Халықаралық гуманитарлық құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 17:59, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық жағынан зерттей келе, халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық аспектілерін, оның ішінде:
- халықаралық қылмыстылықтың пайда болу тарихы, түсінігі;
- қылмыспен күрестің халықаралық-құқықтық негіздерінің пайда болу және даму тарихын;
- қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін;
- қылмыстылықпен күрес саласындағы халықаралық ұйымдардың іс – әрекетін;
- қылмыспен күрес саласындағы аймақтық ұйымдардың қызметтерін;
- адам саудасы және халықаралық терроризм қылмыстарымен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмдерін зерттеу.

Работа состоит из  1 файл

alina kursovoi.doc

— 252.50 Кб (Скачать документ)

Осы арада айта кететін жайт, Үкіметіміз көлеңкелі  бизнеске оң иығын беріп тұратын  туристік фирмалардың іс-әрекеттерін  жан-жақты тексерген соң ғана оларға лицензия беруі тиіс. Өйткені  күмән тудыратын кейбір фирмалардың қолында Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған шет елге жұмысқа орналастырумен айналысатын лицензиялары бар. Елімізде осындай рұқсат қағазы бар 80-ге жуық заңды тұлға тіркелген. Бұл фирмалардың лицензияны қалай алганы белгісіз, бірақ адамдарды шет елге жұмыс жасауға туристік визалар арқылы жібереді. Ал, сол адамдардың тірі тауарға айналмасына кім кепіл болады? (Сонымен қатар жиі болмаса да бала еңбегін қолданылатыны туралы репортаждар шығарылуда. Әрине, ол құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам кұрып отырған елдердің санасына қонымсыз жайт болып табылады.) Жыл сайын ТМД мемлекеттерінен сексуалдық пайдалану мақсатында мыңдаған әйелдер шет елге шығарылады. Олар жақсы жұмыс пен қалыпты өмір сүру үмітімен елінен кетеді, ал шетелге келісімен құжаттары тәркіленіп, саудагерлер құрған құрсауға түседі.

Қазақстан әйелдер  мен еркектерді сексуалдық пайдалану, мәжбүрлі жұмыс жасату мақсатындағы заңсыз әкелу, тасымалдау орны болып  табылады. Құрбандар Қазақстанға  Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан заңсыз әкелініп, Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірлігі, Греция, Кипр, Түркия, Албания, Испания мемлекеттеріне тасымалданады. Араб Әмірлігі ТМД елдерінен келетін қыздардан тыным болмаған соң, 30 жасқа дейінгі әйелдердің бұл елге жалғыз келуіне тыйым салды. Әзірге аталмыш шара нәтиже бермей отыр. Мұндай шектеуге де қарамайтын жеңгетайлар тағы да айласын асырып кетті. Олар құрбандарын жас ұлғайтып көрсетілген жалған төлкұжатпен қамтамасыз етуге көшкен.

АҚШ Мемлекеттік  Департаментінің сарапшыларының есебі бойынша, былтырғы жылдың өзінде ғана бүкіл әлемде 4 миллион адам траффик құрбаны болған. Қазіргі таңда адамдарды кедей мемлекеттен бай мемлекетке сату саны өсуде. Сонымен қатар, қазіргі кұл сатудың кең пәрменділігі, криминалдық бизнестін жоғары табыстылығымен, тірі тауарларды сату бизнестің негізі болуымен түсіндіріледі.

Осыдан үш жыл  бұрын БҰҰ-ның Бразилияда өткен  семинарында жыл сайын әлемде 4 миллион адам ұрланатындығы немесе сатылатындығы айтылған. Сол кезде  осы халықаралық зұлымдықпен  күресудің бағдарламасын дайындау шешімі қабылданды. Күресу стратегиясы жасалды, бірақ құл сату фактісі өз орнынан қозғалған жоқ. Жыл сайын құл сату туралы баяндамаларда сол баяғы 4 миллион адам көрсетілуде. Мамандардың пайымдауынша, қалай болса да қазіргі кұл сату процесіне қарсы 89 мемлекет бірлесе әрекет етуде.

Әлемдегі    құл    сату проблемасына үңілсек, мемлекеттердің 3 тобын көреміз. Олар - "шығаратын", "тасымалдайтын", "қабылдайтын" мемлекеттер. Соңғысын мұнайлы Араб мемлекеттері бастаған дамыған  елдер құрайды. Жыл сайын АҚШ 50 мыңға  дейін   адамдарды   қабылдайды. "Құрбан  топ" деп  аталатын  елдерге   19 мемлекет  жатқызылады. Олардың бәрі біз ойлағандай кедейліктің шегіне жетіп  отырған жоқ.  Мысалға, тірі тауарды шығаратын мемлекеттер қатарына Қытай да жатқызылады және кейбір деректерге сүйенсек, қытайлық  әйелдер мен балалар 1000 АҚШ доллары, африкандықтар 50-60 АҚШ доллары, ал басқа мемлекеттен келген тірі тауарлар одан  да арзанга сатылады екен. Сонымен қатар, төменгі топқа Иран, Греция, Түркия және ТМД-ның  бірқатар мемлекеттері, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения енген. Бұл мемлекеттерден қыздар қоғамдық  орындарда жұмыс істейді деп алдап, Бірікке Араб Әмірлігіне, Грецияға, Германияға әкетілініп, онда притондарға тап болады.

Халықаралық    көші-қон ұйымының ақпараты бойынша қыздардың өз ресурстары таусылғаннан кейін, оларды наркокурьер немесе ішкі орган доноры ретінде қолданады екен. Мамандардың айтуынша,  қылмыстың орын алғанын тек құрбандардың өздері құтылып сол елдегі өз мемлекеттерінің өкілдіктеріне жәрдем сұрап барғанда ғана белгілі болады. Бірақ, ондай оқиғалар жылына жүздей ғана болады екен.

Халықаралық көші-қон  ұйымының ақпараты бойынша, кейінгі  кезде қазіргі құл сату нарығында қырғыз еркектерінің еңбегін пайдалану да кездеседі. Бұл оқиғада біздің мемлекет амалсыздан, құл сатып алушылардың орнында болады. Қазақстанның темекі плантацияларында қырғыз азаматтарының еңбегін пайдалану оқиғасы болғаны белгілі. Қырғызстандағы қазіргі құл сатудын тағы бір ерекшелігі - ол егер қыздардың аңқаулығын пайдалана отырып, алдап Түркия, Қытайдағы бордельдерге әкетсе, ал еркектер өздерінің қайда, неге кететіндіктерін біледі, бірақ шарасыздықтан күнделікті тамақ пен баспана үшін Қазақстанда жұмыс жасауға келіседі. Әрине, темекі компанияларының басшыларына кұл еңбегін пайдалану фактілері белгісіз болады деп айту мүмкін емес. Өздерінің мәртебесін, атағын құрметтейтін компаниялар тек заңмен белгіленген әдістерді ғана қолдануды қолдайды. Дегенмен Қазақстандағы темекі корпарацияларының басшылығы "бастысы-жиналған өнімнің нәтижесі, ал оған жетуде барлық әдіс-тәсілдер тиімді" деп санайтын сияқты. Жоғарыда айтылған құлдардың көптеген мөлшері АҚШ-қа әкетілінеді, сол АҚШ өткен жылы осы проблемаға арналған баяндама жасады. Баяндамада Қазақстанға көптеген сындар айтылды. Яғни "Еңбекке мәжбүрлеу, сексуалдық пайдалану мақсатында әйелдер мен еркектерді сатуда Қазақстан шығаратын, тасымалдайтын мемлекет болып табылады" делінген. Сонымен қатар, Қазақстан Үкіметі бұл проблемаға қарсы қолданылатын АҚШ белгілеген стандарттарды әлі толық қамтамасыз етпей отыр[28].

Жыл сайынғы  Конгресстегі баяндамаларда әлемдегі адам саудасы қылмысына қарсы  заң қабылдау қажеттілігі айтылды. Онда 2001 жылдың сәуірі мен 2002 жыл наурыз аралығындағы мерзім қамтылды . Заңда адам саудасын жоюдағы төменгі стандарттар белгіленген. Олар:

1. Үкімет адам саудасына тыйым салуға және орын алған қылмыс үшін қылмыскерді жазалауға міндетті;

2. Үкімет аса  ауыр қылмыстарға (адам өлтіру, зорлау) сәйкес жаза тағайындауға  міндетті;

3. Үкімет адам  саудасын қасақана жасалған актілерде, қылмыстың жаман сипатында қатаң жаза тағайындауға міндетті;

4. Үкімет адам  саудасын жою мақсатында шындап, үздіксіз күш салуға міндетті;

Сонымен қатар, заңда стандарттың төртінші бөлігінің  тармақтары ретінде мемлекетті анықтаудың 7 критерийлерін белгілеген:

1. Үкімет өз  мемлекетінің территориясында адам  саудасы фактілерін соттық тәртіпте  тергеп, ізге түсу шараларын жасау  керек;

2. Үкімет адам  саудасы құрбандарына көмек көрсету,  яғни шетел азаматтарын еліне  қайтару, сот тергеуі процестерінде жағдай жасау түріндегі көмек көрсетеді;

3. Үкімет адам  саудасының алдын-алуда халықты  құлақтандыру шараларын жасау;

4. Адам саудасы  үшін соттық тәртіптерте тергеу, ізге түсу жүргізуде үкіметаралық  көмек көрсету;

5. Адам саудасы  қылмысына айыпталған тұлғаны Үкімет қылмыс жасалған мемлекетке жер аудару;

6. Адам саудасы  қылмысын анықтағанда Үкімет  иммиграция мен эмиграция мәліметтерін  бақылау және ондай фактілер  анықталғанда құқық қорғау органдары  тиісті шараларды дереу жасау  керек;

7. Адам саудасына  қатысы бар мемлекеттік лауазымды тұлғаларға қарсы соттық тәртіпте тергеу, ізге түсу шараларын немесе адам саудасы фактілеріне көнетін лауазымды тұлғаларға қарсы қылмыстық жауаптылық тағайындау.

Заңда АҚШ мемлекттік департаменті ел саясатын төменгі стандартқа сәйкес жүргізілуін бақылауда төмендегі 3 факторға негізделеді:

1. Мемлекеттегі  адам саудасының ауқымы;

2. Үкіметтің  төменгі стандартты жүзеге асырмау  дәрежесі немесе адам саудасы  қылмысына қатысу деңгейі;

3. Үкіметтің  мүмкіндігі және қандай шаралар  Үкіметті төменгі стандартқа;

4. Үкіметтің  мүмкіндігі және қандай шаралар  Үкіметті төменгі стандартқа  сәйкес негіздейді.

5. Үкіметтің  мүмкіндігі жэне қандай шаралар  Үкіметті төменгі стандартқа  сәйкес негіздейді.

Жоғарыда келтірілген  критерийлердің нәтижесінде, мемлекеттерді санатқа бөледі:

1- санат: мемлекеттер  заңда белгіленген төменгі стандартты  толық орындайды. Бұл мемлекеттерде  адам саудасын қылмыстық іс  санатына қосып, соттық тәртіпте  ізге түсуді табысты жүргізуде  және құрбандарға көмектесуде  көптеген шаралар ойластырған. Құрбандарды түрмеге қамап немесе сауда обьектісі болғаны үшін жауаптылыққа тартпайды және немқұрайлық тәртіпте мемлекетіне қайтармайды. Сонымен қатар, үкімет адам саудасы фактісінің алдын-алуда сақтандыру компанияларын ұйым-дастырып басқарған.

2- санат: мемлекеттердің үкіметі заңда көрсетілген төменгі стандарттарды орындауға біршама жағдай жасалғанымен, әлі толық жүзеге асыра алмай отыр. Кейбір мемлекеттер айыптыларды соттық тәртіпте қудаласа да, құрбандарға аз ғана көмек көрсеткен немесе мүлдем көрсетпеген. Ал кейбір мемлекеттер құрбандарға көмек көрсетуге тырысады және айыптыларды қудалау шараларын да жүргізеді, бірақ адам саудасын тоқтатуда ешқандай шаралар қолданбай отыр. Кейбір мемлекеттер адам саудасымен күресуді енді ғана бастады, дегенмен қылмыстың түп тамырын жоюда көптеген шаралар қолдануда.

3- санат: мемлекеттер  үкіметі төменгі стандартты толық  жүзеге асырмай отыр жэне өз  әрекетін түзетуге де ешқандай  шара қолданбайды. Осындай мемлекеттердің  кейбіреуі тіпті өз мемлекеттерінің  территориясында адам сату проблемасының барлығын мойындаудан бас тартуда.

Көптеген мемлекеттердің адам саудасымен қарсы күресуде нақты  әрекеттер жасап жатқандары көңіл  толтырады. Дегенмен бүл әрекеттер  әлі де болса, өз деңгейіне жеткен жоқ.

Заңға сәйкес 2003 жылғы баяндамада: "3-категорияға жататын мемлекеттер белгілі бір дәрежеде санкцияға тартылады, яғни саудаға байланыссыз гуманитарлық көмек көрсету тоқтатылады" делінген. АҚШ бұл мемлекеттерге (гуманитарлық және саудаға байланысты көмектен басқа) халықаралық қаржы мекемесі саласында, атап айтқанда, халықаралық валюта қоры жэне әлемдік банк типіндегі көпжақты банктік дамуға көмек көрсетуге қарсы шығатын болды. Егер, президент бұл мемлекеттерге көмектесу АҚШ-тың ұлттық мүддесіне немесе заңға сәйкес деп тапса, онда санкцияның барлығын немесе оның бөлігін алып тастауы мүмкін. Заңда, егер халықтың төменгі тобына жағымсыз әсер ететін болса, президент санкциядан бас тартуға міндетті деп көрсетілген.

Заңға сәйкес АҚШ  әлемдегі мемлекеттерді 3 санатқа бөлген. Атап айтқанда

1- санатқа: Австрия, Франция, Македония, Испания, Бельгия, Германия, Голландия, Швейцария, Канада, Гонконг, Польша, Ұлыбритания, Колумбия, Италия, Португалия, Литва, Корея.

2- санатқа: Албания,  Эстония, Латвия, Словения, Ангола, Эфиопия,  Малайзия, Бангладеш, Габон, Шри-Ланка, Грузия, Мексика, Танзания, Молдова, Таиланд, Болгария, Марокко, Непал, Уганда, Нигерия, Украина, Қытай, Венгрия, Пәкістан, Вьетнам, Үндістан, Гаити, Филлипин, Израил, Румыния, Югославия, Жапония, Сенегал, Қазақстан, Сингапур.

3- санатқа: Ауғанстан, Бирма, Қырғызстан, Судан, Армения, Камбоджа, Ливан,  Тәжікстан, Греция, Түркия, Белоруссия, 1 Индонезия, Ресей, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Арабия, Иран, Бахрейн, Катар, Босния мен Герцеговина.

Сонымен трансұлттық    адам саудасы және оның жекелеген бөліктері қоғамдық, мемлекеттік дәрежеде назар аударуда, оған қарсы  тұру     мемлекеттің "өркениеттік өлшеуімен" ғана емес, соңғы толқынның сегрегациялық (шеттетушілік) құралы болып табылады.

Әйелдер мен  балаларды саудалаудың мемлекетішілік алдын алу шараларын ұйымдастыру жеке және құқықтық дәрежеде жүргізген орынды. Өйткені, адам  саудасын ұйымдасқан қылмыстық топ жүргізеді жэне көптеген мемлекеттердің мүдделерін бұзады. Яғни, жасалған  қылмыстарды  тергеуде, қылмыскерлерді жазалауда жэне құрбандарға көмек көрсетуде мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы қажет. Сонымен қатар, осындай қылмыстарды жасауға бағытталған қылмыстық топтарды жою негізгі мәселе болып табылады.

Бұл қылмыстардың алдын алуда субъектілерге баса назар аудару керек. Өйткені, әйелдер мен балаларды саудалаудың алдын алуда басты рөл Ішкі істер органдарына беріледі. Олар өз қызметін жүзеге асыруда адам кұқығын бұзбау керек. Сондықтан да, полиция қызметкерлері этикалық дайындығы болуы үшін кұқық қорғау органдарын дайындайтын мекемелерде, арнайы курстарда оқуы қажет.

Сонымен қатар, көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік емес ұйымдарда маңызды орын алады. Қазіргі халықаралық адам саудасына қарсы тұру проблемалары туралы құжаттарда адам құқығын қорғайтын, әлеуметтік және психикалық көмек көрсететін мемлекеттік органдарды белгілі бір шешім, заң қабылдауға мәжбүрлейтін ұйым болып табылады. Әйелдер мен балаларды саудалаудың алдын алуда тағы бір ерекше орында бұқаральгқ ақпарат құралдары тұрады. Олар арқылы өзекті проблемалар жөнінде қоғамды кұлақтандыру жұмыстарын жүргізуге болады. Бірақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сексуалдық және басқа да қызмет көрсету туралы жарнамаларға бақылауды қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, балалар мен ата-аналарға арналған арнайы заңнамалар жинағын шығару керек. Ал енді Қазақстан Республикасында орын алып отырған бұл проблеманың алдын алуда ҚР Қылмыстық Кодексінің тиісті баптарына толықтырулар мен өзгертулер енгізіп қана қоймай, мынандай қоғамдық шараларды да жасау керек:

- Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды саудалауға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың ұлттық жоспарын жасау;

- ҚР адам  саудасымен және адамдарды заңсыз әкету, әкелудің алдын алу мен оны болдырмау жөніндегі ведомство аралық комиссияның жұмысын үйлестіру;

- Трансұлттық  қылмыстылыққа қарсы конвенцияны және оның факультативтік хаттамаларын бекіту;

- Имиграция  мен эмиграция процестерін бақылау,  шекара бекеттерінен шетелге  шығатын адамдарды, әсіресе, әйелдер мен балалардың құжаттарын барынша қадағалап тексеру;

- Шетелге жұмысқа  жалдау агенттіктерінің, неке кеңселерінің қызметтеріне заң жүзінде қадағалау жасау;

Сонымен, адам саудасы  өте күрделі, өзекті мәселе. Бұл қылмысты тоқтату бірғана мемлекеттің қолынан келмейді. Ең бастысы, мемлекеттер қауымдастығы ынтымақтасып, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, ақпараттық қамтамасыз етуді қолға алулары жөн деп есептейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қылмыстылық тарихына келетін болсақ,  "қылмыс" деген ұғымға әрқилы анықтама беріліп келеді. Бірінші 1919 жылы, одан кейін 1926 және 1932 жылдар аралығындағы Қылмыстық кодекстерде анықтамалар берілді. 1926 жылдан 1935 жылға дейін және одан кейін қабылданған Одақтас республикалардың Қылмыстық кодекстері мен басқа Заң негіздерінде қылмыс деген ұғымға нақты түсінік беруге ұмтылыс жасалынды.

Информация о работе Халықаралық гуманитарлық құқықтың