Мен тауелсіз елдін ұрпағымын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2012 в 18:42, реферат

Описание

Декан алдында, стол үстіндегі шыны астында жатқан сабақ кестесіне қарап отырды да:
- Сіздің курс қазір осы дәліздегі 33-аудиторияға жиналады. Бес минуттан кейін сабақ басталады. Өзіңізді студентпін деп есептеп, курсыңызға барып отыра беруіңізге болады, - деді.
Мен деканға рақмет айтып, бас идім де, есікке қарай бұрылдым.

Работа состоит из  1 файл

1 Мен оларды жақсы көрдім.doc

— 172.50 Кб (Скачать документ)

 Ұзын аудиторияға  екі қатар қойылған парталардың  есік пен терезе жақ шетіндегі  қыздар сол бұрылған күйлерінде  қозғалмастан отырып қалды да, ортадағы қыздар орындарынан тұрып, маған қарай аяндады. Өзіме қарай келе жатқан олардың тақтай еденді тық-тық басқан дыбыстарын естігенде жүрегім атақаға шығар алдындағьщай дүрс-дүрс соғып қоя берді.

- Ал, жолдас, сізді  студент болуыңызбен құтгыктаймыз, - деді көмірдей қара шашты, жазық мандай, қызыл шырайлы, күлімкөз қыз менің қасыма келіп. Маған ол сондай сұлу боп көрінді. Бұл жанағы, мен аудитөрияға алғаш кіріп, рұқсат сұрағанда мырс етіп күліп: «Рұқсатты кірмей тұрып сұрамаушы ма еді?» деген қыз болар деп мелш ерледім. Мен: «Рақмет», - деп басымды идім.

 Қыз тағы  да мырс етіп күліп жіберді  де, құттықтау үшін бе, әлде амандасу  үшін бе, маған сүйріктей саусақтарын  созды. Алдымен қолды өзім бермегеніме  екі бетім ду ете қалып, мен  де алақанымды ұсындым. Қыздардың қол ұсынып, амандасқанда алақанын су құятындай шұнқырайта қойып, саусақтарының ұшы жігіттің қолына тиер-тиместен тартып әкететін әдеті емес пе. Мен өзіме төрт жыл соғыстан кейін алғаш ұсынылған қыз қолының алақанын алақаныма төсеп қойып, солдатша құшырлана бір қысармын деп ойлаған едім. Тот басқан темір іспеттес күсті алақаныма қыздың қолы емес, ұстай бер-генде ұша жөнелген торғай қанатының ұшы тигендей болды. Мен бұған мүлде абыржып қалдым. Өйткені солдаттар бірінің қолын бірі қатты қысып амандасады. Олар үшін қол беріп амандасу ләззатының өзі сонда. Бәлкім қыз қолын жаңа маған бермеген шығар, бәлкім ол қайта ұсынатын болар, сонда дұрыстап қысармын деп үміттендім. Бірақ қыз енді қолын қайта беретін белгі танытпады. Менім. білегім жау танкісіне қарай көзделген зеңбірек стволындай серейіп, созылды да қалды. Қайта әкетуді қолайсыз көрдім. Менің осы күйімді аңғарған екінші қыз шапшаң ілгерірек шықты да:

- Ағай, сәлеметсіз  бе, құттықтаймын, - деп қолын берді.  Мен бұл қызға сонша разы болдым. Еиік қабақ, бота көз осынау ақ сары қыз маған барлық қыздардың сұлуы сияқты боп көрінді. Бағанадан қысылып, не істерімді білмей сасқалактап тұрғанмен қыздың қолын қатты қыспай, демеп ұстап, тез босатып жібердім. Мен оның өзімді қолайсыз күйден құтқарғанына қуандым. Бар абыройды жапқан бетімнің бояу жұқпас қоңырлығы болды. Іштей қанша қысылып, қиналсам да өмірі өңімнен белгі білінген емес. Өзімнің дүрдік ерін, жалпақ бет, шойын қаралығымнан өмір бойы осыдан өзге тапқан пайдам да жоқ.

 Тағы да  еден тықылдады. Тізеден келетін  юбкадан шыққан түп-түзу екі  сирак киіктің лағындай қаздандап, қасыма және тақай берді. Үстіне киген ак кофтасы ақ мамықтай үлпілдеген, қаз кеуде, қызыл ерін, аққұба қыз жымиғаны жанынды майдай ерітіп, иіліп келіп, ол қолын берді. Одан соң қос бұрымы жер сызған, биік өкше етігінің аттағанынан аялдағаны көп, балдай шұбатылып, жібектей ширатылған сұрша қыз екі аттам жерге буыны құрығандай былқ-сылқ етіп әрең жетіп, қарлығаш қанат қасын кере, қаймыжықтай жұқа еріндерін жай ғана жыбырлатып, кер маралдай керіліп, ол қолын созды. Оның артынан жасында балалар үйінде тәрбие алып өскендерін таныта шаштарын иықтарына түсіре қидырып, сол әдемі қолаң шаштарын жауырындарын жаба жайып жіберулерінің өзі жігіттің жүрегін бірден бүлк еткізетін қыр мұрын, қыпша бел, бірі нәзік, бірі толықша екі әдемі қыз ақ тістерін жарқырата көрсетіп, бірінен соң бірі амандасты.

 Қойшы, не керек, сөйтіп мен қыздардың жұп-жұмсақ, ып-ыстық қолдарын ауыртып алмайын деп еппен ұстап, бірінің соңынан бірін қыса бердім, қыса бердім. Олардың қолдарын алып жатып, ақырын ұрланып жүздеріне, көздеріне қараймын. Уыздай уылжыған, алмадай албыраған, бүйректей бұлтиған, мамықтай үлпілдеген, үлбіреген беттерді, қарақаттай мөлдіреген қап-қара көздерді, жүрекке жебедей атылған «Катюша-ның» оғына ұқсас ұзын кірпіктерді, жаңа туған жіңішке айдай немесе егіншінің қол орағындай иілген сүйкімді қастарды бірінен соң бірін көріп, елтіп, елжіреп, панорамалы кинода отырғандай басым айналып, жығылып кете жаздап тұрмын. Сол қолыммен партадан қапсыра, мықтап ұстап алмаған болсам, сол сәтте гүрс етіп құлап кетуім де ықтимал еді. Осы мүшкіл күйімде тыныш тұрмай, Жағалбайлы елінен Жайыққа қыз іздеп барған Төлегенді есіме алдым. Ол да осы мен сияқты бір қыздан соң екінші қызды көріп, есі кеткен еді. «Тау басында қарағай, Төлегеннің мінезі болып кетті баладай. Осындай болып әр жерден, он бір қыз өтті сәулетпен, бәрі де қалды жарамай» деп келетін бала күнде қызыға жаттаған қисса жолдары ойыма оралды. Қырық шақты қыздың қасынан өткен Төлегеннің ол күні қандай күйде болғанын білмеймін. Ал өзімнің өн бестей қыздың қолын ұстағанға бір шара қымыз ішкендей мас болғаным аян. Әр қыздың алақаны қолыма келген сайын электр еріткіші тиген қалайыдай балқып, елжіреп бара жаттым. Барған сайын қызуым артып, күйіп кететін сияқтымын. Егер отыз қыздың қолын түгел ұстаған болсам, онда мүлде еріп кеткен болар ма едім, кім білсін. Өзімнің осы күнге дейін аман жүргенім, бәлкім, сол күні аудиториядағы қыздардың бәрінің қолын тегіс ұстамағанымнан да шығар деп ойлаймын кейде.

 Менің бақытыма  қарай алғашқы амандасқан қыз  қайтадан тіл қатты. 

-        Жә, өзгелерің отыра беріндер, - деді ол басқа қыздарға қолын сермеп. - Қалғандарың кейін амандасасыңдар. Қазір басқа шаруа бар.

 Басқалар  күле түсіп, орындарында отырып  қалды. Бірсыпыра қыз мені қоршай  түрегеп тұрды. 

-        Ал, жолдас, сөйлеңіз, - деді әлгі қыз дауысын әндете созып, мен бір оған баяндама жасап беремін деп уәде қылғандай-ақ.

 -        Не сөйле дейсіз? - дедім сәл ыржия түсіп. Бұл арада мен ыржалаңдайтын да ештеңе жоқ еді. Тегі коп қыздың мысы басып, қысылғанымнан сойткен болуым керек. Бұрын бір қыздың бетіне бедірейе қарай алмайтын басым, енді бірнеше қыз өзімді ентелей қоршап алғаннан кейін, сойған қасқырдай боп, ыржиғанымды қайтейін.

-        Қайдан келдіңіз? - деді қызыл  шырайлы қыз көзін ойнақшытып.

-        Германиядан. 

-        Соғыстан қайтқандардың бәрі  Германиядан келеді, иә, қыздар? - деп  қызыл шырайлы қыз достарына  қарай бұрылды. Олар қыздын  мені әзілмен қағытып тұрғанын  сезіп, ақырын ғана жымиысып  қойды. Оны мен де сездім, сондықтан  да жаңағы жауабымды қайта  толықтырып:

-        Берлин түбінен қайттым, - дедім. 

-        Түбі деген қай жер? - деді қыз  мүләйімсіп.

 Қыздар мырс  етісіп қалды. щ 

-        Шпрее деген өзеннің жағасынан, - дедім мен де сәл қысыла  түсіп. - Берлинге тақау жер. 

-        Ә, - деді қыз менің жауабымды түсінген болып.

-        Берлинде болдыңыз ба?

-        Болдым.

-        Рейхстагты көрдіңіз бе?

-        Көрдім.

 Берлинде  болып, Рейхстагты көргенім тергеуші  қызға әсер етті-ау деймін. Берлиннен  келген жігітті бүйтіп әурелемейік деді ме, кім білсін, ол сұрағын саябырлатып, сәл бөгеліп қалды. Ол үндемеген соң басқа қыздар да менен беттерін бұрып, төмен қарасты. Қолға түскен тұтқындай болып, олардың ортасында төмен қарап мен тұрдым.

 Қыз қайта  сұрақ қойды. 

-        Соғыста командир деген болады дейді, рас па?

-        Рас, - дедім мен басымды көтеріп. 

-        Ә-ә-ә, - деді қыз даусын соза  аңқаусып. - Сіз командир болдыңыз  ба?

-        Жоқ, - деп қалдым да артынан: - Иә, болдым, - деп басымды изедім.

 Қыз сықылықтап  күліп жіберді. Оған өзге қыздар күлкісінің күміс сыңғыры қосылды.

-        Жоғыңыз қалай, иә, болдымыңыз  қалай? - деді қыз күлкісін сәл  басып, қара көздерін одан сайын  ойнақтата түсіп. Мен жайымды  айттым.

-        Кіші командир болған едім, - дедім. 

 «Кіші» деген сөзді бекер айтқанымды кеш біліп қалдым. Бірақ «айтқан сөз - атқан оқ» деген. Өкінгенмен оқты кері қайтара алмайсың. Не де болса ақырын күттім. Ақыры былай болып шықты.

 Жазық маңдайы  жарқырап, қыз тұрған жерінен  сәл кейін шегінді де, менің  бұзау бас керзі етікті аяғыма бір, әлі шаш есе қоймаған тықырлау басыма бір қарап, шомбалдау боп біткен тәпелтек бойымды лезде шолып етті.

 Содан соң ол менің бойыма басымнан аяғыма қарай қайтадан көз жүгіртті. Өң бермеген құдай маған құнттап бой да бермеген ғой. Қыз байғұс бейнеттеніп қанша қарағанымен, бәйтерек емес, бір жарым метрден аз-ақ асатын тапал бойға қанша бөгеледі. Жуантық келген жұмыр мойнын бір жағына қарай бұрды да:

      Көрініп тұр, - деді ақырын, бірақ  барлық қыздарға естірте айтты. 

 Әскерде кіші командир, үлкен командир болатынын оның білетін, білмейтіні маған беймәлім. Алайда ол менің кіші командир болдым дегенімді бойымның кішілігіне апарып сайды. Әдейі сөйтті ме, жоқ білмегендіктен солай ойлады ма, оны да аңғара алмадым. Әйтеуір қыздар оның «көрініп тұр» дегеніне ду күліп жіберді. Басымды қайта-қайта сипалап, өзім де күлдім.

-        Қыздар, күлмеңдер, - деді ол түсін  суытқан болып. - Күлкен, анау журналды  алып келші. 

 Гүлдей майысқан  бір қыз оқытушы столының үстінде  жатқан журналды алып келді. Мені тергеуші қыз оны қолына ұстап тұрды да:

-        Мұнда, курста староста болады, білесіз бе? - деді.

 Ішімнен:  «мені тым тақымдап тұрғаның  староста екенсің ғой» 

 деп ойладым да, басымды изедім. Қыз сөзін қайта жалғады.

-        Староста студенттердің бәрін тізімге алады.

 Мен тағы  басымды изедім.

 Қыз енді  маған маңғаздана қарады.

-        Мен староста емеспін. Бірақ  бүгін староста жоқ. Сондықтан  сізді тізімге алу құрметі  маған тиіп отыр. - Осылай деп  ол журналды ашты. - Фамилияңыз  кім? 

-        Есенов.

-        Атыңыз?

-        Ербол. 

 Қыз саусақтары  майысып отырып, журналдың ең  соңына «Есенов Е.» деп жазды  да, қайтадан бетіме қарады.

-        Ербол?.. Сіз соғыста ер болдыңыз  ба?

 Бұл сұраққа  не айтарымды білмей және бөгеліп  қалдым.

-        Жоқ, жұрт қатарлы, - дедім ақырын.

-        Бәсе, кеудеңіз сылдырламайды, - деді  қыз. 

 Мұны да  оның қай мағынада айтқанын  аңғармадым. Кеудеңде орден, медальдарың  жоқ дегені болар деп түйдім. Ал менің орден, медальдарым  жеткілікті болатын. Тек оларды студенттер арасында мақтанған сияқты боп көрінбейін деп таңертең университетке келерде кеудемнен бір-бірлеп ағытып, түскен үйімде қалған зат қапшығымнын ішіне салып кеткенмін. Бірақ кызға дәнеңе демедім.

 Қыз журнал  бетіне үңіліп, тағы да сұрақ қоя бастады. Осы кезде сыртқа шығып кеткен бірен-саран қыздар да аудиторияға қайта кіріп жатты.

-        Қай жылы туғансыз?

-        1922 жылы, - дедім күбірлеп.

-        Қаттырақ айтыныз, - деді  қыз менің  жауабымды ести тұрса да. - Семья  жағдайыңыз қандай - әйеліңіз бар ма?

-        Жоқ. 

-        Сүйген қызыңыз бар ма?

 Мен басымды  шайқадым.

-        Қыздар естіп отырсындар ма? - деді ол жан-жағына қарап. 

 Ешкім үндемеді.

  • Түу, қойсаңшы, Қанипа, - деді осы кезде отырған қыздардың біреуі орнынан тұрып, бізге қарай аяңдап. - Ағайды, соншама әурелегенің не, тергеушідей жауап алып.
 

4,

Ортадан сәл  ғана төмендеу бойы бар, самай тұсы шираты-а бұйраланып тұратын қою  қара шашын ұзын қос бұрым етіп өріп, оны ақ мандайынан жоғарылата басына бірнеше рет орап, екі ұшын тас қылып төбесіне түйіп тастаған, ақ беті таза қолмен аршыған жұмыртқадай кіршіксіз, жасы он сегізге келген талдырмаш қыз мені қоршап тұрған өзге қыздардың арасын қақ жарып етіп, қасыма жақындай берді. Қыздың ғажап сипатын көргенде мен ұялуды ұмытып, оған бақырайып, қадалдым да қалдым. Орасан үлкен де емес, онша кіші де емес дөңгелек қара көздер «тергеуші» қыздың көзіндей ойнақыланбай, көлгірсіп күлімдемей, өзгеше бір пәк, таза тұнықтықпен жаудырай қарайды. Жылы шуақты осы қос көздің арасынан төмен қарай ақ қағазға ақ бояумен тартқан тік сызықтай болып, қыр мұрыны көрінеді. Осы әсем мұрын астындағы таңертеңгі гүлдей бүрсіңкі оймақтай ауыздың «мені кім сүйеді?» дегендей ынтыға үлбірей қалған, боялмаған қызыл еріндері қыз жүрісінің ырғағымен әлде өзі дір еткендей ме, әлде тыныш тұрған мені дір еткізгендей ме, бір белгісіз жайды аңғартты. Лезде сол дірілдің суға лақтырған тастай болып, алысқа, жүрегімнің түбіне қарай шым батып бара жатқаны өзіме ап-айқын боп біліне бастады. Жаныма тақап қалған қыздың аппақ бұғағы мен жұп-жұмыр мойнын көзім шалғанда тамағымның ішінен бір жұмсақ нәрсе қытықтай жөнелгендей және бір сезім пайда болды. Әсіресе, оның оң бетіндегі мойылдай Мөлдіреген мең менің көзімді де, өзімді де магниттей тартып, әкетіп бара жатты. Ақ қыз алдыма келіп тоқтап, қылымсымай, қымсынбай, бейнебір өзінің туған ағасымен сөйлесіп тұрғандай үн қатты.

- Ағай, бұл Қанипа  деген қалжыңбас қыз, - деді ол  мені сұрақтарымен сонша қинаған  қызыл шырайлы, қасқа тіс қызды  иығынан бір сипап қойып. - Бәрімізді күлдіріп, көңілімізді көтеріп отыратын осы. Сіз оған ренжіп қалмаңыз.

 Неге екенін  білмеймін, бұл қыздың дауысын  құбылтпай, бірқалыпты табиғи  биязылықпен өтіне айтқан сөзі  маған бұйрықтан бетер әсер  етті. Жау танкімен жекпе-жек айқасуға  жауапты бұйрық берген командир сөзін тыңдағандай, екі қолымды жамбасыма жапсыра ұстап, тіп-тік бола қалдым да, «құп болады» дегендей ишара жасап, алдымен басымды изеп, одан соң еңкейе иілдім. Бұл арадағы екі қимылдың бірі ар-тық: бас изеген соң иілудің қажеті жок еді. Бірақ мен сол сәтте не қажет, не қажет емес екенін біліппін бе, сірө. Содан соң қайтадан кеудемді керіп, бақырайып, бағжиып қызға қарап, оқтау жұтқандай тік-тік боп серейдім де қалдым. Мұным: «Мен сіздің құлыңызбын, айтқаныңызды бұлжытпай орындаймын, тағы не бұйырасыз?» дегенім сияқтанды. Менің бұл тұрысым сылаңдаған әсем аққудың қасында өз-өзінен күжірейіп, одырайып тұрған күркетауықтын қоразын көз алдарына елестетті ме, кім білсін, кейбір қыздар мырс етіп күліп жіберді. Осы кезде бағанағы бүріскен гүл ашылайын дегендей әлпеттанытып келе жатты да, тез тоқгап, сол күйінде қозғалыссыз қалды. Өзге қыздар күлгенмен ақ қыз әсем ернін қытықтай бастаған күлкіні кері қайырып жіберді. Мұнысымен ол барша ұстамды қыздың бетінен еш нәрсені білдіртпейтін, жақсы иә жек көргенін ешқашан аңғартпайтын ең үлкен өнерін танытқан еді. Бірақ ағасының, өзімді айтамын, ол кезде оны аңғарарлық жайы мүлде жоқ болатын.

Информация о работе Мен тауелсіз елдін ұрпағымын