Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:14, курсовая работа
ҚР "Неке және отбасы" туралы Заңының 124-бабына сай, ата-ана кәмелетке толмаған балаларын асырауға міндетті екендігін ескерсек, Үкіметтің "алимент төлеуден қасақана бас тартып жүрген азаматтардың жеке меншігінде тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салуы туралы" қаулыларының қабылдануының маңыздылығы жоғары екендігін атап айту қажет. Сондай-ақ, тұрақты жерлері анықталмаған, атқару құжатында көрсетілген мекен-жай бойынша тұрмайтын борышкерлерге іздеу жариялау туралы ұсыныстар да сотқа жолдануда.
Кіріспе
1 Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі
1.1 Алимент төлеу туралы келісім
1.2 Сот шешімі бойынша алиментті өндіріп алу
2 Жанұя мүшелерінің алименттік міндеттемелері және әлеуметтік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.1 Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу жөніндегі міндеттері
2.2 Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.3 Тәрбиеленушілердің өздерінің нақты тәрбиелеушілерді асырап-бағу міндеті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе
1 Алименттік міндеттемелерді төлеу туралы келісім және өндіріп алу тәртібі
2 Жанұя мүшелерінің
алименттік міндеттемелері
2.1 Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу жөніндегі міндеттері
2.2 Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы
2.3 Тәрбиеленушілердің өздерінің нақты тәрбиелеушілерді асырап-бағу міндеті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінде шаңырақтың шайқалып, заңды некенің бұзылуы кең өріс алуда.
Республикада
қазірде алимент төлеуді
Бірақ, жасыратыны жоқ, бұл мәселенің өз шешімін табуы - сот орындаушыларынан іскерлік пен біліктілікті талап етуде. "Қашқын" әкенің жұмыс істейтін, тұратын орнын анықтау, тағы да басқа қажетті деректер жинау үшін қаншама уақыт, қаншама қажыр-қайрат керек?! Осыншама ауқымды іс-әрекеттің барлығы - ана мен баланың қамы үшін болғандықтан ғана сот орындаушылары қашан да бастаған істің нәтижелі болуына баса назар аударады.
Сот орындаушыларының кез келген қиындықтан жол тауып, сот шешімдерін орындауы құптарлық. Алимент өндіру шараларына сәйкес барлық атқарушылық істер бойынша мемлекеттік тіркеу мекемелеріне сұраныс хаттары қайта жақартылып жіберіледі екен. Борышкерлердің жұмыс орындарындағы бухгалтерияларда алимент өндіруді заң шеңберінде жүргізілгендігін уақтылы тексеруде өз нәтижесін беруде?
Мәселен алимент төлеуден қашып жүрген қашқындарға сот іздеу жариялайды, оның іздеуде жүрген уақытында баланы асырау тек қана аналарының мойнына жүктеледі. Сол себептен, борышкердің іздеуде болған уақытында баланы асырауға Үкіметтен әлеуметтік көмек ретінде қаражат бөлініп тұруы қажет. Ол қаржыны арнайы резервтік қор ашып, алименттен қашып жүрген борышкерлер табылған кезде соттың шешімі шыққан уақыттан бастап алимент бойынша қарыздарын сол қорға өндіру керек. Анығырақ айтқанда, бұл шараларға Үкіметтің ақшасы бастапқы уақытта қорды қалыптастыруға ғана шығады, кейін борышкерлерден өндірілген ақша қорға қүйылады. Сондықтан осы механизм жөнінде кеңірек ойластырылып, Үкімет оны белгілі құқықтық актімен бекітсе, нұр үстіне нұр болары анық, — дейді ол өз ойын одан әрі жалғастырып.
ҚР "Неке және отбасы" туралы Заңының 124-бабына сай, ата-ана кәмелетке толмаған балаларын асырауға міндетті екендігін ескерсек, Үкіметтің "алимент төлеуден қасақана бас тартып жүрген азаматтардың жеке меншігінде тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салуы туралы" қаулыларының қабылдануының маңыздылығы жоғары екендігін атап айту қажет. Сондай-ақ, тұрақты жерлері анықталмаған, атқару құжатында көрсетілген мекен-жай бойынша тұрмайтын борышкерлерге іздеу жариялау туралы ұсыныстар да сотқа жолдануда.
1 Алименттік міндеттемелердің түсінігі, түрлері, өндіріп алу тәртібі
1.1 Алимент төлеу туралы келісім
Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушы адам арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған жағдайда осы адамдардың заңды өкілдері арасында жасалады.
Алимент төлеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс.
Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанының сақталмауы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 157-бабында көзделген салдарларға әкеп соғады. Алимент төлеу туралы нотариат куәлаңдырған келісім атқару парағының күшіне ие болады.
Алимент төлеу туралы келісімді жасасуға, атқаруға, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасасуды, атқаруды, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады.
Алимент төлеу туралы келісім екі жақтың өзара келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу алимент төлеу туралы келісімнің өзі сияқты нысаңда жасалуға тиіс.
Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
Тараптардың материалдық
немесе отбасы жағдайлары елеулі өзгеріске
ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе
бұзу жөніндегі келісімге қол жетпеген
кезде мүдделі тарап осы келісімді өзгерту
туралы немесе бұзу туралы сотка талап
беруге құқылы. Алимент төлеу туралы
келісімді өзгерту немесе бұзу туралы
мәселені шешкен кезде сот тараптардың
назар аударарлық кез келген мүддесін
ескеруге құқылы.
Алимент алушының мүдделерін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану
Егер алимент төлеу туралы келісімде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесін асырап-бағу шарттары олардың мүдделерін айтарлықтай бұзатын болса, атап айтқанда, осы Заңның 147-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесінің заңды өкілінің, сондай-ақ қорғаншы және камқоршы органның немесе прокурордың талап етуі бойынша сот тәртібімен мұндай келісім жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін тараптар сол келісімде белгілейді.
Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу жөніндегі келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған жағдайда алатын алиментінің мөлшерінен төмен болмауы керек (осы Заңның 125-бабы).
Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің әдістері мен тәртібі сол келісіммен белгіленеді.
Алименттің алимент төлеуге міндетті адам табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлес есебімен; дүркін-дүркін төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; бір жолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен, сондай-ақ келісімде қол жеткеніне қарай өзге де әдістермен төленуі мүмкін.
Алимент төлеу
туралы келісімде алимент төлеудің
түрлі әдістерін ұштастыру
Бұл шараның басты мақсаты — айлық табыстарын жасырып жүрген немесе алиментті қасақана төлемей жүрген азаматтарды заңды түрде жауапкершілікке тарту. Өкінішке орай, соңғы жылдары мінездері жараспай, шаңырағы шайқалған жас отбасылар қатары көбейіп кетті. Заң бойынша кәмелет жасқа толмаған бала анасының тәрбиесінде болады. Бірақ, бұл әкенің ұл-қыздарын қамқорлыққа алу міндетінен босатылады деген сөз емес. Ал көпшілік әкелер бұл жауапкершілікті мойнына алғысы келмей, бой тасалап жүр. Бүл бірінші кезекте сәбилердің құқының тапталуына себеп болады. Әкелердің біліп жүргені жөн, олар алиментті бұрынғы жұбайы үшін емес, бала-шағасы үшін төлейді. Осындай келеңсіз көріністердің жиілеуі бүгінгідей іс-шараны қолға алуға мәжбүрлеп отыр.
Айлықтың алғашқы күнінен бастап әр ауданның сот орындаушылары осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарын күшейтіп, сот бұйрығымен алимент төлеуге міндетті борышкерлердің тұрғылықты жерлерін анықтау, оларға қатысты іздеу жариялау шаралары қолға алынды. Сондай-ақ, борышкерлердің жұмыс орындарын анықтау және атқару құжаттарын сол кәсіпорындардың бухгалтериясына жолдау, борышкерлерді алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, кәсіпорындардың лауазымды түлғаларын әкімшілік қүқық бүзғаны үшін әкімшілік жазаға тарту шараларына көбірек көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда барлық атқарушылық істер бойынша мемлекеттік тіркеу мекемелеріне сұраныс хаттар қайта жаңартылып жіберіліп, бухгалтериялардың алимент өндіруді заң шеңберінде қалай жүргізіп жатқандығы тексерілуде.
Облыстық соттар әкімшісіне үстіміздегі жылдың 9 айында 8045 алимент өндіру туралы атқару өндірісі түссе, оның 1088 атқару өндірісі өндіріп алушыға түрлі себептермен кері қайтарылған. Ал 5056 атқару өндірісі қалдық болып өткен. Өз еріктерімін алимент төлеп отырған әкелердің қатары 1156 ғана. Соттар әкімшісі аймақтық бөлімдерінің осы жылдың 9 айында іздеу жарияланған борышкерлер саны облыс бойынша 1588-ді құрап отыр. Әзірге олардың 506-сының ғана тұрғылықты мекен-жайы анықталса, өзгелері әлі де іздеуде жүр.
Қарашаның алғашқы күнінен бастап 60 қашқын әкеге қатысты іздеу жарияланып, іздеуде жүрген 17 борышкердің мекен-жайлары анықталды. Сондай-ақ, 235 бой тасалаған борышкердің жұмыс орындары анықталды.
Оларға қатысты
атқару құжаттары жұмыс орындарының
Жақында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, прокуратураның, әкімшілік соты судьяларының, ішкі істер органы қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің және сот орындаушыларының қатысуы-мен осы тақырыпқа орай әңгіме ұйымдастырды. Тіпті, бұл басқосуға алимент өндіруші аналар да қатысып, кездесіп отырған қиындықтармен бөлісті. Бірлесіп жұмыс істеу мәселесіне көп көңіл бөлінді.
Осы сәтті пайдаланып айта, кетейін, қазанның 12-і мен қарашаның 12-сі аралығында «Мемлекет пайдасына айыппұлдар және басқа да сомалар өндіру туралы» деген тақырыппен өткізілген акция барысында мемлекет кірісіне 381 454 481 теңге өндірілсе, оның 40 442 062 теңгесі нақты сот орындаушыларымен өндірілді. Жұмысымызды жеңілдетуге баспасөз өкілдері де өз үлестерін қосты. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 77-бабына сәйкес сот актісі орындалғаннан кейін сот орындаушысы өндіріп алынған соманың он пайызы мөлшерінде борышкерлерден атқару санкция-сын өндіру туралы сотқа ұсыныс келтіріп, соттың ұйғарымы не-гізінде республикалық бюджетке атқару санкциясы өндіріледі. Осы баптың талабы негізінде қазіргі таңда республикалық бюджетке 28 207 213 теңге өндірілді.
1.2 Алиментті сот тәртібімен төлеттіру және өндіріп алу тәртібі
Осы Заңның 124—142-баптарында аталған отбасы мүшелері алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
Алимент алуға құқығы бар адам, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, сотқа алимент өндіріп алу туралы арыз беруге құқылы.
Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап беріледі. Егер сотқа арыз беруден бұрын асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы саддарынан алимент алынбағанын сот анықтаса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.
Алименг төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі нотариат куәлаңдырған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару парағының негізінде алимент төлеуге міндетті адамның жалақысынан және өзге де кірісінен алимент алушы адам үшін ай сайын алимент ұстап қалуға және оны aлимент төлеуге міндетті адамның есебінен алимент төлеуге міндетті адамға жалақының және өзге де кірістің төленген күнінен бастап үш күн мерзімінен кешіктірмей төлеуге немесе аударуға міндетті.
Нотариат куәландырған
алимент төлеу туралы келісімнің
негізінде алимент осындай
Сот шешімі немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті ұстап қалушы ұйымның әкімшілігі алиментті өндіріп алу жөніндегі шешім орындалатын жердегі сот орындаушысына және алимент алушы адамға алиментті төлеуге міндетті адамның жұмыстан босағаны турапы, сондай-ақ, өзіне белгілі болса, оның жақа жұмыс орнын немесе тұратын жерін үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндетті.
Алимент төлеуге
міндетті адам сот орындаушысы белгілеген
мерзімде соңғысына және алимент
алушы адамға жұмыс орнының немесе
тұратын жерінің өзгергені
Осы баптың 1 және
2-тармақтарында аталған
Алимент төлеу
туралы келісіммен немесе сот шешімімен
белгіленген мөлшерде алимент, сондай-ақ
алимент бойынша берешек