Сущность налога и его образование

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 10:40, курсовая работа

Описание

Салық жүйесі – бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық шарттардың әсерінен сол мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Салықтық жүйе мемлекеттің заң шығарушы актілеріне сәйкесетін алым-салықтарды өндіріп алу және құрудың нақты әдістерін бекітуімен негізделеді. Салықтық жүйеде ең маңызды элемент болып салық табылады.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................2

1. Салық: мән – мағынасы, жүйесі және оның қалыптасуы
1.1. Салықтың шығу тарихы...............................................................3
1.2. Салықтың экономикалық мәні, маңызы, қызметтері
мен принциптері...................................................................................5
1.3. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы.....9
2. Қазақстан Республикасындағы салық түрлері және
Салық жүйесінің дамуы.
2.1. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жалпы
мемлекеттік және жергілікті салықтар..........................................11
2.2. Қазақстан Республикасы салық реформалары .......................16
2.3.Қазақстан Республикасы салық жүйесінің даму
перспективалары ...............................................................................18

Қорытынды ........................................................................................19

Қолданылған әдебиеттер...................................................................22

Работа состоит из  1 файл

курсовая налог.docx

— 51.11 Кб (Скачать документ)

Мазмұны:

 

 

Кіріспе.............................................................................................................2

                                                                                                               

1. Салық: мән – мағынасы,  жүйесі  және оның қалыптасуы

1.1. Салықтың  шығу тарихы...............................................................3                                                                 

1.2. Салықтың  экономикалық мәні, маңызы, қызметтері

мен принциптері...................................................................................5                                                                               

1.3. Қазақстан  Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы.....9        

 

2. Қазақстан Республикасындағы  салық түрлері және

              Салық жүйесінің дамуы.

2.1. Қазақстан  Республикасы салық жүйесіндегі  жалпы

мемлекеттік  және жергілікті  салықтар..........................................11                                                                           

2.2. Қазақстан  Республикасы салық реформалары  .......................16                              

2.3.Қазақстан  Республикасы салық жүйесінің  даму

перспективалары ...............................................................................18 

                                                                         

Қорытынды ........................................................................................19

                                                                                            

Қолданылған әдебиеттер...................................................................22                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Салық жүйесі – бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық шарттардың әсерінен сол  мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың  өзара байланысы. Салықтық жүйе мемлекеттің  заң шығарушы актілеріне сәйкесетін алым-салықтарды өндіріп алу және құрудың нақты әдістерін бекітуімен негізделеді. Салықтық жүйеде ең маңызды  элемент болып салық табылады. Ел басының 2008 жылғы жолдауында айтқандай : Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру  қажет.Сонымен қатар ең бастысы, экономиканың  шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін  қарастыруы керек. Сондықтан бұл  курстық жұмыс салық жүйесі мен  салық жүйесінің түсінігі, оның қызмет ету жағдайына талдау жасауға  және жетілдірудегі кейбір мәселелерге  арналған.Осыған байланысты бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан  Республикасының қазіргі кездегі  салық жүйесін, оның құрылымын, түрлерін, салық қызметі органдарын бақылау. Сонымен қатар салық жүйесін  жетілдіру жолдарын табу. Курстық  жұмыс екі тараудан тұрады.

Бірінші тарауда: Қазақстан Республикасының  салық жүйесінің теориялық аспектісі  қарастырылған, яғни салықтың шығу тарихы, салықтың экономикалық мәні, маңызы, қызметтері, принциптері және Қазақстан Республикасында  салық жүйесінің қалыптасуы көрсетілген.

Екінші  тарауда: Қазақстан Республикасының  салық жүйесіндегі жалпы мемлекеттік  және жергілікті салықтар сипатталады  және Қазақстан Республикасының  салық жүйесінің дамуы қарастырылады, яғни болған салық реформалары мен  Қазақстандағы салық жүйесінің  даму перспективалары талқыланған. Мақсаты:  салықтың экономикалық мәні және  мазмұнын ашып,  салық  салуды  қалыптастырудың  негізін  қарастыру.

 

 

 

1.Салық: мән  – мағынасы, жүйесі және оның  қалыптасуы.

 

1.1. Салықтың  шығу тарихы

 

 

Салық ұғымы  ғасырлар бойы қалыптасқан. Бүгінгі  таңда кез-келген адамның ең болмағанда салық туралы жалпы түсінігі бар  және оның міндеттілік, ақысыз және қайтарылмайтын, ақшалай (мүліктік) сипатты, мемлекеттің  түсімі, мемлекеттің шығындарын жабуға қажеттілік секілді сипаттаушы белгілерін атай алады

Салықтың  өзінің биографиясы бар: ол бір кездерде пайда болған, ұзаққа созылған уақыт  бойы дамыды, әбден жетілді, ақыр аяғында  өзінің жағдайына да жетті, қаржы-экономикалық және құқықтық құбылыс болып қалыптасты.

Мемлекеттік алым дегеніміз-ол өзінің мүлігінің (ақшалай  және натуралды сипатта) бөлінген немесе өзінің қабілеттерінің бөлігінен мемлекет пайдасына барлық жеке тұлғалардың  беретін сыйы. Басқаша айтқанда, алым-мемлекет мұқтаж ететін белгілі-бір  игіліктерді мемлекет пайдасына  енгізу бойынша тұрғындардың белсенді іс-әрекеттері. Сірә, салық ұғымы  өз бастауын осыдан алады.

Салық мәні туралы түсінікті құруға салық ұғымын төлем ретінде, мемлекет ақша аудару бойынша іс-әрекет ретінде және осы  ақшаға меншік құқығын да аудару ретінде  анықтауға мүмкіндік береді.

Тауар-ақша қатынастарының дамуымен және құнның толық салмақты эквиваленті-ақша пайда  болуымен бұл тауардың әмбебаптығы  белгіленген болатын. Осыған байланысты мемлекет салыққа осы пайдалы  сапаны аударуға әрекет етті. Салықтар ақшалай ақшалай төлемдер деп  атала береді.

Егер  де салық жүйесі құрылу барысында  әр жақ өз көзқарасын жақтаса өзара  түсінушілік болмайды. Салық салуда өзара түсінушіліксіз келісімге  көшу қиын.

Көзқарастардың  осындай парасатты қатынасын  анықтау мақсатында Адам Смит 1776 жылы салық жүйесін құрастырудың төрт ережесін құрған, олардың негізінде, оның ойы бойынша, кез-келген мемлекеттің  салық жүйесі құрылуы тиіс:

  1. мемлекеттің азаматтары мүмкіндігінше үкіметті асырауда өз қабілеттері мен күштерінің мүмкіндігінше қатысуы, оған үлес қосуы тиіс, яғни мемлекеттің қорғауы астында пайдаланып отырған түсіміне байланысты (біркелкілік ережесі)
  2. кез-келген тұлға төлеуі тиіс салық қалай болса солай емес дәл анықталуы тиіс. Салық төлеушіге және кез-келген басқа тұлғаға төлеу мерзімі, төлем нысаны, сомасы белгілі болуы тиіс (анықтық ережесі)
  3. әр салық салық төлеушінің ыңғайына қарай белгілі-бір уақытта және белгілі-бір жолмен алынуы тиіс (ыңғайлылық ережесі)
  4. әр салық салық төлеушінің мемлекет қазынасына қалтасындағы әкелгенінің мүмкіндігінше аз бөлігі алынуыдай жасалынуы тиіс (үнемділік ережесі)

Салықтар  тарихына кішкене экскурс жүргізе  отырып, салықтар өз төлеушілерін  жарлылыққа да апарғанын айтпай кетуге болмайды. Тарихтағы дәлелденген жағдайлар  мемлекеттің салық жүйесінің  даму деңгейі мемлекеттің даму деңгейін көрсететініне куә болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Салықтың  экономикалық мәні, маңызы, қызметтері  мен принциптері.

 

Кез -келген мемлекет белгiлi бiр материалдық-қаржылық базасынсыз өмiр сүре алмайды. Басқаша  айтқанда мемлекет өзiнiң аппаратын  ұстау және жүктелген функцияларын атқару процесiнде туындайтын шығындарды жабу үшiн ақшаны иеленедi. Қажеттi ақшаны шығарылған товарды сату жолымен  алуға болады. Бiрақ мемлекеттiк  қарекет өзiнiң табиғатында товар  түрiндегi жаңа құнды қалыптастырмайтын  басқарушылық қаракетке жатқызылыды. Мемлекет өзiне қажеттi ақшаны табуда көптеген әдiстер қолданады. Бiр жағдайда меншiк  иелерiнiң мемлекетке өз ерiктерiмен  ақшаны беруiнде мемлекеттiк займ әдiсiн қолданса, бiрде- мемлекет өз мүлкiн  қолданудан табыс алса, ал ендi бiрде- мемлекет қандай да бiр товарларды сатушы ретiнде қызмет көрсетулерден төлем  алады. Осындай әдiстердiң бiрi - салық. Әдебиеттерде салықтар және кең мағынады кездеседi.

Кең мағынада, салық- бұл мемлекет табысына алынатын кез- келген ақша қаражаты. Салық мемлекеттің  пайда болуымен қатар пайда болып, оның өмір сүруінің негізі болып табылады.

Тар мағынада салық дегенiмiз, бұл мемлекетпен  белгiленген, оның пайдасына жүргiзiлетiн  және белгiлi бiр талаптарға жауап  беретiн анықталған төлемдердiң алуан  түрлiлiгi түсiндiрiледi. Салық мемлекеттiң  атрибуты.

Салықтың  экономикалық мәні- бұл, олардың мемлекеттің  өзіне жүктелген міндеттері мен  функцияларын орындауы үшін шоғырландыратын  ұлттық табыстың бөлігін ұсынуы.

Салық бiр  мезгiлде материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретiнде  көп қырлы күрделi құбылысы.

Материалдық мағынада салық -бұл белгiленген мерзiм мен бекiтiлген тәртiпте салық төлеушiнiң мемлекетке беруi тиiс анықталған ақша сомасы.

Экономикалық категория ретінде, салық- бұл, бекітілген мөлшерде, келісілген мерзімде және анықталған тәртіпте төлеушіден мемлекетке бір жақты құн қозғалысына негіз болатын ақшалай  қатынастар.

Құқықтық  мағанада, салық- бұл, анықталған мөлшерде, келісілген мерзімде және алдын-ала анықталған тәртіпте тұлғаның мемлекетке ақша сомасын беру міндеттемесін туғызатын мемлекеттік бекітілім.

Сонымен салықтар дегеніміз-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі-бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Салықтар-шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың  мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік  бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы  қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші  субъектілер мен халық табысының  белгілі-бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер  мен халық табысының белгілі-бір  мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар  мемлекеттің құрылуымен бірге пайда  болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әрбір мемлекетте өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу  үшін белгілі-бір мөлшерде қаржы  көздері қажет. Салықтар-мемлекеттің  тұрақты қаржы көзі.

Мемлекет  салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік  ретінде пайдаланады.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың  экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне  тікелей байланысты.

Салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:

  • реттеушілік
  • фискалдық
  • қайта бөлу

Жоғарыда  көрсетілген негізгі функциялармен  қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.

Реттеушілік қызметі-салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына  өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің  ең басты мақсаты-өндірістің дамуына  ықпал ету. Салық түрлері, салық  ставкалары, салық жеңілдіктері, салық  салу әдістері салықты реттеудің  тетіктері болып табылады.

Жоғарыда  көрсетілген салықтық реттеудің  тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды, сонымен қатар  ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды  ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті  дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы  қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше.Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар  кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар  салық төлеушілердің жауапкершілігін  азайтып, өндірістің төмендеуіне және бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің  тиімсіз жағы бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде  мынаны байқауға болады:

а) егер төленетін салық мөлшері салық  төлеуші табысының 50 пайызынан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына  соқтырады;

ә) егер салық мөлшері салық төлеуші  табысының 45-50 пайызы аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;

б) егер салық мөлшері салық төлеуші  табысының 35-40 пайызы мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндіріске  әкеледі;

Салықтың  екінші қызметі-фискалдық немесе бюджеттік  қызметі. Бұл қызмет түрі арқылы мемлекеттің  бюджет кірісі құрылып, салықтардың  қоғамдық міндеті артады. Себебі салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін  топтастырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер  табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің  іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы  арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының  ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 пайыздан көбірек болып отыр. Бұл  экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың  бір айғағы осы.

Мемлекет  мына жоғарыда көрсетілген салықтардың  қызметін пайдалана отырып, еліміздің  салық жүйесін анықтайды. Салық  механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге  ала отырып, салық саясатын анықтайды.

Информация о работе Сущность налога и его образование