Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:39, курсовая работа

Описание

Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында, мұндай істер бойынша шығарылған мәлімдердің күші жойылуда.
Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негізгі орын алады. Соттық қараудың көп көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде азаматтық іс-жүргізуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады.

Содержание

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.
§1. Дәлелдемелер түсінігі............................................................................6
§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы...........................................................10
§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету......................................................... 13
II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
§1. Дәлелдеу құралдары..............................................................................15
§2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері....................17
§3. Куәнің айғақтары...................................................................................18
§4. Жазбаша дәлелдемелер.........................................................................19
§5. Сарапшылардың қорытындысы...........................................................22
§6. Заттық дәлелдемелер.............................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................

Работа состоит из  1 файл

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ курсхааа.doc

— 233.00 Кб (Скачать документ)

      Істі  шешу үшін қажетті деректерді анықтау, сотқа дәлелдемелерді ұсыну және оларды сот мәжілісінде зерттеу  арқылы дәлелденеді.

Процесс үшін аса маңызды жәй ретінде  кімде дәлелдеу міндеті шығады.

      Біздің  процессімізде жарысушылық қағидасына сәйкес дәлелдеу міндеті тараптарда болады. АІЖК 65-бабына сәйкес22 , әрбір тарап өзінің талабымен қарсылығының негізіне,сілтеме жасайтындай белгілі бір мән-жайды дәлелдеу керек. Осыдан, біз тараптарда дәлелдеу міндеті болатынын және әрбір тарап өзінің талабын негіздеу үшін сол мән-жайды дәлелдеуге міндетті екенін көреміз.

      Тараптың  талабымен қарсылығын негіздейтін  дерек болған соң тарап оның анықталуында мүдделі болатындықтан, сол тараптың осы деректің расталуы үшін барлық шаралар жасайтынын айта өту керек. Егер де белгілі-бір тарап деректі дәлелдемесе, онда шешім оның пайдасына шешілмейді. Бірақ та,біздің процессте  сот тараптарға дәлелдеуге ықпал жасайды. Егер де тараптар ұсынған дәлелдемелер аз болса, сот оларға қосымша дәлелдемелер ұсынуға жол береді. Егер қосымша дәлелдемелерді ұсыну  қиын болса, сот тараптардың шағымымен дәлелдемелерді жинауға ықпал жасайды. Бірақ та, тараптар соттың ықпалына сене бермеуі керек, соттық дәлелдемелердің болуын тек тараптардан білетіндігін де есепке алу керек. Процесстегі тараптардың қызметсіздігі, дәлелдеменің табылмай қалуымен анықталуға тиіс деректің дәлелденбей қалуына алып келеді.

      Осы жоғарыда айтылған ережелерден кейде бас тартулар да болады, бұлар дәлелдемелік жорамалдар арқылы анықталады.

      Дәлелдемелік  жорамалдар – бұл белгілі бір  деректің болуын, егер басқа онымен байланысты деректер дәлелденсе, заңмен анықталған жорамалдау болып табылады.  Бір тарап өзінің талабымен қарсылығын негіздеуде, дәлелдемелік жорамал қол астына түсетін қандай да бір дерекке сілтеме жасаса, онда  бұл деректі дәлелдемейді, себебі ол бар болып жорамалданады. Екінші тарап, бұл жорамалды жоққа шығара алады, егер бұл жағдайда жорамалдау дерегі жоқ деп дәлелденсе.

      Азаматтық процесстегі барлық дәлелдемелік жорамалдар жоққа шығарылуы мүмкін. Жорамалды  жоққа шығару, шындыққа сәйкес шешім  шығаруды қамтамасыз етеді. Егер жорамал  істің мән-жайына сәйкес келмесе, онда мүдделі тарап одан бас тарта алады. Дәлелдемелік жорамалдау тараптар арасында дәлелдеу міндетін бөлуді өзгерте отырып, сотты істің нақты мән-жайын анықтау қажеттігінен босатпайды, әсіресе нақты жағдайда жорамалдау дерегі болуын не болмауын тексеруден босатпайды. Егер де жорамалдау дерегі нақты болуы не болмауы туралы шын қорытынды жасауға дәлелдемелерді анықтай алмағанда ғана, сот заңда анықталған жорамалдарға шешімін негіздей алады.

      Дәлелдемелік  жорамалдың маңызы, олар белгілі бір  деректің болуы туралы жорамалдау жасай отырып, тараптың бірін дәлелдеу қажеттігінен босатады, ал екінші тарапқа сол деректі шығару міндетін салады.

      Осыған  байланысты екінші тарапқа жорамалдың жоққа шығарылмағандығымен байланысқан  пайдасыз салдардың туындау мүмкіндігі өтеді. Бұдан жорамалдың материалдық-құқықтық әрекеті көрінеді.

      Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес дәлелдемелер дегеніміз – Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызды мән жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер. Осы баптың екінші тармақшасында төмендегідей қалып бекітілген: бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәләрдың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерімен, сарапшылардың қорытындылармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

        Дәлелдемелердің маңызын, мазмұнын  ашып түсіну үшін белгілі ғалымдардың  осы туралы берген анықтамаларына  тоқталып өтейік.

      Орыстың революцияға дейінгі процесуалист ғалымы К.Н.Малышев: «Дәлелдеме біздің ойымызды кез келген фактінің рас шындығына немесе өтіріктігіне сендіретіндігінің бәрін айтқызған. Бұл мағынада дәлелдемелер логика ғылымына жатады екен, ал техникалық мағынада соттық дәлелдемелер деп, даулы юридикалық фактінің бар жоқтығы туралы соттың шешіміне себеп болатын заңды негіз»,- деп айтқан. Шын мәнінде Малышев соттық дәлелдемелерге анықтаманың логикалық дәлелдемелер тұрғысынан бастап заң талаптарымен байланыстырып аяқтаған. Шынымен де логикалық дәлелдемелер бір біріне ұқсас. М.К.Треушниковтың ойы бойынша басты айырмашылығы дәлелдеме мәнінде. Треушников: «логика нысанында дәлелденіп отырған ой казси деп, ал дәлелдеуін ой аризметі деп атады» - дейді, басқаша айтқанда дәлелдеме ретінде көпшілікке белгілі ойлар дәлелдеме ережелері болады.

        Сот тәжірибесінде, фактінің нағыз  өмірде орын алған алмағандығы  дәлелденеді: ірілікті күнделікті  қолданып жүрген логикалық дәлелдемелермен  соттық дәлелдемелердің мәндері  арнаулы  Треушниковтың берген анықтамасы төмендегідей: «Соттық дәлелдемелер дегеніміз – қатыстылық сипаты бар істі дұрыс шешуге маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама бекітетін заңда көзделген процессуалдық сипаттағы және заң талаптарына сай алынған және зерттелген мән жайлар»23.

      С.В.Курылевтың көзқарасы бойынша дәлелдемелердің  мәні бірге белгілі фактілермен  біресе белгісіз фактімен арасындағы байланыста. Бұл жерде автор табиғаттағы  және қоғамдағы барлық құбылыстардың  бір-бірімен байланысты, бір-бірімен  шартталған деген материалитсік диалектикалық заңына сүйеніп берген .2425

      Дәлелдемелерді  тек фактілер ретінде процессуалдық  формасынан айырып қарауға болмайды.Өйткені  заң талаптары бойынша дәлелдемелер ретінде, тек қана заңда көрсетілгені бойынша алынған дәлелдемелер танылады. Осы туралы М.Х.Хутыз былай деген: «Дәлелдеу құралынан бөлек фактілер деректер немесе дәлелдеу құралдары фактілі деректерден бөлек дәлелдемелер ретінде таныла алмайды» - деген 26.

      Басқа ағым өкілдері дәлелдемелерді екі құбылыс  ретінде қарайды. Олардың ойы  бойынша сот дәлелдемелері екі мағынаны береді, және бұл мағыналар бір-біріне синоним ретінде қолданылады. Бірінші мағыналы, - деректі фактілер, екіншісі,- дәлелдемелер көзі. Мысалы, М.С.Строгович: «Дәлелдемелер біріншіден, адамның әрекет жасаған – жасамағандығын, қылмыстың бар жоқтығын және адамның негізін де анықтайтын фактілер, ал екіншіден заң қалыптарында көрсетілген дәлелдемелердің қайнар көздері » 12.

      Т.В.Саханова көзқарасы бойынша: «Сотттық дәлелдемелер біртұтас түсінік. Бұл түсінікте  фактілік дерек пен дәлелдеу құралы өте тығыз байланысты және бір-бірінен фактілік деректер де, дәлелдеу құралы да, дәлеледеу функциясына айырмада, басқаша айтқанда соттық меншікте заңды негіз бола алмайды». Бұл оймен көптеген авторлар келіседі, және де автор: «Деректер туралы фактілер»,   «Деректі фактілер» деген ұғымның орнына «Деректі фактілер» «информация»,  «мәлімет» деген ұғымды қолдануды ұсынды. Осыған байланысты Саханова дәлелдемелерге осы сөз арқылы жаңа анықтама берді:

      1. Дәлелдеме ретінде істі дұрыс  шешу үшін қолданылатын, заң талаптарына сәйкес алынған мәлімет болып табылады;

      2.Бұл  мәлімет тараптардың жауабтарынан, куәлардың айғақтарынан, құжаттардан  немесе заттай дәлелдемелерден,  сарапшының қорытындысынан, маманның  түсініктемесінен, және де ЭЕМ-нің  көмегімен, аудио, видео және компьютерлік техникадан алынуы мүмкін;

      3. Шығу тегі белгісіз мәлімет  дәлелдеме ретінде қолданыла  алмайды1427.

      Заңмен  көзделген тәртіпте сот тараптардың  талаптары мен қарсылықтарын  негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды, солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер, іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

      Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

      Әр  тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының  негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Соттың  міндеті, дәлелдемелік материалдың қайсысы сот дәлелдемелерінің белгілеріне ие болатынын анықтау. Сот дәлелдемелік материалды олардың арасынан дәлелдемелік күші барын табу үшін, зерттейді және бағалайды. Сот іс бойынша ұсынылған мәліметтерді дәлелдемелер деп тану үшін, оларды арнайы процессуалдық тәртіп бойынша тексеруден өткізеді.

      Дәлелдемелердің мынандай белгілері бар:

    1. Заңды тәсілмен алынғандар.
    2. Іске қатысты болуы .
    3. Заңда көзделген тәсілмен анықталған.

      Сот дәлелдемелерді іс үшін маңызы бар  мән-жайларды дұрыс көрсететін, тек қана шын нақты деректер. Сонымен, дәлелдемелер бұл кез келген нақты деректер, яғни, объективті шындықтың фактілері немесе олар туралы мәліметтер. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар  мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды. Сот тараптарға сіке қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуге құқылы болып табылады. Тараптар мен басқа да іске қатысушы тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.

      Судья істе бар дәлелдемелерді олардың  жиынтығымен, әділ, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заңмен, ар-ұятты басшылыққа алады. Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.  

    Сот анықталған деп есептейтін, мән-жайдың дәлелденбеуінің нәтижесінде соттың айғақтарды дұрыс бағаламауы шығады. Осыған байланысты бірінші инстанциялы соттың айғақтарды бағалау мен қадағалау инстанциясының айғақтарды бағалауы арасындағы қатынастар туралы мәселені ұғындыру маңызды.

    Қадағалау инстанциясының процессуалдық іс-әрекеттері, бірінші инстанциялы соттың іс-әрекетінен  мүлде басқа жағдайда екені белгілі, ол өз кезегінде процестің аталған сатыларында дәлелдеулерді бағалау әдістеріне өзіндік белгілі бір таңбасын салады.

    Азаматтық іс жүргізуде дәлелдемелерді бағалау әдістері туралы қағидалы көрсеткіш АІЖК-нің 16-бабында мазмұндалған. Сот айғақтарды салмақты, жан-жақты және істегі бар айғақтардың жиынтығын толық қарай отырып және ары мен заңды басшылыққа ала отырып, ішкі сенімі бойынша бағалайды. Бұл заңның қағидалы анықтамасы, сот-қадағалау инстанциясы айғақтарының бағасына да қатысты. Соттардың шығарған қаулыларының заңдылығы мен негізділігін соңынан қарайтын болғандықтан сот-қадағалау инстанциясының істі мағынасы бойынша қарайтын соттарға қарағанда функциялары басқа, басқа процессуалдық жағдайларда әрекет етеді. Сот-қадағалау инстанциясының айғақтар бағасының ерекшеліктері және ұйғарымдары бар.

    Істегі  материалдарды зерттей және тексере  келіп, сот-қадағалау инстанциясы  істі қараған бірінші инстанциялы  соттың және басқа органдардың  дәлелдеу бағаларын анықтай отырып, оларға дербес баға береді. Дәлелдемелерді бағалау, яғни, аталған іске қатысты істің мағыналық мән-жайларын және шешімінің дұрыстығын айқындау үшін, олардың дәлдігі  мен нақтылығын анықтау.

    Заңда бірінші инстанциялы соттың дәлелдемелерді бағалауы мен жоғарыда тұрған соттың бұл бағаны тексеруі және өзінің баға қоюы арасындағы арақатынасты анықтау белгіленген. АІЖК-нің 401-бабының, 2-бөліміне сәйкес, қадағалау соты тәртібімен істі қарайтын сот -қаулымен анықталмаған немесе қаулы шығарылмаған мән жайларды дәлелді деп санауға немесе анықтауға,  басқа айғақтардың нақтылығы туралы мәселені алдын ала шешуге, бір айғақтың алдына екінші айғақты артық санап қоюға құқығы жоқ.

    Бірінші инстанциялы сот дәлелдемелерді бағалай отырып, ең алдымен, олардың  нақтылығын анықтауы тиіс, яғни айғақтармен  бекітілген заң фактісі объективті шындыққа сәйкес келеді және істегі мән-жағдайларды көрсетеді. Сот әрбір фактінің мәнін және топталған фактілерді жекелеп ашуы тиіс. Осы негізге сүйеніп тараптар арасындағы даудың мағынасы бойынша тиісті құқықтық қорытынды шығаруы керек.

    Қадағалау инстанциясының соттары сондай-ақ ішкі сенімдерімен, заң мен арды басшылыққа ала отырып дәлелдемелерді бағалайды. Бірақ олардың бағаларының ұйғарымы басқа. Егер, бірінші инстанциялы сот мағынасы бойынша істі дұрыс шешу үшін  дәлелдемелерді бағаласа, қадағалау инстанциясының соттары бағалау негізінде бірінші инстанциялы соттың шешімінің, іс бойынша шығарылған басқа да қаулыларының заңдылығы мен негізділігі туралы мәселеге жауап беруі тиіс. Бірақ олар аталған істі қараушы соттың дәлелдемені дұрыс бағалады ма, соны тексеруге міндетті.  Дәлелдемелерді бағалаудағы мәселелерді анықтай келе, қадағалау инстанциясы, өз құзіреті бойынша шешімнің заңсыз немесе негізсіз екендігі туралы мәселені шешіп, сотқа бұл мәселелерді орындауы немесе қателіктерін түзеуі туралы тиісті нұсқау беруге құқылы.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелер