Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:39, курсовая работа
Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында, мұндай істер бойынша шығарылған мәлімдердің күші жойылуда.
Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негізгі орын алады. Соттық қараудың көп көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде азаматтық іс-жүргізуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады.
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.
§1. Дәлелдемелер түсінігі............................................................................6
§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы...........................................................10
§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету......................................................... 13
II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
§1. Дәлелдеу құралдары..............................................................................15
§2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері....................17
§3. Куәнің айғақтары...................................................................................18
§4. Жазбаша дәлелдемелер.........................................................................19
§5. Сарапшылардың қорытындысы...........................................................22
§6. Заттық дәлелдемелер.............................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................
§2.
Тараптардың және
үшінші жақтардың түсініктемелері
Кодексте
және әдебиеттерде көрсетілген дәлелдеу
құралдарының ішіндегі сот үшін ең
маңыздысы тараптардың және үшінші
жақтың түсініктемелері болып
Жауапкердің және талапкердің түсініктемелері өзіндік дәлелдемелерді бір түрі болып табылады. Өйткені субъекті дәлелдемелік мәліметке өз ойында сақтап өзі мәлімет тасымалдаушы ретінде сотқа түсініктеме беріп тұр. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері толық зерттеліп бағалануы қажет. Себебі бұл тұлғалар істің бір жақты шешілуіне материалды мүдделі тұлғалар болып табылады. Ең алғашқысы тараптардың түсініктемелерінің дәлелдемелік күшін түсіну үшін алдымен сол дәлелдемелердің қайнар көзі болып табылатын тараптардың өзін зерттеп білуіміз керек. Тараптар, жауапкер және талапкер, материалдық қатыстылық субъектісі болғандықтан болған дау туралы олардан артық білетін адам болуы мүмкін емес. Әдетте құқықтық қатыстық пайда болуы өзгеруі және тоқтатылуы оқиға емес көбінде қатысушылардың жүріс-тұрысына немесе әрекеттеріне байланысты. Бірақ бұл екі жағдайдың екеуінде материалдық қатынастық қатысушылары дәлелдеуші мәлімет тасмалдаушы болып табылады. Кейбір заң әдебиеттерінде тараптардың және үшінші жақтың түсініктемелерінің басқа дәлелдеме құралдарынан айырмашылығы анық көрсетілген29.
Біріншіден,
тараптар — даулы қатынастың қатысушылары
және істің шешілуіне мүдделі
тұлғалар. Осы себептен марапаттаудың
түсініктемелері талап ету
Екіншіден фактілер туралы деректер хабарламасын тараптардың құқығы және міндеті ретінде бір мезгілде қарауға болады. Тараптарды дұрыс және толық мәлімет беруге істің тез арада және әділетті шешілуіне мүдделілігі итермелейді. Тараптар өз түсініктемелерінде талап арыз қоя алады, оның мөлшерін көбеймеді немесе кішірейеді, өтініштер жариялайды, бейбітшілік келісімге келуге шақырады, сот талқылауы барысында туындаған мәселелер бойынша өз ойларына, шешу жолдарымен бөліседі жәнеде осы түсініктеме ішінде дәлелдемелі фактілер бойынша деректер ұсынады. Көптеген авторлар тараптардың әрекеттерінің, түсініктемелерінің ішінен тек өзгермелік фактілер туралы деректерді ғана бөліп дәлелдеу құралы ретінде таниды30. Осы айтылған ойларды қортындылай келе тараптардың түсініктемесіндей мәліметтерді мағынасы бойынша 5 топқа бөлуге болады31.
1.
Мәлімет, деректі фактілер
2. Ерік білдіру;
3. Құқықтық қатынасты юридикалық сараптау туралы ойлары;
4. Мотивтері, аргументері (өз позициясын негізді етіп көрсетуге бағытталған);
5. Түсініктеме берушінің эмоциясын, көңіл-күйін білдіретін бөлім;
Осы I бөлімнің ішіндегі тек бірінші бөлім ғана дәлелдеу құралы ретінде қарауға болады. Ал қалған 4 топ ерік білдіру, аргументтер, құқықтық баға беру т.б.) соттық дәлелдеме жатпайды. Өйткені бұл топтарды мәліметтерде делелдеу күші жоқ. Сол себептен марапаттардың және үшінші жақтың берген түсініктемелерінің барлығын соттың дәлелдеме ретінде қарай беруге болмайды32.
Тараптардың
және үшінші жақтардың түсініктемелерін
дұрыс біліп түсіну үшін теорияда бұл
дәлелдемелерді бөлек түрлерге бөлу әдісі
қолданылады. Сонымен бұл дәлелдемелерді
бөлудің басты негізі дәлелдемелерді
сотқа жеткізу әдісіне байланысты болу.
Бұл негізде түсінктемелер ауызша түсініктемелер
және жазбаша түсініктемелер болып екіге
бөлінеді. Процессуалдық заң біреуіне
екіншісінің алдында ерекше күш бермейді.
Керісінше азаматтық іс жүргізу ауызша
және жазбаша түрдің бір-бірін толықтырып
қатар жүруіне бағытталған.
§3.
Куәнің айғақтары
Қоғамдық қатыстың құрамдас бөлігі құқықтық қатынас әдетте қатынастың қатысушысы болып табылмайтын басқа адамдардың көз алдында туындайды, өзгереді тоқтайды. Адам "нені пральды" жағдайда тұрса да болып жатқан жағдайды объективті түрде қабылдап қайтадан шығаруға қабілетті.
Осы жағдайдан куәнің процессуалдық фигураны анықтап болмайды. Сонымен куә дегеніміз өзінің физикалық және психикалық даму деңгейімен болып жатқан оқиғаны дұрыс қабылдап, сақтап, сот мәжілісінде қайтадан шығаруға қабілетті және соттың шешімінде юридикалық мүддені елес тұлға. Куә ретінде жоғарыда аталып өткен талаптарға сай кез келген адам бола алады. Куәнің айғақтарының құндылығы куәнің юридикалық мүдделі тұлға еместігінде. Сол себеппен куәнің деректі фактілерді нақтылы өмірде болған күйінде айтпауында толық негіз жоқ. Басты шарт адамның өз көзімен көрген несие етілген мәліметі дәлелденіп отырған фактіге байланыты болуы керек. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 79-бабының 2-тармағында куә ретінде шақыруға болмайтын субъектілер тізімі берілген. Оған сәйкес келесі адамдар куә міндетін атқара алмайды:
1. Балаларды тәрбиелеу туралы даулар бойынша істерді қоспағанда өзінің жастығына, дене немесе психикалық кемістілігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар.
2.
Өкімдік немесе қорғаушының
3.
Шешім немесе үшін шығару
4. Оларға тәубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы — дін құрметшілері;
5.
Заңда көрсетілген басқа
Процессуалдық
заң куәні қосымша құқықтар мен
міндеттерге ие еткен. Кодекстің 80-бабына
сәйкес куә сотқа тағайындалған уақытта
келуге және шынайы айғақ беруге міндетті.
Науқастығының (қарттығының, мүгедектігінің
немесе басқа да дәлелді себептерінің
салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге
жағдайы болмаса, сот куәдан өзі барған
жерінде жауап алуы мүмкін. Көрнеу жалған
айғақ бергені және заңда көзделмеген
негіздер бойынша айғақ беруден бас тартқан
немесе жалтарғаны үшін куә Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексінің
35, 353-баптарында көзделген жауаптылықтарына
болады. Бұл жерде "заңда көзделмеген
негіздер бойынша" деген сөз осы кодекстің
17-бабына сілтеме жасап тұр. Бұл бап бойынша
ешкім өзіне, жұбайына, және ауқымы заңмен
айқындалған жақын туыстарына қарсы куәлік
беруге міндетті емес.
§4.
Жазбаша дәлелдемелер
Жазбаша
дәлелдемелердің толық
Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаші дәлелдемелер болып табылады.
Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар тапсыруы, сондай-ақ олардың өтініші бойынша сот талап етуі мүмкін.
Егер құжаттарда ұйымдар, лауазымды адамдар баяндаған немесе куәландырған мәліметтер азаматтық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып танылады. Құжаттарға, соның ішінде Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 66-бабында көзделген тәртіппен алынған, талап етілген немесе табыс етілген компьютерлік хабарламаны қамтитын материалдар, фото және кино түсірілімдер, дыбыс және бейне жазбалар да жатады.
Соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтінім жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс.
Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі.
Сот жазбаша дәлелдеме талап ету туралы өтінім берген тұлғаға соңынан сотқа табыс ету үшін алу құқығын беретін сұрату бере алады.
Талап етілген жазбаша дәлелдемелерді табыс ету немесе оны сот белгілеген мерзімде табыс ету мүмкіндігі жоқ тұлғалар бұл туралы себептерін көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті.
Сот
хабардар етілмеген жағдайда, сондай-ақ
соттың жазбаша дәлелдемелерін табыс
ету талабы сот дәлелсіз деп таныған
себептер бойынша орындалмаса, іске қатысушы
тұлғалар - он айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде, ал соттың қайталама және
одан кейінгі талаптарын орындамаған
жағдайда, жиырма айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұл салу
өзінде жазбаша дәлелдемені ұстап отырған
тұлғаны сот талап еткен затты беру міндетінен
босатпайды.
Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа күйінде беріледі. Егер құжаттың көшірмесі берілсе, сот қажет болған жағдайда түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы.
Жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған ретте сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және үзінділерді беруді талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойылған жерде қарай алады және зерттей алады.
Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істе жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады.
Жазбаша
дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне
енгенге дейін, егер сот мүмкін деп тапса,
оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы
мүмкін.
§5.
Сарапшылардың қорытындысы
Сот
көптеген азаматтық істерді қараған
кезде арнаулы білімді
Бұңдай дәлелдемелерден дәлелдеу мазмұнын алу арнайы білімде сарапшыға керек етеді. Ондай жағдайда сот экспертиза тағайындайды.
Заңгерлер азаматтық процестегі арнайы білімі бар адамдарға тапсырыс беруді бірнеше формаға бөліп қарайды.
1. Арнайы білімі бар маманнан белгілі бір сұраққа байланысты консультация немесе анықтама сипатында алу;
2.
Арнайы білімді қорытындысы
3.
Арнайы білімді мысалы суретке
4.
Арнайы білімді соттық
Сараптама процессуалдық заңда бірнеше түрі көрсетілген: жеке және комиссиялық сараптама; кешенді сараптама, қосымша және, қайталама сараптама. Сараптама жүргізу тәртібі қандай сараптама түрі болмасын бірдей. Сараптама жүргізудің тәртбі 93-бапта көрсетілген. Осы бапқа шейін сараптама зерттеу сипатына ие сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотқа немесе соттан тыс жүргізіледі. Сараптамалық зертеу объектісінің дұрыстығына және жол бөлімділігіне сот кепілдік береді. Сараптамалық зерттеудің объектілері, егер олардың көлемі және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буынып-түйіліп және марлет бекітілген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері тұрғын орынға жеткізуді, оларға кодексінің бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіріп жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы іске қатысушы адамдарды сараптама жүргізуге қатыстыру туралы өтініштерді сот қанағаттандырылған жағдайда аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт хабарланады. Хабарландырылған адамдардың сараптама жүргізуге кедергі келтірмейді. Соттан тыс сараптама жүргізу кезнде іске қатысушы адамдар болған жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын белгілейді. Сараптаманы жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде сот сарапатма тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысыныа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органның ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау ұйғарымында нақты сарапшы көрсетілмей, сарапшыны мақтауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асыруды, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды. Басшы сараптама жүргізуді ұйымдастырады. Оны жүргізу мерзімдерін белгілейді. Сараптамалық реттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама объектілерінің сақталуына қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады.
Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелер