Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен мәселелері оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 13:49, курсовая работа

Описание

Саяси жаңарудың барлық кешенінің шешімі жағдайдың тұрақсыздануына, азаматтық жанжалдар мен сілкіністерге жол берілмеуіне негізделген. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев саяси реформаларды жүзеге асыру жолындағы асығыстыққа өзінің қарсы екендігін үнемі ескерте отырып, саяси реформаларды іске асыру кезінде көп этностық қоғамда рухани келісім мен тұрақтылықты сақтап қалу қажет екендігін түсіндіреді. «Мен эвалюциялық дамудың, яғни қоғамды бірте-бірте, обьективті жағынан даярланған реформалаудың жақтаушысымын» - дейді Н.Назарбаев. Дербес дамудың өткен 20 жылында Қазақстан өзінің ұлттық мүделерін, сыртқы саяси бағдарлары мен іс-әрекеттерінің және ішкі саяси бағдарламасын белгілей алды.

Содержание

Кіріспе
І Жергілікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
1.1. Жергілікті басқарудың мәні мен маңыздылығы
1.2. Жергілікті өзін өзі басқару қызметтері және оны ұйымдастырудың принциптері
1.3. Жергілікті өзін өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі
ІІ Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару және дамуы
2.1. Қазақстан республикасындағы жергіліктік өзін өзі басқарудың қазіргі жағдайы
2.2. Ақтөбе облысының жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері
ІІІ Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен мәселелері оны шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Жергиликти баскару.doc

— 171.50 Кб (Скачать документ)

Қорытынды

     Басқару – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданады, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейтін болғандықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару – процесс  ретінде  жалпылама ортаға ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни табиғатта (өндірістік құралдар мен заттарын арттыруда) тірі табиғатта (биологиялық жүйелерде) және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде әлеуметтік – экономикалық жүйелерде объективті түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар менеджмент басқару процесіне объективті түрде қатыса отыырп, өзінің қалыптасуы мен барысында қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Орталық есебінде басқару әрекетінде әрбір территориялық ерекшелігін барынша ескеру, жергілікті экономикалық дамуы мен жасауын реттеуді қалыпты орынға қою талап етіледі.

      Жергілікті  өзін - өзі басқару органдары өздерінің  билік (компотенция) шегінде шешім  қабылдайды, ол шешімді сол территорияда тұратын азаматтар орындауға міндетті.

      Қазақстан Республикасының жергілікті және өзін - өзі басқару мемлекеттік басқарудың обьектісі бола отырып, өзін - өзі  басқару функциясын кеңейте отырып, мемлекеттік билікті қалаларда, аудандарда, ауылдарда жүргізу құқығына ие болды. Облыстағы барлық әлеуметтік – экономикалық процестерді тиімді басқару үшін оның экономикалық – географиялық жағдайын, оның шекарасын, табиғат жағдайы мен ресурстарын барлық демографиялық прцесстерін басқаруы тиіс.

     Посткеңестік  елдерде орталықсыздандыру процесі басқа тұрақты демократиялық жүйе қалыптасқан мемлекеттердегі үрдістерден мүлде өзгеше өтуде. Бұрынғы социалистік мемлекеттерде жүйелі орталықсыздандыру жалпы саяси жүйені құрумен қатар өтіп жатыр. Яғни орталықсыздандыруға ешқандай уақытпен қалыптасқан әдіс-тәсілдік негіз жоқ, басқаша айтқанда, тәжірибенің жетіспеушілігі анық. Бұндай негіз көбінде орталықтанған мемлекет кезінде пайда болуы тиіс. Қазақстан Республикасында да орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқару процестері тежелу себебінің бірі осы.

     Екіншіден, өзін өзі басқару, биліктің бөлінуінің қажетті (яғни демократиялық) формасын іске асыру тамырын он жылдап қалыптасқан  адамның ойлау қасиетінен іздеу  қажет. Алдыңғы жүйеден мұра болып  жалғасып келе жатқан саяси сана қоғамдық еркіндікті қолдануда қиындықтар туғызады. Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік  құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару негіздері  Алматы, 2003 Оқулық
  2. Ж. Ихданов Экономиканы мемлекеттік басқару Алматы, 2007 Оқу құралы
  3. Қазақстанның мемлекеттік кезеңдері  Алматы, 2002
  4. Экономикалық саясат және басқару  Алматы, 2002
  5. Г. Смағұлова Аймақтық экономиканы басқару мәселелері  Алматы, 2005
  6. Т. Нұрпейісов Қазақстан мемлекеті Алматы, 2001
  7. Е. Баянов Мемлекеттік және құқық негіздері  Алматы, 2005
  8. Оқулық «Қазақстан Республикасының мемлекті мен құқығының негіздері» Алматы 2007
  9. А.Төкіжан «Мемлекет және құқық теориясы»  Алматы, 2007
  10. В.Уворов «Теория Государственного управления» 2006
  11. "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы / Егемен Қазақстан, 19.03.2004ж
  12. Хайдар А., "Жергілікті басқару жүйесінің күшті және әлсіз жақтары", "Саясат және парасат", №2, 2009ж
  13. Нүкенов А.: "Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері". "Саясат" №7., 2008
  14. Л. Аймағанбетова «Жергілікті басқарудың модельдері мен басқарылу негіздері»  Саясат  № 5  2009
  15. Экономика негіздері // Жергілікті басқарудың қазіргі сипаты / №7  2010
 
 
 

Қосымша

Ведомствоаралық өзара әрекеттестік 

Ведомствоаралық өзара іс-әрекетті талап ететін міндеттерге қол жеткізу үшін  көрсеткіштер Ведомствоаралық өзара іс-әрекетті жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме Ведомствоаралық өзара байланысты орнату үшін көзделінетін шаралар
1 2 3
1 Стратегиялық бағыт. Қалалық атқарушы органдар қызметін тиімді үйлестіру жолымен Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының қызметі мен жұмысын мүлтіксіз дәрежеге жеткізу
1.1. мақсат. Қалалық мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтердің сапасын көтеру
1.1.1. міндет. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу және енгізу
Қалалық мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне тұтынушылардың қанағаттануы 1.Мемлекеттік қызметтер көрсететін қалалық мемлекеттік мекемелер Мемлекеттік қызметтер  сапасы көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есеп, тексерулер.
2. Қала әкімі аппаратының мемлекеттер қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімі Қаулылар, өкімдер, мемлекеттік қызметтер сапасы көрсеткіштері  бойынша есеп, тексерулер.
1.2. Мақсат. Қаладағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
1.2.1. Міндет. Өмірлік маңызы бар объектілердің тұрақты жұмысы және халықты төтенше жағдайлардан дер кезінде қорғау
Қаладағы  төтенше жағдайлардың алдын алу  және жою
  1. Ақтөбе облысының ТЖ департаменті
  2. Ақтөбе қаласы бойынша ТЖ басқармасы
  3. Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы
  4. Қалалық қызметтер
Жоспарлар, өкімдер, қаулылар, хат-хабарлар.
 

Тәуекелдерді  басқару 

 
Мүмкін  болатын тәуекелдің атауы
Тәуекелдерді  басқару жөніндегі шаралар алмаған жағдайда болуы мүмкін салдарлар Тәуекелдерді  басқару жөніндегі 

іс-шаралар

  1 2 3
Сыртқы  тәуекелдер
       
Ішкі  тәуекелдер
Білікті аппарат қызметкерлерінің қолайлы  жағдай жасалған (жоғарғы еңбекақы, қолайлы еңбек жағдайы, нормаланған  жұмыс кестесі және т.б.) ұйымдарға ауысулары «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ кәсіптік мүмкіндіктерінің төмендеуі.

Атқарушы  биліктің беделінің және имиджінің  нашарлауы.

Әрбір қызметкердің  жұмыс  тиімділігін әрі қарай  жетілдіруге ықпал ететін қолайлы  еңбек жағдайын жасау.

Жалақыны көтеру.

Аппарат қызметінің қалыпты жұмысына кедергі  келтіруі мүмкін аппараттың лауазымды  тұлғаларының, сондай-ақ басқа да мемлекеттік  органдардың сыбайлас жемқорлыққа  жол беруі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі  «Сыбайлас жемқорлық туралы» заңы аясындағы іс-шаралар.
 
 
1.2. Мақсат. Қаладағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
1.2.1. Міндет. Өмірлік маңызы бар объектілердің тұрақты жұмысы және халықты төтенше жағдайлардан дер кезінде қорғау
Қаладағы  төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
  1. Ақтөбе облысының ТЖ департаменті
  2. Ақтөбе қаласы бойынша ТЖ басқармасы
  3. Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы
  4. Қалалық қызметтер
Жоспарлар, өкімдер, қаулылар, хат-хабарлар.
 

Тәуекелдерді  басқару 

 
Мүмкін  болатын тәуекелдің атауы
Тәуекелдерді  басқару жөніндегі шаралар алмаған  жағдайда болуы мүмкін салдарлар Тәуекелдерді  басқару жөніндегі 

іс-шаралар

  1 2 3
Сыртқы  тәуекелдер
       
Ішкі тәуекелдер
Білікті аппарат қызметкерлерінің қолайлы  жағдай жасалған (жоғарғы еңбекақы, қолайлы еңбек жағдайы, нормаланған  жұмыс кестесі және т.б.) ұйымдарға  ауысулары «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ кәсіптік мүмкіндіктерінің төмендеуі.

Атқарушы  биліктің беделінің және имиджінің нашарлауы.

Әрбір қызметкердің  жұмыс  тиімділігін әрі қарай  жетілдіруге ықпал ететін қолайлы  еңбек жағдайын жасау.

Жалақыны көтеру.

Аппарат қызметінің қалыпты жұмысына кедергі  келтіруі мүмкін аппараттың лауазымды  тұлғаларының, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа жол беруі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі  «Сыбайлас жемқорлық туралы» заңы аясындағы іс-шаралар.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен мәселелері оны шешу жолдары