- Мұрагерлікке
байлнысты талап-арыздар;
- Елшілік емес,
өз атынан жасаған азаматтық құқықтық
мәмілелерден және коммерциялық қызметтен
туындайтын талап-арыздар;
Дип агент
куәгер ретінде куәгерлік етпеу
керек.
Дипломатиялық
агент барлық салықтардан, жеке және
мүліктік , мемлекеттік, аудандық және
муниципальдық алымдардан төмендегі
талап арыздардан басқа жағдайларда
босатылады:
- Нақты қызмет
көрсетулер үшін төлемдер;
- Мемлекеттік
емес, өз атынан иемденетін жылжымайтын
мүлік үшін салықтар;
- Мұрагерлікке
байланысты салықтар;
- Гербтік тіркеулік
және басқа да баждар мен төлемдер;
- Тауарлардың
құнына қосылатын салықтар;
- Қабылдаушы
елдегі орналасқан кәсіпорындардан коммерциялық
салыққа түсетін салықтар.
- Консулдық
лауазымды тұлғалардың
жеке артықшылықтары
мен иммунитеттері
1963
жылғы консулдық қатынастар туралы
Вена Конвенциясы мен ұлттық
заңдарда консулды аса ауыр
қылмыс жасаған жағдайлардан
басқа, алдын ала қамау тәртібінде
ұстауға болмайды деп белгіленген.
Консулды әкімшілік тәртіпте де ұстауға
болмайды. Консулды аса ауыр қылмыс жасады
деп ұстау оның экзеквтурасынан айырумен
байланысты болады.
Консулдық
өкіл жеке артықшылықтар мен иммунитеттерге
ие болғанымен, оларды асыра пайдаланбауы
тиіс және консулдық орналасқан мемлекеттің
барлық заңдары мен ережелерін қатаң орындауы
қажет. әдетт, консул сот органдары сот
немесе әкімшілік іс жүргізу бойынша куә
ретінде шақырғанда баруға міндетті. Іс-тәжірибеде
мұндай жағдайда консулдық сыпайылық
деп аталатын артықшылық беріледі. Мысалы,
сотқа келу туралы шақырту консулға ерекше
хатпен және келмеген жағдайда қандай
да бір санкциялар қолданылады деп көрсетілмей
жіберіледі. Егер консул куәгерлік жауап
беруден бас тартса, оған мәжбүрлеу шаралары
қолданылмайды. Консулдық эмблемаларды
дұшпандық қастандықтан қорғаудың зор
маңызы бар. Консулдық орналасқан мемлекет
консулдарға өзара келісу негізінде ерекше
артықшылықтар береді, олар қол сұғушылықтан
қорғалуға жатады. Мұндай артықшылықтарға
консулдың өз мемлекетінің тәртібі негізінде
консулдық тіршілігі мен тұрмысын ұйымдастыру
құқығы, өз атына баспа басылымдарын, консулдық
орналасқан елге әкелуге тыйым салынған
басылымдарды қоса алғанда жаздыртып
алу құқығы; консулдық орналасқан жерде
түрлі сипаттағы ресми салтанаттарға
шақырылу құқығы және консулдың өз өкілдігімен
қатынасудағы артықшылықтарын жатқызуға
болады.