Арнайы
режим – шетелдіктердің белгілі
бір категорияларына арнайы шарт бойынша
берілетін режим.
- Халықаралық
құқықтағы қос азаматтық
мәселелері
Түрлі
мемлекеттердің азаматтығы туралы заңдардағы
қайшылықтар – қосарланған немесе
көп азаматтықтың пайда болуына,
яғни бипатризмге себеп болуда. Апатризм
секілді, бипатризм де белгілі бір
деңгейде халықаралық құқықтың көпшілік
таныған қағидаларын жүзеге асыруға кедергі
келтіреді. Мұндай сипаттағы қайшылықтарды
жою үшін мемлекеттер тиісті заң актілерін
қабылдайды және халықаралық шарт жасайды.
Бипатридтердің құқықтық мәртебесін айқындау
кезінде белгілі бір қиындықтар кездесіп
отырады.
Қос
азаматтықтың белгілі бір жағымсыз
салдарлары бар. Олардың арасында :
- Қос азаматтығы
бар тұлғаларға дипломатиялық қорғау
көрсетуге байланысты салдар;
- Қос азаматтығы
бар тұлғалардың әскери қызметіне қатысты
салдары.
Бірінші
жағдайға байланысты екі ситуация бар.
Біріншісі, Қос азаматтығы бар тұлғаға
дипломатиялық қорғауды азаматтық берген
мемлекеттердің бірі көрсетуге тырысуда.
Теория жағынан алғанда, қос мемлекет
те өздерінің тәуелсіз құқықтарына орай,
бипатридтерді қорғайды. Екіншісі, мұнан
да маңыздырақ мәселелер бипатридтердің
үшінші мемлекетпен арақатынастарында
туындайды. Осыған байланысты, халықарарлық
құқықта ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан
бастап, «қос азаматтықты» болдырмау үшін
екіжақты және көпжақты шарттар жасалуда.
Қос азаматтығы бар тұлғалардың әскери
қызметіне қатысты айтар болсақ, негізінен
қос азаматтығы бар тұлға өзінің азаматтығы
бар әрбір елде әскери қызметтен өтуі
тиіс. Бірақ бұл мүмкін емес. Осылайша,
қос азаматтығы бар тұлға өзінің азаматтығы
бар бір елде міндетті әскери қызметін
өтегеннен соң екінші мемлекетке барғанда
әскри міндетті орындаудан жалтартқаны
немесе рұқсатсыз шетелдік армияда
болғаны үшін не болмаса бір уқытта екеуі
үшін жауапқа тартылады. Бұл мәселені
тек бір жолмен, яғни халықаралық келісім
жасау арқылы шешуге болады.
- Халықаралық
құқықтағы азаматсыздық
мәселелері
Азаматтық
туралы коллизиялық нормалар азаматсыздықты
(апатризм) немесе қос азаматтықты (бипатризм)
туындатады. Азаматсыздық қандай да бір
мемлекеттің тұлғасында азаматтықтың
болмауын сипаттайтын жағдай болып табылады.
Азаматсыздық абсолютті және қатыстық
болуы мүмкін. Абсолютті
азаматсыздық – туылған кезінен бастап
азаматсыздық. Қатыстық
азаматсыздық – азаматтығын жоғалту
нәтижесінде орнаған азаматсыздық. Азаматсыздық
құқықтық аномалия болып табылады, сондықтан
мемлекеттер оны шектеуге байланысты,
онымен күресуде.
Азаматтығы
жоқ тұлғалар құқықсыз болмауы керек.
Апатридтердің құқықтық жағдайы тұратын
елдің заңымен айқындалады. Мекендеген
мемлекет олардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсатында апатридтерге адамның
негізгі құқықтары мен бостандықтарын
беруі тиіс.
Осы
заманғы халықаралық құқық апатридтердің
мәртебесін азаматсыздықты қысқарту туралы
1961 жылы Конвенцияда және апатридтердің
мәртебесі туралы 1954 жылғы Конвенцияда
айқындайды. Бұл халықаралық-құқықтық
құжаттар азаматсыздық жағдайларын қысқартуға
және апатридтерге осы конвенцияларға
қол қойған мемлекеттердің аумағында
біршама жеңілдіктер беруге бағытталған.
Апатризм жағдайларын болдырмау үшін
бірқатар мемлекеттердің азаматтық туралы
заңдарында «қандық құқық» қағидасы қолданылады,
яғни тараптың біреуінің азаматтығы жоқ
болған жағдайда, баланың әкесінің немесе
шешесінің азаматтығын алуына жол берілуі
болып отыр. Мемлекеттер апатридтер үшін
белгілі бір құқықтық режим бекітеді.
ҚР заңы – ҚР Президентінің 1995 жылғы «ҚР-ғы
шетел азаматтарының құқықтық жағдайы
туралы» заң күші бар жарлығында белгіленгеніндей,
бұл шетел азаматтарымен құқықтар мен
міндеттерін теңестіруден көрінуі мүмкін.
Азаматтығы жоқ адамдарды өздерінің азаматтарымен
теңестіру немесе апатридтерге арнайы
режим белгілеу іс-тәжірибеде сирек кездесуі
мүмкін.
- Халықаралық
экономикалық құқықтың
түсінігі мен арнайы
қағидалары
Халықаралық
экономикалық құқық
– халықаралық құқық субъектілерінің
арасындағы, олардың халықаралық экономикалық
қатынастары саласындағы қызметін реттейтін
қағидалар мен нормалардың жиынтығын
көрсететін халықаралық құқықтың бір
саласы.
Халықаралық-құқықтық
бағыт халықаралық экономикалық
құқықты халықаралық жария құқықтың
бір бөлігі немесе саласы деп белгілейді.
Ал, екінші бағыт халықаралық экономикалық
құқыққа халықаралық экономикалық қатынастар
объектісі болып табылатын кез келген
нормаларды жатқызады.
Халықаралық
құқықтың негізгі қағидаларының
халықаралық экономикалық қатынастарды
реттеу үшін негіз қалайтын маңызы
бар.
Мемлекеттің
тәуелсіздігін құрметтеу қағидасы
халықаралық экономикалық қатынастар
жүйесіне икемделіп, мемлекеттердің өз
тәуелсіздіктерін қорғауға ұмтылыстарына
қйшы келмей-ақ, мемлекеттердің экономикалық
өзара тәуелділіктерін қамтамасыз етеді.
Халықаралық
құқықтың жалпытанылған қағидаларымен
қатар, халықаралық экономикалық қатынастарда
арнайы қағидалар мен нормалар қолданылады:
- Халықаралық
экономикалық қатынастарға
жалпы қатысу қағидасы – кез келген
мемлекеттің дүниежүзілік экономикалық
проблемаларды шешуге тең қатысу құқығын
білдіреді.
- әр
мемлекеттің өз табиғи
ресурстарына және экономикалық
қызметіне ажырамас
егемендік қағидасы -
өзінің экономикалық қызметінде тәуелсіз
болу, өзінің табиғи ресурстарын иемдену;
табиғи ресурстар мен экономикалық қызметке
инвестицияларды бақылау мен реттеу және
ТҰК қызметін қоса алғанда, тиімді бақылау
орнатуға құқығы.
- дамушы
мемлекеттерге преференция
беру қағидасы
- теңізге
шыға алмайтын мемлекеттер
үшін теңізге еркін
қол жеткізу – ішкіқұрлықтық мемлекеттерге
теңізге шыға алатын мемлекеттер көмек
көрсетеді.
- Кемсітпеу
қағидасы – мемлекеттер халықаралық
экономикалық құқықта арнайы бір мемлекетке
қарсы кемсіту саясатын ұстануға болмайды.
- Тұрақты
даму қағидасы – экономикалық даму
қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиісті.
- Халықаралық
сауда құқығының құқықтық
табиғаты
Халықаралық
экономикалық қатынастарға:
- Халықаралық
валюталық-қаржылық қатынастар;
- Халықаралық
сауда қатынастары;
- Халықаралық
инвестициялық қатынастар жатады.
Мемлекеттердің
саудалық өзара қарым-қтынастарын
реттеу мақсатында 1947 жылы көпжақты Тарифтер
мен сауда жөніндегі Бас келісімге
(ГАТТ) қол қойылды.
ГАТТ-тың
құқықтық механизмі төмендегі принциптерге
негізделген болатын:
- Өзара саудада
ең тиімді жағдай жасау мен дискриминацияламау
принципі;
- Ұлттық режим
қатысушы елдердің ішкі салық пен алымдар
саласындағы ұлттық тауар режимін шет
елдік тауарға да қоюы қажет екендігін
белгілейді;
- Халықаралық
сауданы реттеу мөлшерлік шектеу емес,
кедендік тариф арқылы жасау тиістігі;
- Көпжақты
сауда келіссөздері барысында кедендік
тарифтердің бірте бірте төмендеуі және
өзара көнулерге келу.
- Дамушы елдермен
сауда қарым-қатынастарында преференциялар
беру.
- Мемлекетаралық
сауда қарым-қатынастарында бір-біріне
ең қолайлы жағдай жассу. Осы тәртіпке
сәйкес келісім-шарт жасаған елдер бір-біріне
жеңілдіктер мен артқшылықтар беруі тиіс,
екі ел арасындағы жасалған келісім автоматты
түрде басқа мүше елдерге де міндетті.
Ерекше
льготалар дамушы елдерге берілуде.
Уругвайлық раундтың
Қорытынды актісіне 1994жылы 118 мүше-мемлекеттер
қол қойған болатын. Осы аталған
раунд келіссөздері нәтижесінде, халықаралық
сауданың көпжақты жаңа жүйесі құрылды.
Яғни, ГАТТ Дүниежүзілік Сауда Ұйымымен
алмастырылды. Дүниежүзілік
Сауда Ұйымы (ДСҰ)
— халықаралық сауда ережелерін либерализм
принциптеріне қарай реттейтін халықаралық
экономикалық ұйым болып табылады. ДСҰ
1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеп
келеді. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет
кірсе, қазіргі уақытта 153 мемлекет мүше.
Бүгінгі таңда әлемдік
сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға
сәйкес келуі тиіс:
- Саудада еш
кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір
мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт
пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы
болмайды;
- Сауда кедергілерін
азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына
шетелдік тауарлардың келуіне кедергі
келтіретін факторларды жою, оларға бірінші
кезекте кедендік алымдар мен импорттық
квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа
қойылатын көлемдік шектеулер;
- Тұрақтылық
пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы,
бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар
мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының
кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне
кепілдік береді;
- Халықаралық
саудадағы бәсекелестікті ынталандыру,
яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты
бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді
жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға
мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын
иелену мақсатында демпингтік бағаларды
пайдалану;
- Жоғары дамымаған
мемлекеттер үшін халықаралық саудада
жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда
көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді,
алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған
елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер
алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен
бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан
да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер
қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.
- Халықаралық
қаржы-валюталық құқықтың
құқықтық табиғаты
Халықаралық
қаржы-валюталық
құқық мемлекеттердің қаржылық, соның
ішінде несиелік қатынастарын және өзара
валюталық бағамдарын реттейді.
ХВҚ басты мақсаты елдердің төлем
балансының тұрақты болуын қамтамасыз
ету болып табылады. МВФтің капиталы
елдердің мүшелік жарнасынан құралады.
Басқа елдерден немесе ірі қаржы институттарынан
қарыз алуға құқыға бар. Қарыз берген елдің
пайызы 25% қосылады.
МВФ қаржыландыру
механизмдері:
- Қорға мүше
мемлекеттің оның капиталында белгіленген
квотасы болады. Ол квота мемлекеттердің
дүниежүзілік экспорттағы үлесін білдіреді
және сол мем\ң қордағы дауыстар санын
қалыптастырады. Қорда әр мем\ң 250 даусы
және әр 100 мың СДР қосымша дауысы болады.
США — 17,7%; Германия — 5,5; Япония — 5,5; Великобритания
— 4,9; Франция — 4,9; Саудовская Аравия —
3,4; Италия — 3,1; Россия — 2,9%. Доля стран
ЕС — 26,2%. Маңызды шешімдер қабылдау үшін
85% дауыс жиналу керек. АҚШ-сыз шешім қабылданбайды.
- Әр мемлекет
өз квотасының 25%-н еркін конвертацияланатыын
валютамен, ал 75% өз ұлттық валютасымен
төлеуге міндетті. Еркін конвертацияланатын
валюталарды ХВҚ өзі бекітеді. Олардың
қатарына доллар, иен, еуро енеді.
- Әр мемлекет
өзінің квотасынан 125% мөлшерде еркін конверттелетін
валютада несие алуға құқылы. Несие алу
үшін ол өзінің ұлттық банкіндегіХВҚ-ң
есепшотына өз валютасының тиісті мөлшерін
салады. Мұның өзінде жарты процент комиссиялық
баж төленеді. Несие мерзімі біткен соң
мем өз ұлттық вал\н еркін конв\н валютаға
қайта сатып алуға және несие сыйақысыг
төлеуге міндетті. Қордың көрген табыстарының
80% несие берілген вал\ң мем\не беріледі.
Қайта құру және
даму банкінің несиелендіру қызметі:
- Банк ХВҚ-дан
несие алуға мүмкіндігі жоқ мем\рге н\е
алған қарыздарын қайтара алмаған мем\рге
несие береді.
Мұндай
несиелердің проценттері төмендей
және берілетін ақша банктің шығарған
облигацияларын сатып алған жеке
инвесторлардан тартылады. Жеке инв\р
мем\ті қаржыландырады. Мұндайда несиеге
қол жеткізе алмайтын мем\рге
Әлемдік банк тобындағы басқа
ұйым – МАР- кедей мемлекеттерге
көмек көрсету үшін 1960ж құрылған болатын.
МАР процентсіз несие бере алады. Негізінен
мұндай несиелер ең кедей мем\рге (ЖҰӨ
адам басына 1300$ дан төмен) 35-40 жылға беріледі.
Мұндай несиелердің нег түрі – мем\ң ХВҚ-нан
қайтып сатып ала алмаған валюталарын
сатып алып беру. Мұндай жағдайға шалыдққан
мем\ке Х\қ Даму АС\сы несие берерде эк\ны
қалпына келтірудің нақты механизмдерін,
соның ішінде нақты компаниялардың өнімдерін
сатып алуды міндеттей алады. МАРдың
көмек көрсетудегі Әлемдік Банктан айырмашылықтары:
капиталдың құрылу көзі (сыйлық); елдің
экономикалық даму деңгейі(елдің орта
табысы 1305$ аспау керек); елдің төлем балансы
тұрақты дефицитті болу керек; елдің экспорттың
табысы тұрақсыз болу керек.
<