Мен тауелсіз елдін ұрпағымын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2012 в 18:42, реферат

Описание

Декан алдында, стол үстіндегі шыны астында жатқан сабақ кестесіне қарап отырды да:
- Сіздің курс қазір осы дәліздегі 33-аудиторияға жиналады. Бес минуттан кейін сабақ басталады. Өзіңізді студентпін деп есептеп, курсыңызға барып отыра беруіңізге болады, - деді.
Мен деканға рақмет айтып, бас идім де, есікке қарай бұрылдым.

Работа состоит из  1 файл

1 Мен оларды жақсы көрдім.doc

— 172.50 Кб (Скачать документ)

 Бірақ ол  сөз оқытушының кәперіне мүлде  келген жоқ. 

 -        Программа бойынша солай ғой, - деді де, лекциясына кірісті.

 Бөтен ұлттың  адамы болар деген оқытушының қазақша сөйлегеніне, оның үстіне қазақ тілінің өзінен сабақ бере бастағанына таңданған мен оның тілін қабылдағанмен, қазақ де-уге түрін қабылдай алмай біраз отырдым да, ақыры оған да көндіктім.

 Содан соң  өз дәптерімді алдыма қарай тартып, мен де жұртпен ілесе конспект жазуға талаптандым. Бірақ бір ғажабы, қаншахалаптансам да жаза алмадым. Дәптердің дәл орта-сына «Сын есім» деген екі сөзді баттитып қойдым да, төбеден ұрғандай боп тұрып қалдым. Біріншіден, төрт жыл бойы қолыма қалам орнына салмағы сегіз килограмм снаряд ұстап үйренген саусақтарым икемге келетін емес. Екіншіден, бәлкім сол себептен де болар, жаңа ғана өзім жай сөйлейді екен деп ойлаған оқытушының дауыс екпіні тындауға қырсау сияқты боп көрінгенмен, менің әрқайсысы әрең бүгілетін, буындары шөр-шөр, барбиған, жуан саусақтарымның шапшаңдығынан әлде-қайда жылдам болып шықты. Оның үстіне соғыста зеңбірек пен винтовка сияқты жауынгер қарулардың тілін ғана ұғып,-тас төбеңнен төне түсіп, боздай сорғалап келе жатқан мина мен бомбалардың қай жерге көп бұрқ ете қаларын үніне қарай ажыратуды мүлтіксіз білгенмен, мынадай аудиторияда лекция тындаудан мүлде тосырқап, әрі мүкістенген солдат құлағы оқытушының «сын есім... сын есім...» дегеннен басқа сөздерін және ажырата алмады. Маған құсмұрын оқытушының лекцияға кіріскеннен кейінгі шыныдай шыңылдап қалған ликциясы тағы ұнамады. Ол сөйлеген сайын біреу аудитория терезелерінің әйнегін шылдырата сындырып келе жатқан тәрізді немесе аязды күні әлдекім ақ қарды шықырлата басып, қасыңнан өтіп бара жатқан сияқты болды да тұрды. Маған сөзден гөрі сол бір шыңыл көбірек естіле берді.

 Қойшы, қаншама  тырыссам да ештеңе жаза алмайтыныма  көзім жетті. Қауырсындай ғана  жеп-жеңіл қарындашты қағаз бетінде  жорғалату алпамсадай зеңбіректі  ашық позицияға дөңгелетіп алып шығудан ауыр тиді. «Жоқ, бүйтіп босқа қиналмайын, - деп ойладым ішімнен. - Алдымен оқытушының үнін құлағыма сіңісті етейін. Содан соң бірте-бірте лекциясын жазуға да жаттығармын. Осы отырғандардың бәрі лекция тыңдап, конспект жазу шеберлігіне бірден емес, біртіндеп жеткен болар. Ендеше, төрт жыл окопта жатып, соғыс академиясын тауысқан солдаттың бұлармен бірге бейбіт өмір университетін тәмамдауға да шамасы келер әлі».

Осы ойдан кейін  қарындашымды дәптерімнің ортасына қойдым да, бала күнгі әдетім бойынша, сол жақ алақаныммен жағымды таянып, жақсылап тыңдамақ болдым. Тыңдай бастап, қыздардың кесте тоқығандай жыпылдатып, жылдамдата конспект жазып жатқан әсем қолдарына көзім түсті де, тағы да солар туралы ойлап кеткенімді өзім де аңғармай қалдым.

 «Қыздар!  Сендер қандай ғажайып жансыңдар,  шіркін! Жаудырай қадалған қап-қара  көздерің мен жанды еріткен  көмірдей шаштарың, иықтарыңдағы  толқындай тулаған, білектей бұрымдарың  мен сол қос бұрым арасынан  көрінген кіршіксіз аппақ желкелерің  қандай әсем еді сендердің. Өзеннің құба талындай солқылдаған бойларың неткен көркем, апырау. Қыр жігітінің қанын қыздырып, құшақтауға құмартатын қыпша белдерің мынау бұралған! Сендердің сымбаттарынды суреттеуге соғыстан қайтқан солдаттың тілі жетер алар ма ешқашан?!»

 Осындай ойлар  бірінен соң бірі жалғаса береді, жалғаса береді. Ой құшағында  отырған мен қыздардан өзге  дүниенің бәрін де ұмытып кеткен  сияқтымын. 

 «Бұл қыздарды  көріп отырған мен неткен бақыттымын! - деймін тағы да ішімнен. - Соғыс  бойы жауды жеңіп, сендерді көрсем деп имандай арман тұтып едім ішіме. Сыз окопта суық жаңбыр төбеден сорғалап тұрғанда да сендерді ойлағанмын. Ақ қар, көк мұзда жол жағасында жау танкісін тосып, зеңбіректі құрып қойып, шұңқырдың төбесіне плащ-палатка тұтып, тісім тісіме тимей сақылдап, тоңып отырғанда да сендер жүрегімде жатқансыңдар, қыздар. Жаяу жорықта жан қиналып, күндіз жау самолеттерінін төбеден атқылаған оғы шинелімнің етегін шұрқ-шұрқ тескілеп, түнде ұйқы қаумалап, кірпіктеріме қайта-қайта желім жағып, буындарымды босатып, мазамды алып, есім шығып келе жатқанда да сендер менің ойымнан кетпегенсіндер, арулар. Сол күндердің, сол айлардың, жылдардың бәрінде де мен сендерді бір минут та есімнен шығарған емеспін. Жалғыз менің ғана емес, майдандағы бар жігіттің жүрегінде болдыңдар сендер. Сендерден ауық-ауық хабар алу қандай бақыт еді майдандағы жігіттерге. Әр жауынгер қолына үшкіл хат тиіп, оның сыртындағы өзіне таныс қолдың таңбасын көргенде жел қозғаған жапырақтай дірілдеп, тез оқып шыққанша тағаты қалмай асығатын. Жаңа ғана жаудың жебір танкін жайратып, қираған болаттың беріктігі мен сұстылығын өз бойына, өз өңіне жиып, шымырқанып тұрған қаһарлы солдаттың қыз хатын оқып шыққанда жаны жадырап, қара көзі күлімдеп, бүйрек бетіне алқызыл бояу шабатын. Ақтістері ақсия көрініп, өзгеше бір рақат табатын. Осы бір өңі жұмсарып, жүзі жылып, жүрегі нәзік лүпілге басқан шағында оның көкірегіне өзгеше бір күш құйылатын. Сол сәтте ол бір емес, жаудың бірнеше танкін жалғыз өзі жайратуға әзір болатын. Міне, майдандағы жігіттерді біресе болаттай қатайтып, біресе қорғасындай ерітетін сендер едіндер, сендердің ғажайып хаттарың еді, қыздар. Сендердің «жауды жеңіп қайтыңдар!» деп әр хатта айтатын өмірлерінді орындап, тезірек Берлинге барып, одан соң өздеріңе жетсек деп ынтығушы едік бәріміз. Бір қазақ қызының жүзін көріп, қасында отырсақ арманымыз болмас еді деп аңсайтын едік біз. Енді міне, мен біреуіңнің ғана емес, бір аудитория толы қыздың қасында отырмын. Қандай бақыттымын мен! «Мен бақыттымын!» деп Алатаудың төбесіне шығып айғайлағым келеді қазір. Отан армиясының сапында зұлым жауды жеңгеніме бақыттымын! Сөйтіп, өз еліме оралып келгеніме бақыттымын! Каншама ер-азамат туған жерге жете алмай, туған елдің топырағында өскен қызыл гүлдей қыздардың ақ жүздерін көре алмай, арманда өтті. Олер алдындағы әр солдаттың аузында ең соңғы сөзі әйел аты болды. Біреуі анасын, біреуі жарын, біреуі ғашығын есіне алып, тілі күрмеліп, мәңгіге көз жұмар алдында ақтық күш жиып, солардың есімін атады. Олардың өздеріне деген махаббатының қарызын солдат сол бір ауыз сөзді ұмытпай айтып өтеуге тырысты. Содан кейін Отан сүйгіш, ана сүйгіш, жар сүйгіш солдат жаны мәңгіге тыншықты».

 Осындай ойлар  арынды өзеннің ақжал толқынындай  төпеп, бірін-бірі қуып жөнелді-ай  келіп. Мен өзімде қыздарға  деген осынша мол, нәзік сезімдер  бар екенін бұрын да білетін едім. Сол сезімдердің бүгін университетке түсіп, алғашкы лекцияға қатыскан сәтте-ақ ағыл-тегіл ағылғанына таңдандым. «Қой, мұным болмас. Университетке алынбай жатып аңсарым қызға ауғаны несі? Мен мұнда қызға қырындаймын деп емес, оқу оқимын деп келіп едім ғой. Ендеше қыз туралы ойлаудан тыйылуым керек» деп өзіме өзім тоқтау салмақ та болдым. Бірақ айы, күні жеткен әйелді ауық-ауық қинаған толғақтай әлде бір арылмас мазасыздық менің бойымды билеп, барған сайын бастағы ой ерістеп, ершелене берді.

 «Ұлы Отан соғысында біз жауды қаруымыздың - самолеттің, танктің, артиллерияның құдіретімен жендік, - деп ойладым мен онан әрі. - Сол сияқты алаулаған асыл махаб-баттың күшімен де жеңдік. Біздің жүрегімізде Отанға, анаға, сүйген жарға деген шексіз махаббат болды. Соңғы күш алдыңғының қуатты қозғаушысына айналды да, өлім мен өмірдің арпалысындай айқаста біз жеңіп шықтык. Меніңше, махаббат - дүниедегі барлық күштің көзі, барлық қуаттың бұлақ-бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ. Ендеше, қыздар, махаббаттың мөлдір бастауы - сендерді көргенде қалай тебіренбейін, қалай қуанбайын мен! Кеше өгей Европадан өз Европама жеткенше асығып ем, өз Европам өз Азиямдай қуанышпен қарсы алды мені. Жолдағы ағайын жұрттың жылы жүз, ыстық ықыласы жүрегімді тербеп, ежелден таныс үнді славян сөздері құлағыма тәтті күй боп құйылды. Ал өз Қазақстаныма жеткендегі күйім қандай болды десеңші! Ауызбен айтып жеткізе алмаспын мен оны. Жол бойындағы жадау разъезд, жапырайған қазақ ауылдары қоңырайып алдымнан шыққанда Батыс Европаның салтанатты сарайларынан артық көрдім мен оларды. Үй жанында үймелеп күз тіршілігін жасап жатқан жүдеу жүзді, жалбыр киімді ауыл адамдары көзіме шалынғанда жүрегім елжіреп, еріп қоя берді шайға салған қанттай боп».

Осы кезде «Көнілді бес жүзінші поезд» деп аталатын әскерден қайтқан солдаттар тиелген қызыл вагонды ұзын составтын Қазақстанның шеткі, шағын станцияларының біріне келіп

 тоқтағаны  көз алдыма елестеді. Тәкен деген  жолдасым вагонган қарғып түсті  де, поезға сүт, айран, жұмыртқа  алып шыққан әйелдердің қасына барды одыраңдап.

-        Апалар, амансындар ма, бәріңізге  мың сәлем! - деді ол бас иіп. - Айран бар ма?

-        Бар, шырағым, бар, - десті әйелдер. 

 Жолдасым  бір банка айранды басына бірақ  кетерді. Содан соң түбінде  қалған жұғынын жинап алып, бетіне жақты. Кап-қара жігіттің беті алабажақ боп шыға келді.

-        Мұның не, шырағым, - деді айран  иесі қартаң әйел танданып.

-        Мұным - қуанғаным, апа. Сұрапыл  соғыстан аман келіп, туған  жерге табаным тиіп, сіздей апамның  қолынан айран ішкеніме қуанғаным. Туған елдің дәмін татқаныма қуанғаным, айранның қалғанын бетіме жаққаным - балалық күнім есіме түсіп, еркелегенім, апа. Сізге еркелегенім, Қазақстанға, халқыма еркелегенім.

 Әшейінде  сөзге олақ, кеудесі орден мен  медальға толы, аңқылдақ, батыр жолдасымның сол бір сөзі керемет шешендік болып шықты.

-        Алда, бақыр-ай, елді сағынған екен  ғой, - деп сол жерде әйелдердің  бәрі тегіс жылап жіберді. 

-        Қай жердікісің?

-        Шешең бар ма еді? - деп әркімдер  сұрап та жатыр. 

-        Талдықорған облысыныкімін. Өзіңіздей  келген шүйкедей ғана қара  домалақ шешем бар еді. Соған  асығып келемін, - деді Тәкен кемпірлердің  біріне қарап. 

-        Алда, бақыр-ай.

-        Шешеңнің жүрегі жарылып-ақ кетер-ау  сені көргенде. - Осылай деп әйелдер қолдарындағы бар жұмыртқа, бар сүт, айранын Төкенге ұсынды.

-        Туған жердің дәмін таттым, маған  сол да болады, - деді Тәкен  әйелдердің ұсынғанын алмай. 

 Жұрт оған  қарамады.

-        Жолдастарыңа бер. 

-        Соларға дәм татыр. 

 Төкен бет-аузы айғыз-айғыз болып, әйелдерді вагонға бастап келді.

-        Алындар, жігіттер! Туған ел ырзығы! Алындар!..

-Ішіңдер. 

-        Дәм татындар, - деп жатыр әйелдер. 

 Әйелдер әкелген  тамақтарын бәрімізге тегін беліп  берді. Біреу ақша төлемек болып еді, қартаң ана ренжіп калды:

-        Төрт жыл соғыста аштан өлмеген  біз соғыс біткеннен кейін  өледі деп пе едіндер? Қойыңдар, қарақтарым, ақшаларынды қозғамандар.  Әлде жат жерде жүріп, елдеріңнің  қонақжай салтын ұмытып қалып  па едіндер? 

 Бұл сөзге жауапты тағы да Тәкең берді.

-        Жоқ, апа, ұмытқанымыз жоқ, - деді  ол. - Онда біз мұны халықтың  майданнан жеңіспен келген жігіттерге  шашқан шашуы деп қабылдайық.

-        Е, жөн. 

-        Сөйтіндер, - деп әйелдер разы  боп қалды. Осы кезде біздің поезымыз гудок беріп, ілгері қозғалды.

 Зымырап келе  жатқан поездың есігінен етектегі  елге қарап отырған менің есіме  данышпан Жиренше түсті. Хан  қасында көп жүріп, ел аралап, орда, сарайларда ұзақ-ұзак қонақ  болып, үйіне қайтқан кедей  Жиреншенің сирағы жаман лашығына сыймай, сыртқа шығып жатса керек. Хан ордасындағыдай мамық төсекте емес, лашық ішіне төселген өлең шөптің үстінде рақаттана керіліп жатып, шешен: «Шіркін, менің өз үйім, кең сарайдай бөз үйім» деген екен дейді.

 Мен жолдасымның  бетіне қарадым.

-        Тәкең, үйіңе жетуге асығып  келесің бе? - дедім. 

-        Е, үйіне жетуге кім асықпаушы  еді, - деді ол.

 Мен ауылға  баруға асықпайтынымды, Алматыда  қалып, оқуға түсетінімді айттым.

-        Сенің оқуыңа болады. Ал менің  басыма ешбір оқу қонбайды, - деп ол өз басын жұдырығымен тоқылдатып қойды. - Мен барамын да елдегі бір жақсы қызға құлындай шыңғыртып құрық саламын. Маған одан басқа оқудың керегі жоқ.

 Мен күлдім.

-        Күлме, - деді ол. - Оқуда да жақсы  қыздар көп болады. Аузыңды ашып, босқа қарап жүрмей, сен де солардың бір тәуірін нысанаңа ал.

 «Сөйтіп,  мен кеше ғана эшелоннан түстім, қыздар. Бүгін міне сендердің  орталарыңа келдім. Мен сендердің  ағаңмын, досыңмын, қыздар. Мен сендердің  бәріңді де жақсы көремін!..» 

 Аудитория есігінің сыртынан шылдырлаған қоңырау дауысы естілді. Бірінші лекция бітті. Құсмұрын оқытушы жайлап орнынан тұрып, есікке аяңдады. Әшейінде қоңырау соғылса-ақ ешкідей секендеп, есікке қарай алдымен жүгіретін қыздар сабақ үстінде өзара уәделескендей, ешқайсысы селт етпестен парталарында сіресіп отырып қалды. 
 

3, Оқытушы кеткеннен кейін екеу-екеуден қатар отырған қыздар бір-бірімен кубірлесе күлісті де, командамен бұрылған бір взвод солдаттай болып, тегіс кеуделерін қозғап, жүз-дерін аудиторияның ең артында отырған маған қарай бұрды. Түнде далада машинамен келе жатқаныңызда алдыңыздан жайылып жүрген қоян кездеседі. Қоянды көре сала оған машинаның фарын бағыттай қойса, қашудың орнына ол байғұс: «мені ат!» дегендей болып, артқы екі аяғымен тікиіп, құлағы селтиіп тұра калатын. Машина жарығына бір ілінгеннен кейін қоян сорлыны бір атсаң да, бес атсаң да сол орнынан қозғалмайды. Тек оқ тигенде ғана тұрған жерінде жалп етіп құлай кетеді... Қыздардын бәрі маған қарай бұрылғанда мен де сол қоянға ұқсап, орнымнан апалақтап атып тұрдым. Егер сол сәтте қыздардың бәрі мені көздеп, махаббат мылтығының шүріппесін басып кеп қалған болса, солардың бір-сыпыра бытырасы дәл осы күнге дейін өне бойымда жүрген болар деп ойлаймын. Орнымнан атып тұрғаннан кейін әскери машық бойынша жалма-жан гимнастеркамның етегін төмен қарай тартқылап, қыртысын белбеуге сұққан бармақ ар-қылы кейін қарай сырғыта бастадым.

Информация о работе Мен тауелсіз елдін ұрпағымын