Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен мәселелері оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 13:49, курсовая работа

Описание

Саяси жаңарудың барлық кешенінің шешімі жағдайдың тұрақсыздануына, азаматтық жанжалдар мен сілкіністерге жол берілмеуіне негізделген. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев саяси реформаларды жүзеге асыру жолындағы асығыстыққа өзінің қарсы екендігін үнемі ескерте отырып, саяси реформаларды іске асыру кезінде көп этностық қоғамда рухани келісім мен тұрақтылықты сақтап қалу қажет екендігін түсіндіреді. «Мен эвалюциялық дамудың, яғни қоғамды бірте-бірте, обьективті жағынан даярланған реформалаудың жақтаушысымын» - дейді Н.Назарбаев. Дербес дамудың өткен 20 жылында Қазақстан өзінің ұлттық мүделерін, сыртқы саяси бағдарлары мен іс-әрекеттерінің және ішкі саяси бағдарламасын белгілей алды.

Содержание

Кіріспе
І Жергілікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
1.1. Жергілікті басқарудың мәні мен маңыздылығы
1.2. Жергілікті өзін өзі басқару қызметтері және оны ұйымдастырудың принциптері
1.3. Жергілікті өзін өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі
ІІ Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару және дамуы
2.1. Қазақстан республикасындағы жергіліктік өзін өзі басқарудың қазіргі жағдайы
2.2. Ақтөбе облысының жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері
ІІІ Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен мәселелері оны шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Жергиликти баскару.doc

— 171.50 Кб (Скачать документ)

    - халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысу жолдары мен тәртібі (мысалы: қандай мәселелерді талқылағанда референдум өткізілу керек?);

    - Жергілікті өзін өзі басқару органдарының міндеттерін, сайланбалы қызмет атқаратын адамдардың тізімі және өкілеттігі, оларды тағайындау не сайлау тәртібін анықтау;

    - Жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілдік мерзімі;

    - Жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметіне кепілдік;

    - шекара маңындағы аймақтардағы жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметерінің ерекше реттілігі және мемлекеттік билік органдарының әкімшілік бақылауының күшейтілу тәртібі;

    - Жергілікті өзін өзі басқару органдары мен лауазымда қызметкерлердің жұмыстарын мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайлар, тұрғындардың сол органдар мен қызметкерлерге сенімсіздік білдіру, сайланған адамдарды қайта шақырып алу тәртібі;

    - Жергілікті өзін өзі басқару  органдарының Жарлығына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тәртібі.

    Жарғы міндетті түрде, мемлекеттік тіркеуден  өтеді және бір сөзбен айтқанда жергілікті жердің Конституциясы іспеттес қызметті атқарады.

     Жергілікті  өзін өзі басқару  органдары – иерархиялық жүйеде емес, жергілікті халықтың билік органдары. Осы себеппен әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері сияқты жергілікті өзін өзі басқару органдарының бөлінуі де орынды. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының дамуын қамтамасыз ету мақсатында тек бұл органның статусына қатысты ғана емес, сонымен берге мемлекеттік меншік объектілерін муниципалды ұйымдарға беру жағдайымен муниципалды органның қызмет тәртібін де реттейді.

     Халықаралық тәжірибеде жоғарғы тұрған мемлекеттік органдардың жергілікті өзін өзі басқару органдарының  жұмысына әсер ету дәрежесі бойынша жергілікті өзін өзі басқарудың түрлі типтері мен формалары бар. Бұл жергілікті өзін өзі басқару органдарының мемлекеттік, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің элементі ретінде болуына байланысты. Осыған сәйкес жергілікті өзін өзі басқару жүйесі мыналармен ерекшеленеді:

    - азаматтардың қоғам бірлестігі  мүшесі ретінде өзінің тұрғылықты  жеріндегі территорияның дамуына  мәселелерді өз бетінше шешу құқығының болуы;

    - биліктің көлденеңнен болуымен  қатар тікелей басқару жүйесінің  құрылуы негізінде мемлекетті  басқарудың иерархиялық принципінің  болу шарты.

    Халақаралық тәжірибеде жергілікті өзін өзі басқарудың үш типті моделін айрықша көрсетуге болады.

    1. Жергілікті өзін өзі басқарудың англосаксондық жүйесі (кейде жергілікті басқаруда Америкалық түрі деп те аталады). Бұндай жүйе АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия сияқты келімсек елдерде кең тараған.

    Англосаксондық  жүйенің басты ерекшелігі – жергілікті сайланбалы органды бақылап, қамқоршы болып отыратын орталық үкімет өкілінің болмауы. Дегенмен мемлекеттік басқару жүйесінің жергілікті өзін өзі басқару органдарына ықпал етіп отыратын механизмі бар. Мысалы, Англиядағы қоршаған ортаны қорғау министрлігі жергілікті қауымның құзыретіне берілген мәселенің іске асырылуын толық бақылап отырады. Қысқасы мемлекет жергілікті өзін өзі басқарудың өз өкілеттігі деңгейінде жұмыс жасауын ғана қадағалайды. Ал, қажет деп тапқан жағдайда, түрлі қаржы механизмдерін пайдалана отырып (субвенция, дотация т.б.) жергілікті қауымның бағдарламаларына әсер ете алады. Бұл жүйенің екінші бір ерекшелігі жергілікті өзін өзі басқару органдары заң бойынша рұқсат етілген мәселелерді ғана жүзеге асыра алады. Муниципалитет жеке автономиялық құрылым есебінде парламенттің берген билігін ғана іске асырады. Муниципалдық басқарманың құқықтық негізін – статустарды – Парламент белгілеп береді. Орталық үкімет пен муниципалитеттің өзара қарым-қатынасы заңмен белгіленеді. [4. 40б]

ІІ  Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару және дамуы

2.1. Қазақстан республикасындағы жергілікті өзін өзі басқарудың қазіргі жағдайы

      Республикалық өзiн-өзi басқару тұжырымдамасына  төмендегiдей жағдайларды енгiзу қажет:

- территориялық деңгейдегi мүдделер жүйесi және басымдықтар;

- өзiн-өзi басқарудың субъектiлер жиынтығы, олардың функциялары, - құқықтық негiздерi және iскерлiк қағидалары;

- өзiн-өзi басқарудың мүдделерiне жету үшiн өндiрiс-материалдық және қаражаттық құралдардың болуы;

- экономикалық кешеннiң тиiмдiлiгiн бағалайтын көрсеткiштер;

- мемлекеттiк басқару мен территориялық өзiн-өзi басқару мәселелерi үйлесiмдi болуы қажет.

     Өзiн-өзi басқарудың нәтижесi нақтылы территориядағы тұрғындардың мұқтажын қамтамасыз ету деңгейi және сол өңiрдiң ұлттық табысқа қосқан үлесi. Осы екi өлшемнiң бiртұтастығы территориялық басқарудың үйлесiмдi көрсеткiшi болып табылады.      

      Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек  өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерекшелігі мол әкімдік-шаруашылық кешен. Оның көлемінде көптеген ірі-ірі экономикалық мәселелерді шешу әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана отырып көптеген мәселелерді өзбетімен бақылау және оны тез шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, саясаттық процестердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақты шеңберінде тез пайдаланып керекті басқару шешім қабылданады. Бұл экономикалық бостандықтың белгісі.  
 

2.2. Ақтөбе облысының  жергілікті өзін-өзі  басқару мәселелері

           Қала әкімі аппаратында  кадрлармен жұмысты жетілдіруге, атап айтсақ кәсіби даярлықты арттыру, лауазымдағы  жұмыс ұзақтығының мерзімін ұлғайту  және мемлекеттік қызметкерлердің  ауысуын азайту, сондай-ақ қызметтік міндетте жаңа ақпараттық технологиялардың тиімді пайдаланылуын жақсартуға тиісті назар аударылады. Кадрлық саясатты іске асыруда қиындық тудыратын факторлардың бірі өндірістік және қаржы саласы қызметкерлерімен салыстырғанда мамандар еңбек ақысының жоғары еместігі болып табылады.

      Кадрлармен  жұмысты одан әрі жетілдірудің басты  принципі – кадрларды даярлау  және біліктілігін арттыру жүйесінің  жауапкершілігін жоғарылату, қайта  бағдарлау, мемлекеттік қызметшілердің тәртіпті және Ар-намыс кодексін сақтауы, жетілуге және қызметтік өсуге ұмтылу, мемлекеттік мекеменің лайықты нәтижелерге жетуде әрбір қызметкердің қосатын үлесін ұлғайту.

      Мемлекеттік қызмет беделін көтеру және қалалық  мемлекеттік мекемелерге перспективті, біліктілігі жоғары кадрларды тарту мақсатында жергілікті БАҚ-та жергілікті атқарушы органдардың жағымды жұмысының деректері жөніндегі материалдар үнемі жарияланады.

     Қала  әкімі аппаратында құжат айналымы бойынша жүйелі түрде талдау жұмысы жүргізіліп, іс-қағаздарын жетілдіруге, құжаттардың орындалуын бақылау және заңды, жеке тұлғалар арыз-шағымдарымен жұмысты жақсартуға сайкес іс-шаралар алынады. ҚР Бас прокуратурасы бекіткен «Азаматтар арыз шағымдарының бірігей есебі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жөніндегі жұмыс жетілдірілуде.

      Мемлекеттік тілді енгізуге сәйкес практикалық  және әдістемілік көмек көрсетіледі. 2011 жылы қазақ тіліндегі кіріс корреспонденциясының үлесі - 77%, шығыс корреспонденциясындағы үлесі – 90,3%.

      Қала  әкімдігі мен әкімі іс-қағаздарының жағдайы жоғары тұрған органдардан түскен құжаттар мен актілердің орындалуын бақылаудың, алда тұрған міндеттерді орындаудың және азаматтар арыз-шағымдарын орындаудың жеделдігін көрсетеді.

     Қала  әкімі аппаратындағы құжат айналымын  талдау оның жыл сайын ұлғайып  келе жатқанын көрсетеді.

     2010 жылы орындауға жеке және заңды  тұлғалардың 26687 арыз-шағымы түсті,  соның ішінде 10688 – заңды тұлғалардан, 15999 – жеке тұлғалардың  арыз-шағымы.

     Құжат айналымы және бақылаудың тиімді жүйесін  құру үшін құжат айналымын қысқарту (ішкі хат алысуды шектеу, түрлі құрылымдық бөлімдердің бірдей сұраныстарын қайталамау, сұратылатын ақпарат түрлері мен нысандарының келісілмеуі), әрбір жұмыс орнында электронды құжат айналымы жүйесін енгізу қажет.

      Электронды  әкімдіктің ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану негізінде тұрғындар мен бизнес-құрылымдардың жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелеріне енуін ұйымдастыру мақсатында қала әкімінің аппаратымен қалалық мемлекеттік мекемелерде ақпараттандыру және электронды құжат айналымы жүйесін енгізу бағдарламасы жүзеге асырылуда.

            Басшылық жасайтын бағыттары бойынша ұйымдармен, қала әкімі аппаратының бөлімдерімен, қалалық мемлекеттік мекемелермен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етуді жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасайды, бөлімде іс жүргізеді.

        Қазақстан Республикасының «Алқабилер  туралы» Заңының талаптарын орындау  бөлігінде бөлім қызметін ұйымдастыру  бойынша қала әкімінің аппаратындағы қолданыстағы нұсқаулықтар мен нормативтік-құқытық актілермен бөлімге жүктелген  жұмыстарды жүргізеді.

      Қала  әкімі аппаратының ұйымдастыру  және кадрлармен жұмыс бөлімінің  жетекші маманы келесі міндеттерді атқарады:

      - «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне уақытылы өзгертулер енгізуді жүзеге асырады;

      - бөлім бастығының тапсырмасы  бойынша бөлім қызметіне қажетті  шұғыл ақпараттарды жинауды жүзеге  асырады;

      -   іс жүргізуге жауапты болады;

      - жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерімен жұмыс жасайды, бөлімде іс жүргізеді;

      - қала әкімінің аппаратындағы  қолданыстағы нұсқаулықтар мен  нормативтік-құқытық актілермен  бөлімге жүктелген басқа да  міндеттерді орындалуын қамтамасыз  етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ Қазақстан Республикасының  жергілікті өзін-өзі  басқару жүйесінің қалыптасуы мен мәселелері оны шешу жолдары

    Дағдарыс  кезеңінен кейін Қазақстан экономикасы  дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне кіреді, ол өсуді қалпына келтіру  кезеңі және экономиканың сапалы және теңгерімді өсуі кезеңінен тұратын  болады.

   Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайын, сондай-ақ  халықаралық сарапшылардың әлемдік экономиканың даму болашағына қатысты болжамдарын есепке ала отырып, Қазақстан экономикасын қалпына келтіру өсімінің кезеңі 2012 жылға  аяқталуы мүмкін.

   Әлемдік экономиканың жандануына және Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сыртқы сұраныстың артуына орай, резервтік қуаттарды іске қосу есебінен өнеркәсіп өндірісінің өсуі қалпына келеді. Сөйтіп, металлургия саласында және тау-кен өнеркәсібінің ілеспе салаларында белсенділік артады. Бұдан басқа, 2011-2014 жылдарда Қазақстанда мұнай өндіру көлемінің арттыруынан көрінетін мұнай және табиғи газ өндіру салаларында белсенділік байқалатын болады.

Қалалық атқарушы органдардың қызметін тиімді үйлестіру жолымен Ақтөбе қала әкімінің аппаратының қызметі мен жұмысын мүлтіксіз жағдайға жеткізу жүзеге асырылады.

        Қалалық мемлекеттік мекемелерде және селолық округтерде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша стандарттарды енгізу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін жауапты тұлғалар тағайындалды. Қаладағы төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында қала әкімі аппараты өз қызметінде қалалық қызметтермен, шаруашылық кәсіпорындармен және авариялық-құтқару  қызметтерімен өзара іс-әрекет етеді, азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығулар  жоспарлап, ұйымдастырады, төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жүргізеді.

Қалалық әкім аппаратында көптеген жаңа жұмыстары жүргізіліп жатыр.                                                                                                                              Өндірістік іс- тәжірибеден өту барысында басқарманың құжаттары бойынша мемлекеттік мекемелермен, министрліктермен байланыса атқарған жұмыстарды атқара білдік. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен мәселелері оны шешу жолдары