Ответы на экзаменационные вопросы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:31, шпаргалка

Описание

В работе представляются ответы на экзаменационные вопросы по дисциплине "Международное право".
Халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігі мен арнайы қағидалары
Халықаралық қауіпсіздік құқығы – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және нығайту, соғыстың алдын алу, қарусыздану және қарулы қақтығыстың аумақтық аясын шектеуге бағытталған құқықтық нормалар жүйесі. 1920 жылы Гаага конференциясынан кейін соғыс құқығы алынып тасталды.
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары:
Дауларды бейбіт жолмен шешу әдіс-құралдары;
Сенімділікті нығайту шаралары;
Қарусыздану және қаруларды бақылауға алу;
Демилитаризация және нейтрализация;
Агрессия актілерін тойтару.

Работа состоит из  1 файл

МП экзамен.doc

— 208.50 Кб (Скачать документ)
ol type="1" start="73">
  • Халықаралық инвестициялық құқықтың құқықтық табиғаты
  •      1974 жылғы Жаңа экономикалық тәртіп  орнату туралы Декларация және  мемлекеттердің экономикалық құқықтары  мен міндеттері туралы Хартия  бойынша әр мемлекет өз құзыреті аясындағы шетелдік инвесторлардың қызметін өз заңдары бойынша және өз ұлттық мүдделері мен мақсаттарына сәйкес реттейтіндігі белгіленді. Ешқандай мемлекет шетелдік инвесторларға жеңілдіктер беруге міндетті емес.

         Шетелдік  инвесторларға берілетін гарантиялар: 1965жылғы мемлекеттер мен шетелдік тұлғалар арасында инвестициялық дауларды реттеу туралы Вашингтон конвенциясы бойынша, аталған дауларды реттеу үшін арнайы  арбитраждық орган – ИКЦИД құрылды. Конвенцияға қатысушы-мемлекет басқа қатысушы-мемлекеттен шыққан инвесторлармен дауын арбитраждық келісім болған жағдайда ғана өз сотында қарастыруға бас тартып, ИКЦИД-ке беруге міндеттеледі. Орталықтың шешімі іс-тараптар үшін міндетті болып табылады.

         Халықаралық инвестициялық кепілдемелер бойынша агенттікті құратын 1988 жылғы Сеул Конвенциясы бойынша агенттік құрылды – МИГА. Агенттік негізгі инвестициялық тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандырумен айналысады. Ол үшін Агенттік нақты инвесторлармен шарт жасасып, сақтандыру төлемін алады және тәуекел жағдайында орын алғанда сақтандыру сомасын инвесторға төлеп, оны кінәлі мемлекеттен өндіріп алуға құқылы.

         Агенттікпен қорғалатын инвестициялық тәуекелдер:

      • Валютаны шығаруға тыйымдар;
      • Национализация;
      • Уақытша реквизиция және басқа да ұқсас шаралар;
      • Мемлекет тарабынан контракттың бұзылуы;
      • Соғыс, революция, ішкі тәртіпсіздіктер;
      • Заңнамалардың түбегейлі өзгеруі.
    1. Сыртқы қатынастар органдарының түрлері мен құзыреті

         Дипломатиялық және консулдық құқық – мемлекеттердің арасында дипломатииялық және консулдық қарым-қатынастарды реттейтін мемлекеттердің ресми өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттерін белгілейтін халықаралық-құқықтық нормалар жүйесі.

         Сыртқы  қатынастар органдарын бірнеше негіз  бойынша бөлуге болады:

         Құзыреті  бойынша:

               Жалпықұзыретті;

               Арнайы құзыретті орган – СІМ, өкілдіктер

         Органдардың орналасқан аумағы бойынша:

               Ішкімемлекеттік органдар – мемлекет басшысы, үкімет;

               Шетелдегі органдар.

               Шетелдегі органдарға тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты органдарға дипломатиялық өкілдіктер ( елшіліктер, миссия), халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілдіктер, консулдық мекемелер.

    Уақытша органдарға халықаралық конференциялар мен халықаралық органдардағы арнайы миссиялар мен делегациялар.

          Парламент сыртқы саяси келісім-шартты ратификациялайды, әскерлерді басқа елде қолдану туралы шешім қабылдайды.

          Үкімет  ведомствоаралық шарттарды бекітеді.

          Сыртқы  істер министрлігі – Қазақстан  Республикасының сыртқы саясатын жүргізу  жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды  және сыртқы қатынастар саласындағы мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі басшылығымен жүзеге асырады. Жалпы мәселелер жөнінде министрліктің қызметіне Қазақстан Республикасының Премьер-министрі басшылық жасайды.

          ҚР  Сыртқы Істер Министрлігінің негізгі  міндеттері:

      • ҚР сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және ҚР Президентіне және Үкіметіне тиісті ұсыныстарды тапсыру;
      • ҚР сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру;
      • Шет елдерде ҚР азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
      • ҚР шетелдік мемлекеттермен дипломатиялық және консулдық қатынастарын, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарын жүзеге асыру.
    1. Дипломатиялық миссияның басталуы мен аяқталуы

          Дипломатиялық өкілдіктермен ауысу туралы келісімге  қол жеткізгеннен кейін дипломатиялық  өкілдік ашу қажеттілігі туындайды.

          Дипломатиялық өкілдік басшысын тағайындау 4 кезеңнен тұрады:

      1. агреман сұрау;
      2. қызметке тағайындау;
      3. қабылданған елге келу;
      4. Сенім грамотасын тапсырғаннан кейін қызметіне ресми түре кірісуі.

         Агреман, яғни шетелдік дипломатиялық өкілдік  басшысы ретінде тағайындалатын тұлғаға келісім сұрау міндеті  – 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена Конвенциясында қатаң  бекітілген. Агреманнан бас тартудың себептері түсіндірілмейді.

         өкілдік басшысының қызметін бастауы өзі  аккредиттелетін органға не лауазымды  тұлғаға өзінің өкілеттілігін (Сенім  грамотасын) тапсырумен байланысты.

         Дипломатиялық персоналдың басқа мүшелеріне агреман сұралынбайды және олар өздерін тағайындағаннан кейін және қабылдаушы елге барған соң қызметтік міндеттерін атқаруға кірісті деп айтылады.

         Дипломатиялық миссияның аяқталу  негіздері:

      • Дипл өкілдіктің басшысын өз еліне қайта шақыру;
      • Дипөкілдік басшысын персона нон-грата деп жариялау;
      • Дипөкілдік басшысын жеке тұлға ретінде жариялау – десмиссел – қабылдаушы мемлекетке жай шетелдік болып саналады;
      • Инсурекция -  дипөкілдік  басшысының өз үкіметінің саясатымен келіспегендігінен қызметінен ерікті түрде бас тартуы;
      • Дипқатынастардың үзілуі не уақытша тоқтатылуы;
      • Дипқатынастардағы екі мемлекеттің біреуінің халықаралық құқықтық субъектісі ретінде жойылуы;
      • Тағайындаушы мемлекетте мемлекеттік құрылымның түбегейлі өзгеруі.
    1. Консулдық миссияның басталуы мен аяқталуы

         Мемлекеттер консулдық қарым-қатынастарды өзара келісім негізінде орнатады. Дипқатынастар орнату консулдық қатынастар орнатуға келісім екенін білдіреді. 

         Консул  және басқа да консулдық лауазымды  тұлғалар қызметіне кіріскеннен  кейін ол өзінің миссиясын орындауын бастыда деп саналады. Консулдық құқық қабылдаушы мемлекеттен алдын ала келісім күтпейді. Консул өзінің миссиясын орындау үшін консулдық патент пен экзекватура алуы қажет. Консулдық патент – қабылдаушы мемлекет үкіметіне дипломатиялық не басқа жолмен жолданатын белгілі тұлғаны консулдық мекеменің басшысы ретінде тағйындауды шынайы түрде растайтын құжат. Консулдық патенте осы тұлғаның аты-жөні, азаматтығы, консулдық дәрежесі және консулдықтың орналасқан жері көрсетіледі. Бұл құжат қабылдаушы мемлекеттің үкіметіне жіберіледі.

         Консулдық патентті алғаннан кейін үкімет консул болып тағайындалған тұлғаға  экзекватура беруді шешеді. Консулдық экзекватура – консулдық орналасқан мемлекеттің консулдық мекеме басшысының өз міндеттерін атқару үшін нақты консулдық округке баруына рұқсат беретін құжат.

         Консулдық корпусты дуайен  басқарады.

         Консулдық миссияның аяқталуы келесідей жағдайларда  орын алады:

      • Консулды өз еліне шақырып алу;
      • Қабылдаушы мемлекет экзекватураның күшін жою;
      • Консулдық патенттің мерзімінің аяқталуы;
      • Осы пункте консулдық мекеменің жабылуы;
      • Консулдық қатынастардың тоқтатылуы;
      • Қабылдаушы және аккредиттеуші мемлекеттер арасында соғыс болуы;
      • Консулдың өлімі;
      • Консулдық округ орналасқан территория қабылдаушы мемлекеттің суверенитетінен шығуы.
    1. Дипломатиялық өкілдіктің артықшылықтары мен иммунитеттері

    Дипломатиялық өкілдіктің артықшылықтары мен иммунитеттері жүйесі:

      • Ғимараттың қол сұғылмаушылығы.

    Бұл дипөкілдіктің  қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін маңызды иммунитеттердің  бірі. Дип қатынас туралы 1961 жылғы Вена Конвенциясының 1-бабының 1-тармағына орай, өкілдік ғимараты деп өкілдік мақсаттары үшін пайдаланылатын ғимаратты не оның бір бөлігін айтады.

          Дипөкілдік  ғимараттың қол сұғылмаушылығы іс жүзінде  мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

          • өкілдік ғимаратына оның басшысының рұқсатынсыз кіруге болмайды;
          • тінту, қамауға алу, реквизиция және атқару әрекеттері арқылы мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығару;
          • дипөкілдіктің тыныштығын бұзатын не ар-намысына тиетін, залаз келтіретін жергілікті билік өкілдері әрекеттерінің алдын алу;
          • мемлекет оларға қастандық жасау жағдайларына тергеу жүргізуге және қол сұғылмаушылық қағидасын бұзған кінәлі адамдарды жазалауға міндетті.
      • Мұрағаттарға, құжаттарға, хат-хабарларға қол сұғылмайтындығы
      • Дипломатиялық қатынас құралдары иммунитеттерінің проблемасы

    Дип қатынас  құралдары деп дипөкілдікке, оның қызметкерлеріне және отбас мүшелеріне ұдайы қолдануға берілетін, не жалға  алынатын не өздеріне тиесілі кез  келген көлік құралдарын айтамыз.

        • Арнайы нөмірлік белгілері бар автомашиналар да дип қатынас құралдарына жатқызылатындықтан, олар да иммунитеттерді пайдаланады.
        • Дип қатынас құралдары тінтілмейді;
        • Дип қатынас құралдары реквизицияланбайды.
        • Тіркеуші мемлекетпен қатынасу бостандығы

         Тіркеуші  мемлекет органдарымен еркін қатынасу дипөкілдіктің қалыпты қызметін қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады.

    Көлік құралдарымен жіберілетін дипломатиялық  поштаны жариялаудың құқыққа  қйшылығы.  Дип курьердің мәртебесі  өте маңызды, себебі ол дип поштаның жеткізілуінің ең сенімді тәсілі.

    1. Консулдық мекеменің артықшылықтары мен иммунитеттері

         Консулдық мекеме мен оның персонал мүшелері өз қызметтерін жақсы атқаруы  үшін консулдық артықшылықтар мен  иммунитеттерге ие. Консулдық мекеменің артықшылықтары мен иммунитеттерінің ішіндегі ең маңыздысы консулдық мекемелердің қол сұғылмаушылығы. 1963 жылғы Консулдық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясында: «»өрт және стихиялы бедствие кезінде» ғимаратқа кіру жөнінде консулдық мекеме басшысының келісімі бар деп есептеледі. Осы консулдық мекеме мен дипломатиялық өкілдік арасындағы айырмашылығы. Сондай-ақ, консулдық мекеменің мұрағаттары мен құжаттары қол сұғумаушылыққа жатады.

         Консулдық мекемемен қатар, оның заттары, қатынас  құралдары және барлық мүлкі реквизиция иммунитетіне ие.

         Консулдық мекемелердің артықшылықтарына: салық жеңілдіктері; кедендік артықшылықтар, консулдық щитті қолдану құқығы және консулдық ғимаратында өз елінің туын іліп қою.

    1. Дипломатиялық агенттердің жеке артықшылықтары мен иммунитеттері

         Дипломатиялық агент жеке басына қол сұқпаушылыққа ие. Ол қандай формада болмасын тұтқындауға жатпайды. Қабылдаушы мемлекет оған өз деңгейіндегі сыйластықпен қарап, оның жеке басына, бостандығы мен ар-намысына зиян келтіриеуін е қажетті шаралар қабылдау керек. Дип агенттің жеке резиденциясы өкілдік ғимараты секілді қол сұқпаушылыққа жатады. Оның қағаздары мен корреспонденциясы да қолсұқпаушылыққа ие. Дипломатиялық агент қабылдаушы мемлекетте қылмымтық юрисдикциядн толық иммунитет қолданады. Ол сондай-ақ, келесі талап-арыздардан басқа жағдайларда азаматтық және әкімшіліктік юрисдикциядан жауапкершілік:

    Информация о работе Ответы на экзаменационные вопросы