Сот өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:33, курсовая работа

Описание

Елімізде соңғы кездердегі қоғамдық қатынастардың әсіресе экономикалық қатынастардың түпкілікті өзгеруінің соған сәйкес, оларды құқықтық реттеудің формаларының өзгеруі ұлттық заңдарымызды және нақты құқық саласының барлық жүйесін қалыптастыратын бастапқы, негізгі ережелерді қайта қарау, зерттеуді қажет етеді.

Содержание

І - тарау. Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу және оның
маңызы.
ІІ - тарау. Азаматтық істі сотта қарауға дайындау жөніндегі судьяның әзірлеу іс-әрекеттері
1. талапкер мен жауапкерден істің мән-жәйы жөнінде сұрастыру.
2. Іске қатысушылардың тобын анықтау және мүдделі тұлғаларды іске енгізу туралы мәселелерді шешу
3. Істе прокурордың, мемлекеттік органдардың қатысуы
4. Куәларды шақыру туралы және куәлардың берген жауаптарын пайдалану мүмкіндіктері
5. Жазбаша және айғақтық дәлелдемелер туралы мәселелерді шешу
6. Азаматтық істерді дайындаудағ сараптама тағайындау
7. Сот тапсырмалары.
ІІІ - тарау. Кейбір азаматтық істерді соттың қарауына дайындаудың ерекшеліктері.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

сот өндірісі.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)


19

 

Ж О С П А Р

 

 

 

І - тарау. Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу және оның  

              маңызы.

ІІ - тарау. Азаматтық істі сотта қарауға дайындау жөніндегі        судьяның әзірлеу іс-әрекеттері

1.            талапкер мен жауапкерден істің мән-жәйы жөнінде сұрастыру.

2.            Іске қатысушылардың тобын анықтау және мүдделі тұлғаларды іске енгізу туралы мәселелерді шешу

3.            Істе прокурордың, мемлекеттік органдардың қатысуы

4.            Куәларды шақыру туралы және куәлардың берген жауаптарын пайдалану мүмкіндіктері

5.            Жазбаша және айғақтық дәлелдемелер туралы мәселелерді шешу

6.            Азаматтық істерді дайындаудағ сараптама тағайындау

7.            Сот тапсырмалары.

ІІІ - тарау. Кейбір азаматтық істерді соттың  қарауына дайындаудың ерекшеліктері. 

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Бітіру жұмысының тақырыбы: «Азаматтық сот өндірісіндегі дайындау сатысың деп аталады.

              Бітіру жұмысын жазу барысында Қазақстандық, Кеңестік және «жақын шетелдікң ғалымдардың ғылыми еңбектері пайдаланылды.

              Сонымен бірге қазіргі кезде қолданып жүрген қазақстандық нормативтік құқықтық актілер басшылыққа алынды.

              Жұмысты жазу барысында мынадай терминдер, ұғымдар қолданылды: «талап өндірісің, «талапң, «сот өндірісің, «субъектң, «дайындық әрекеттерің, «сараптамаң, «куәларң, «сот тапсырмасың, «ұйғарымң, «қарсы талапң, «қарсы пікірң.

              Бітіру жұмысының мақсаты азаматтық іс жүргізу құқығының «сот сатыларың  мәселелеріне қатысты теорияда және тәжірибеде кездесетін мәселелерді ашып көрсету.

              Қарастырылып отырған мәселені алда талдау, ғылыми зерттеу жүргізуші ғалымдардың көзқарастарын, олардың берген анықтамаларын, пікірлерін салыстыра отырып ашып көрсетуге тырыстым.

              Жұмыс құрамы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және библиографиядан тұрады.

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К І Р І С П Е

 

Елімізде соңғы кездердегі қоғамдық қатынастардың әсіресе экономикалық қатынастардың түпкілікті өзгеруінің соған сәйкес, оларды құқықтық реттеудің формаларының өзгеруі ұлттық заңдарымызды және нақты құқық саласының барлық жүйесін қалыптастыратын бастапқы, негізгі ережелерді қайта қарау, зерттеуді қажет етеді.

Азаматтық және басқа да материалдық-құқықтық қатынастарды реттеудің құқықтық базасындағы елеулі өзгерістер азаматтық сот өндірісін жетілдіру қажеттілігін туғызғаны сөзсіз. Осыған байланысты қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі сот жүйесіндегі ауқымды қайта құруларды, сот билігін жүзеге асырудың жаңа тәртібін іске асыруға бағытталған бірнеше заң актілерінің қатарын толтырды. Алайда бұл заң өзінің қызмет етуінің қысқа мерзіміне қарамастан, қазіргі күнде бірқатар күрделі кемшіліктерін байқатады. Соның ішінде көптеген сыни көзқарастар оның сот өндірісі сатыларына, байланысты айтылып жүр. Сондықтан да бүгінгі күні процессуалдық ғылымның мұндай өзекті мәселелері Қазақстан юриспруденциясында толыққанды теориялық талдауларды қажет етеді.

Қазақстан Республикасы соттары мен судьяларының мәртебесі конституциялық заңдармен белгіленеді. Азаматтардың бұзылған құқығы және заң бойынша қорғауға жататын мүддесі жөнінде Қазақстан Республикасының Конституциясында сотқа жолдану құқығы ерекше белгіленген.

Негізгі соттың міндеті АІЖК-мен  реттеледі. Сот түскен материалдармен және түсініктермен ғана шектелмей, істің шынайы мән - жайын және талаптардың құқықтары мен  міндеттерін жан - жақты, толық және әділетті түрде айқындау үшін заңда көрсетілген, барлық шараларды қолдануға тиісті. Соның бірі азаматтық істі сотта қарауға дайындау болып табылады. Арызды қабылдағаннан кейін судья азаматтық істі қозғап істі сотта қарауға дайындық шараларын жүргізеді, оның міндеті істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету (АІЖК 166 бап). Сондықтан істі дайындау жұмысын судья барлық істер бойынша жүргізуге міндетті.

Қазақстан Республикасындағы сот билігі Жоғарғы Сотқа және жергілікті соттарға тиесілі.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек соттар ған жузеге асырыды деп көрсеткен[1]. Соттарда істерді қарау заңдылық негізінде, соттасуын тараптардың тікелей қатысуымен сотта іс жүргізілетін тілді сақтай отырып, жариялық, айтысушылық, тараптар құқықтарының теңдігі судьялардың тәулсіздігі және шешімдер шығарған кезінде олардың айғақтарды еркін бағалауы жағдайында жүргізіледі. Соттарда істер соттың бірінші сатысында жеке дара, ал жоғарғы сатыларда алқалы түрде қаралады.[2]

Сот ісін жүргізу тәртібі заңмен белгленеді.

Бітіру жұмысым судьяның істі сотта қарауға дайындау кезеңінде жүргізілетін іс жүргізушілік  әрекеттердің негізінде  сипатталған. Осыны ескере отырып, біз бітіру жұмысымызда жалпы азаматтық іс жүргізу құқығының принциптеріне сәйкес сот өндірісі,соның ішінде азаматтық істерді сотта қарауға дайындық сатысының  ұғымына түсінік беріп, оның жүйесіне, мазмұнына талдау жасап мәнін анықтадық. Соның негізінде теорияда орын алған сыни көзқарастарға, жетілдіру мәселелеріне тоқталып, оны шешу жолдарын бітіру жұмысы көлемінде қарастыруға тырыстық.

Бітіру жұмысын жазу барысында әрекеттегі  заңдар мен арнайы ғылыми еңбектер және соттардың тәжірибе материалдарын пайдалануға тырысытм.

Бітіру жұмысы кіріспеден  және негізгі ІІ тараудан және қорытындыдан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І - Т А Р А У

Азаматтық істерді сотта қарауға

әзірлеу және оның маңызы.

 

Заңда белгіленген тәртіптен әрбір мүдделі тұлға өзінің бұзылған немесе даулы құқығын, болмаса заңмен қорғалатын мүддесін қорғауды сұрап сотқа жолдана алады (АІЖК-нің 8 бабы).

Ең алдымен бұл құқықты  жүзеге асыру азаматтық істі қозғауға әкеліп соғады.

Сот азаматтық істі қозғап оны қарауға кіріседі.

1.Өзінің құқығын қорғау немесе заң қорғайтын мүддесін қорғауды тұлғаның арызы бойынша.

2.Прокурордың арызы бойынша.

3.Заң бойынша белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды сұрап, соттан өтіне алатын, мемлекеттік органдардың, ұйымдар немесе жекелеген азаматтар заң бойынша құқық қорғау және басқа азаматтар мүддесін қорғау үшін сотқа өтініш жазған жағдайдағы арыздары бойынша.

Талап істерін жүргізу жөнінде талап арыздары беріледі.

Ерекше өндірісте азаматтық іс қозғау құралы ретінде арыз болып табылады.[3]

Істі қозғау үшін мүдделі азаматтың берген арыздарынан басқа да осындай арыздар сотқа өтуі қажет. Азаматтық іс  бойынша арыздары қабылдау туралы мәселе судьяның жеке өзі шешеді/152-бап АІЖК /.

АІЖК - ң 170 бабына сәйкес, істі дұрыс және дәл уақытында шешу мақсатында арыз қабылданған соң судья істі сотта қарауға әзірлік жүргізеді, оның мақсаты - істі дер кезінде  және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.

Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлік дегеніміз не?

Яғни, ол азаматтық сот өндірісінің бір сатысы болып есептелетін болса, сипаты жағынан қандай міндетті ме, міндетті емеспе немесе бір айтатын болсақ дайындау неге, қандай деген сұрақ айналысында жақын уақыттарға дейін арнайы әдебиеттерде, басылымдарда алуан түрлі пікірлер айтылып жүрді.

Осы сұрақтардың барлығына ғалымдарға, тәжірибелері заң қызметкерлеріне, АІЖК - ң  ережелерінде заң шығару негіздерін талдап, сот органдарының тәжірибесін жинақтап қорытуға негіз болар жауап болған жоқ. Көрсетіліп кеткен мәселелердің әр түрлі шешілуі сот ісіне кері әсерін тигізіп, тыңдалуға дайын еместігінен соттың талдаулары қаралмай қалып отырды. Істерді соттық дайындауға талдау институтының тарихына көз жіберіп қарасақ   азаматтық іс жүргізу заңдары бұл туралы тұжырымды ойлар келтіре алмайды, соның ішінде кеңес заманындағы алғашқы  азаматтық іс жүргізу кодекстері азаматтық істерді қарайтын ережелерді қамтамасыз ете алмады.  Ресейдің АІЖК-нің  80 - бабы сотқа тек даулы тілегі бойынша жауапқа тартылушыны шақырғанға дейін, жеке ізденуді қанағаттандырып, куәгерлерді шақыру туралы, құжаттар мен мәліметтер алу үшін, куәліктер беру туралы немесе жауапкер қарсы болмаған, жағдайда істі шешу үшін қажет құжаттарды талап ету. П.В.Логинов атап айтқандай бұл баптың іске жарасымдығы сол, бұл бап, мәселені шешуді қамтамасыз ете алмады, төрешілік етушінің бастамасын аяқ асты етіп, азаматтық іс жүргізу  құқығының айтысушылық қағидасына қарсы келіп, айғақтар жинауда сот белсенділігін түсірді.[4] Осының бәрі азаматтық дауды тезде әділ шешуге кері әсерін тигізіп отырды.

ҚР АІЖК-  азаматтық істерді соттық қарауға дайындау сатысының міндеттерін ашық белгілеп берді. Заңдылықты тұлға әрі нығайту, сот әділеттілігі деңгейінің жоғары болуын жүзеге асырып, тәрбиелік сипатының ықпал етуі, азаматтардың саяси, еңбек, тұрғын үй, жеке және мүліктік құқығын, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың құқығын қорғау мен заңды мүдделерін барынша сақтаумен тығыз байланысты.

Азаматтық істерді соттық қарауға дайындау – азаматтық істер бойынша қажетті дәлелдемелерді жинап, істі өз уақытында және дұрыс шешу мақсатымен қамтамасыз ететін маңызды бөлшегі.

Істі соттың қарауына дайындаудың мазмұны бұл, жасалатын іс - әрекеті жағынан өте алуан түрлі. АІЖК - нің дербес бөлшегі ретінде талап арыз түскеннен бастап, істің соттың мәжілісінде талдануына дейінгі, судьяның іс жүргізушілік әрекеттерін қамтамасыз етеді. Арыз қабылданғаннан соң судья істі соттың қарауына дайындайды.

Әр азаматтық істі дайындау,  оның күрделілігіне, қарапайымдылығына, ауырлығына және жеңілділік сипатына байланысты емес сондықтан да азаматтық істерді дұрыс және өз уақытында шешу сот жұмысында азаматтық істерді соттың қарауына  дайындау азаматтық сот өндірісі сатысының маңызды да дербес бөлшегі болып табылады және ол барлық істер бойынша жүргізіледі. Азаматтық істерді сотта қарауға дайындау – бұлсот өндірісі сатыларының дайындаудан кеінгі сатылардың сот жұмысының нәтижелі болуына  негізін салады. Сот қарауындағы азаматтық істер, күрделі, әр-алуан, сансыз көп болып келеді. Нашар әзірленген істі мәні бойынша қарау кезінде кемшілігін толықтыру мүмкіндігі болмаса, тәртіп бойынша кейінге қалдыруға тура келіп, істің мезгілінде сотта қарауға кері әсерін тигізеді. Жеткіліксіз дайындалған іс оның зерттелгендігін анықтап, мәселені шешуде елеулі қателіктер жіберіп, апелляциялық немесе қадағалау тәртібінде іс қайта қаралғанда шешімді бұзуға әкеп соғады. Сот шешімінің заңдылығы мен негізділігі, азаматтық іс жүргізудің  тез де айқын болуы, істі қарауға дайындаудың сапасына байланысты.

Нашар дайындалған іс көпке созылып, қате шешімдер шығаруға әкеліп соғады. ҚР Жоғары Сотының пленумы өзінің 20001 жылғы 13 желтоқсандағы қаулысында: “ Азаматтық істерді сотта қарауға дайындау туралы ң азаматтық істі сотта қарауға дайындау І сот инстанциясының қажетті бөлшегі және азаматтық істерді дұоыс, жан-жақты, объективті түрде шешуге қажетті жағдайлар жасайды дей келе дайындау әрекеттерінің керектігіне сот назарын аударды.[5]

Дайындығы дұрыс жүргізген іс – сот мәжілісінің бірінші күнінде  - ақ істі жан-жақты, толық және әділ қарауға жағдай жасайды. Сот тәжірибесі материалдарды көрсеткендей, көптеген азаматтық істер дайындық сапасы жөнінен заң талабына сай келмейді, кей жағдайларда ол мүлде өткізілмейді.[6] Іс нәтижесінде мүдделі тұлғалардың қарсылық мәні айтылған талаптар анық шешілмей жатады. Осының барлығы соттың азаматтық істерді қарау кезінде азаматтық іс жүргізушілік заң негізінде шешім  шығарудың міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ете алмайды. Кей кезде соттар істі дайындауда дәлелдер /айғақтар/ келтіруді  ұсынбайды,ал осының өзі заңды және негізді шешім қабылданбауына әкеледі.

Іс жүргізу экономикасы тәртібін бұзу сот ісінде салыстырмалы рұқсат етілген іс бойынша ешқандай мағынасы, іске қатысы жоқ айғақтар жинау, істің дұрыс шешілуіне мүмкіндік бермейді. Қабылданған арыз бен дайындалған іс арасында байланыс болмауы, істі заңды түрде дайындау үшін бекітілген мерзімді  жалған қысқартуға тура келеді.

АІЖК - нің  167 – бабында  істі дайындау мерзімі депкөрсетілген. Ерекше жағдайларда іс өте күрделі болса төреағалық етушінің ұсынуымен мерзімді бір ай мерзімге  дейін  созуға болады, алимент өндіру, мертігуден немесе денсаулықтың өзге зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптардан басқа істер бойынша арнайы мерзім көрсетілген. Мерзімді тағайындау арыз берген күннен бастап есептеледі. Кейбір авторлар күрделі істерді ғана қарауға дайындау керек деп қателеседі. Дәйекті дайындалмаған немесе мүлде дайындалмаған істер негізсіз кейін қалдырылып, сот белгілеген қаралу мерзімін бұзуға әкеп соғады.

Азаматтың процесстің қылмыстық процесстен айырмашылығы, мұнда істі дайындау тек соттың өзіне ғана байланысты. Істі дайындап жүргізетін төрешілік етушіге істің сапалы да тез толық болуы үшін үлкен жауапкершілік артылады.

Дайындалған әрекеттердің құқықтық регламентациясын  іс жүргізушілік тәртіптің маңызды кезеңі деп қарау керек. Қазақсатн Республикасы  азаматтық іс жүргізу  кодексінің 166-170 баптарына сәкес істі соттың қарауына дайындау, арыз қабылданған кезден басталу керек.  Іс жүзінде кей кезде іс жүргізілу дайындығы туралы ұйғарым, материалдар жоқ боп шығады. Судья тек ұйғарым шығарып, істі соттың қарауына тағайындаумен шектеледі.  Соттардың бұл әрекеттері азаматтық іс жүргізу нормаларына қайшы келеді.

Информация о работе Сот өндірісі