Сот өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:33, курсовая работа

Описание

Елімізде соңғы кездердегі қоғамдық қатынастардың әсіресе экономикалық қатынастардың түпкілікті өзгеруінің соған сәйкес, оларды құқықтық реттеудің формаларының өзгеруі ұлттық заңдарымызды және нақты құқық саласының барлық жүйесін қалыптастыратын бастапқы, негізгі ережелерді қайта қарау, зерттеуді қажет етеді.

Содержание

І - тарау. Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу және оның
маңызы.
ІІ - тарау. Азаматтық істі сотта қарауға дайындау жөніндегі судьяның әзірлеу іс-әрекеттері
1. талапкер мен жауапкерден істің мән-жәйы жөнінде сұрастыру.
2. Іске қатысушылардың тобын анықтау және мүдделі тұлғаларды іске енгізу туралы мәселелерді шешу
3. Істе прокурордың, мемлекеттік органдардың қатысуы
4. Куәларды шақыру туралы және куәлардың берген жауаптарын пайдалану мүмкіндіктері
5. Жазбаша және айғақтық дәлелдемелер туралы мәселелерді шешу
6. Азаматтық істерді дайындаудағ сараптама тағайындау
7. Сот тапсырмалары.
ІІІ - тарау. Кейбір азаматтық істерді соттың қарауына дайындаудың ерекшеліктері.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

сот өндірісі.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)

              АІЖК-нің 56,57 баптарына сәйкес мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар  немесе жекелеген азаматтар басқа біреулердің құқықтарын қорғау үшін процеске қатыса алады.

Бұл аталған тұлғалардың азаматтық процеске қатысуы мүдделі тұлғалардың өздерінің талап ету құқықтарынан айырмайды.  Осы аталған тұлғалар прокурор сияқты екі формада азаматтық процеске қатыса алады, бірақ ұйымдар мен жекелеген азаматтар басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін тек қана талап арызбен жолдана алады, ал қалған 57 бапта көрсетілген тұлғалар азаматтық іс бойынша екі формада қатысады.

Мемлекеттік органдар азаматтық процеске сотқа жәрдем беру мақсатында, барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады және процессуалдық құқыққатынастың субъектісі болып табылады.

Жоғарыда аталған Жоғарғы соттың қаулысына сәйкес, АІЖК-нің 57 бабында көрсетілгендей, заңмен көзделген реттерде сот азаматтық істерді сотта қарауға дайындау кезінде тек қана осы тұлғаларды қорытынды беру ұшін азаматтық процеске қатыстыру туралы мәселені шешеді.

Мемлекеттік органдардың іс бойынша беретін қорытындылары сарапшының қортындыларынан елеулі түрде өзгеше болады. Ол сот мәжілісінде жарияланады, ол басқа дәлелдемелермен қатар бағаланады.

3. Іске қатысушылардың тобын анықтау және мүдделі тұлғаларды іске кіргізу туралы мәселелерді шешу.

Істі сот мәжілісіне дайындау барысында судья іске қатысуы кажет ортақ қатысыушылар, дау пәніне дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселелерін шешуі керек(АІЖК-нің 170 бабының 3 тармағы.)[16] Азаматтық процеске бір бір уақытта бірнеше өзара байланысты бір талапкердің бірнеше жауапкерге немесе керісінше бернеше талапкердің бір жауапкерге талап қоюына мүмкідік береді. Сонымен қатар заң судьяға осы талаптарды бөлектеуге немесе біріктіруге, егер өзі орынды деп тапса бір іске қосуға немесе біріктіруге құқық береді. 

Бұл мәселені шешу барысында судья АІЖК-нің 52 бабында көзделген дау нысансына дербес талаптарын мәлімдейтін үщінші тұлғаларды азаматтық процеске күштеп кіргізуге болмайтынын есте сақтау керек, өйткені бұл тұлғалар іс бойынша талапкердің барлық құқықтарымен пайдаланады, сондықтан да іске түсу мәселесін өздерінің еріктері бойынша шещшуі керек. Бұл жағдай азаматтық істегі ортақ талапкерлерге де байланысты.

Сонымен қатар судья дайындық сатысында, тиісті емес жауапкерді ауыстыру мәселелерін де нақтылайд(АІЖК-нің 51 бабы). Еске алатын бір мәселе тиісті емес жауапкер ек қана талапкердің келісімімен ғана ауыстырылады. Осы мәселе бойынша ҚР Жоғарғы Сотының қаулысы 53 бапқа сәйкес дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар талапкер немесе жауапкер жақтан азаматтық процеске қатысады және іс бойынша тараптардың билік ету құқығынын басқа(49 баптағы) құқықтарымен пайдалана алады делінген.

4. Куәларды шақыру туралы мәселені шешу және куәлардың берген жауаптарын пайдалану мүмкіншілігі.

Іс бойынша куәларды шақыру әрекеттері бойынша,судья бір қатар әрекеттерді жүзеге асырады. Куәні сот мәжілісіне шақыру мүдделі тұлғаларға берілген құқық болып есептеледі. Шақыру туралы өтініштер судьямен осы шақырылып отырған куәлардың іс бойынща мардымды, іске қатысты жауап бере аоатын жағдайларында қамтамасыз етіледі. Шақырылуға тиісті куәлардың шеңберін анықтау бұл іс бойынша маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Егер де куә аурулығы, мүгдектігі немесе басқа себептермен сот мәжілісіне келе алмайтын болса, онда сот одан тұрған жерінде жауап алу туралы сұрақты ос істі сотта қарауға дайындау сатысында шешеді.

Сот мәжілісіне шақырылған куәлардың шеңберін анықтау істі нәтижелі қарауға кепілдігі тиеді, ал егер де дұрыс анықталмаған болса, азаматтық іс кейінге қалдырылуға душар етеді.

АІЖК-нің 67 бабына сәйкес ,сот тек қана іске маңызды дәлелдемелерді іске қатысты деп санайды, яғни іс бойынша ештеңе білмейтін куәлар сот мәжілісіне шақыру қажет емес.

Сот мәжілісіне шақырылған куәларды тым көп деп негізсіз қысқартуға жол берілмейді. Судья істі қарау барысында АІЖК-нің 68 бабына сәйкес дәлелдемелер заңда көзделген тәртіппен ғана алынса жол беріледі, сондықтан да судья куәлардың шақыртылу керектігін осы қағидаға сәйкес жүргізеді.

5. Жазбаша және айғақтық дәлелдемелерді дайындау және сұратып алдыру.

Куәларды шақырту туралы өтініштен басқа,тараптардан  жазбаша дәлелдемелерді талап ету, заттай дәлелдемелерді талап ету немесе осы дәлелдемелерді алу үшін соттың сұратуы үшін судья ең алдымен бұл дәлелдемелердің іске қатыстылығын маңызын анықтап алуы қажет. Дәлелдемелердің осы іске қатыстылыған анықтау мақсатында, судья тараптардан қандай дәлелдемелерммен істің мән-жәйін анықтауға болады деген сұрақтарды шешуі керек.

Азаматтық істерді соттың қарауына дайындау барысында судья ең алдымен,ұсынылған талап ақиқатқа сәйкес пе,бұлар шындыққа жанаса ма,іске қатысушы тұлғалар дәлелдемелерді толық тапсырып отырма, қандай дәлелдемелер соттың ойынша жетіспейді және оларды тапсыруды тараптарға ұсынуды. АІЖК-нің 74 бабына сәйкес өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушылар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.

Дәлелдемелерді қамтамасыз ету куәлардан жауап алу, сараптпма жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жургізіледі. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы ұйғарым АІЖК-нің 75 бабына сәйкес орындалуы керек. Қаматмасыз ету шаралары, өз өндірісіне істі қабылдаған судьямен жүзеге асырылады. Егер де судья қамтамасыз ету ұшін негіз жоқ деп тапса, ол жөнінде дәлелді ұйғарым шығарылады.

Әрбір азаматтық істер бойынша қажетті дәлелдемелер жиналуын сот қадағалайды, егер де тарап сот сұратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі(АІЖК-нің 66 бабының 10 тармағы).

Жазбаша дәлелдемелерге және айғақтық зааттарға байланысты соттың жүргізуіне тиісті әрекеттері АІЖК-нің 81-89 баптарымен реттеледі.

Жоғарғыда айтылып кеткен ҚР Жоғарғы соты 2001 жылы 13 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, АІЖК-нің 255 бабын орындау мақсатында азаматтық істерді сотта қарауға дайындау кезінде жазбаша дәлелдемелерді, айғақтық заттарды қарау барысында міндетті түрде хаттама жасалынуы керек.

 

 

 

6.Азаматтық істерді сотта қарауға дайындаудағы сараптама тағайындау.

Сараптама тағайындау түсінігі АІЖК-нің 91 бабымен арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зерртеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жәйлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы басқа да тұлғалардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды.

Сарапшы қорытындысы іс бойынша сот дәлелдемелерінің қатарында аталған(64 бап). Сараптама қорытындысы зерттеу нәтижесінде сарапшы берген,жасаған отүйін болып табылады.Істі сот мәжілісіне дайындау сатысында сот сараптама тағайындау дайындық әрекеттерінің бірі болып табылады. Бұл жөнінде ҚР Жоғарғы Сотының 13 желтоқсан 2001 жылғы азаматтық істерді сотта қарауға дайындауға арналған қаулысында былай делінген: сот істі сотқа дайындау сатысынды АІЖК-нің 91 бабына сәйкес,сараптама тағайындау жөнінде ұйғарым шығаруға құқылы. Сараптама тағайындау туралы сұрақтарды шешу барысында сот, талапкердің немесе жауапкердің  өтініші бойынша сараптама тағайындау туралы сұрақтарды шешу үшін осы өтініштің қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға хабарлауға міндетті, бірақ олардың келмеу қалуы бұл сұрақты шешуге кедергі болмайды. Сот тараптарға, олардың сарапшының алдына қоятын сұрақтарды беруге болатын құқығы туралы түсіндіреді, бірақ сұрақтардық түпкілікті шеңберін, мазмұнын судьяның өзі сараптама тағайыдау туралы ұйғарымында көрсетеді.

Сарапшының шешуіне қойылатын сұрақтар егер де, ғылым,техника, өнер салаларында арнайы біліктілікті қажет сұрақтар. Сотттың құзіретіне хататын құқықтық сұрақтарды сарапшының алдына қоюға болмайды, мысалы нақты істі қалай шешу керек екені туралы.

Егер сотта азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істер қаралып отырса, онда АІЖК-нің 304 бабына сәйкес, азаматтың психикалық хал-жайын анықтау үшін сот-психикалық сараптама тағайындайды. Бұл жерде сарапшы тек қана бұл азаматтың ауруының сипаты жөнінде ған қорытынды береді, ал бұл азаматты әрекет қабілеті жоқ немесе шектеулі деп тану соттың құзіретінде.

7. Сот тапсырмалары.

АІЖК-нің 72 бабына сәйкес істі қараушы сот іске қатысушы тұлғаның басқа қалада немесе ауданда дәлелдемелер жинау қажеттігі туралы өтінімін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға тапсырма береді.

Істі қараушы сот іске қатысушы тұлғалардың Қазақстан Республикасының құқықтық көмек көрсету жөнінде келісімі бар басқа мемлекетте дәлелдемелер жинау туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда осы келісімнің ережелеріне сәйкес сот  тапсырмасын жібереді.

Соттың тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын істің мәні, тараптар туралы мәліметтер қысқаша баяндалады, анықтауға жататын мән-жәйлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиіс дәлелдемелер көрсетіледі. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін міндетті және ол алынған сәттен он күнге дейінгі мерзімде орындалуға тиіс.

Соттың тапсырмасын орындау АІЖК-нде белгіленген ережелер бойынша сот отырысында жүргізіледі. Іске қатысатын тұлғалар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда келмеу тапсырмны орындауға кедергі болмайды.

Хаттамалар мен тапсыоманы орындау кезінде жиналған материалдар дереу істі қарап жатқан сотқа жіберіледі.

Егер іске қатысушы тұлғалар немесе тапсырманы орындаушы сотқа түсініктеме немесе айғақ беруші куәлар істі қарайтын сотқа келсе, олар жалпы тәртіп бойынша түсінік береді.[17]

Сот сот тапсырмаларын тек қана ерекше жағдайларда жүзеге асырғаны жөн. Соттың тапсырмасы арқылы тараптардың берген түсініктемелері, куәлар жауаптары, сарапшы қорытындысы, жазбаша және заттай дәлелдемелерді қарау арқылы  жинауға болады.Көп жағдайда сот тапсырмасы жолымен куәлардың жауаптарын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 13 желтоқсан 2001 жылғы Азаматтық істерді сотта қарауға дайындау сатысы атты қаулысында, соттың назарын азаматтық істерді дайындау өз алдына міндетті және дербес саты екенін көрсеткен болатын.

Дайындау әрекеттерін судья әрбір іске байланысты өз ерекшелігін, күрделілігін,іске қатысушы тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне сай өткізуі керек. Судьяның азаматтық істерді дайындау сатысында іс жүргізу әрекеттері дұрыс, заңды жүргізуі оның кәсіби деңгейін емес, іске деген жауапкершілігін көрсетеді.

Азаматтық              іс жүргізу құқығы теориясында, сот өндірісі сатыларының алатын орны ерекше. Сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыруға, соның негізінде азаматтық құқық субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерінің жүзеге асырылуы зор орын алады.Сондықтан да азаматтық сот өндірісінің сатылары туралы мәселелерді жетілдіру, дамыту сол құқық саласын, сонымен қатар соттың құқық қолдану қызметін жетілдіруде де аса маңызды рольге ие және заңшығарушыға осы саладағы заңдарды жетілдіруге нақты бағыт бағдар береді.

Сонымен біз жұмысымызды қорыта келе, азаматтық істерді сот мәжілісіне дайындау сатысын ғылыми теориялық талдау жасай отырып, азаматтық іс жүргізу заңында көрініс тапқан принциптердің негізінде қарастыруға тырыстық.  АІЖК-ң  азаматтық істер бойынша сот әділдігін іске асыруы соттардың қызметінде белгілі бір орын алатындығында сөз жоқ. Жұмысымызды аяқтай келе, тиянақты дайындықтан өткеніс, дұрыс және уақтылы қаралып, соттың заңды және негізді шешім шығаруын қамтамасыз етеді.

 

 

1. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР

Нормативтік актілер тізімі

 

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.

2.      “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралың ҚР-ң Конституциялық заңы. 2000 ж. 25 желтоқсан.

3.      Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 1999 ж. 2000 жылғы 29 наурыздағы N42-11, 2000 ж. 5 шілдедегі N75-11, 2001 жылғы 2 наурыздағы N162-11, 2000 ж. 11 шілдедегі N238-11 заңдарымен енгізілген өзгерістер және толықтыруларымен

4.      ҚР Жоғарғы соты пленумының  қаулысы. 13 желтоқсан 2001ж. Азаматтық істерді сотта қарауға дайындау туралы.

5.                      ҚР Неке және отбасы туралы заңы. 17 желтоқсан 1998ж.             

 

Арнайы зерттеулер мен оқулықтар

 

1.              Авдюков М.Т. Принцип законности в гражданском судо-производстве. М., 1970.

2.              Абрамов С.Н. Гражданский процесс. М.: Юриздат 1984.

3.              Актуальные проблемы гражданского права и процесса. Сборник статей. Ред.: проф. З.Г.Кросякова. Иркутск, 1972.

4.              Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК. А., 2001.

5.              Боннер А. Подготовка гражданских дел к судебному разбирательству. // Соетская юстиция 1969 г номер 4.

6.              Восковский Е.В. Учебник гражданского процесса. Издание 2-ое. М., 1917.

7.              Вопросы гражданского процессуального гражданского и трудого права (Сборник статей). М., 1965.

8.              Гурбатов Н.М. Подготовка гражданских дел к судебному разбирательству. М., 1972г.

9.              Гурбатов Н.М. Спавочник по подготовке дел к судебному разбирательству. М.,1989.

10.         Гуреев П.П. Судебное разбирательство гражданских дел. М., ГосЮриздат, 1958.

11.         Гурвич М.А. Учение об иске М., 1981.

12.         Логинов П.В. Подготовка гражданских дел. // Советская юстиция. 1989.

 

13.         Практика применение гражданского процессуального права. Свердловск, 1984.

Информация о работе Сот өндірісі