Сущность налога и его образование

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 10:40, курсовая работа

Описание

Салық жүйесі – бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық шарттардың әсерінен сол мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Салықтық жүйе мемлекеттің заң шығарушы актілеріне сәйкесетін алым-салықтарды өндіріп алу және құрудың нақты әдістерін бекітуімен негізделеді. Салықтық жүйеде ең маңызды элемент болып салық табылады.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................2

1. Салық: мән – мағынасы, жүйесі және оның қалыптасуы
1.1. Салықтың шығу тарихы...............................................................3
1.2. Салықтың экономикалық мәні, маңызы, қызметтері
мен принциптері...................................................................................5
1.3. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы.....9
2. Қазақстан Республикасындағы салық түрлері және
Салық жүйесінің дамуы.
2.1. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жалпы
мемлекеттік және жергілікті салықтар..........................................11
2.2. Қазақстан Республикасы салық реформалары .......................16
2.3.Қазақстан Республикасы салық жүйесінің даму
перспективалары ...............................................................................18

Қорытынды ........................................................................................19

Қолданылған әдебиеттер...................................................................22

Работа состоит из  1 файл

курсовая налог.docx

— 51.11 Кб (Скачать документ)

Салықтарды  мынадай белгілері бойынша топтастырамыз:

     1.салық салу объектісіне байланысты;

     2.қолдануына қарай; 

     3.салық салу органына байланысты;

     4.экономикалық ерекшелігіне байланысты;

     5.салық салу объектісін бағалау  дәрежесіне байланысты.

Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей  және жанама салықтар болып жіктеледі.

Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей  табысқа немесе мүлікке салынады.

Тікелей салықтарға мыналар жатады:

  • заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
  • мүлік салығы;
  • жер салығы;
  • бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі;
  • көлік құралдарына салынатын салық.

Жанама  салықтар-тікелей емес, жанама түрде  тауар немесе қызмет түрінде тауар  немесе қызмет құны арқылы алынады.

 

Жанама  салықтарға мыналар жатады:

    • қосалқы құнға салынатын салық;
    • акциздер;
    • баж салығы;

Жанама  салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық  енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны  бюджетке сатушы аударады.

Бюджетке  түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар жалпы  және арнайы салықтарға бөлінеді.

Жалпы салықтар бюджетке түскен соң ешқандай дербессіз  жалпы мақсатта жұмсалады.

Жалпы салықтарға жататын салықтар заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер.

 Арнайы  салықтар бюджетке түскен соң  алдын-ала белгіленген міндеттер  бойынша, нақтылы шараларға жұмсалады.  Мысалы: көлік құралдарына салынатын  салық. Бұл салықтар жол қорын  құрауға жұмсалады. 

Салықты алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай  салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.

Жалпы мемлекеттік  салықтарға мына салықтар жатады:

1.заңды және  жеке тұлғалардан алынатын табыс  салығы;

2.қосылған  құнға салынатын салық;

3.акциздер;

4.бағалы  қағаздармен жасалатын операцияларға  салынатын салық;

5.жер қойнауын  пайдаланушылардың арнайы салығы  мен төлемдері.

Жергілікті  салықтар мен алымдардың мынадай  түрлері бар:

1.жер салығы;

2.заңды және  жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын  салық;

3.көлік құралдарына  салынатын салық;

4.кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды  тіркегені үшін алынатын алым;

5.жекелеген  қызмет түрлерімен айналысу құқы  үшін алынатын алымдар;

6.аукционда  сатудан алынатын алым.

Экономикалық  белгісіне қарай салықтар табысқа  салынатын салық және тұтынуға салынатын  салық болып жіктеледі.

Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез-келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың  қатарына мына салықтар салықтар енеді: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, мүлік салығы, жер  салығы.

Ал тұтынуға салынатын салықты салық төлеуші  тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзінің шығынынан  төлейді.

Тұтынуға  алынатын салыққа қосылған құнға  салынатын салық және акциздер жатады.

Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай  салықтар нақтылы және дербес салықтар болып жіктеледі.

Нақтылы салықтар-салық төлеушінің салық  салу объектісінен алынатын табысының  мөлшеріне байланысты емес, яғни салық  төлеушінің мүлкінің сыртқы белгісіне  қарай алынады.

Оларға  жер салығы, мүлік салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға  салынатын салықтар жатады.

Дербес  салықтар салық төлеушінің салық  төлейтін объектісінен алынатын табысының  мөлшеріне байланысты алынады. Оларға заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жатады.

 

 

 

1.3. қазақстан  Республикасында салық жүйесінің  қалыптасуы 

 

Салық жүйесін  мемлекет және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары  мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық  қызметі жиынтығы құрайды.

Салық жүйесі мемлекеттік қаржы көздерін жасақтаудың  ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік  туғызады.

Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 25 желтоқсанда  қабылданған «Қазақстан Республикасындағы  салық жүйесі туралы» Заңды, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың  ең алғашқы бастамасы болып табылады.бұл  еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден  бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі; меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші  субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде  жүргізілуі.

Бұл заң  салық жүйесін құрудың басты  принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып есептеледі.

Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық  және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын  белгіленді.

Қазақстан Республикасының салық  жүйесін құруда ең алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген  Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше.

Дегенмен, өмірге келген әрбір құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер  де бұл заңда тыс қалмаған сияқты. Яғни Қазақстан Республикасының  алғашқы құрылған салық жүйесінде  бірқатар шешуін таппаған мәселелр, кемшіліктер  мен жетіспеушіліктер де аз емес.

Әрине, бұл  кемшіліктердің түрлі себептері  де бар. Басты себеп, ол біз салық  жүйесін құрғанда елімізде жиынтықталған  ғылыми немесе практикалық тәжірибе болған жоқ. Алық қызметі органдары  да, салық төлеушілер де мұндай бастамаға  психологиялық жағынан дайын  еместігі көрінді. Еліміздің алғаш  қабылданған салық жүйесінде  біз жоғарыда айтып кеткен дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық  принциптері сақталмады. Сондықтан  бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен  жауап бнруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы салық жүйесінің өндірісті  дамытуға ешқандай ықпал етпеуі, бюджет кірісін құраудағы өз рөлін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс  немесе пайда емес, керісінше тұтыну болып табылады.

Салық санының  көптігі айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық  жеңілдіктері, салық ставкаларының  бір салық бойынша бірнеше  түрлі болуы, халықаралық салық  салудың негіздерінің тыс қалуы  және кемшіліктер салық жүйесінің  одан әрі қарай реформалаудың  қажет екенін айқын көрсетті. Әрине, бұл өмір талабына сай. Экономиканы  реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін  баршамыз түсінеміз, сондықтан салық  жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі, әрі қарай дамиды.

Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық  реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта негізінен  салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық  салу принципіне сәйкес қызмет етуге  жеткізу көзделген.

Осы концепцияны  іс жүзіне асырудағы бірінші кезең  Қазақстан Республикасы Президентінің 24.04.95 жылы қабылданған Заң күші бар  «салық және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы  болып табылады.

Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші  шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған.

Салық жүйесінің  бір орында өзгеріссіз тұрып қалуы  мүмкін емес. Ел экономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында  қалыптасатын іс-тәжірибелерін талдап-жиынтықтау барысында, салық жүйесі де өзгеріп, дамып, бара-бара жақсара түсуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстан  Республикасындағы салық түрлері  және салық жүйесінің дамуы.    

 

2.1. Қазақстан  Республикасы салық жүйесіндегі  жалпы мемлекеттік және жергілікті  салықтар.

 

Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық. 

Салық төлеушілер салық жылында салық салынатын  табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік  кәсіпорындар, шаруашылық серіктетіктері, өндірістік коперативтер, коммерциялық емес ұйымдар).

Оның  ішінде:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен басқа резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
  • Кәсіпкерлік қызметінен алынған табысы бойынша коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар;

Салық салу объектісі болып салық салынатын  табыс салынады. Салық салынатын  табыс жылдың жиынтық табыс пен  белгіленген шегерістер арасындағы айырма ретінде анықталады.

Салық салынатын  табыс есептелген кезде түсім  басқа да кірістер сондай-ақ шетел  валютасымен шеккен шығын Қазақстан  Респцбликасы Ұлттық банкінің операция жасалған күнгі ресми бағалы бойынша  теңгемен қайта есептеледі.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс  салығы жалпы мемлекеттік салықтар қатарына жатады.

Жеке  тұлғалардан алынатын табыс азаматтардың табысынан алынатын тікелей салық. Салық жылы салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар табыс салығын  төлеушілер болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен  мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар табыс салығын  төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады.

Табыс салығын  салу мақсатымен салық төлеуші жеке тұлғалар резиденттерге және бейрезиденттерге бөлінеді.

Резидент-Қазақстанда  салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез-келген тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойында Қазақстанда жүрген не шетелде  Қазақстан Республикасының қызметінде жүрген жеке тұлға.

Салық төлеушінің бір жеке табысы мен табысты алуға  шыққан шығындардың арасындағы айырма ретінде есептелген табысты табыс  салығын салу объектісі болып  табылады.

Қосылған құнға салынатын салық дегеніміз-тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналысы процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігінің бюджетке аударымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауар импорттау кезінде жасалатын аударым. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құнға салынатын салық салынған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін есептеліп қосылған құнға салынатын салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленуге тиіс төленген қосылған құнға салынатын салық сомасының арасындағы айырма ретінде анықталады.

Салық салынатын  айналым мен салық салынатын  импорт салық салу объектісі болып  табылады.

Қосылған  құнға салынатын салық бойынша  есепте тұрған немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік қызметпен айналысатын  заңды және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

ТМД мемлекеттерінде  шығарылған тауарлар Қазақстанның кеден  аумағындағы еркін айналысқа  қосылған құнға салынатын салықты  төлемей-ақ түседі.

Акциздер өнімнен алынатын жанама салық болып табылады, әрі тауардың бағасына қосылады.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының  аумағында импортталатын, тізбесін Қазақстан Үкіметі бекіткен тауарларға, сондай-ақ ойын бизнесіне акциз салынады. Тауар өндіруші тауарлардың экспортқа  шығарылуын растаған жағдайда экспортқа  шығарылған акцизделетін тауарларға акциз  салынбайды. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық  шарттарда көзделген жағдайлар  бұған кірмейді.

Тауар өндіруші тауарлардың экспортын растау ретінде  кеден декларациясын, сондай-ақ тауармен бірге жіберілген құжаттарды табыс  етеді.

Бюджетке  аударылуға тиіс акциздердің сомасы банк және банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйым төлем тапсырмасы алынған күні тиісті бюджетке аударылады.

Информация о работе Сущность налога и его образование