Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:39, курсовая работа
Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында, мұндай істер бойынша шығарылған мәлімдердің күші жойылуда.
Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негізгі орын алады. Соттық қараудың көп көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде азаматтық іс-жүргізуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады.
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.
§1. Дәлелдемелер түсінігі............................................................................6
§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы...........................................................10
§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету......................................................... 13
II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
§1. Дәлелдеу құралдары..............................................................................15
§2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері....................17
§3. Куәнің айғақтары...................................................................................18
§4. Жазбаша дәлелдемелер.........................................................................19
§5. Сарапшылардың қорытындысы...........................................................22
§6. Заттық дәлелдемелер.............................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................
Егер тарап сот сүратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.
Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.
Заң
бойынша белгілі бір
Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:
1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдана отырып;
2)
оларға түсіндірмеудің, толық немесе
дұрыс түсіндірмеудің
3) осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты;
4)
қарсылық білдіруге жататын
5)
іс жүргізу іс-әрекетінің
6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиіс.
Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардьгң өтінімі бойынша сот белгілейді.
Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.
Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі.
Сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді.
Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.
Соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған тұлға әрекеттерінің азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.
Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін.
Егер тиісті құқықтық ресімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:
1)
осы заманғы ғылымда,
2) адамның заңды білуі;
3) адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
4)
олардың бар екендігін растайын құжатты
ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе
білім алған оқу орнын немесе басқа да
мекемені көрсетпеген адамда арнаулы
даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелдемелерсіз
анықталған мән-жайлар болып есептеледі.
Дәлелдемелер сотта істің ақиқатты мән-жайын анықтау үшін қолданылады. Сот бірде-бір істі оның мән-жайын анықтамай шеше алмайды. Соттың міндеті – құқықтармен, заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау болатыны мәлім. Осы қорғауды көрсету үшін сот әрбір жағдайда, талапкер құқықты қорғауды сұрап жатқан құқықтың бар болуын, жауапкерде сәйкестенген міндеттің жатқандығын, даулы құқық қатынастарын ашып анықтау керек. Бірақ, құқықтар мен міндеттер өздері туындамайды. Осылардың пайда болуын, өзгеруін және тоқталуын, заң белгілі – бір заңи ақиқаттың басталуымен байланыстырады. Сондықтан, сот даулы құқық қатынастарды анықтау үшін алдымен нақты қандай заңи ақиқаттардың болғанын анықтау керек.
Сот әділдігі – бұл қатаң анықталған процессуалды нысанда жүзеге асатын және оның қажетті талабының бірі, соттық шешімінің процессте дәлелденген ақиқаттарға негізделуі болатын қызмет.
Процесстен тыс, дәлелдемелер қатарынан емес алынған ақиқаттар туралы мәліметтер мен мәлімдемелер сот пен қолданылмайды. Мысалы, судьялар жеке өмірден, басапның мәліметінен т.б. істің мән-жайы туралы білсе, мұндай мәліметтер соттың қорытындысы үшін негіз бола алмайды.
Азаматтық іс жүргізу заңының 218 бабының 2 бөлімі, сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді деп мәлімдейді 16.
Сотта дәлелдемелер ретінде не қолданылатындығын процессуалды заң анықтайды. Соттың дәлелдемелерге – тараптар мен үшінші тұлғалар түсініктемелері, сарапшылар қорытындылары т.б. жатады.
Заң сотқа жіберілетін дәлелдемелер тізімін ғана анықтап қоймайды, ол сонымен қатар олардың әрбіреуін пайдаланудың процессуалды тәртібін де анықтайды. Мысалы, кімнің куә бола алатыны мен бола алмайтыны, сраптаманы қалай тағайындау анықталады.
Азаматтық іс жүргізуде істің ақиқатты мән-жайын анықтау қызметі соттық дәлелдеу деп аталады. Соттың анықтайтын мән-жайымен ақиқаттар дәлелдеу пәні, ал дәлелдеудің жүзеге асу құалдары соттық дәлелдемелер деп аталады. Осыдан, соттық дәлелдемелер - істің ақиқатты мән-жайын анықтау үшін сотпен қолданылатын құралдар болып табылады.
Соттық дәлелдеме санатын түсінудегі белгілі қиындық, дәлелдемелердің әрбір дәлелдеу құралы атауында. Бірінші бөлімінде дәлелдемелер нақты деректер болса, екінші бөлімінде дәлелдемелер – дәлелдеудің процессуалды құралдары болады.
Мұндай жағдайда соттық практика мен әдебиет те түседі. Әдебиетте осы екі санаттарды бөліп әрі дәлелдемелер ретінде тек нақты деректерді ғана атауға қадамдар жасалады. Бірақ, бұл іс жүзіне аспады. Осындай ұсыныстардың авторларының өзі дәлелдемелер ретінде нақты деректермен дәлелдеудің процессуалды құралдарын атады.
Сонымен, соттық дәлелдемелер – бұл заңмен қаралып реттелген дәлелдеудің процессуалды құралдары (тараптармен үшінші жақтардың түсіндірмелері, сарапшылардың қорытындысы). Дәлелдемелер деп сонымен қатар олардан алынған нақты деректерді де атайды жеке оның негізінде сот істің мән-жайын анықтайды.
Нақты деректер деп соттың куәларды сұраудан, құжаттарды деректерден т.б. алатын істің мән-жайы туралы мәліметтерді айтамыз. Нақты деректерге дәлелдемелік деректер де жатады. Үнемі дәлелдемелер, іс бойынша анықтауға жататын заңи деректер туралы тікелей мәліметтерді емес, олар заңдылармен белгілі – бір байланыста болып және осылар арқылы байырғы заңда деректердің бары не жоғы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін кейбір басқа деректер туралы мәліметтерден тұрады. Іс бойынша өздері байырғы заңи дерек болмайтын, бірақ олар туралы қорытынды үшін негіздер беретін ақиқаттар дәлелдемелік деп аталады 2. 7
Процессуалды теориямен соттық практикада дәлелдеменің қайнар көздері, ұғымы мәлім. Дәлелдеменің қайнар көздері болып деректер туралы мәліметтерді ұстаушы заттар мен тұлғалар шығады. Осындай дәлелдеменің қайнар көздері, яғни тарптардың түсіндірмелері, сарапшылар қорытындыларының қайнар көздері адамдар, сарапшылар, куәлар т.б. болады. Олардың қалыптасуында маңызды рольді адам психикасының ерекшеліктері ойнайды, яғни олар дұрыс қабылдау қабілеті, істегі мүмкінді мүдделік т.б. Осындай кезендер, кез-келген жеке дәлелдеулерді зерттеумен бағалауда есепке алынады. Қайнар көзі ретінде шығатын дәлелдемелерді заттық, жазбаша немесе аралас деп атайды.
Дәлелдеу
– соттық дәлелдемелер арқылы істің
мән-жайын анықтауға
Дәлелдемені сот жинайды, тараптар ұсынған дәлелдемелерді қабылдап, олардың шағымымен куәларға шақырулар жібереді. Сарапшының қорытындысы үшін сот сарапты тағайындау туралы анықтама шығарады.
Ал, дәлелдемелерді жинау талап арызды қабылдаған кезден басталады, әрі істі сотта қарауға дайындау кезінде жүргізіліп сот мәжілісіне дейін бітуі керек.
Бірақ, заң дәлелдемелерді жинауға бұдан кейін де жол береді. Сот мәжілісінде жаңа дәлелдемелерді – зерттеу туралы шағымдар берілуі мүмкін және сот тараптарға қосымша дәлелдемелерді ұсынуды талап етеді 8. Сондай-ақ, дәлелдемелерді қамтамасыз ету институтын қолдану арқылы жиналады.
Дәлелдемелерді басқа қалада жинау қажеттігі туындағанда істі қараушы сот, сәйкестенген сотқа белгілі бір процессуалды әрекеттер жасауды тапсырады. Бұл тапсырма он күнге дейін орындалуы керек. Дәлелдемелер сот мәжілісінде жариялық, ауызша, тікелейлік, үзіліссіз, жарысушылық қағидалары арқылы зерттеледі. Сот мәжілісінде тараптардың түсіндірмелері тыңдалады, куәлар сұралады, сарапшылар қорытындысы жарияланады. Жазбаша дәлелдемелер жарияланады, ал заттық дәлелдемелер қаралады. Егер, жазбаша немесе ауызша дәлелдемелер сотқа келе алмаса, онда олар орналасқан жерінде қаралып зерттеледі. Қарау әрекеті – барлық тұлғаларды орыны мен уақытын ескертіп сот жүзеге асырады, қараудың нәтижесі хаттамаға жазылады.
Кез-келген істі дұрыс шешу
үшін сот іске қатысты барлық
заңды деректерді анықтау
Дәлелдеу
пәніне талаптармен көрсетілген
талап арыздың негізгі түріндегі
заңды деректер жатады. Дәлелдеу
пәніне, сонымен қатар талапқа
қарсы қарсылық көрсету негізінің
деректері жатады.Процесске
Тараптармен көрсетілген
Азаматтық іс жүргізу кодексі, дәлелдеусіз істің шешілу негізіне жататын деректердің екі санатын қарастырады. Сондықтан, олар дәлелдеу пәніне енгізілмейді, жалпыға мәлім деректер мен преюдициалды анықталған ақиқаттар. Жалпыға мәлім деректер көпшілік ортаға мәлім деректер болып табылады. АІЖК 71 бабының 1 бөлімі ,10 сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді. Сонымен, мән-жайды жалпыға мәлім және дәлелдеуді қажет етпеуді тану құқығы тек сотта ғана бар. Белгілі-бір деректер туралы мәліметтердің таралу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Деректердің өздері бүкіл әлемге, бір елдің аумағында, облыста, ауданда әйгілі болады.Таралу дәрежесіне қарамастан жалпыға мәлім деректер дәлелдеуге жатпайды.
Бірақ та, таралу дәрежесімен келесі процессуалды салдарлар байланысты, олар бір елдің шегінде мәлім деректі сот өзінің шешімінің негізіне ешбір жариясыз сала алады.
Егер дерек тек бірақ аумақта мәлім болса, мысалы аудан шегінде болса, онда сот шешімінде осы деректі жалпыға мәлім болғандықтан дәлелдеуге жатпайтын деп танылғанын көрсетуі керек. Мұндай көрсету өте қажетті, себебі жоғары сот инстанцияларында бұл дерек мәлімсіз болуы мүмкін және ол шешімде неліктен дәлелдемемен расталмағандығы көрсетілуі керек.
Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелер