19 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан  Реслубликасының  "Астық туралы" 'заңы, 20 шілде 1995 жылғы Қазақстан Реслубликасы Президентінің “ Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы”  Заң күші бар Жарлығы, 10 шілде  1998 жылғы Қазақстан Республикасының “Есірткі құралдары, психотропты заттар, прекурсор лар мен олардың заңсыз осы заңның атауын тексеру керек айналымы  мен теріс пайдалануна қарсы әрекет ету шаралары туралы” Заңы және басқа да жекелеген заңдар.

     Заңға сәйкес нормативтік  актілерге  мыналар  жатады: ҚР Ұлттық банк Басқармасымен 16 шілде 1995  жылы  бекітілген Ломбардтар туралы Ереже, Қазақстан Республикасы  Әділет министрінің 17 сәуір 2000 жылғы №35 бұйрығымен  бекітілген арестке алынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен жағдайлары туралы нұсқау , Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті тұсындағы кеден комитетінің  6 шілде  1995 жылғы №125 бұйрығымен бекітілген, Кеден қоймалары туралы Ереже; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 ақпан 2000 жылғы № 173 “Астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін элеваторларда қабылдау, сақтау, қайта өңдеу бойынша қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері жөніндегі нормативті актілердің түпкілікті тізімі емес. 

         Сақтау шарты реалды шарт. Бұл  ҚР АК 768-бабының 2-тармағының мазмұнынан  көрінеді. Онда сақтау шарты зат  сақталуға берілген кезден бастап  жасалған деп танылатындығы, тікелей көрсетілген. Аталған норма мағынасынан туындайтындай, бұл шарттың мәнісі тараптардың еркі бойынша консенеуалды шарт құрылымын қолдануға бейімделмеген. Өйткені алдын-ала келісім бойынша жүк берушші сақтаушымен мәжбүр ету мүмкіндігіі ең алдымен егер бұл басқа тұлғалардың мүдделеріне зиян (шарттық немесе шарттық емес) келтірмейтін болса ол мүлкіне билік ету мүмкіндігі болуға тиіс меншік иесі ретіндсгі жүк беруші мүдделеріне зиян келтірер еді. Жүк беруші шарттан бас тарту кезінде бұл орын алмайды (орын алмауға тиіс), өтйкені кәсіпкер болып табылмайтын сақтаушы  сактау бойынша қызмет көрсетуден жүйелі негізде пайда табуды жоспарламайды.

        Сақтаушы рөлінде кәсіпкер тұрса басқаша болады. Онымен сақтаудың консенсуалды шарты  бекітілуі мүмкім (ҚР АК 769-6. 1-т). Бұл жағдайда заң шығарушы сақтаушының заңды мүдделерін ескереді.

     Кәсіпкермсн бекітілетін сақтау шартын консенсуалды сипат қана емес, сондай-ақ оның жариялылығы  да ерекшелендіреді (ҚР АК 770-бап).

     Сақтау  шарты жалпы ереже бойынша  ақысыз шарт болып табылады, бұл оның келтірілген анықтамасынан айқын көрінеді. Заңнамадан, іскерлік айналым дағдыларынан шарттың ақылылығы байқалған жағдайларда тарантар өзара келісім бойынша акысыз сақтауды шарттауы мумкін. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тәртібінде бекітілген сақтау шарты егер акысыздық туралы арнайы ескертпе (тараптар келісімі) болмаса, ақылы деп танылады.

           Сақтау шартын кейде бір жақты шарт деп атайды, өйткені реалды ақысыз сақтау шартын бекіткеннен кейін міндеітердің негізін бөліп сақтаушыға жүктеледі, ал жүк беруші нсгізінсн құқылы субьект  ретінде көрінеді. Бірақ мұндай сәттерде де сақтау шартының толықтай біржақты сипаты туралы айтуға болмайды. Ал егер сақтау шартының ақылылығы мен (немесе)  консенсуалдығы туралы сөз қозғалса, онда сақтаудың біржақтылылығы туралы пікірлер орынсыз болары анық. 
 

     3. САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ НЫСАНЫ  

     Сақтау  шарты ауызша және жай жазбаша  нысанда да бекітілуі мүмкін. Жазбаша  нысаны өз бетінше толтыру жолымеи  немессе зацнамамен көзделген жағдайларда, сақтау құжатының барлық талап етілетін реквизиттерін сақтаужолымсн жасалады. Ауызша нысанда сақтаудың тұрмыстық қызмет көрсетуге деген шарттары бекітіледі.

       Сондай-ақ, ауызша нысанда заттарды  қысқа мерзімге вокзалдардың  әуе жайлардың мекемелердің, кәсіпорындардың,  театрлардың, мұражайлардың стадиондардың, асханалардың және т.б. сақтау камералары мен киім ілгіштеріне сақтаушының нөмірлерлі, жетондарды және басқа да заңды деп танылған белгілерді беруі арқылы тапсыру жүзеге асырылады. Бұған қоса заттарды төтенші жағдайлар кезінде (өрт, су тасқыны және т.б.) сақтауға өткізу де ауызша нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

     Аталған жағдайларды қоспағанда сақтау шарты  жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Егер сақтауға алынған ззаттар сақтаушы жүк берушіге сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есесптеледі.

         Егер шартың заңмен көзделген  нысаны сақталса не сақтаушы  шарттың жасалу, оның орындалу  фактісін дауламаса, онда сақтауға  алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бірдейлілігі туралы дау туған жағдайда куәгерлік айғақтарға жол беріледі. Заттарды төтенше жағдайлар кезінде сақтауға өткізу, шартың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткізілген заттардың құнына  қарамстан куәгерлік айғақтар бойынша дәлелденуі мүмкін.  

          Сақтауды реттейтін АК нормаларының мағынасына сәйкес сақтау шарты кысқа мерзімді ретіндс бскітілуі мүмкін. Мерзімдік белгісі бойынша дәл осы шарттарды бөлудің тәжірибелік маңызы бар. Бұл олардын нысанының ерекшеліктерімсн байланысты (оларды ауызша бекітугс мүмкіндік беретіндігімсн). Қандай мерзімнің қысқа болып табылатындығы көрсетілмеген кейбір жағдайларда шарт мерзімі қалыптасқан жағдайдан айқындалуы мүмкін. Мәселсн, театрдың стадионның мұражайдың киім ілгішіне сақтауға өткізілетін зат соларда болатын уақытқа ғана сақталады.

         Қысқа мсрзімді шарт сол бір немесс өзгс мексменің жұмыс тәртібіне бағдарланатын киім ілгіштің жұмыс тәртібінің ұзақтығы бойынша анықталу  мүмкін.

     Зат көлік ұйымдарының сақтау камераларына өткізілгенде сақтау мерзімі сақтаудың тиісті ережелерімен анықталады және бірнеше тәуліктен аспайды.

     АК 773-бабында сақтау шартын талап етілмелі мерзімге немесе мерзімін көрсетпей  бскіту мүмкіндігі туралы айтылады.

     Онымен   қатар   жоғарыда   атап   өтілгендей   сақтаудың   мерзімді шарттары да бекітілуі мүмкін.

     Соңғыларының  мерзімі сақтаушы  міндеттерінің  уақыт ішіндегі шектерін анықтайды. Басқа тұстарында ол талап етілмей  немесе мерзімсіз  шарт сияқты әрекет ете алады. Тек, мерзімді  шарт бойынша  сақтаушы  мерзімнің аяқталу сәтіне затты қайтарудыың барлық жағдайларын (мүмкігндіктерін) қамтамасыз  етуге міндетті екенін есте ұстаған жөн. Өз кезегінде жүк беруші де құқық  бұзушы рөліндеболып қалмас үшін мерзімнің аяқталу сәтінде затты алуға тиіс.

        Талап етілмелі шарттың мәнісі- жүк берушіге шартты кез келген  уақытта, шартты бұзумен сақтаушыға  келтірілген шығындарды оған  жүктеу қаупінсіз, бұзу құқығы  берілетіндігінде. Талап етілмелі  шарт мерзімді де сақтау шартының  элементтерін қатуы мүмкін.

           Талар етілмелі шарттың бекіту сақтаушының да құқықтық жағдайын өзгертеді. Егер зат талап етілмелі сақтауға өткізілген болмаса (шарт мерзімі оны бекіту жағдайларынан туындайды), сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегі сақталу мерзімі өткен соң жүк берушінің заттарды қайтып алуын талап етуге құқылы. Сақтаушы, сонымен бірге, жүк берушіге затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім беруге міндетті.

             Мерзімсіз сақтау шартының құрылымы  сақташы мен беруші мүдделерінің  теңдігіне негізделеді. Сақтауды аяқтаудың дәл қажетті мерзімі туралы сенімді емес жүк беруші сақтаушымен затты сақтау бойынша  сақтаушы міндетінің жоғарғы шегі формальді түрде  шектелмейтіндігі туралы  келісімге келе алады.осыған сүйене отырып, жүк беруші өзінің белгілі бір өзекті сатып алушыны тауып әкелуі мүмкі, оның өндірістік мақсаттарда пайдалануы мүмкін және т.с.с.

           Соынмен бірге, сақтаушының мүддесіне  затты шексіз сақта кірмейді. Соның салдарынан, талап етілмелі  шарт кезінде сияқты, сол бір  немесе өзге жағдайларда кәдімгі мерзім өтіп кеткенде, сақтаушы жүк берушіге затты қабылдап плуға жететіндей қисынды мерзім бере отырып, оны қайтып алуды талап етуге құқылы болады.

Информация о работе Сақтау шартының жалпы сипаттамасы