Халықаралық гуманитарлық құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 17:59, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық жағынан зерттей келе, халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық аспектілерін, оның ішінде:
- халықаралық қылмыстылықтың пайда болу тарихы, түсінігі;
- қылмыспен күрестің халықаралық-құқықтық негіздерінің пайда болу және даму тарихын;
- қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін;
- қылмыстылықпен күрес саласындағы халықаралық ұйымдардың іс – әрекетін;
- қылмыспен күрес саласындағы аймақтық ұйымдардың қызметтерін;
- адам саудасы және халықаралық терроризм қылмыстарымен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмдерін зерттеу.

Работа состоит из  1 файл

alina kursovoi.doc

— 252.50 Кб (Скачать документ)

а) егер ұстап беру туралы келiп  түскен өтiнiш бойынша құқықбұзушылық сұратқан мемлекетке саяси сипаттағы  құқықбұзушылық ретiнде қарастырылатын болса;

б) егер сұратылған мемлекет ұстап беру туралы өтiнiш тұлғаны нәсiлi, дiни сенiмi, азаматтығы, тегi, саяси көзқарасы, жынысы немесе мәртебесi белгiлерiне қарай немесе соттық қудалау мақсатында сұратады деп немесе қандай да бiр себептермен байланысты мұндай тұлғаға зиян келедi деп ойласа;

в) егер құқықбұзушылыққа қатысты ұстап беру туралы келiп  түскен өтiнiш бойынша әскери құқық  көздейтiн құқықбұзушылық деп танылса, бiрақ жәй қылмыстық құқықта  олай деп есептелмесе;

г) егер сұратылған мемлекетте адамға жасаған құқықбұзшылығы үшiн  түпкілікті үкiм шығарылып қойылса;

д) егер ұстап беру туралы өтiнiш келiп түскен тұлға, екi жақтың бiрiнiң заңы бойынша ескiру мерзiмiн  немесе рақымшылық актiсiн қоса алғанда, соттық қудалаудан немесе жазалаудан иммуниетi бар болса;

е) егер ұстап беру туралы өтiнiш келiп түскен тұлға сұратылатын мемлекетте азапталатын болса ар-намысын қорлайтындай әрекет жасалатын болса немесе оған қатысты қылмыстық бақылау процесiнде ең төменгі кепiлдiктер қолданылмайтын болса;

ж) егер сұратылған мемлекетте сот шешiмi тұлғаның қорғалуын жеткiлiктi қамтамасыз етпей немесе ол жоқ кезде iстi қайталап тыңдауды қамтамасыз етпей шығарылса.

    Бас тартудың факультативтi негiздерiне мыналар жатады:

а) егер ұстап беру туралы өтiнiш келiп түскен тұлға сұратылған мемлекеттiң азаматы болса;

б) егер ұстап беру туралы өтiнiш келiп түскен тұлғаға қатысты сұратылған мемлекеттiң құзiреттi органдары iстi қозғамау немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешiм қабылдаса;

е) егер ұстап беру туралы өтiнiштiң түсуiне байланысты құққыбұзушылыққа қатысты соттық қудалау сұратылған мемлекетте ұстап беру талап етiлген тұлғаға қатысты iс қозғалатын болса;

г) егер ұстап беру туралы өтiнiш келiп түскен құқықбұзушылыққа сұрататын мемлекетте өлiм жазасы тағайындалатын болса, дегенмен, егер мемлекет өлiм жазасын тағайындамауға немесе оны орындамауға жеткiлiктi кепiлдiк берсе, тұлға ұстап берiлуi керек.

Қылмыскердi ұстап беру туралы өтiнiш жазбаша нысанда  жiберiледi. Өтiнiштер, куәландыратын  құжаттар және хабарламалар дипломатиялық  жолдаумен немесе тiкелей келiсiмде белгiленген және тараптар тағайындаған құзыреттi органдар арасында берiледi. Сөйтiп, ұстап беру туралы өтiнiште талап етiлетiн тұлға мен қажеттi мәлiметтердiң барлығы анық сипатталуы тиiс. Мұндай мәлiметтерге:

-нақты қылмысты саралайтын  заңның тиiстi ережелерi мен осындай құқықбұзушылыққа тағайындалатын жазаның сипаттық мәтiнi;

-бұл тұлғаны ұстауға  ордер немесе ұстап беру туралы  өтiнiшке қатысты құқықбұзушылықты  сипаттайтын осындай ордердiң  куәландырылған көшiрмесi; көзделген  құқықбұзушылықты құрайтын әрекет немесе әрекетсiздiктi, жасалған уақыты мен орнымен бiрге сипаттау;

-айыптау бөлiмiн мазмұндайтын  шешiмнiң немесе кез-келген басқа  құжаттың және шығарылған үкiмнiң  түпнұсқасы не куәлендiрiлген  көшiрмесi, егер тұлға құқықбұзушылық  үшiн сотталған болса үкiмнiң орындалғанын және тағайындалған жаза мерзiмiн немесе қалған мерзiмiн көрсету;

-егер тұлға өзi жоқ  болған кезде, немесе құқықбұзушылық  үшiн сотталса, онда жоғарыда аталған  барлық құжаттармен бiрге, өзi жоқ болған жағдайда iстi қайталап  тыңдау үшiн нақты тұлғаның қолында бар құқықтық құралдарды сипаттау керек.

БҰҰ-ның есірткіні  бақылау жөніндегі басқармасының  мәліметтері бойынша Ауғанстан  опиумның жалпыәлемдік заңсыз көлемінің 75-80 процентін өндіреді. Ал есірткі  бизнесі, басқа да кез келген кәсіпкерлік қызмет сияқты, нарық заңдарына бағынады. Сондықтан есірткі өндірушілердің өзінің тауарын Еуропа нарығында неғұрлым жоғары бағаға сатуға ұмтылуы заңдылық. Бұл жолда біздің республика – транзитті мемлекет. Тасымалдауға басқа мемлекеттердің, көбіне Тәжікстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Ресейдің азаматтары тартылады. Егер 1999 жылы қылмыстық жауапкершілікке 619 шетел адамдары – тасымалдаушылар тартылса, өткен жылы олардың саны 637 болды. Алынған есірткілік және психотроптық заттардың көлемі де едәуір артты, өткен жылдың өзінде 10,3 тонна тәркіленді, ал героиннің алыну көлемі 1995 жылғы 25 грамнан, өткен жылы 262 килограмға дейін өсті. Синтетикалық есірткіні пайдалану аясы да, әсіресе жастар арасында кеңи түсуде.

БҰҰ Даму бағдарламасы БҰҰ-ның Арнайы қоры мен Кеңейтілген техникалық кемек бағдарламасының біріктірілуі негізінде БҰҰ Бас Ассамблеясының № 2029 (XX) қарарына сәйкес 1965 ж. құрылды. БҰҰ Даму бағдарламасының штаб-пәтері Нью-Йоркта орналасқан. Бағдарламаның негізгі мақсаты тұрақты адам дамуын қамтамасыз ету, яғни кедейшілікті жою, жұмысбастылыкты көбейту және тұрғын елдің емір сүру деңгейін кетеру, қоршаған ортаны қоргау және қалпына келтіру болып табылады. БҰҰ Даму бағдарламасы дамушы елдерге көп жақты техникалық және инвестициялы көмек көрсетудің негізгі арнасы болып табылады. Бұл көмек кеңесшілер жіберу, жабдық жеткізу, шәкіртақы тағайындау жолымен ұлттық кадрларды дайындау түрінде жүзеге асырылады. Өзінің негізгі қызметі БҰҰ Даму бағдарламасы елдерге адам дамуының тұрақты қарқынына қол жеткізуге ықпал ететін ұлттық әлеуетті құру ісінде көмек көрсету деп біледі. Басымдық осының барысында кедейшілікті жою және тең құқылы қоғам кұру мәселелеріне тиесілі болмақ. БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы қызметі 1993 ж. Өкілдіктің ашылуынан басталды. Өз бағдарламаларын басқаруды БҰҰ Даму багдарламасы дамушы елдердегі ұлттық және үкіметтік емес ұйымдардың, БҰҰ жүйесінің мамандандырылған мекемелерінің және облыстардың әрқайсысындағы зерттеу институттарының тәжірибелерін ескере отырып жүзеге асырады. БҰҰ Даму бағдарламасындағы қызметкерлер құрамының 85 пайызы халкы көмекке мұктаж елдерде жинақталған. Адам дамуы концепциясы ерекше сан қырлы және адам және қоғам болмысының ең бір алуан түрлі қырларына қолданылу мүмкіндіктеріне бай. Бұған БҰҰ Даму бағдарламасының адам дамуы туралы жыл сайынға баяндамалары мен түрлі елдердің ұлттық баяндамалары куә бола алады. БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен 1995 ж. экономикасы өзгермелі елдердегі, соның ішінде ҚР адам дамуы туралы ұлттық баяндамалар шығарыла бастады. Бүгінде 100-ден астам ел адам дамуы туралы жып сайын шығатын ұлттық баяндамалар басып шығаруда. Мысалы, Қазақстандағы адам дамуы туралы 1995 ж. арналған «Өтпелі кезеңінің талабы» деп аталатын тұңғыш ұлттық есеп кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі республикалардың саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымындағы жаһандық өзгерістер кезеңінде шықты. Тұңғыш есепті дайындаудағы негізгі қиындықтар негізгі ұғымдар мен терминологияны анықтаумен байланысты болды. Адам дамуы тұжырымдамасы қазақстаңдық зерттеушілер арасында мойындалуда, олардың еңбектерінен біз бүгінде БҰҰ Даму бағдарламасының есептеріне жасалған сілтемелерді көреміз, ұлттық баяндамалар бойынша көрсетюштік және қоғамдық тыңдаулар басымдығын байқаймыз, бұларда талқылау жыл еткен сайын неғұрлым кәсібилене түсуде, ал қатысушылар адам дамуына қатысты терминдерді, керсеткіштерді және индекстерді орынды жұмсауда.

ИНТЕРПОЛ - Халықаралық қылмыстық полиция ұйым  — халықаралық қылмыстық істермен күресу мақсатында құрылған халық-аралық полиция ұйымы. 1923 ж. Венада құрылып, 1938 жылға дейін жұмыс істеген. Кейбір құрылымдық өзгерістердің енгізілуіне байланысты 1946 ж. қайта құрылды[25, 451 б]. Қазақстан Республикасы — 1992 жылдан Интерпол мүшесі. Жалпы 155-тен астам мемлекет Интерпол мүшесі болып табылады (1992). Құқықтық тұрғыда Интерполдың халықараралық құқық субъектісі мәртебесі жоқ, бірақ БҰҰ-ның Экономикалық жене әлеуметтік кеңесі арасындағы тығыз ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес мемлекет аралық ұйым ретінде танылды. Интерполдың штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Тиісті үкіметтердің келісуімен оған кіретін мемлекеттердің полиция органдары іс жүзінде Интерполға мүше болып табылады. Интерпол шеңберіндегі халықараралық ынтымақтастық мынадай принциптерді бас-шылыққа алады: ұлттық егемендікті, ұлттық құқық басымдығын, ынтымақтастықгың әмбебаптық сипатын сақтайды, сондай-ақ ынты-мақтастықтың жалпы құқық құзырына қатысты жағдайларымен шектеледі, яғни саяси, әскери, діни немесе нәсілдік сипаттағы істерден аулақ болады. Интерполдың жоғары органы — Бас ассамблея, оның құзыретіне принципті мәселелер бойынша шешімдерді талқылап, қабылдау жатқызылған. Ол тәуелсіз орган болып табылады және Интерполға мүше мемлекеттердің ресми делегаттарынан құралады. Бас ассамблея қабылдаған шешімдердің орындалуын 13 адамнан құралған Атқару комитеті бақылайды. Бас ассамблея мен Атқару комитетінің мәжілістеріне 4 жылға сайланатын Президент төрағалық етеді. Тұрақты арнаулы органдар ретінде Бас хатшылық және Ұлттық орталық бюро құрылған. Бас хатшылық Интерполдың жұмысын қамтамасыз етеді. Ол өз атынан әрекет етеді және қандай да болсын үкіметке бағынбайды. Ұлттық орталық бюро тұрақты орталық органдар және Интерполмен байланыс жасап тұратын органдар ретінде түрлі міндеттерді орыңцайды; олар қылмыстық полицияның ұлттық шекара шегіндегі қыл-мысқа қарсы күресінің барлық мәселелеріне жауап береді.

Интерполдың міндеттері:

1) орын алып  отырған тілдік кедергілерді  еңсере отырып, ақпарат беру үшін  Интерполдың барлық мүшелерімен  жедел байланыс жасау; 

2) халықаралық  қажеттіліктерге сай келетін ақпаратты жинап, өңдеу қызметін құрып, дамыту;

3) халықаралық  қылмыскерлерді іздестірудің және  оларды іздестіру туралы хабарламалар  жариялаудың сенімді жұмыс істейтін  және тез қимылдайтьін қызметін  қамтамасыз ету; өзара техникалық  қолдау шараларын үйлестіру; зерттеулер, оқыту, біліктілікті көтеру, жарақтандыру және кадр-лар мен қосымша құралдарды, пайдалану саласында жеке немесе делдалдық қызмет арқылы халықаралық ынтымақтастықты ынталаңдыру. Интерполдың жедел қимылдайтын, тәулік бойына қызмет көрсетілетін меншікті байланыс желілері бар.

 

 

2.3 Қылмыспен күрес саласындағы аймақтық ұйымдардың қызметтері

 

Әлемдік экономикалық процестердің жалпылай дамуы мемлекеттердің өз ара қатынастарының кеңеюіне әкеліп соқтырды. Бұл факт, әсіресе қоныс  аударудан көрінеді.

Шығыс және Орталық  Азия мемлекттері бүкіл әлемдік  процеске барлығынан кейін қосылды. Сондықтан да, бұл мемлекеттер  жаһанданудың жағымсыз салдарын енді ғана сезінуде. Сонымен қоныс аудару кеше ғана табыс табу үшін мемлекеттен  кететін тұлғаларға жағымды жайт болса, бүгінде белгілі бір дәрежеде жағымсыз түрге, яғни адамдарды заңсыз, күш қолданып шетелге әкету ретінде көрініс тапқан. Күштеп еңбек етуге қоныс аударуда ерекше орынды адам  сату алады.

Бұл проблеманың  өзектілігі шүбә  келтірмейді. Өйткені, адам саудасы - мемлекеттің басты құндылығы болып табылатын адам өміріне, оның құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіріп қана  қоймай, халықаралық қауымдастыққа қарсы жасалған терроризм, есірткі саудасы және  қару-жарақ контрабандасымен бірге тұратын қылмыстардың бірі.

Бұл мәселе XIX ғасырда  маңызды болса, ал XXI ғасырда одан әрі күрделі болгандығы парадокс емес пе? Бүгінгі күні адамзат қауымдастығы "құлдық", "күңдік",  "еріксіз  еңбек", "басыбайлы" сөздерін жиі  ауызға ала бастады.

Адамды саудалау әлем бойынша қылмыстылық деңгейінде үшінші орын алады,  ол қару-жарақ пен есірткі саудасынан кейінгі қылмыстық бизнестің ең табысты түрі іболып отыр. Бұл мәліметі бойынша жыл сайын бүкіл әлемде 4 миллионнан астам адам мемлекеттердің шекараларынан заңсыз шығарылады,  бұл қылмыстық синдикаттарға   8-9    миллиард    АҚШ доллары көлемінде заңсыз пайда келтіреді екен. Бүл қылмыс жасырын сипатта болғандықтан, халықаралық сарапшылардың айтуынша, жоғарыда келтірілген деректер жуықтап алынған .

Бұл қылмыстың  қауіптілігі - оның трансұлттық және жоғары кірістілік сипатта болғандыгы. Сонымен қатар, адам саудалаудың қару-жарақ пен есірткі сатудан ерекшелігі - ол бір адамды бірнеше рет сатуға болатындығы. Бұл қылмыстың осы ерекшелігі - оған деген трансұлттық қылмыстық топтардың қызығушылығын арттыруда. Сондықтан да көптеген мемлекеттер өз мүмкіндіктерін біріктіруге тырысуда. Бұл жұмысқа Қазақстандық құқық қорғау органдары, әсіресе, Интерполдың Қазақстандағы бюросы, Прокуратура, Ішкі істер бөлімі белсенді араласуда.

Адам саудасы - бұл алдап-арбау, азғырып көндіру, күш қолдану, ұрлау, не басқа да түрлегі мәжбүрлеу арқылы адамдарды пайдалану мақсаттарда әкету, сатү. Осындай кең түсінікті оған БҰҰ Хаттамасы берген. Ол құжат "Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы" БҰҰ-ның 2000 жылы қабылдаған Конвенциясымен толықтырылады.

Сонымен қатар, адам саудасы-адам құқығын бұзу болып  табылады. Ал, ол құқықтарды мезгілінде нормативтік құқықтық акт қабылдау арқылы мемлекет қорғауға міндетті. Қазіргі  таңда 180 мемлекеттің заңнамалары  адам саудасына қарсы әрекет етуге мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл қылмыстың күрделілігі мен көп жақтылығы мемлекеттердің Қылмыстық Кодекстерінің әр түрлі болуын көрсетеді .

Бұлардың бәрі адам саудасы қылмысының алдын алудағы  қазіргі жағдайларды ескере, мемлекет қызметін зерттеу қажеттілігіне себепші болып отыр.

Соңғы он үш жыл  ішінде Қазақстан Республикасы ауқымы мен көлемі жағынан қару-жарақ  пен есірткі саудасынан қалыспайтын  адам саудасына кезікті. Шетелдік сарапшылардың  бағалауына қарасақ, адам саудасы - ол қылмыстың ең қауіпті санатына жатқызылады. Өйткені, онда халықаралық қылмыстың, нарко-бизнестің және жезөкшеліктің белгілері бар.

Сондықтан да, заңсыз әкелу, әкету және адам саудасымен күрес  мәселесі барлық құқық қорғау орган  қызметінің маңыздысы болып отыр.

Адам саудасымен қарсы күресте негізгі орынды бұқаралық ақпарат құралдары алады. Дегенмен, оларда есірткіге қарсы күрес материалдары көптеп кездеседі, ал адам саудасына байланысты және онымен күрес жолдары туралы материалдар жоқтың қасы десе де болады. Бірақ, адамдарды осындай әрекетке итеріп, құрбан болуға күмәнді жарнамалар әсер ететіні сөзсіз.

Соңғы жылдары  қоғамдық қатынастарда пайда болған жаңа ұғым,"траффик" - заңсыз саудалау, тасымалдау дегенді білдіреді, яғни адамды, әсіресе әйелдер мен балаларды  саудалау, заңсыз тасымалдау. Траффикпен байланысты қылмыстардың жасырын сипатта болатындығы, құрбандардың ол туралы айтуға қорқатындығына әкеліп соктырады. Сондықтан да адам саудасымен күрес тиімді болу үшін, қоғам бұл проблеманың мәнін түсіну қажет. Мысалы, көп адамдар шетелде жақсы өмір сүруге болатындығы жайлы естіген жэне "жоғары жалақымен жарылқаймыз" деген жарнамаларға сенген нәзік жандар ойланбастан өзге елдерден жәлақа іздеп кете барады. Бірақ олардың өз азаматтарын жарылқай алмай отырып, өзге елдердің жұмыс күшіне тәуелді болмайтындығы бесенеден белгілі.

Сонымен, адам саудасы, әсіресе әйелдер мен кәмелетке  толмағандарды сатудың түп тамыры, ең әуелі, әлеуметтік салаларға байланысты. Әйелдердің жұмыссыздығы, еңбекақының  төмен болуы, мемлекет тарапынан  еңбекпен қамту агенттіктердің, туристік фирмалардың, неке кеңселердің жұмыстарына толық бақылаудың жоқтығы, бұл проблемалардың бұқаралық ақпарат құралдарында жазылмауы траффиктің кең етек жаюына себепші болып отыр. Осы факторларды қылмыстық топтар өз мүддесіне икемді пайдаланып, өз құрсауларына жыл сайын жаңа құрбандар түсіруде.

Информация о работе Халықаралық гуманитарлық құқықтың