Сущность налога и его образование

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 10:40, курсовая работа

Описание

Салық жүйесі – бұл әлеуметтік-саяси, экономикалық шарттардың әсерінен сол мемлекетте қалыптасқан жиынтық салықтардың өзара байланысы. Салықтық жүйе мемлекеттің заң шығарушы актілеріне сәйкесетін алым-салықтарды өндіріп алу және құрудың нақты әдістерін бекітуімен негізделеді. Салықтық жүйеде ең маңызды элемент болып салық табылады.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................2

1. Салық: мән – мағынасы, жүйесі және оның қалыптасуы
1.1. Салықтың шығу тарихы...............................................................3
1.2. Салықтың экономикалық мәні, маңызы, қызметтері
мен принциптері...................................................................................5
1.3. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы.....9
2. Қазақстан Республикасындағы салық түрлері және
Салық жүйесінің дамуы.
2.1. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жалпы
мемлекеттік және жергілікті салықтар..........................................11
2.2. Қазақстан Республикасы салық реформалары .......................16
2.3.Қазақстан Республикасы салық жүйесінің даму
перспективалары ...............................................................................18

Қорытынды ........................................................................................19

Қолданылған әдебиеттер...................................................................22

Работа состоит из  1 файл

курсовая налог.docx

— 51.11 Кб (Скачать документ)

Бұл өзгерістерді негізсіз деп айту дұрыс емес. Себебі, мемлекетіміздің экономикасы алға қадам жасаған сайын оның заңдары  да өзіне сай болуы тиіс, сондықтан  да бұл болып жатқан реформалар біздің Республикамыздың дамып келе жатқанының бірден бір себебі.

2001 жылғы  12 маусымдағы қабылданған Қазақстан  Республикасының жаңа «Салық  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы»  салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан  күшіне енеді. Міне, бұл да алға  жасалған үлкен қадам болып  есептеледі.

Жалпы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз, сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі, әрі қарай дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Қазақстан  Республикасы салық жүйесінің  даму перспективалары.

 

Қазақстан Республикасының жаңа «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-II Заңымен қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

2002 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының  1996 жылғы 31 желтоқсандағы №65-I «Мемлекеттік  баж» және Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 24 сәуірдегі №2235 «Салық  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы»  Заңдары күшін жояды, тек бірқатар  баптардың, тармақ және тармақшалардың  ережелері бірнеше жылдар бойы  күшінде болды. Жаңа кодекс  салықты және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерді  белгілеу, енгізу және есептеу  мен төлеу тәртібі жөнінде  билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет  пен салық төлеуші арасындағы  салық міндеттемелерін орындауға  байланысты қатынастарды реттейді. Мысалы, жаңа кодексте потент  негізінде арнаулы салық режимін  мынадай талаптарға сай келетін:

1. жалдамалы  қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2.жеке  кәсіпкерлік нысанындағы қызметті  жүзеге асыратын;

3.жыл  ішінде табысы 1 млн. теңгеден  аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданады.

Бұл енгізілген өзгерістердің бірі болып табылады.

Қазақстан алдыңғы қатарлы елдердің қатарына енуі үшін елдің деңгейі халықаралық  стандарттарға сай келуі тиіс. Соның ішінде салық жүйесінде  үлесі аз емес. Қазақстанның салық  жүйесінің даму болашағында әлі  де толықтырулар болады. Себебі, біздің еліміз әлі де даму жолында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

      А. Смит: « салықтар – оны  төлейтіндерге құлшылықтың нышаны  емес, бостандықтың нышаны»

     Сонымен, салық салу субъектілері Қазақстан Республикасының бюджетінде анықталған мерзімде және көрсетілген мөлшерде салықтық төлемдерді енгізуге міндетті. Бірақ біздің мемлекетте, мемлекеттік құрылыс пен салық жүйесінің реформалану этапында және осы міндеттердің орындалуы әлі де жағдайды жақсартуды қажет етеді. Салықты төлеуден жалтару заңды және заңды емес әдістермен жүзеге асырылады, сондықтан салық жүйесін реформалау жүргізілді және Қазақстан Республикасының  жаңа салық кодексі енгізілді. Салықтық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуді реттейтін заңдық базаны жетілдіруде біздің жағдайға сәйкес келетін шетелдік озық тәжірибелер қолдануда.

Салық жүйесі өндірістік және жалпы экономикалық қарекеттің стимулдарын бұзбауға минимум  ретінде, ал жақсы жағынан ол стимулдарды  нығайту мен қалыптастыруға себебін  тигізу табылады, салық салу жүйесі әлеуметтік әділеттілік идеяларымен  жеткілікті шектеулі байланыс, салық  салу жүйесін қалыптастыруда үлкен  рөлді сол немесе басқа салықтарды анықтаудағы ұйымдастырылған және есеп берудің жеңілдігін ұғыну, оларды жинау тиімділігі жағдайына қызмет етуі керек. Бұл шығындардың белгілі  салықтарды жабу бойынша каналдарды азайту мен жинауға сәйкестендірілетін аз көлемі, салық салудың тұрақтылығын сақтау мүмкіндіктері, яғни сол немесе басқа салықтардың тез өзгеруі  және болмау қажеттілігі.

Салықтар  мен басқа да төлемдер жинау ұлғайып  қана қойған жоқ, олардың түсімінің  құрылымы өзгерді. Қазір көліктен және телекоммуникациядан, агрокешеннен, шағын  бизнестен және т.б. түсетін түсімдердің  үлесі барған сайын артып келеді. Шағын бизнес болса салықтық жүктемесінің елеулі азайғандығына қарамастан, мемлекет қазынасының  35 пайызға өсуін қамтамасыз етті және мұнай секторына қарағанда әлдеқайда тезірек дамып келеді. Біздің елдің экономикасы барлық бағытта серпінді түрде дамып келеді және қолға алынған құрылымдық реформалар да өз жемісін бере бастады.

Қазақстан Республикасының Президентінің  жолдауына тоқталатын болсақ, онда айтылған маңызды тапсырмалардың бірі – жалақыға салынатын салықты  төмендету. Бұл ретте біз салық  салу жүйесін түбегейлі жақсартамыз  – жеке табыс салығының ставкасын  жұмсарту арқылы оны неғұрлым ырықтандырамыз.

Елбасының тағы бір маңызды тапсырмасы –  қосылған құн салығы ставкасын төмендету. Ол кәсіпорын үшін салық жүктемесі  деңгейін төмендетуге орасан мүмкіндік  береді.

          Мемлекеттік бюджет – мемлекетіміздің  экономикалық-әлеуметтік тұрақтылығын  қамтамасыз ете отыра, халқымыздың  әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін  қосады. Ал мемлекеттік бюджеттің  ең негізгі қайнар көзі –  салық, сондықтан да салық жүйесін  жақсарту мемлекетіміздің экономикалық  позициясының берік болуына, еліміздің  гүлденіп-өркендеуіне, алдыңғы қатарлы  мемлекеттердің бірі болып, «Қазақстан-2030»  стратегиясына сай болуына тікелей  ықпалын тигізеді. Арнайы салық режимдерін қолданудың аясын кеңейту мүмкіндігін қарастыру да – Елбасының Үкімет алдына қойған аса жауапты тапсырмаларының бірі. Қазіргі уақытта арнайы жеңілдетілген салық режимі аграрлық секторда қолданылып келеді. Сонымен қатар, арнайы салық режимі шағын бизнес саласына да қолданылып келеді. Ал қазір өзінің өндірген тауарларын жоғары қосылған құнмен сататын ұйымдар үшін, яғни құнының негізгі үлесі жүктемесін жалақы, амортизациялық аударымдар, сондай-ақ таза кіріс құрайтын өнімдерді сататын ұйымдар үшін жеке салық режимін белгілеу жоспарлануда.   

Мемлекет  пен оның тұрғындары арасындағы қазіргі  қаржылық қатынасының негізгі ерекшелігі болып мемлекетпен экономикалық саясат жүргізу барысында мемлекет тікелей экономикаға қатыспайды, экономикалық процестерді реттеуде жанама жолдарды қолдануы, мемлекеттің экономикалық процестерді реттеудің негізгі құралы және салықтардың мемлекеттік кірістердің құрылуының негізгі көзі болуы табылады.

Салықтар  мемлекеттің экономикасын дамытады. Салықтар мемлекеттің ең негізгі  табыс көзі болғандықтан, олардың  қажеттілігі ақиқат.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі осы  он жылдың ішінде әртүрлі сыйға, өзгеріске  ұшырап келбетін өзгертуде. Оны негативті  жағдай деп қарастыруға болмайды. Әрине, әрбір жаңа құбылыстың жетіспеушіліктері, кемшіліктері болады. Олар мемлекет дамыған  сайын көріне бастайды. Сондықтан  салық жүйесі өзгерістер мен толықтыруларды қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

 

    1. ҚР «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Заңы
    2. Ермекбаев Б.Ж  «Жалпы мемлекеттік салықтар» Алматы-Экономика.2008
    3. Налоги в Казахстане. Сборник законодательных и иных нормативно правовых актов. Составили Баймурзиева Р., Анасова Л., Жарылгасимова Г., Алматы-Жеті Жарғы.2008
    4. Худяков А.И. налоговая система Казахстана. Алматы-Баспа.2007
    5. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы. Алматы: Қазақ Университеті, 2010 ж.;
    6. Караваева И.В. Налоговое регулирование рыночной экономики. Учебное пособие для вузов. Москва: Юнити-Дана, 2008 г.;
    7. Налоги. Учебное пособие/ Под редакцией Д.Г. Черника. Москва: Финансы и Статистика, 2000 г.;
    8. Юткина Т.Ф. Налоги и налогообложение. Москва: Инфра-М, 2008;
    9. Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. Общая часть: Учебник- Алматы: « Норма-К»- 2009 г.;
    10. Байдуйсенов А.Д.  Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер// Финансы Казахстана, № 4, 2010г.
    11. Назарбаев Н.Ә. Басты мұрат- халықтың әл-ауқатын арттыру// Орталық Қазақстан, 2009 ж;

 


Информация о работе Сущность налога и его образование