Халықаралық гуманитарлық құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 17:59, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық жағынан зерттей келе, халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық аспектілерін, оның ішінде:
- халықаралық қылмыстылықтың пайда болу тарихы, түсінігі;
- қылмыспен күрестің халықаралық-құқықтық негіздерінің пайда болу және даму тарихын;
- қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін;
- қылмыстылықпен күрес саласындағы халықаралық ұйымдардың іс – әрекетін;
- қылмыспен күрес саласындағы аймақтық ұйымдардың қызметтерін;
- адам саудасы және халықаралық терроризм қылмыстарымен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмдерін зерттеу.

Работа состоит из  1 файл

alina kursovoi.doc

— 252.50 Кб (Скачать документ)

конференциясы ұйымында төрағалық етеді. ҚР Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық, Шанхай ынтымақтастық  ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті  және Түрік мәдениеті мен өнерін бірігіп дамыту бойынша халықаралық  ұйымдардың атқарушы құрылымын басқарды.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Заң ғылымдарында «халықаралық қылмыстылықтың» пайда болуы тақырыбына басқа жалпы қылмыстылықпен салыстырғанда көп зерттелмеген. Бірақ «халықаралық қылмыстылық» термині соңғы кезде қылмыспен күресте кеңінен қолданылып келеді. Ресей заңгерлері И.И.Карпец, П.И.  Гришаев зерттеулері халықаралық қылмыстылық тақырыбына арналған. Басқа да отандық және Ресей авторлары халықаралық қылмыстылық тақырыбын зертеген, атап айтатын болсақ: В.И.Степаненко, Ю.А. Решетов, В.Н. Кудрявцев, В.В. Лунеев, А.В. Наумов, М.Д. Шаргородский, И.П. Блищенко, Р.А. Каламкарян,  В.П. Панов, И.И.Лукашук.

Көптеген авторлар халықаралық қылмыстылық тақырыбына халықаралық қылмыстылықпен күресуде мемлекеттер ынтымастығы мәселелерін  қозғады, олар: П. Панов, Ю.Н. Жданов, А.Н. Костин,  Л.Н. Галенская,  В.П.Зимин и И.Н. Зубов, А.Г. Богатырев, С.В. Бородин, Е.Г. Ляхов. В.М. Волженкина, П.Н. Бирюков, Е.Г. Моисеев, Г.В. Игнатенко, В.Ю. Голубовский, С.С. Сартаев,  Р.Н. Акпарова, И. Жұмабеков, А.Х. Арыстанбекова, М.Б. Джарбусынова, Ж. Акишева және басқалар.

Б.Х.Олжабаев, Б.Т.Қабдуллин «Қылмыснама»: Заң мамандықтарында оқитын студенттерге арналған кестелер альбомында: «Қылмыстылықтың алдын алуда халықаралық ынтымақтастық – бұл қылмыстылықтың алдын алудың, онымен күрестің және құқық бұзушыларды түзетудің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттердің және халықаралық қатынастың басқа да қатысушылары күшін  біріктіру болып табылады» [8, 144 б]- деп жазады.

А.Б.Шевареганың «Сотрудничество государст в борьбе с медународными уголовными преступлениями»(Киев, 1990) авторефератында «Халықаралық қылмыстылықпен күресуде халықаралық мемлекеттер ынтымастығының тиімділігін арттыру, халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ең бірінші Интерполдың қатысуы керек» [9, 55 б]- деп жазады.

А.Ю.Олиппиев өзінің «Международное сотрудничество в противодействии  торговле с людьми» (Москва, 2011) атты еңбегінде: «Құқық қорғау органдарындағы халықаралық ынтымақтастықтың  оларды тергеу кезінде өз ерекшеліктері  мен қиындықтары бар, тіпті кейде  дұрыс емес бағыт таңдап алынуы мүмкін. Сондықтан, барлық қиындықтарға, протоколдарға  қарамай, мемлекеттік ынтымақтастық адам сату қылмысымен күресте және   халықаралық ұйымдасқан қылмыстармен күресте табыстарға жету үшін үлкен мағынаға ие» [11, 277 б]- деп атап өтті.

Зерттеу объектісі. Халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмі мәселелері.

Зерттеу пәні. ҚР Қылмыстық құқық, ҚР Қылмыстық кодексі бойынша халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмі.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық жағынан зерттей келе, халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмін анықтау.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

- халықаралық  қылмыстылықпен күресудің теориялық  аспектілерін, оның ішінде:

- халықаралық  қылмыстылықтың пайда болу тарихы,  түсінігі;

- қылмыспен  күрестің халықаралық-құқықтық негіздерінің  пайда болу және даму тарихын;

- қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін;

- қылмыстылықпен  күрес саласындағы халықаралық  ұйымдардың іс – әрекетін;

- қылмыспен   күрес саласындағы  аймақтық  ұйымдардың қызметтерін;

- адам саудасы  және халықаралық терроризм қылмыстарымен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмдерін зерттеу.

Зерттеудің  жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

 

 

    1. Халықаралық қылмыстық құқықтағы қылмыстылық және оның туындау белгілері

 

Таптық қоғамда  пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық қауымдастықта өзіне  тән нысандарға ие болды. Қылмыстылық қоғам үшін объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар әлеуметтік үрдіс болып табылады.

Қылмыстылық тарихына келетін болсақ,  "қылмыс" деген ұғымға әрқилы анықтама беріліп келеді. Бірінші 1919 жылы, одан кейін 1926 және 1932 жылдар аралығындағы Қылмыстық кодекстерде анықтамалар берілді. 1926 жылдан 1935 жылға дейін және одан кейін қабылданған Одақтас республикалардың Қылмыстық кодекстері мен басқа Заң негіздерінде қылмыс деген ұғымға нақты түсінік беруге ұмтылыс жасалынды.

1959 жылы қабылданған  Қазақ КСР-інің Қылмыстық кодексінің 7-бабында қылмыс деген ұғымға мынадай анықтама берілген: "Қылмыс дегеніміз - қоғамға қауіпті, қоғамдық, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттің шаруашылық жүйесіне, азаматтың жеке басына, саяси өмірге, еңбек мүлкіне, азаматтардың құқығына, басқа да құқылық тәртіпке қол сұғушылық"[20, 227 б.]. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі, қол сұққан немесе қол сұғуға әрекет жасалған объектіге, келтірілген немесе келтірілетін зиянның мөлшеріне байланысты, сонымен қатар қылмыс деп саналатын әрекеттің немесе әрекетсіздіктің түрі мен тәсілі қандай жағдайдажасалуы, қасақаналықпен, абайсыздықпен жасалудың себептері мен мақсаты анықталуы қажет екендігі көрсетіледі. Кодекстің 7-бабында бұрынғы заңдарға қарағанда қылмыстық заң қорғайтын жалпы объектіні толығырақ айтады.

Қылмыстық кодекстің 7-бабының 2-бөлімінде: "Қылмыстық заңда көрсетілген, формалды нормалардың сыртқы түрі жағынан қылмыстың құрамдық белгілеріне дәл келетін, бірақ маңызы шамалы, қоғамға қауіп келтірмейтін әрекет немесе әрекетсіздік болғандықтан қылмыс болып саналмайды" делінген. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Қылмыстық кодексінің 8-бабында: "Қылмыс дегеніміз - кінәлінің қоғамға қауіпті іс-әрекет /әрекетсіздігі/, қылмыстық заңдарда тыйым салынған объектілерге қол сұғуы" делінген. Қылмыс ұғымына жоғарыда көрсетілген нормалардан кінәлінің іс-әрекетінің /әрекетсіздігінің/ қоғамға қауіптілігі де кіреді. Басқа нормативтік актілер мен құжаттарда адамның табиғи құқықтары мен бостандығына, жеке меншігіне, Конституция қағидаларына сәйкес әлеуметтік, экономикалық құқықтарға қол сұғудан қорғалатындығы көрсетілген. 2-бапта қылмыстық заңдардың қағидалары; 4-бапта қылмыстық жауапкершілік айтылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 9-бабында қоғамға қауіпті әрекет ретінде (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылмайтындығы көрсетілген.

Қылмыстың негізгі  белгісі кінәлінің іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігі, келтірілген  зияны, қол сұғылған объектінің маңызы, әрекеттің тәсілі, жасау әдісі, кінәлінің ой-пікірі, басқа да жағдайлары осы негізгі белгілерде қаралады. Мысалы, қасақана жасаған қылмыс абайсызда жасаған қылмыстан анағұрлым ауыр. Бірақ заңда кінәлінің қасақана немесе абайсыздықта жасаған іс-әрекеті қоғамға, мемлекетке, адамдарға қауіпті болып көрсетілген. Сондықтан "қауіптілік" қоғамға қауіпті деу үшін кінәлінің іс-әрекеті жан-жақты қаралады.

Қылмыстың қандай топтың объектісіне жататыны, қандай дәрежеде жасалғаны, саяси мәні мен  адамгершілік жағы, күшпен немесе зорлықпен  жасалғандығы, материалдық, формалдық  жағы сияқты жағдайлар қылмыстық  іс-әрекетке "қоғамға қауіпті" белгісін көрсетеді. Мысалы, адамның өміріне, денсаулығына қарсы қылмыстар, бостандығына, адамгершілігіне қарсы қылмыстың айырмашылығы, тікелей объектінің маңызы мен мәніне, қандай дәрежеде жасалғанына байланысты. Құжаттарды қолдан жасау, қауіптілігі жеңіл немесе ауыр, зорлықпен және күшпен жасалған іс-әрекетте қаншалықты дәрежеде зорлауы, күш жұмсауы, қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекетте, ой-пікірлерінің түрлерінде, алдынала дайындалғандығында немесе кенеттен жасауы және басқа жағдайлар.

Таяудағы уақытқа дейін халықаралық құқықта арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан қалыптасатын жаппай бұкаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-кұқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп келді.

Тіпті, «қылмыстылық»  өзінің құрамына әр алуан күтпеген, кездейсоқ, төтенше құбылыстар жиынтығын  топтастыратын болғандықтан, оның жалпы  ұғымына күдіктер білдірілгені де ақиқат.

Қылмыстылық жекелеген  қылмыстардың жиынтығын кұрамайды дейтін болсақ, оның «дербестігі» өзіне тән белгілі бір жағдай мен мән-жайларға байланысты болар еді.

Бәрінен бұрын  айтқанда, қылмыстылық-жалпы-әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктеріне бағынышты  заңды құбылыс, сонымен қатар, жекелеген  қылмыстар белгілі бір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие болады.

Қылмыстылықтың  дербестігі, оны құрайтын жекелеген  қылмыстарға байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ, оның қоғамға қауіптілігінен байқалады. Н. Ф. Кузнецованың «қоғамға қауіптілік» белгісінің «қылмыстылық» ұғымының анықтамасына енгізілмеген дегеніне келісуге болмайды[21, 123 б.]. Қоғамға қауіптілік осы кұбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, ол жекелеген қылмыстың қоғамдық кауіптілік «қосындысына» қосылмайды, дербес мазмұн мен мағынаға ие болады. Айта кету керек, әлеуметтік жағдай ғана қылмыстылыққа әсер етпейді, сол сияқты, қылмыстылықта әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, кылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігі  мынада - бұл құбылыс (жекелеген қылмыс емес) қоғамның әлеуметтік дамуын тежейді және оның алдында тұрған міндеттерін шешуге қиындық  тудырады.

Кейбір ғалымдар қылмыс пен қылмыстылыққа сапасы жағынан әр қилы құбылыс деп қарау  жөнінде пікір айтады. Мұндай тұжырыммен келісуге болмайды, өйткені мұндай ойлар қылмыс пен қылмыстылықтың арасындағы байланыстарды үзіп, оны жоққа шығарады және осы ұғымдарды абстрактілі теорияға айналдыруға итермелейді.

Қылмыстылықтың  мәнін жекелеген қылмыстардың жиынтыгы арқылы ғана танып-білуге де болмайды. Экономика, идеология, мәдениет, әлеуметтік психология және сол сияқты салалардың қайшылықтарынан туындайтын әлеуметтік шындықтың басқа да құбылыстарын ескеру қажет. Тоқ етерін айтқанда, қылмыссыз қылмыстылық болады деп ой тұжырымдауға мүлдем болмайды (А. Б. Сахаров, Д. Блувштейн, А. М. Яковлев).

Қылмыстылық - бұл өзінің бойына белгілі бір қоғамда белгілі бір кезеңде жасалған, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштермен (жай-күйі, деңгейі, қозғалысы, құрылымы, сипаты және басқалары) сипатталатын барлық қылмыстардың жиынтығын шоғырландырған әлеуметтік-құқықтық құбылыс.

Қылмыстылықтың  келесідей тектік белгілерін бөліп  көрсетуге болады: тарихи өтпелі және құбылмалы сипаты, антогонистік таптардың  болуы, әлеуметтік-құқықтық табиғаты.

Қылмыстылық тек қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік себептерден туындайды. Қылықтарды рұқсат етілген және тыйым салынған деп бөлудің, белгіленген тыйым салуды бұзғаны үшін жазалаудың өзі тіптен әлеуметтік феномен. Осыған байланысты осындай бөлушілік пен оны бұзушыға деген жауаптылық шарасын белгілейтін қылмыстық заң да осы әлеуметтік себептерге орай пайда болды. Қылмыстық-құқық саласында қалай да қателіксіз төрелік етудің, соның ішінде қандай қоғамның (билік етуші таптың ба) мүддесін қорғау жөнінде белгіленген шек пен өлшем жоқ. Осыған орай, қылмыстық заң қоғамдық-саяси жүйеге зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті қылмыстық (және жазаланатын) деп санайды.

Қылмыстылық—  нақты-тарихи құбылыс. Ол адамзат қоғамы дамуының белгілі бір кезеңінде  пайда болган, оның тууы жеке меншіктің, қоғамды тапқа бөлудің тууымен және мемлекеттік биліктің пайда болуымен және қоғамдық қатынастардың жетілдірілуімен байланысты.

Қылмыстылық анықтамасында  көрсетілген жалғыз-ақ тектік белгі  — ол мемлекетте (аймақта) жасалған барлық қылмыстардың жиынтығы. Қылмыстылықтың мәнді белгісі — оның қылмыстық-құқықтық сипаты. Осы белгі ғана қылмыстылықты құқық бұзушылықтар мен келеңсіз құбылыстардың жиынтығы екендігін көрсете алады.

Халықаралық құқық  доктринасында өз заманында қалыптасқан мемле-кетаралық қатынастармен және әрбір ғалымның өз көзқарасы ерекшеліктерімен айқындалған ХҚҚ-тың әр түрі түсініктері берілген.

Алғашқылардың бірі болып ХҚҚ түсінігін Ф.Мартенс  берді. Оның тұжырымы бойынша «ХҚҚ - дүниежүзілік қарым-қатынаста мемлекеттердің жазалау билігін жүзеге асыруда бір-біріне халықаралық сот көмегін көрсету шараларын реттейтін құқықтық нормалары жиынтығы». Яғни, ХҚҚ тек қана іс жүргізу нормаларынан тұрады.

Бастапқы кезеңде, И. Карпец Преступления международного характера» еңбегінде: «ХҚҚ — қылмыстық заңның кеңістіктегі әрекетін реттейтін шектеулі құқық нормалары жиынтығы деп қана танылды»[26, 56 б.] - деп жазған. Біртіндеп ХҚҚ түсінігі толықтырылып, оған құқықтық көмек және қылмыскерлерді беру мәселелерін реттейтін нормалар қосылды. ХҚҚ тұжырымдамасының қалыптасуына әлем қауымдастығымен қабылданған агрессия, геноцид (жаппай қыру), экоцид, халықаралық терроризм, т.б. әрекеттердің қылмыстығы мен жазаланушылығын орнатқан халықаралық шарттар үлкен әсеретті. Л.Галенская атап көрсеткендей, кейін заң әдебиеттерінде бір мезгілде ХҚҚ-тың 5-6тұжырымдамасы орын алды:

а) ХҚҚ - жалпы  халықаралық құқықтың бір саласы;

ә) ХҚҚ - халықаралық  жариялы құқықтың саласы;

б) ХҚҚ - халықаралық  жеке құқықтың бір бөлігі;

Информация о работе Халықаралық гуманитарлық құқықтың