Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:33, курсовая работа
Елімізде соңғы кездердегі қоғамдық қатынастардың әсіресе экономикалық қатынастардың түпкілікті өзгеруінің соған сәйкес, оларды құқықтық реттеудің формаларының өзгеруі ұлттық заңдарымызды және нақты құқық саласының барлық жүйесін қалыптастыратын бастапқы, негізгі ережелерді қайта қарау, зерттеуді қажет етеді.
І - тарау. Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу және оның
маңызы.
ІІ - тарау. Азаматтық істі сотта қарауға дайындау жөніндегі судьяның әзірлеу іс-әрекеттері
1. талапкер мен жауапкерден істің мән-жәйы жөнінде сұрастыру.
2. Іске қатысушылардың тобын анықтау және мүдделі тұлғаларды іске енгізу туралы мәселелерді шешу
3. Істе прокурордың, мемлекеттік органдардың қатысуы
4. Куәларды шақыру туралы және куәлардың берген жауаптарын пайдалану мүмкіндіктері
5. Жазбаша және айғақтық дәлелдемелер туралы мәселелерді шешу
6. Азаматтық істерді дайындаудағ сараптама тағайындау
7. Сот тапсырмалары.
ІІІ - тарау. Кейбір азаматтық істерді соттың қарауына дайындаудың ерекшеліктері.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Дайындық ісінің міндеті АІЖК 166 бабында көзделген. Ондағы мақсат азаматтық істердің уақытында және дұрыс шешілуін қаматамасыз ету болып табылады. Енді міндеттерін атап көрсетететін болсақ,олар мынадай:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жәйларды анықтау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
3) іске қатысатын тұлғалардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
Істі дұрыс шешуді қамтамасыз ету дегенді қалай түсінуге болады. Ол - сот шешімінің заңды және негізді болуы.(АІЖК. 218 бап). Істі өз уақытында шешу бәрінен бұрын азаматтық істі қарау мерзімін сақтаудың кепілдігі болып табылады. Азаматтық істерді мүмкіндік болса, бірақ - ақ күнде бір сот мәжілісінде қарауды қамтамасыз ету керек, бір сөзбен айтқанда соттың олқылық әрекеттеріне байланысты себептермен істі кейінге қалдырмау. Атап айту керек, ең мұқият дайындалған іс сот әрекетіне байланысты емес себептермен кейінге қалдырылуы мүмкін. Олар, іске қатысушы тұлғалардың келмей қалуы және де оларсыз істі қарауға мүмкін болмайтын жағдайда немесе куәлардың, сарапшының, тілмащтың, прокурордың, мемлекеттік органдарының белгісіз себептермен сот мәжілісіне келмеуі. Азаматтық істерді дайындау іс бойынша айғақтардың түгел болуын қамтамасыз етіп, істің бірінші сот инстанциясындағы сот мәжілісінде түпкілікті шешілуіне тиісті жағдай жасайды.
Азаматтық істерді қараудағы соттың басты міндеті - әділетті шешім шығарып, ақиқатты анықтау. Бұл үшін істі қарауда сот қарамағында іс бойынша талапкердің талабын, жауапкердің қарсылығын негіздейтін маңызды мән-жәйлардың бар-жоғына , түгел болуына көз жеткізу. Яғни судья азаматтық істі дайындау кезінде істің мән-жәйларын анықтап, екі тарап ара қатынасына анықтауға міндетті. Судья істі қарауға дайындаудағы әрекеті өз білгеніне байланысты емес, заңды негізге ала отырып жүзеге асырады. Азаматтық сот өндірісінің дайындық сатысына байланысты көптеген әдебиеттерде дайындық сатысының дербес және міндетті сипаты жөніндегі мәселені көптеген ғалымдар талдап, өз бағыттарын негіздеуі заңдарға, іс жүргізу құқығы ғылымына және соттың тәжірибесіне сүйенеді дейді. Істі соттың қарауына дайындауы - азаматтық процесстің ерекше сатысы деп жай ғана аталады. К.С.Юдельсон жазып көрсеткендей азаматтық процесс сот органдарының қызметі ретінде белгілі сатылардан өтетін прцессуалдық әрекеттер жиынтығы боп саналатын мақсаттарды біріктіреді. Олар келесі сатыға бөлінеді: 1 - инстанциялы сотта істі тікелей қарау; ІІ - инстанциялы сотта іс жүргізу, соттың заңды кұшіне енген сот қаулыларын қайта қарау тәртібінде іс жүргізу, жаңа ашылған мән-жәйлар бойынша, атқарушылық іс жүргізілу; І - инстанциялы сотта істі тікелей қарау негізгі және маңыздырақ сатысы екенін мойындап, ескеру керек.[7] К.С.Юдельсон оны тағы үш дербес сатыға бөліп отыр істі қарау, істі қозғау, істі қарауға дайындау және істі қарау. Азаматтық істерді соттың қарауға дайындауы - азаматтық сот өндірісінің екінші сатысы, яғни соттың мүдделі тұлғадан талап арызды қабылдаған сәттен басталады. Осыған орай азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында басқа да пікірлер айтылған.[8] М.А.Гурвич - тің пікірі бойынша І - инстанциялы сотта іс жүргізудің сатысы көптеген негізісіз ұсақ біріңғай сатыларға бөлінуі дұрыс емес, өйткені кез - келген сатының белгілі шешімі бар, құқықтық қатынас шеңберінде бекітілген сотта орындалады. Істі тікелей шешудегі арызды қарау, шешімдердің орындалуы және басқа.[9] Процессуалдық әрекеттер тобын бөлуде, істі соттақарауға дайындауға жіберуде азаматтық процесстің дербес сатысы ретінде теориялық анықталған және тәжірибелік мәні бар екеніне келісеміз. Азаматтық істер бойынша алдын-ала тергеу жүргізілмейді, мүдделі адамдар кез-келген уақытта барлық қажет жағдайлар мен дәлелдерін көрсетуге шамалары келмейді, дайындық қажеттігі осындай жағдайларда іске асырылып көп септігін тигізеді. Судьяның әр іс бойынша бас назар аударатын міндеті іс бойынша азаматтық істерді сотта қарауды жетілдіру. Азаматтық істерді дайындау, барлық соттың негізді іс қарауы, сот пен мемлекет абыройы, өйткені сот әділдігі мемлекет атынан жүзеге асырылады Азаматтық істерді соттың қарауына дайындау - азаматтық процесстің бір сатысы болғандықтан, азаматтық іс жүргізу құқығына тән: судьялардың тәуелсіздігі және олардың тең заңға бағынуы, тараптардың теңдігі, бәсекелестік, сот мәжілісінің жариялылығы, сот ісінің тілі, тікелей және ауызша және тағы басқа да қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Істі соттың қарауына дайындау, азаматтық сот өндірісінің бір сатысы ретінде, тиісті істі дайындау - соттың объективті, толық, жан-жақты шешім қабылдауының кепілі болып табылады.[10]
Істі дайындауды техникалық сипаттағы іс-шара деп қарауға болмайды. Бұдан шығар нәтиже, іс дайындау сатысы, процесстегі басқа сатылардан өзгеше толық та дербес, теориялық сипаты бар және сот әділдігіне тікелей қатысы.
Төрағалық етушунің істі дайындаудағы азаматтық іс жөніндегі қабылданған арыз бойынша іс жүзінде әр түрлі әрекеттер орын алады, ол болса істі қозғау мен істі соттың қарау арасындағы шекті жоюға әкеп соғады. Мәселен, судья арызды қабылдаудан бас тарта алады, егер арыз азаматтық сот өндірісінде қаралуға жатпаса, және тағы басқа АІЖК-нің 153 бабында көзделген негіздер орын алса. Сондықтан да іс қозғау мен істерді соттың қарауына дайындау сатысының арасында айқын шек қоюдың нақты маңызы бар және де оларды араластыру, іске қатысушы тұлғалардың құқығын және заңмен қорғалатын мүддесін бұзуға әкеледі.
Екі тараптың қарсы келуі және дәлелді талаптар қою фактілерінің істі дұрыс шешуде маңызды орын алатын фактілер мен талаптар бойынша арыздану мәнін анықтау.
Дәлелдемелер мен фактілер шеңберін дәл анықтау, заңды маңызы бар істі шешу үшін процесске қатысушылар арасында іске асатын тұсты объективті бекіту.
Құқықтық қатынас- адамдардың ашық әрекеті және оқиға ықпалында туындайды және тоқтатылады, адамдардың еркінен тыс жүргізіледі. Бірақ, кез келген әрекет немесе оқиғада мұндай күні бола бермейді. Олардың ішінде тек заңдық маңызды құқық қатынасына сәйкес келеді деп заң түрінде шешілгендері ғана. Қаралған нормалардан заңды фактілері туындайды және жүзеге асырылады және де осы норма адамдар арасындағы құқықтық байланыс нормасы боп есептеледі. Дауды шешу үшін өте қажет, фактілер аумағында заңға назар аудармау істі анықтауға кедергісін тигізеді. Дәледеу фактісін толық және анықтау үшін төрелік етуші берілген нақты жағдайда қолданылуға лайық құқық нормаларын іздеуі керек.
АіЖК талапкерлерге сотқа жазылған арызында ізденуге негіз болатын жағдайды баяндауды алдын - ала ескертеді (АІЖК,150 бап). Бірақ талапкер екі жақ ара қатынасында материалдық құқық нормасына сәйкес нұсқау бергізуде заң маманы болуы міндетті емес. Заңның қолданылуы мен түсіндірілуі жайын сөз етсек төрелік етуші іске қатысты адамдардың разылық білдіруіне қарамастан, заңды шешуде дұрыс келетін нормаларды басшылыққа алуы керек. Арыз жазуда талапкер өзінің заңынан хабарсыз екендігі және басқа да жағдайлар мен фактілерді дұрыс және дәлелді баяндай алмайды, дәлелдікті талап ету және бейімдеу үшін іске қатысы жоқ жағдайларға құқықтық маңыз беру керек. Және де талапкер тікелей мүдделі адам ретінде іс жүргізу процесінде өзіне қарсы келііп, жауапкердің пайдасына шешілетін фактілерді келтірмейді. Көптеген жағдайларда сот бастапқыда тек талапкер ұсынған материалдар бойынша іспен танысып, өте күрделі жұмыс жүргізеді, соттың қарауы алдында тексеруге жататын фактілер құрамын анықтау - жақсы дайындалған іс болып табылады, мұндай істерге - іске қатысты талапкер, жауапкер және де басқа адамдардан жауап алу. Егер жұмысшы кәсіпорында денсаулығына зиян келтіріп, мүндектіне себеп еткені бойынша арызданса, онда сәтсіз оқиға фактісін бекітіп, себептерін тауып, денсаулығына зиян келгенге дейінгі айлық жалақысы көлемінде зейнетақы немесе арнайы әлеуметтік сақтандыру жәрдем ақысымен қамтамасыз етіледі. Басқа тұрғындардың өзімен бірге тұруына, тәртібімен кедергі жасап бірге тұруға мүмкін емес жағдайлар туғызған адамдарды пәтерден немесе үйден қоныс аударту үшін төрешілік етуші сот мәжілісінде жауапкердің адамгершілікке жат қылықтарын ашатын фактілерді жинап, жатақ тәртібін бұзып, басқа адамдардың үй - жайды пайлану мүмкіндігінен айырғаны үшін.
Судья - даулы қатынастарды реттеуші құқық нормаларын тапқан соң, осы нормаларды басшылыққа ала отырып, берілген іс бойынша айқындауды қажет ететін, дәл де жеткілікті фактілер құрамын анықтайды. Осындай жағдайда кейбір жағдайлармен көрсетілмей қалған жағдайлар ашылуы мүмкін, сонда ғана төрелік етуші сот мәжілісінде жаңа түскен фактілерді зерттеу үшін қолда бар мүмкіндікті жасайды. Оның істі талдауға еш қатысы жоқ фактілерді, талапкер мен жауапкер тек соған сүйеніп отырса оны істен алып тастауға толық құқы бар.
Өзін дұрыс емес немесе заңсыз жұмыстан шығарылды деп есептейтін азаматтар талабын қарауда негізгі мәні бар нәрсе ол жұмыстан шығарылу себебін зерттеп, берілген істе жұмысшының еңбекке қабілеттілігі, жұмыс сапасы жоқтығын дәлелдейтін әкімшілік шығарған шешім.
Сот тәжірибесінде істі қарауға дайындауда қатып қалған қағида тез орындалатын қалыптан шықпас қабылдау болмайды.
Кез келген іздену талаптарын сөзсіз, қарапайым немесе күрделі іске қоса салуға болмайды. Кей кезде талапкер арызында фактілер аумағын бекітіп тұратындай толығымен және жеткілікті анықтайды, енді бір кезде ол оны жасай да алмайды және жасағысы келмейді. Соған сәйкес сот алдына қойылған мәселе өзгереді. Процесс нәтижесі істе мүдделі талапкердің, жауапкердің және басқа тұлғалардың бағытына байланысты.
Екі жақтың заңды қатынастары, және жөнге салуды анықтау. Судьяның берілген нақтылы істе заңды және маңызды фактілерді шешуі, соттың талдау кезінде негізгі қаулыда шығарылған әділдікті орнатуға кепілдік береді.
Тараптардың әрқайсысы өзінің талаптары қарсы пікірлеріне негіз етіп көрсетіп отырған мән - жайларды дәлелдеп беруге тиіс.
Дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа адамдар тапсырады. Егер тапсырылған дәлелдемелер жеткілікті болмаса, сот тараптарға және іске қатысушы басқа адамдарға қосымша дәлелдемелерді тапсыпуын ұсынады.
Мәселені шешуде барлық қажет дәлелдер болмаса, сот шешімі дәлелсіз және іс материалдары жеткіліксіз дәлелденген болса онда мұндай шешімді өзгертуге,жоюға тура келеді.
Сот органдарына қарауға алуан түрлі азаматтық істер түседі. Айғақты заттарды шешуге тарту мазмұны бойынша төтен алуан түрлі фактілерді бекітуде іздену негізінде жазбаша дәлел жоқ болса төрелік етуші істі дайындауда жақтардан керекті құжаттарды тапсыруды ұсынады.
Берілген материалды тексеріп бітіп, қажетсіз істер қалған соң төрелік етуші қалған істерді біріктіріп, нақтылы талап ету дәлелдерін қарауға мүмкіндіп алады.
Судьяның қарамағында әрқашанда жеткілікті дәлелделген материал бола бермейді. Мәжіліс кезінде мүделі адамдар қосымша дәлел ұсынуға құқылы.
Судья алдында дәлелденген материалдар толықтығын қамтамасыз етіліп тұрады. Істі дайындау кезінде дәлелдеу нәтижесі дау шешудегі материалдарың жеткілікті ме, жеткіліксіз бе, соны білуге болады.
Занды мүдделі қатысушылар шеңберін анықтау іс жүргізуде арыз қабылдаған соң азаматтық істерді шешудің ең маңызды мәселесі. Нақтылы процессте занды мүдделілік, құқықтық қатынасты зерттеуге қатысушылар сотта болуы керек.
0лардың қатарына кейбір іс жүргізу ерекшеліктерін, істі қарау нәтижесіне қөніл аударатын іске қатысушылар кіреді.
Аззаматтық процессте прокурор кез-келген талапты ұсына алады. Кейбір мекемелер мен ұйымдар даудың дәрежелі анықталуын қарауда әділ сот органдарына қоғам мен мемлекет мүддесін қорғауға көмектеседі.
Мүдделі тұлғалардың аумағы және олардың процессуалдық жағдайды, құқықтары мен міндеттерін кез келгенінің сотқа түскен матераилдарды талдау жолын талап етуді, даулы құқықтық қатынастарды ұстау сияқты, мәселелерді шешуде судья жіберген қатесі,істі дайындауда процесс жұмысына кері әсерін тигізіп, қате шешім қабылдауына соғады. Мүдделі тұлғалардың куәға айналуы істі дайындауда қолайсыздықтар тудырады. Сотқа талапкер мен жауапкер ғана мүдделі болатын істер көп түседі.
Бірақ кез-келген жағдайда мұндай тұлғалар аумағы кеңімейді, мәселен, бір жатқан бірнеше тұлға қатысады, сол жағдайда тиісті емес жауапкерлерді ауыстыру мәселесі туындайды, дербес талаптарсыз-ақ. үшінші адамдарды іске тартуға тура келеді.
Азаматтық процессте үшінші тұлғалардың қатысуы, азаматтық сот ісін жүргізу негіздерінің 53-ші бабынла қаралады.
Процесске қатысушының жағдайын дұрыс анықтамау, ұйымдар мен жеке азаматтардың құқығын бұзуға әкеп соғады және де соттың іс қарауға дейінгі жіберген қатиелігі болыпр тавбылады.
Егер істі дайындау және оны қарауда мүдделі тұлғалар мәселесі қойылмаса несеме қате шешілсе, сот қаулысы зансыз деп табылып, жоюға жатады. Тағыда бір, азаматтық істер бойынша әділ сот шешімдерін жүзеге асыруда негізгі процессте зандардың дәлдікпен орындаулын қадағалап, жеке азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың мүддесін қоғайтын прокуратура органдарын шақыру. Заң прокурорға істі қалай бастап, сот өндірісінің қай сатысында болса да іске араласуына құқық береді. Прокурор азаматтық істерге екі түрлі нысанада қатысады, олар прокурордың талабымен азаматтық іс қозғау және басқа біреулердің бастамасы бойынша қозғалған азаматтық іске қорытынды беру үшін қатысуы. Сонымен қатар прокурор іс дайындалып жатқан кезде түрлі өтініштер жасаса, судья оның мәніне,ерекшелігіне қарай қарап, қанағаттандыруы керек. Яғни прокурордың кей жағдайларда қатысуы міндетті түрде, егер ол заңдарда тікелей көрсетілсе. Прокурордың өз бетінше немесе соттың қарауына байланысты процесске араласуы тағы бар. Бұдан мынадай қорытынды шығады өздерінің қызметтік міндетінде және қоғам мен мемлекеттік мүддені көздеп, жеке азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғау жатады(АІЖК55бап). Прокурордан басқа осы нысанады және осы аталған негіздер бойынша мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары да азаматтық істерге қатыса алады. Бұл органдардың іс-тәжірибесінде даулы істерді қарауда әсіресе балалар құқығын қорғауға байланысты істер..
Ана мен бала құқығын қорғау мемлекеттік органдардың қатысуынсыз, апелляциялық және қадағалау тәртібінде шешімді қайта қарау сатыларында шешімнің кұшін жоюға тура келеді.
Сот әділ де занды негізделген шешім шығару үшін дәлелдер жинау-істі соттык істі дайындаудың маңызды бір мәселесі. Дәлелдер жинаудағы соттың әрекеті АІЖК-нің дәлелдемелер туралы ережесіне бағынышты болуы керек, сот занда көрсетілген тек іске манызды, дәлелдеу құралы бола алатын дәлелдемелерді, кейбір жағдайларда анықталынған дәлелдеу құралы болып есептелінетін жазбаша дәлелдемелер, және басқа да құжаттарды айтуға болады.
Алғашқы сот мәжілісінің табыспен немесе сәтсіз өтуі төрелік етушінің істі дайындаудағы жоғарыда айтылған мәселелерді дұрыс шеше білуіне байланысты. Егер дәлелдеу құралы дәл де оң ашылса, істе әділ шындықты анықтауға, жеке азаматтар мен ұйымдар мүддесін процесс кезінде қорғауға, істің тез және нақты негізде аяқталып, барлық қатынастарда соттық әділ қаулы қабылдауына жол ашады.
Кей бір жағдайда сот мәжілісі ашылған соң, іске қатысушы жақтар мен жеке адамдар істің қаралу уақыты жайында хабарландырылмағанда, шақыру қағаздарын алмағанда, сотқа куәгерлер, эксперттер, уақыт тығыздығынан істі зерттеуді аяқтай алмай сот талабына жауап бере алмаса, әртүрлі мемлекеттік және қоғамдык үйымдар шақырылмаған жағдайларда, сот ісі кейінге қалдырылады.
Сотқа іс дайындау кезінде сотта іс қарауға әсер ететін факторлар нәтижесін жүзеге асыруға тура келеді. Сот мәжілісінің уақыты мен орнын міндетті түрде іске қатысушы тұлғалар алдын-ала хабарланды.
ІІ ТАРАУ
Азаматтык істерді сотта қарауға судьяның
дайындау жөніндегі іс-әрекеттері
Істі дайындаушы судья басында тек арызданушыдан түскен материал мен таныс болады. Ол алдымен сот қызметінің мәнін анықтап, керекті істе дәлелдеу материалдарын алып, көптеген іс жүргізушілік әрекеттерін жүзеге асырады. АІЖК-нің 170 бабына сәйкес,судья істі дайындау кезінде ең алдымен талапкерден ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қажет болған жағдайда жауапкерді шақырып алады одан істің мән- жайлары бойынша түсінік алады. оның іс жүргізушілік құқығы мен міндеттерін түсіндіріп, оны талап арызбен, және де істің басқа да материалдарымен таныстырып, егер кей жағдайда қарсы болса, қандай дәлелдер келтіретінін анықтайды. Істі кейінге қалдыру қаупы судьяның іске қатысушы басқа да тұлғалардың іс жүргізудегі құқықтарын жүзегек асыруда кепілдік жасауда ешқандай әрекет етпеген жағдайларында тууы мүмкін.Істі соттың қарауына дайындаудағы судьяның іс жүргізу әрекеттері занда анық көрсетілген.