Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:33, курсовая работа
Елімізде соңғы кездердегі қоғамдық қатынастардың әсіресе экономикалық қатынастардың түпкілікті өзгеруінің соған сәйкес, оларды құқықтық реттеудің формаларының өзгеруі ұлттық заңдарымызды және нақты құқық саласының барлық жүйесін қалыптастыратын бастапқы, негізгі ережелерді қайта қарау, зерттеуді қажет етеді.
І - тарау. Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу және оның
маңызы.
ІІ - тарау. Азаматтық істі сотта қарауға дайындау жөніндегі судьяның әзірлеу іс-әрекеттері
1. талапкер мен жауапкерден істің мән-жәйы жөнінде сұрастыру.
2. Іске қатысушылардың тобын анықтау және мүдделі тұлғаларды іске енгізу туралы мәселелерді шешу
3. Істе прокурордың, мемлекеттік органдардың қатысуы
4. Куәларды шақыру туралы және куәлардың берген жауаптарын пайдалану мүмкіндіктері
5. Жазбаша және айғақтық дәлелдемелер туралы мәселелерді шешу
6. Азаматтық істерді дайындаудағ сараптама тағайындау
7. Сот тапсырмалары.
ІІІ - тарау. Кейбір азаматтық істерді соттың қарауына дайындаудың ерекшеліктері.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
0сыны көре отырып, соттың қараукына жататын азаматтық істер тепе-тендік тәртібін сақтауды істі бойынша төрағалық етушінің міндетіне кіргізу керек деген К. С. Юдельсонның пікірі мен келісуге болмайды. [11]
Онсыз істі қозғауға болмайтын іс жүргізушілік жағдайларды тексеру, яғни заңды күшіне енген сот шешімінің немесе ұйғарымының жоқтығы немесе екі тарап арасында туындаған дау бойынша мемлекетік баж төленгендігін тексеру, арыз берушінің әрекет қабілеттілігін тексеру, істі дайындау алдында болу керек деп П. Я. Трубников дұрыс айтқан
Судьяның істі қарауға дайындаудағы іс жүргізушілік әрекеттерде жүзеге асыруы АІЖК-нің 170 бабында көрсетілгендей жеткілікті болмайды. Сонымен қатар іс жүргізушілік әрекеттерін жүзеге асыру судьяның қарауына және істің нақты сипатына байланысты емес, сонымен қатар, істегі іске қатысушы мүдделі тұлғалар шеңберіне және олардың белседілігіне байланысты.
Аталған іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру, бұл сотта іс қараудағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жасалады. Істі соттың қарауына дайындау әрбір азаматтық істердің категорияларына қарай әр түрлі болуы мүмкін, сонымен қатар әрбір істің күрделілігіне және сипатына байланысты болып келеді. Осы факторларға байланысты әр азаматтық істердің процессуалдық әрекеттерінің көлемі анықталады.[12] Азаматтық істерді сот қарауына дайындау туралы сот ұйғарым шығарады, онда азаматтық істі қарап және шешуге қажетті әрбір процессуалдық әрекеттер нақты көрсетілуі керек.
Іс бойынша істің мән-жәйларын толық және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін судья АІЖК-нің 170 бабының 1 және 2 тармақтарына байланысты тараптарға олардың АІЖК-нің 47 және 49 баптарында көрсетілген құқықтары мен міндеттерін түсіндіруі керек. Жауапкермен әңгімелесі барысында судья іске қажетті болып табылатын қосымша дәлелдемелер тапсырылуы керек екенін анықтайды және олардың тапсырылуын тараптарға ұсынады. Осы жерде жауапкерге оның қарсы талап беруге құқығы бар екенін және ол бастапқы талаппен бірге қаралатынын түсіндіреді.(АІЖК-нің 156 бабы).
Заңды және негізді шешім шығаруды қамтамасыз ету мақсатында судья тараптарға АІЖК-нің 66 бабының 3 тармағына байланысты қосымша дәлелдемелер тапсыру қажеттігін ұсынады.
Даулы құқықтық қатынасты тура анықтау үшін немесе басқа да сурақтарды анықтау үшін судьяға екі тарап бір уақытта шақырылуы мүмкін.
Тараптарды шақырып олардан жауап алу кезінде судья міндетті түрде тараптар өзара бітімгершілік келісім жасағылары келмей ме деген сұрақты шешіп алуы керек. Егер де траптар бұндай әрекеттерге келісіп тұрған кезде бұл сұрақ АІЖК-нің 172 бабына сәйкес шешіледі.
Р. Гукасян өзінің РСФСР АІЖК-сі бойынша жеке судьяның мәселені шешуі деген жұмысында істі соттық қарауға дайындау сатысында судья жеке дара заңда көрсетілген әрекеттерден басқа көптеген әрекеттерді де шешеді. Олар мыналар: талапты және дәлелдемелерді қамтамасыз ету, талап арыздарды біріктіру және бөлу, іс бойынша жауапкерге іздеу салу, мыс. алимент өндіру немесе төлету туралы, қарсы талап қабылдау.
Іс тәжірибе көрсеткенгей көптеген жағдайларда іске қатысушы адамдарға, олардың құқықтары мен міндеттері тек сот мәжілісінде істі қарау алдында ғана түсіндіріледі, мұның соңы адамдар өздеріне берілген құқықтарын нақты пайдалана алмайды, мұнадай жағдайлар істі кейінге қалдырып, істің жеткіліксіз жерлерін қайта толықтыруға жіберіледі. Мұндай жағдай болмасын деген іс жүргізуші судья іске қатысушыларға олардың құқығы мен міндеттерін арыз қабылдағаннан кейін, істі дайындау сатысында түсіндіріп қоюы қажет.
Істі сот мәжілісіне дайындау барысында судья іске қатысуы кажет ортақ қатысыушылар, дау пәніне дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселелерін шешуі керек(АІЖК-нің 170 бабының 3 тармағы.)[13] Азаматтық процеске бір бір уақытта бірнеше өзара байланысты бір талапкердің бірнеше жауапкерге немесе керісінше бернеше талапкердің бір жауапкерге талап қоюына мүмкідік береді. Сонымен қатар заң судьяға осы талаптарды бөлектеуге немесе біріктіруге, егер өзі орынды деп тапса бір іске қосуға немесе біріктіруге құқық береді.
Бұл мәселені шешу барысында судья АІЖК-нің 52 бабында көзделген дау нысансына дербес талаптарын мәлімдейтін үщінші тұлғаларды азаматтық процеске күштеп кіргізуге болмайтынын есте сақтау керек, өйткені бұл тұлғалар іс бойынша талапкердің барлық құқықтарымен пайдаланады, сондықтан да іске түсу мәселесін өздерінің еріктері бойынша шещшуі керек. Бұл жағдай азаматтық істегі ортақ талапкерлерге де байланысты.
Сонымен қатар судья дайындық сатысында, тиісті емес жауапкерді ауыстыру мәселелерін де нақтылайд(АІЖК-нің 51 бабы). Еске алатын бір мәселе тиісті емес жауапкер ек қана талапкердің келісімімен ғана ауыстырылады.
Сотта істі қарауға дайындық тәртібі бойынша судья тараптарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, солардың ішінде олардың аралық сотқа жолдану құқықтары. Бұл процессуалдық әрекет негізсіз дейді Баймолдина З.Х, өйткені талапкер азаматтық іс қозғалып қойғаннан кейін, белгілі бір материалдық шығындарды болғаннан кейін, психологиялық түрде сот шекшімін алуға бет бұра отырып өзінің пікірін, бағытын өзгерте қоюы мүмкін емес.[14]
Сондықтан да мұндай түсіндіруді талап арыз беру құқығы бойынша 14 тарауға енгізіп, азаматтық іс қозғалғанға дейін жасалғаны әбден дұрыс болар еді. 170 баптың 5 тармағына сәйкес судья, іске мүдделі бірақ қатыстырылмай отырған тұлғаларды азаматтық іс болатын уақыты мен орны туралы хабардар етеді. Мұндай тұлғалар қатарына сот шешімі олардың құқықтары мен міндеттеріне жанама түрде әсерін тигізуі мүмкін деген тұлғаларды айтуға болад(мысалы, азаматтардың арасындағы тұрғын үйге құқықтары туралы дау бойынша, үйдің иесі заңды тұлғаны айтуға болады).
Іс бойынша дәлелдемелерді судья заң негізінде және берілген талап сипатына байланысты шешеді. Әрбір азаматтық істер бойынша белгілі бір дәлелдемелерсіз істі қарау және шешу мүмкін емес екені анықталуы мүмкін.
1. Талапкер мен жауапкерді істің
мән-жайы жөнінде сұрастыру
В. Кутузов өзінің *Азаматтық істерді соттық қарауға дайындау* деген мақаласында атап көрсеткендей талапкер арыз берген кезден-ак істі дайындауды онымен әңімелесуден бастаған жөн дейді.[15]
Судья талапкерден жауап алып, іздену талабының негізі бойынша одан жауакердің қарсыласу фактілерін біліп, егер бар болса дәлелдерді толықтыруын ұсынады. Талапкерден жауап алу уақыт бойынша алдын-ала істі тындауға тағайндадап тіпті оны қарауға тікелей дайындау керек.
Іздену талаптары бойынша кейбір фактілерді анықтау мақсатында талапкерден жауап алу, талапкердің талабын негізге ала отырып жауапкердің қарсы келуін анықтап, оған процессуалдық құқықтары мен міндеттірін тісіндіру судьяның міндеті.
В. Кутузов өзінің азаматтық істерді соттың қарауға дайындау туралы деген мақаласына әрі қарай көз жіберсек, істі дайындауда арызды қабылдағаннан бастап үлкен күш-жігер салса онда бұл азаматтық істің өз уақытында, жоғары дәрежеде шешілуін қамтамасыз етеді деген пікір айтты. Әрине, бұл күрделі іс, бірақ жақсы ұйымдастырылған жұмыс бар жерде, толық түрде іске асады.
Арызды қабылдау кезіндегі жұмыстар жүргізу барысында арызданушылармен пікірлесе отырып, әнгімені керек арнаға бұра отырып, іздену талптарының мән-жәйларын анықтап, талап етілген дәлелдемелерді анықтап алу керек. Құқықтық қатынас мәнін дұрыс талдау, талапкер хабарлаған ақпараттар ішінен іске қажетін алу, барлық артық айтылғандарды алып тастау өте манызды.
АІЖК-нің 170 бабының негізінде судья талапкермен тікелей әңгімелесуді өзі жүргізеді деген болатынбыз, ал егер талап арыз почта арқылы жіберілсе, талапкер тек қажет жағдайда ғана шақырылады. Пікірлесудің басты мақсаты жауапкердің келешекте қарсылығын білдіру мүмкіншілігі бар екені жөніндегі фактісін анықтап, қосымша дәлелдемелер тапсыруын ұсыну болып табылады. Бірақ судья талап пәнін,негізін анықтап, аталған тұлғалардан басқа кімдер бұл істе мүдделі екенін білуге болады. Ең басты нәрсе судьяның алдын-ала талапкерге оның құқықы мен міндеттерін түсіндіріу.
Егерде соттың дәл сол тараптардың арасындағы дау жөнінде сол мәселе туралы және нақ осы негіздер бойынша шығарылып, занды күшіне енген шешімі болса немесе талапкердің өз тараптардың бітім келісімен бекіткендігі туралы соттың ұйғарымы болса егер талапкер өз талабына бас тартып, талабын өзгертсе, болашақта қайта талап берілмейді.
Талапкер азаматтық сот өндірісінің бұл сатысында талаптарын қамтамасыз етуге өтініш жасауға құқықты. Азаматтық істер жүргізу кодексінің 158-бабында сот істің қандай да болмасын жағдайында талаптарын қамтамасыз етіп, мәселені қарап және оған сәйкес шешім шығаруы керек.
Кейбір істі сотта іс қарауға дайындауда мысылы,үй бөлісуге байланысты даулар бойынша талапкер мен жауапкерді бірге, қайталап түсінік алуға шақырып, сот өз жұмысын құнттап отырады. Мұндай құнттау талапкер мен жауапкерден бір уақытта жауап алу, судьяға дау негізін ашып, істі сотта қарауға тез және сапалы дайындауға жол ашады.
Мүлікті қамаудан босату туралы іс бойынша талапкерден түсініктеме алу өте қажет болып табылады, өйткені бұл кезде талап мүлік иесі емес, оның туыстары мен таныстары өздерінің құқығын қорғау үшін берілуі мүмкін. Сондықтан да құқықтың кімге қатыстылығын алдын-ала анықтап алған жөн.
Мәселені шешуде негізгі белгі-жауапкерді шакыру туралы, іс дайындауда азаматтык дау құқығының күрделі дәреже екенін ғана емес, жауапкердің құқықтық бағытын айқын біліп, дәлелдер негізін сотқа дайын екенін баяндау. Жауапкер өз түсініктемесінде іске мүдделі тұлғаларды, даудың негізі бойынша кепілдік бере алатын тұлғаларды атап көрсетуге құқылы.Бұл жағдайда судьч, олардың істе қатысуын қамтамасыз етеді.
Көптеген жағдайларда талапкер жауапкердің талаптарын негізді түрде мойындамауы туралы хабарламасы, жапуапкердің іс-әрекеті манызды боп есептелінеді. Судья азаматтық істі сотқа дайындаған кезде жауапкерге қойылған талапкердің талабымен оны таныстыруға міндетті.
Жауапкердің пікірлесуге шақырылуы мақсатқа сәйкес деп айтуға болады және оның құқықтарын кемсітпейді Бұл судья үшін қосымша уақыт кетіру болғанмен жауапкердің құқықтық бағытын ашып, қарсылық көрсетудегі іс мазмұнын аша түседі.
Талапкерді тергеуде және қажетті жағдайда жауапкерді тепкеуге ысты дайындауда төрелік етуші жауапкершілік негізін анық бекетуде миндетті.
Жоғарғы Сотының Пленумы жауапкердің талапқа қарсы, көңіл аударуға тұрарлық қарсылық айту фактілері баяндалса, егер бұл қарсы келу фактілері бойынша талапкер дайындау кезінде судьяға хабарласа, бұл жағдайларда қажетті дәлелдерді талап ету және сот мәжілісінде тексеру үшін кей жағдайларда ұсынады.
Манызды процессуалдық әрекет істі қарауға сапалы және жоғары нәтижелі дайындау жұмыстарын қамтамасыз ету үшін, бір уақытта екі тарапты шақыруы. Тәжірибеде көрсетіп отырғандай, екі тарапты бір уақытта шақыру әкелікті таныту туралы, неке бұзу туралы, жұмысқа қайта алу туралы, зиян келтіру, авторлық және өнертапқыштың құқық, тұрғын үй дауы бойынша туындаған құқықтық қатынастарда мақсатқа сәйкес іске асырылады. Бір уақатта дайындау сатысында іс әрекеттер жүргізу дұрыс нәтиже береді, әсересе, неке бұзу істері бойынша өте қажет. Көптеген соттардың азаматтық істерді қараудағы жұмысын зерттеу барысында қателіктер жіберіледі соттар тараптар айтып отырған немесе іске олардың келе алмайтын жағдайларды көрсеткенде, көңіл бөлінбеді. Бұл әрекет судьяныңазаматтық істі дайындау кезінде талапкердің және жауапкерлін бағытын ашық ашпағандықтан болады.
Судья азаматтық істі сотқа дайындаған кезде жауапкерге қойылған талапкердің талабымен оны таныстыруға міндетті.
Жауапкердің пікірлесуге шақырылуы қойылып отырған мақсатқа сәйкес деп айтуға болады және жауапкердің құқығын кемсітпейді. Бұл судья үшін қосымша уақыт келтіру болғанмен жауапкердің құқықтық бағытын ашып, қарсылық көрсетудегі іс мазмұнын аша түседі.
2.Істі прокурордың, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қатысуымен қарау мәселесін судьяның шешуі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, жоғарғы қадағалау азаматтық істер бойынша заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғарғы қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.
ҚР Прокуратура туралы заңына сәйкес прокурор заңды бұзу кімнің тарапынан болса да шара қолдануға тиіс.
2001 жылы 13 желтоқсандағы ҚР Жоғарғы Соты азаматтық істерді сотта іс қарауға дайындау мәселелері туралы қаулысында: АІЖК-нің 55 бабына сәйкес прокурордың соттың І инстанциясында қаралатын азаматтық істерге қатысу міндеттілігі тек заңмен көзделген жағдайларда міндетті және сот азаматтық істерді сот мәжілісіне дайындау барысында прокурорды іске қатысуы міндетті деп тапқан жағдайда іске қатысады деп көрсетеді. Заңдарға сәйкес, прокурордың азаматтық істерге мынандай жағдайларда қатысуы міндетті деп көрсетеді:
1) азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау;
2) бала асырап алу істері бойыншв;
3) нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану үшін прокурордың жүгінуі;
4) ата-аналық құқықтан айырылу туралы істер.
Соттың тануы бойынша прокурордың азаматтық процеске қатысу міндеттілігін мысалы мынадай істер бойынша көре аламыз:
1. басқа біреулердің құқықтарын қорғау үшін прокурордың сотқа жүгінуі кезінде, сонымен қатар азаматты психиятриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы;
2. егер де тараптардың бір жағы кәмелетке толмаған тұлға, мүгедектер, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлға қатысып отырса;
3. егер де тарап ретінде мемлекет немесе әкімшілік-аумақ қатысып отырса;
4. АІЖК 25-29 баптарында көрсетілген азаматтық істер қаралып отырса.
Прокурордың міндетті түрде азаматтық іске қатысуы туралы сот ұйғарымы шығарылады.
Прокурор екі нысанады іске қатысады: 1. Азаматтық іс қозғау;
2. Қорытынды беру үшін қатысуы.