Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:39, курсовая работа

Описание

Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның барысында, мұндай істер бойынша шығарылған мәлімдердің күші жойылуда.
Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негізгі орын алады. Соттық қараудың көп көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде азаматтық іс-жүргізуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады.

Содержание

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.
§1. Дәлелдемелер түсінігі............................................................................6
§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы...........................................................10
§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету......................................................... 13
II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
§1. Дәлелдеу құралдары..............................................................................15
§2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері....................17
§3. Куәнің айғақтары...................................................................................18
§4. Жазбаша дәлелдемелер.........................................................................19
§5. Сарапшылардың қорытындысы...........................................................22
§6. Заттық дәлелдемелер.............................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................

Работа состоит из  1 файл

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ курсхааа.doc

— 233.00 Кб (Скачать документ)

      Дәлелдеуге  преюдициялық танылған, яғни бұрын  шығарылып заңды күшіне сот үкімімен басқа іс бойынша анықталған деректер жатпайды. Ал практикада кейде бұрын сотпен зерттелген деректер басқа істерді шешу үшін маңызды болып қызмет көрсететін жайлар да кездеседі. Олар дәлелденбейді, себебі заңды күшіне соттың қаулысымен анықталған. Сот оларды тексеріп, жаңа соттық қарауға жібере алмайды.

      АІЖК 71 бабының 2 бөлімінде , бұрын қарастырылған  азаматтық іс бойынша, соттың заңды  күшіне енген шешімі мен анықталған мән-жайлары сот үшін міндетті және басқа азаматтық істерді қарауда  сол тұлғалардың қатысуымен қайта  дәлелденбейді деп жазылған. Соттар өз қызметінде преюдициалық ережелерін қатаң сақтап, преюдициалық деректерді қайта дәлелдеуге жол бермеуі керек. Егер кейбір жағдайларда істі кешірек қарап жатқан сотта шешім не үкіммен заңды күшіне енген деректің дұрыстығына күмән туындаса, ол шешім үкімді қайта қарау туралы сұрақты қадағалау тәртібінде қарауға жібере алады. Заңға сәйкес, сот органдары  олардың тек үкімдері және шешімдерімен анықталған мән-жайлар преюдициалық мәнге ие болады. Ал басқа соттық қаулылар, мысалы проукрор – тергеу органдарының қаулылары дәлелдеуден босатуға негіз болмайды.

      Азаматтық іс жүргізу құқының теориясында  дәлелдеуге жатпайтын деректерге кейде  жорамал және даусыз деректерді жатқызады  11. Бірақ, біздің құқықтық жүйеде олай емес. Жорамалдар, белгілі бір деректерді дәлелдеуден тек бір ғана тарапты босатады. Ал екінші тарап осы деректерді танымай, итеруге дәлелдемелер ұсынып олардың жоқтығын дәлелдейді.

Сот өзінің бастамасымен әрі құқығын пайдалана  отырып, дәлелдемелер арқылы жорамалданушы  ескертулердің болуын тексере алады. Жорамалдар деректерде дәлелдеу міндетін қайта бөледі, бірақ оларды дәлелдеу пәнінен шығара алмайды. 
 

§2. Дәлелдемелердің  қатыстылығы, жарамдылығы  

    Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабындағы  анықтаманың мазмұнынан шығатын  термин — дәлелдемелердің қатыстылығы. Бұл терминге арнайы азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабы арналған: "Егер дәлелдеуде іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды".

    Азаматтық істегі дәлелдемелердің көлемін  қатыстылығын анықтайды. Сот іске қатысушы тұлғалармен ұсынылған дәлелдемелердің  ішінен бейімділікке жататын фактілермен  мағынасымен байланысты дәлелдемелерге ғана көңіл бөледі. Соттың істі жасық, жан жақты және объективті қарап шешім шығаруы үшін бір жоқтан қаншалықты көп дәлелдемелерде зерттеп екінші жағынан өз мағынасымен қаралып отырған іске байланыссыз дәлелдемелерді айырып алып тастаған дұрыс.

    Қатыстылық  дегеніміз соттық дәлелдемелермен  сот қарауының объектісі болып отырған фактілердің арасындағы объективті байланыстың болуы. Бұндай байланыстың болуы зерттеліп отырған дәлелдемелер арқылы барлық орын алған немесе орын болмаған мән-жайлар туралы мәлімет алуға болады.

    Юридикалық  әдебиеттерде дәлелдемелердің қатыстылығын әртүрлі талдалады. Бір қатар авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелердің белгілі десе, бір қатар авторлар қатыстылық бұл дәлелдемелерді процеске қосу-қоспаудың алғы шарты ретінде түсінеді. Бұл авторлардың бұлай ойлау себебі дәлелдемеде қатыстылық белгілі сипаты бар немесе жоқ екендігі осы дәлелдемелер сот зерттеуінде болмай жатып қалай анықталатындығында12. 67-баптың мазмұнына қарайтын болсақ, бұл бап негізінен соттық жүріс-тұрысын реттейтін норма болып табылады, өйткені тараптар дәлелдемелер ұсыну барысында қателіктер жіберуі мүмкін.

    Сот дәлелдемелердің қатыстылық ережесі  бойынша болашақ осы қаралып  отырған іс бойынша негізінен  шешім шығару үшін жеткілікті мөлшерде дәлелдемелер көлемін анықтауы керек.

    Заң әртүрлі істер бойынша керекті  әртүрлі дәлелдемелердің толық шеңберін ашып көрсетпейді. Сол себеппен дәлелдемелердің қатыстылығы соттық өзінің ішкі өкімі бойынша бағалайды (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16-бабы) М.К.Треутниковтың ойы бойынша қатыстылығын бағалау процесін екі этапқа бөлуге болады. Бірінші этап: дәлелдемелердің қатыстылығын шешпей жатып осы тартылып жатырған дәлелдеме арқылы орнатылмайын деп жатырған факті осы азаматтық іс үшін маңызы бар ма жоқ па? Сонан кейін барып екінші этапта осы дәлелдеменің осы фактіге қатыстылығы туралы мәселе шешілуі тиіс дейді13. Бұл ереже "жалпыдан жекеге" методы негізінде құралған ереже соттық о бастан дәлелемелер шеңберін дұрыс анықтамалар немесе қатыстылық мәселесіндегі ісі бойынша дұрыс шешім шықпауына әкеліп соғады. Өйткені іс бойынша керек емес дәлелдемелер немесе нағыз керекті дәлелдемелер талап етілмей қалуы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 65-бабында дәлелдеу міндеті көрсетілген. Бұл бап бойынша әр тарап өзінің талаптарын және қарсылықтарын негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс. Бұл қалып тараптардың дәлелдемелер ұсыну міндетін ашып көрсеткен. Кейбір авторлар қатыстылық мәселесін соттың жеке шешуі оған шетпен тыс құзырет беру деп санайды14. Меніңше 65-баптағы қалып 67-баптың тежегіш механизмі рөлінде көрсетілген. Қатыстылық нормасының дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуші тағы бір ережелер 65-бапта көрініс тапқан:

    1.  Дәлелдемелерді тараптар мен  іске қатыушы басқа да тұлғалар  береді.

    2.  Істі дұрыс шешу  үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың  және   іске   қатысушы  басқа да  тұлғалардың талаптары   мен   қарсылықтарының   негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс   нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.

    3.  Сот тараптарға және іске қатысушы  басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.

    4.  Тараптар мен іске қатысушы  басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді   ұсыну қисынды келтірген жағдайда, сот олардың өтініші бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.

    Осылайша іске қатысушылар соттың дәлелдемелер шеңберін анықтауына қатыса алады.

    Егерде  алдыда қарағанда белгілі болғандай  қатыстылық бұл дәлелдеменің мазмұнындағы мәліметке байланысты болса дәлелдемелердің  жарамдылығы сол дәлелдемелердің  процессуалдық формасына немесе процессуалдық дәлелдеу құралдарына байланыстылығы қаралады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 63-бабында: егер осы кодексте көзделген түрінен алынса, дәлелдемеге жол беруге болады деп танылады, - делінген. Бұл қалып та 64-баптың мазмұнынан шығатын ерекше болып табылады. Дәлірек айтқанда 64-бапта: "... заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады" - делінген. Соттағы дәлелдеу барысында құқықтық маңызы бар белгісіз фактілер кез келген дәлелдемелермен емес керісінше алдын ала занда көзделген дәлелдеу құралдарымен жүзеге асырылады. Жарамдық институты азаматтық іс жүргізу құқығында да қылмыстық іс жүргізу құқығында да көп зерттеліп келе жатыр. Белгілі қылмыстық процессуалист Кипнис Н.М. қылмыстық құқықтағы дәлелдемелердің жарамдылығын зерттей келе жарамдылық қасиеті төрт критерийден тұрады деген тұжырымға келген:

    1. дәлелдемелер алуға байланысты  процессуалдық әрекет жүргізуге  құқылы субъектінің болуы;

    2. жарамды фактілік дерек көзі (дәлелдеменің  мазмұнын құраушы);

    3. дәлелдеме алу үшін жасалған  әрекеттің процессуалдық талаптарға сай болуы (процесуалдық әрекет);

    4. дәлелдеме алу үшін қолданылған  процессуалдық әрекеттің талаптарға  сай болуы15.

    Көптеген  авторлар дәлелдемелердің жарамдылығы  тек жауаптарға қатысты десе (К.С.Юдельсон, И.М.Резниченко) ал, келесілері бұл барлық дәлелдеу құралдарына байлансты дейді (АТ.Калрин, Н.Д.Лордкипанидзе). Бұл мәселе бойынша процессуалдық құқықта реттелген бір жақты ой жоқ.

    Дәлелдемелердің жіктелуі: тікелей және жанама; алғашқы  және туынды; өзіндік және заттық.

    Дәлелдемелердің жіктелуі дегеніміз — дәлелдемелерді ұқсас белгілеріне байланысты топтауды айтамыз. Жіктеу арқылы біз дәлелдемелерді бірыңғай жүйеге келтіреміз. Бөлу дәлелдемеге тиесілі бір маңызды белгісі негізінде жүзеге асырылады. Бөлу жүргізілген белгі теорияда жіктеу негізі деп аталады.

    Дәлелдемелерді  жіктеу бірге осы дәлелдемелерді тереңірек зерттеуге, белгілі бір  топқа жататын дәлелдемелерді шындыққа қол жеткізудегі маңызын, немесе осал жақтарын білуге мүмкіндік береді.

    Дәлелдемелерді  жіктеудің негізі болып әртүрлі белгілер болуы мүмкін. Мысалы дәлелдемелердің мазмұнына байланысты, немесе процессуалдық формасына байланысты, соттық бағалау нәтижесіне байланыты т.б. әртүрлі негіздерге байланысты бөлуге болады16.

    Заң әдебиеттерінде көп кездесетін және жіктеудің даусыз бір негізі бұл дәлелдемелердің мазмұнының дәлелденіп жатырған фактімен байланысына байланысты дәлелдемелер екіге бөлінеді: тікелей және жанама17. Тікелей дәлелдемелер деп мазмұны дәлелденіп жатқан фактімен тікелей байланыста болатын дәлелдемелер. Тікелей байланыс дәлелденіп жатқан факті туралы бір жақты жауап береді. Мысалы, өнімнің нақты өмірде орын алған немесе болмағандығы туралы өлім туралы акт жауап береді. Жанама дәлелдемелер дәлелденіп жатқан фактімен көпмағыналы байланыста болады. Көпмағыналы байланыс дәлелдеу барысында бірнеше мүмкін қорытындыларға алып келеді.

    Факті туралы деректердің құрылу процессіне байланысты дәлелдемелер алғашқы және туынды болып екі топқа бөлінеді. Алғашқы дәлелдемелер дәлелденейін деп отырған фактінің тікелей  дәлелдемеге мәлімет қалдыруымен сипатталады. Ал туынды дәлелдемелер дегеніміз — басқа дәлелдеме көзінен жазылып алынған дәлелдемелер жатады. Басқаша айтқанда дәлелденіп отырған фактімен зерттеліп отырған, дәлелдеменің ортасындағы тағы да басқа аралық мәлімет тасмалдаушылар бар.

    Дәлелдемелерді  процессуалдық формасының сипаттамасына  немесе дәлелдеу құралы бойынша бөлу олардың пайда болу көзіне байланысты бөледі18. Бұл негізде жіктеуге келгенде көптеген теоретиктердің ойлары бірнеше топқа бөлінеді. Жалпы осы негіз бойынша өзіндік және заттық болып бөлінеді. Өзіндік дәлелдемелерге қайнар көзі адам болып табылатын дәлелдемелерді жатқызады: тараптардың және үшінші жақтың түсініктемелері, куәлардың анықтамалары, тарапшының қорытындысы. Ал заттық дәлелдемелерге жазбаша және заттық дәлелдемелер жатқызылады.

    Авторлардың пікірлері көбіне осы жерде айырылады. Мысалы, К.С.Юдельсон өзіндік дәлелдемелерге жоғарыда көретілген дәлелдемелермен  қатар жазбаша дәлелдемелерді қосады. Автор өз позициясын келесі ойлармен бекітеді. "Жазбаша дәлелдемелер әрқашанда белгілі бір адаммен шығады, және дәлелдеме мазмұны материалдық объектіде бекітілгендігі маңызды емес", - дейді автор19. С.В.Курылев осы негізде дәлелдемелерді жіктеген кезде тағы бір топ алып оны аралас дәлелдемелер тобы деп атады. Бұл топқа Курылев сарапшының қорытындысын, таныту фактісін, тергеу эксперименті нәтижелері — фактісін жатқызады20. Автордың бұлай топтау себебі төмендегідей. Сарапшы өз қорытындысын жасау үшін алдымен заттық дәлелдемені зерттеп осы заттық дәлелдемеден алынған мәлметті қағаз бетіне түсіріп өзі де мәлімет тасмалдаушы, дәлірек атқанда мәліметтің жаңа қайнар көзі болады.

Даусыз  деректер деп екінші тарап дәлелдейтін, бір тараптан танылған деректерді айтамыз. Біздің азаматтық іс жүргізуші деректе  тану – іс бойынша тек дәлелдеме болуы саналады. Танылған дерек – дәлелдеу оған қатысты іске асқан дерек болып табылады. Бұл істің мәні бойынша, тараптың тануымен дәлелденген іс бойынша дәлелденетін, тараптың тануынан дәлелденгендігіне байланысты, істі дәлелдеу пәніне кіретін деректер құрамынан оны алып тастауға негіз жоқ.

      Цивилистика әдебиетінде дәлелдеу пәніне материалдық  – құқықтық мәні бар деректерді жатқызады21 . Бірақ, сотта дәлелдеу қызметі осындай деректерді ғана анықтаумен шектелмейді. Азаматтық істі қарауда, басқа да мән-жайларды анықтауда материалдық – құқықтық емес, процессуалдық мәнді қажеттілік туындайды. Мысалы, істің соттылығы туралы мәселені шешу үшін, жауапкердің мекен-жайын нақтылау қажеттігі туындайды. Сондықтан, жазбаша дәлелдеме болатын сәйкестенген анықтамалар алынады. Белгілі бір процессуалды сұрақтарды шешу мән-жайларға байланысты, ал бұл мән-жайлар дәлелдеу арқылы дәлелдемелермен анықталады.

      Процессуалды  мәні бар мән-жайларға, тағы дәлелдемелік деректер жатады. Олар дәлелдеме ретінде  қолданылатындықтан процессуалды мәнге ие болады. Бұған дейін олар басқа дәлелдемелер арқылы анықталуы, яғни дәлелденуі керек.

      Сонымен, іс бойынша дәлелдеуге тиіс деректер көлемі, дәлелдеу пәні ұғымымен үйлеспейді. Бұл көлем өзіне материалдық-құқықтық мәні бар деректерді (дәлелдеу пәні); процессуалды- құқықтық мәні бар деректерді (процессуалды сұрақтарды шешетін деректер және дәлелдемелік деректер) алып жатады.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі соттық дәлелдемелер