Халықаралық гуманитарлық құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 17:59, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық жағынан зерттей келе, халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық аспектілерін, оның ішінде:
- халықаралық қылмыстылықтың пайда болу тарихы, түсінігі;
- қылмыспен күрестің халықаралық-құқықтық негіздерінің пайда болу және даму тарихын;
- қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін;
- қылмыстылықпен күрес саласындағы халықаралық ұйымдардың іс – әрекетін;
- қылмыспен күрес саласындағы аймақтық ұйымдардың қызметтерін;
- адам саудасы және халықаралық терроризм қылмыстарымен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмдерін зерттеу.

Работа состоит из  1 файл

alina kursovoi.doc

— 252.50 Кб (Скачать документ)

II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРМЕН КҮРЕСУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

 

 

2.1 БҰҰ-ның халықаралық  қылмыстармен күресу саясаты

 

Халықаралық ұйымдардың жұмысында бейүкіметтік ұйымдардың қатысуы жөнінде идея сонау алғашқы кездері айтылса да, ол тек кейінгі жылдары ғана жүзеге аса бастады. Бұған мысалы, БҰҰ құрылған жылдары-ақ, атап айтсақ, БҰҰ-ның Жарғысының 71-бабында қарастырылған болсада, бейүкіметтік ұйымдардың БҰҰ-ның қызметіндегі нақтылы рөлі тек соңғы кездері ғана айқындала түсті. БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар бейүкіметтік ұйымдармен қарым-қатынасын тәртіпке келтіру барысында қабылдаған көптеген құжаттар олардың құқықтары мен міндеттемелерін айқындайды.

БҰҰ-ның іс жүзінде бейүкіметтік ұйымдармен өзара байланысы әлдеқайда кеңірек және де онын барлық бөлімшелері бейүкіметтік ұйымдармеи байланыста. Әлбетте, бұл салада ең белсенділік көрсететіні - қоғамдық ақпарат департаменті. БҰҰ жайындағы ақпараттарды жұртшылыққа жеткізуде бейүкіметтік ұйымдарды жалғастырушы ретінде қарай отырып, департамент өз маңайына 1500 шамасындағы ұйымдарды топтастыра алды. Өнімі   оларды   қажетті жабдықтармен, құжаттармен қамтамасыз ете отырып, олармен  семинарлар өткізеді. БҰҰ- ның Бас Ассамблеясы өзінің қаулы қарарларында нақтылы мәселелердің шешімін табуды  үкіметтік ұйымдардың қолғабыс көрсетуін сұрайды. Соңғы он жылдықтарда, іс жүзінде сондай-ақ халықаралық бейүкіметтік ұйымдарды ірі халықаралық конференциялар өткізу жұмыстарына қатыстыра отырып    қаралатын    мәселе бойынша жұртшылықтың  көзқарастарын жеткізуге мүмкіндік беруде. Көптеген мемлекеттер басынан бейүкіметтік ұйымдардың БҰҰ-ның   мәжілістерінде қандай да бір мәселе бойынша талқылау кезінде өз ретінде тигізетін пайдасының мүмкіндігін түсінді. Тек, өкінішке орай, Кеңестер Одағы мен басқа да социалистік бағытта болған.

Мемлекеттер бейүкіметтік ұйымдардың мүмкіндіктерін елегісі  келмеді. Сірә, олар жариялықтан қашып, БҰҰ-ның комитеттері мен комиссияларында бейүкіметті ұйымдардың  қызметіне шектеулік қоюды бірнеше рет мәлімдеді. Кейбір социалистік елдердің бейүкіметтік ұйымдары үкіметтің ықпалынан шыға алмай, солармен ымыралас болды. Кейін келе, бұл ұйымдарда ЭКОСОС-тағы өздерінің орындарынан айырылып қалды.

БҰҰ құрылғаннан бастап өзінің қызметінде белгілеген мақсаттарының бірі адам құқықтарын қорғау болып табылады. Ал, бейұкіметтік ұйымдарға келетін болсақ, бұл жүйеде олар өз орындарын өздері айқындады. Сөйтіп, адам, құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Комиссиясының хаттамасында былай деп көрсетілген: "БҰҰ-ның жарғысының ережесі, дәлірек айтсақ, оның 68-бабы (бапқа сәйкес ЭКОСОС адам құқықтарын қорғауға байланысты қажетті мекемелер құруға өкілетті)-бейүкіметтік ұйымдар мен жеке тұлғалардың Сан-Францискіде қол жеткізген жетістігі.

Сонымен бірге  халықаралық қоғамдастық адамдық қадiр-қасиеттің қатыгездiкті немесе дөрекiлiкті болдырмау бөлігінде қылмыстық атқару заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынысын білдірді.

Бұдан басқа, БҰҰ-ның  Азаптауға қарсы комитетінің  Қазақстан Респбликасы үшін тиісті ұсынымдар жасауы, қаралып отырған проблеманың құралы ретінде де қарастырылды (мамыр 2001).

Ұлттық заңнамаға  қатысты азаптауды болдырмау  проблемасы жөнінде мынадай жалпы  әдістер ұсынылды:

1) Қазақстан  Респуликасының Қылмыстық кодексіне  Конвенцияға сәйкес, тиісті қатаң  жазалаумен бекітілген қинаудың құрамын енгізу;

2) Қылмыстық  және Қылмыстық атқару кодекстерінің  басқа ережелеріне тиісті түзетулер  енгізу;

3) тиімді шараларды  нақты құруға бағыталған, азаптаудан  зардап шеккендерді оңалту мен  өтемге бағытталған заңнамалық  актілерді енгізу;

4) кәсіби заң  консультацияларына және тұтқындау  мен қамауға тиімді сот бақылауына  нақты қол жетімділікті қамтамасыз  ету үшін Қылмыстық атқару  кодексіне түзетулер.

Осыған байланысты, 1984 жылғы 10 желтоқсандағы БҰҰ Бас  Ассамблеясы Конвенциясының талаптарын орындау мақсатында 2002 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен Қылмыстық атқару кодексіне тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе үшiншi адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасаған немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейi тән зардабын және психикалық зардап шектiруi үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін көздейтін қылмыстардың жаңа құрамы енгізілді (347-1 бап «Азаптау»).

Бұл өзгерістер қылмыстық түзету жүйесін Әділет министрлігінің жүргізуіне кезең-кезеңмен беруге бірден-бір себеп болды.

Қазіргі уақытта Қамауға алынғандармен Ең төменгі стандарттық ережелерінің ұсынымдарына және БҰҰ-ның 1984 жылғы Қинау мен басқа қатыгездiк, дөрекі  және адамның қадір қасиетін кемсітетін жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына сәйкес қамаудағыларды ұстау шараларын келтіру жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізіліп келе жатыр.

БҰҰ шеңберінде мүше мемлекеттермен және бейүкіметтік ұйымдардың ат салысуымен жүзеге асқан, адамзат тарихындағы алғашқы адам құқықтары жөніндегі басты құжат "Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы". Осы құжаттың мәтінін жазуға 30-дан астам бейүкіметтік ұйымдар қатысты. Бұл ұйымдардың өкілдері   Комиссия   мәжілістеріне, тіпті редакциялық комитеттің де мәжілістеріне үнемі қатысып, өздерінің қызықты жобаларын ұсынып отырған.   Олардың  ішінде,  атап айтсақ, американдық еңбек федерация комиссиясы, бейбітшілікті орнату мәселесін зерттейтін БҰҰ-ның көмекші Американдық ассоциациясы, американдық еврейлер комитеті, әйелдер кәсіподақ комитеті және американдық адвокаттар ассоциациясы . Олар Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен ынтымақтаса отырып, БҰҰ-ның Бас ассамблеясының тапсыруымен Азаматтық және саяси құқықтар   туралы   фактіні және Экономикалық және мәдени құқықтар туралы фактіні дайындауға көмектесті.

 

 

2.2 Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі

 

 Мемлекеттердiң қылмыстық  iстермен күресудегi халықаралық  ынтымақтастығының алғашқы сатыларында  нақты қылмыстың түрлерiмен күресуде  және бiрiккен әрекеттер, құқықтық  көмек көрсету мәселелерi бойынша  жеке шешiмдер қабылдау басым  болды. Ал, қазiргi кезде мұндай ынтымақтасу аталмыш проблемаға кешендi тұрғыдан қарауға негiзделген. Ол мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

  • мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерiн шешуге бағытталған көптарапты конвенциялар жасау;
  • әмбебап халықаралық ұйымдар мен БҰҰ органдар жүйесiнiң және арнайы ұйымдардың қызметiне негiзделген халықаралық ынтымақтастық нысандарының шарттық және институционалдық үйлесуi, мысалы Интерпол;
  • мемлекетаралық ынтымақтастықтың анағұрлым икемдi және тиiмдi нысандары ретiнде екi тарапты ынтымақтастықты пайдалану;
  • ынтымақтастықтың материалдық және iс жүргiзу аспектiлерiне негiзделген халықаралық-құқықтық және iшкi мемлекеттiк нормалар мен тетіктердi келiстiру арқылы.

    Қылмыстылықпен  күресудегi халықаралық ынтымақтастық  мынадай мәселелердi шешедi:

1.Әлемдiк қауымдастыққа қауiп  төндiретiн қылмыстар санатын  айқындайды.

2. Осындай қылмыстардың алдын  алу және бұлтарпау жөнiндегi шараларды  үйлестiредi, сәйкестендiредi.

3. Қылмыскерлер мен қылмыстардың  юрисдикциясын бекiтедi.

4. Барлық заңды құралдар мен тәсiлдер арқылы жазалаудан қашып құтылмауды қамтамасыз етедi.

5. Қылмыскерлердi ұстап берудi  қоса алғанда көптарапты және  екiтарапты негiзде құқықтық көмек  көрсетедi.

Қылмыстылықпен күрес туралы халықаралық  шарттар бойынша мемлекеттер  мiндеттемелерiнiң негiзiгi түрлерi мынадай болып келедi:

а) арнайы конвенцияларда көзделген  әрекеттердiң қылмыстық жазаланатынын  мойындау;

б) қылмыскерлердi iздестiру және ұстауға  көмектесу;

в) ұрланған объектiлердi iздестiруге және қайтаруға көмектесу;

г) қылмыскерлердi  сотқа беру немесе қылмыс жасаған деп айыпталушы тұлғаларды ұстап беру;

д) тергеу іс-жүргізуіне көмектесу.

    Халықаралық сипаттағы  қылмыстық iстердiң жеке түрлерi мен мемлекеттердiң оларды бұлтартпау  және қылмыскерлердi жазалаудағы  ынтымақтастығына мыналар жатады:

а)құлдық және құл саудасы;

б)есiрткi және психотроптық заттарды заңсыз өндiру;

в)теңiздегi қарақшылық;

г)әуе кемелерiн заңсыз басып  алу;

д)халықаралық терроризм;

е) ядролық материалдарды ұрлау  және т.б.

1993 жылдың 22 қаңтарында  Минскiде “Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы” Конвенцияға қол қойылды[28]. Оған тоғыз мемлекет қатынасты: Армения Республикасы, Белорусь Республикасы,  Қазақстан Республикасы, Молдова Республикасы, Тәжiкстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Украина.

     Бұл Келiсiм  кiрiспеден және 83 баптан тұрады. Қарастырылып отырған проблемаға орай, “Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек” деп аталатын IV  бөлiмге жүгiнсек, онда әдеттен тыс ұстап беру (экстрадиция), қылмыстық құралдарды жүзеге асыру және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек туралы арнайы ережелер көзделген. Конвенция мүше-мемлекеттердiң “бiр-бiрлерiнiң талап етулерi бойынша, аумақтарындағы тұлғаларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе үкiмдi орындау үшiн беру” мiндетiн белгiлейдi. (56-баптың 1 бөлігі).

    Онда сондай-ақ, әдеттен тыс ұстап беруден  бас тарту, оны кейiнге қалдыру шарттары, беру туралы талаптың қайшылықтарының негіздері  көрсетiлген; берiлген тұлғаны қылмыстық қудалау шегi мен басқа да жағдайлар айқындалған.

    “Ұстап беру”  (экстрадиция – extraditition) деген  француз сөзi мен ex, + tradititio беру деген латын сөзi) ұғымына халықаралық құқық теориясында көп көңiл бөлiнген. Профессор Л.Н.Галенская ұстап берудi мемлекеттiң қылмыскердi басқа мемлекетке халықаралық құқық нормаларына сәйкес, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе қылмыстық жазаны қолдану үшiн беру процесi ретiнде айқындайды[24, 177 б]. Ал, профессор Р.М.Валеев қылмыскерлердi ұстап беру институтын халықаралық және ұлттық құқықтың тоғысындағы институтына жатқызады[25, 99 б]. Қылмыскерлердi ұстап беру институты халықаралық шарттар мен халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған қағидаларына негiзделедi. Бұл мемлекеттiң аумағындағы айыпталушы немесе сотталушыны қылмыс жасаған немесе азаматы болып табылатын немесе қылмыстан зәбiр көрген мемлекеттiң сұратуы бойынша қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе үкiмдi орындау үшiн ұстап беруден тұратын құқықтық көмек актiсi болып табылады.

Қылмыскерлердi ұстап  беру институтына мынадай белгiлер  тән:

  • ұстап беру іс-жосығы негiзделетiн нормалардың кешендi сипаты – мұндай жағдайда екi дербес құқықтық жүйе – iшкi мемлекеттiк және халықаралық  құқық нормалары өзара әрекеттеседi;
  • мұндай мәселелердi дербес шешуге қабiлеттi халықаралық құқықтың негiзгi субъектiсi ретiндегi мемлекеттiң құзiретi;
  • ұстап беру қылмыстық iс жасаған жеке тұлғаларға қатысты ғана жүзеге асырылады;
  • ұстап берiлген тұлға сотпен қудаланады немесе берген мемлекеттiң сот органы белгiлеген жазаға тартылады.

Ұстап беру мемлекеттердiң  қылмыстық iстермен күресiндегi құқықтық өзара көмек актiсi болып табылады. Халықаралық құқықтың бұл институтының мазмұны әлемдiк бiрлестiктiң халықаралық қылмыстылықпен күрес саласында күштерiн ортақ бiрiктiрулерiне байланысты жаңа мазмұнмен толықтырылды.

    Бейбiтшiлiкке  қарсы, халықаралық қылмыстар,  әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы  қылмыстар жасаған тұлғаларды беру туралы мәселе алғаш рет бiрiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн герман императоры Вильгелмге қатысты талқыланған болатын. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы антигитлерлiк коалицияны ұйымдастырушылық және құқықтық ресiмдегеннен кейiн ғана бұл институтты жоғарыда аталған қылмыскерлерге қолдануға мүмкiндiк туды.

    Халықаралық  қылмыстық iстердiң жеке түрлерiмен  күресудегi халықаралық келiсiмдер  қылмыскерлердi ұстап берудiң  құқықтық негiздерi болып табылады. Сонымен қатар, бiрқатар мемлекеттер  екiтарапты тәртiпте әдеттен тыс ұстап беру (экстрадиция) немесе қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттар жасай алады. Қылмыскерлердi ұстап беру үшiн заңдық негiздердi белгiлеген кезде ұлттық заңнама нормалары мен өзара көмек қағидасының болуы назарға алынады.

    Халықаралық  қылмыстық құқықта қылмыскерлердi  ұстап беру шарттарына мыналар  жатады:

  • жасалған әрекет ұстап беру туралы шартта көзделуi тиiс немесе қылмыстық iстердiң жеке түрлерi бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарда белгiленуi керек;
  • қылмыстық әрекет екi мемлекеттiң қылмыстық заңдарында бiр жылдан кем емес мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болуы тиiс (аумағында қылмыскер жүрген мемлекет пен ұстап берудi талап етушi мемлекет).
  • ұстап берiлетiн тұлға тек жасаған қылымысы үшiн ғана сотталады;
  • әдеттен тыс ұстап беру (экстардиция) талаптары бойынша қылмыскердi ұстап берген мемлекеттiң заңында өлiм жазасы көзделген болса, тұлғаға ондай жаза қолданылмайды;
  • егер беру туралы өтiнiш түрмеде қамау туралы үкiмдi орындау мақсатында немесе осындай құқықбұзушылық үшiн бас бостандығынан айыру шарасын iске асыру мақсатында iздестiрiлетiн тұлғаға қатысты болса, онда мұндай жазалаудың аяқталуына кем дегенде төрт-алты айдай мерзiм бар болған жағдайда ғана рұқсат етiледi (мемлекеттер арасындағы келiсiм бойынша).

Төменде көрсетiлген мән-жайлардың  кез-келгенi бойынша қылмыскердi ұстап  беруге рұқсат берiлмейдi (императивтiк  негiздер):

Информация о работе Халықаралық гуманитарлық құқықтың