Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:31, шпаргалка
В работе представляются ответы на экзаменационные вопросы по дисциплине "Международное право".
Халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігі мен арнайы қағидалары
Халықаралық қауіпсіздік құқығы – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және нығайту, соғыстың алдын алу, қарусыздану және қарулы қақтығыстың аумақтық аясын шектеуге бағытталған құқықтық нормалар жүйесі. 1920 жылы Гаага конференциясынан кейін соғыс құқығы алынып тасталды.
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары:
Дауларды бейбіт жолмен шешу әдіс-құралдары;
Сенімділікті нығайту шаралары;
Қарусыздану және қаруларды бақылауға алу;
Демилитаризация және нейтрализация;
Агрессия актілерін тойтару.
60. Комбатанттардың құқықтық мәртебесі
Қарулы
қақтығыстарда соғысқа
Комбатанттар - әскери іс-қимылдарға тікелей қатысушылар, олардың жау комбатанттарды өлтіруге құқығы бар. Жау қолына түскен жағдайда ешбір соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарын бұзбаған болса,тұтқындық режиміне жатады. Комбатанттардың түрлері:
61. Бейкомбатанттардың құқықтық мәртебесі
Қарулы
қақтығыстарда соғысқа
Бейкомбатанттарға әскер құрамына кіретін немесе оған қосылып еріп жүретін, бірақ әскери қимылдарға тікелей қатыспайтын тұлғалар жатады: әскери медиктер, әскери діни қызметкерлер, әскери заңгерлер, әскери журналистер, жұмыс командалары және қамтамасыз ету құрылымдары. Бейкомбатанттар өздерін қорғау үшін жеңіл ату қаруын ұстап жүруге құқылы; жау қолына түскен жағдайда әскери тұтқын не интернделуге жатады.
Соғыс жүргізудің әдістері – көрсетілген мақсатта соғыс жүргізудің әдістерін көрсетілген мақсатта бар мүмкіндігінше қолданудың тәртібі. Соғыс жүргізудің әдістері тыйым салынған және тыйым салынбаған болып екіге бөлінеді.
Соғыс жүргізудің тыйым салынған әдістеріне мыналар жатады:
Соғыс жүргізудің құралдары – қарсыластың материалды құралдары мен жанды күштерін жоюға арналған жауласушылардың қарулы күштерімен қолданылатын қару және басқа да әскери техника. Соғыс жүргізудің құралдары тыйым салынған және тыйым салынбаған болып екіге бөлінеді.
Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары:
Әскери тұтқындық режимін анықтайтын негізгі халықаралық-құқықтық құжат 1949 жылы қабылданған әскери тұтқындармен қатынас жасау жөніндегі Женева Конвенциясы болып табылады. Осы құжатқа сай, қарулы қақтығыс немесе соғыс кезінде қарсылас тараптың билігінің қолына түскен тұлғалардың келесі категориялары әскери тұтқындар болып табылады:
Әскери тұтқындар тұтқынға алған жеке тұлғалардың не әскери бөлімшенің қолында емес, жау мемлекеттің билігінде болуы керек. әскери тұтқындарды лагерге орналастыру қажет және олардың жағдайы сол аумақта орналасқан қарсыластың армиясына қандай жағдай жасалса, солармен бірдей болуы тиіс.
Әскери тұтқындарды әскери іс-қимылдан басқа, мынадай жұмыстарға тартуға болады: ауыл шаруашылығы, сауда ісі, үй шаруашылығы бойынша жұмыстар. Оларды жанұясымен хат алмасу құқығынан айыруға болмайды. әскери тұтқындар өз араларынан сенімді тұлғаларды сайлайды және ол әскери үкімет алдында оларға өкілдік етеді.
Әскери тұтқындар тұтқында ұстап отырған державаның қарулы күштерінде әрекет ететін заң, жарғы және бұйрықтарға бағынады. Істеген әрекеттері бойынша әскери тұтқындарды тек әскери сот қана соттай алады.
Әскери тұтқындар әскери іс-қимылдар аяқталғаннан кейін босатылады. Алайда бұл үстінен қылмыстық іс қозғалған әскери тұтқындарға қатысты емес.
Бейтараптық – мемлекеттің ерекше халықаралық-құқықтық мәртебесі, ол халықаралық қарулы қақтығысқа қатыстыруы мүмкін іс-қимылдардан воздерживается. Соғыс кезіндегі бейтараптық деп мемлекеттің соғысқа қатыспайтын және жауласушы жақтарға көмек көрсетпейтін құқықтық жағдайын айтамыз.
Соғыстағы бейтарап мемлекеттің құқықтары мен міндеттері 1907 жылғы V Гаагской конвенциясымен айқындалған. Бейтарап мемлекеттің территориясы қол сұғылмаушылыққа тән және ол әскери іс-қимылдар театрына айналмауы тиіс. Жауласушы мемлекеттергебейтарап мемлекет территориясы арқылы әскер мен әскери транспорттар алып өтуге тыйым салынады. Жауласушы тараптарға оны әскерлерді, әскери жүктерді кіргізуге және байланыс құралдарын орнатуға тыйым салынады. Бейтарап мемлекет территориясында вербовка жүргізуге тыйым салынады.
Егер де бейтарап мемлекет территориясында жауласушы тараптардың әскерлері кірген болса, оларды соғыс театрынан алыс жерге интерндеу қажет. Сондай-ақ бейтарап мемлекет территориясында әскери тұтқындар болса, онда оларды босатуға міндетті.
Бейтарап мемлекет жауласушыларды қарумен, әскери және басқа да материалдармен жабдықтамауы керек.
Бейтарап мемлекет транспортта қару жоқ болған жағдайда ғана аурулар мен жаралыларды өз территориясы арқылы алып өтуге рұқсат бере алады.
Азаматтық – мемлекет пен тұлғалардың өзара құқықтары мен міндеттерін білдіретін тұрақты құқықтық-саяси байланыстары. Мемлекет өз азаматтарына дипломатиялық қорғау көрсетуге тиісті. Мемлекет өз азаматтарын басқа мемлекетке бермеуге керек. Азаматтар өз азаматтығынан және азаматтығын ауыстыру құқығынан айырыла алмайды.
Азаматтық алудың негіздері:
Туу негізінде азаматтық алудың қағидалары:
Қазақстан Республикасында топырақ құқығын алу екі жағдайда болады:
Натурализация
– мүдделі адамның өтініші
бойынша белгілі бір
Натурализация негізінде талаптар
Халықаралық шарт негізінде екі түрлі жолмен
Оптация – берілетін аумақтың тұрғындарының азаматтықты таңдауы;
Трансферт – берілетін аумақтың тұрғындарының азаматтығын
автоматты түрде өзгерту.
Азаматтықты жоғалту туралы айтатын болсақ, оның 3 формасын атап көрсете керек: автоматты түрде; азаматтықтан шығу және азаматтықтан айыру.
Азаматтықтан шығу – мүдделі тұлғаның өтініші бойынша мемлекеттің компетенті органдарының шешімі негізінде азаматтықты жоғалту.
Азаматтықтан айыруда жазалау элементі бар. Азаматтықтан шығумен салыстарғанда, бұл мемлекеттік органдардың мүддесі бойынша жүзеге асырылады.
Шетелдіктердің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету мәселелерінде өзінің азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтарының кейбірі беріледі. әрі мұндай жағдайларда кемсітушілік элементтері болмайды. ҚР-ғы шетел азаматтары барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сонай-ақ оларға ҚР-ның Конституциясында, заңдары мен халықаралық шарттарында белгіленген міндеттердің бәрі жүктеледі.
Шетел азаматтарының құқықтық режимін, яғни орналасқан мемлекеттің аумағындағы құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын әрбір мемлекет өзінің халықаралық міндеттерін ескере отырып, заңымен айқындайды. Халықаралық-құқықтық тәжірибеде шетел азаматтарының құқықтық режимінің мынадай түрлері кездеседі:
Ұлттық режим шетелдік азаматтарға саяси құқықтардан басқа барлық құқықтар өз азаматтарымен тең дәрежеде беріледі.
Аса қолайлы жағдайдағы режимі шетелдік азаматтарға осы мемлекетте ең қолайлы ие үшінші мемлекеттің азаматтарымен тең құқықтар беріледі. Кейбір мемлекеттер өздерімен интеграциялық одақтағы мемлекеттердің азаматтарының құқықтық жағдайларын аса қолайлы жағдай режимі үшін есепке алмайды.
Преференциялық режим – кейбір салаларда шетелдіктерге өз азаматтарынан артық құқықтар беріледі.
Кемсітпеу режимі шетелдік азаматтарға осы мемлекетте жалпы шетелдіктер үшін қолданылатын минималды құқықтар беріледі.
Өзаралық режим екіге бөлінеді: