Мен тауелсіз елдін ұрпағымын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2012 в 18:42, реферат

Описание

Декан алдында, стол үстіндегі шыны астында жатқан сабақ кестесіне қарап отырды да:
- Сіздің курс қазір осы дәліздегі 33-аудиторияға жиналады. Бес минуттан кейін сабақ басталады. Өзіңізді студентпін деп есептеп, курсыңызға барып отыра беруіңізге болады, - деді.
Мен деканға рақмет айтып, бас идім де, есікке қарай бұрылдым.

Работа состоит из  1 файл

1 Мен оларды жақсы көрдім.doc

— 172.50 Кб (Скачать документ)

 Біздің жағдай  осы. Бірақ кемпірдің қарсылығына  қарамастан атаканы күшейтіп  жатырмын.

 Сен өзің де сыпайысың ғой. Дегенмен осындайдан сақ бол. Әскердің заңы ауылға жарамайтынын байқап қалдым. Жақсы көрген біреуің болса, маған ұқсап, үркітіп алып жүрме. Ал мен болдым.

 Қанды көйлек  досың Тәкен».

 Хатты оқып, алдымен ішек-сілем қатып, күліп  алдым. Артынан өзімнің алғашқы лекцияда: «Аға сержант Есенов!» деп орнымнан атып тұрып, одан рұқсатсыз отырмаймын деп қалшиып тұрып алғаным есіме түсіп, кірерге тесік таба алмай өз-өзімнен қысылған едім. Дегенмен, әскерден қайтқан адамның бойындағы бұл сияқты сол теліктер келденең жұртқа күлкілілеу көрінгенмен, әскер тәртібінің осылай, сүйекке сіңісті боп, көпке дейін кеңілден кетпегеніне өз басым, бір себептен, өкін-беймін де. Өйткені сүйекке сіңбеген тәрбие - тәрбие емес. Тәртіпті, ынтымақты әскер ғана жауынан жеңілмейді. Меніңше осы күнгі жастар тәрбиесі үлкен үш бөлімнен құралады. Ол: семья, мектеп және әскери өмір. Осы үш тәрбиені өз бойына дұрыс сіңіре алған жас адам - жақсы азамат. Ондай ұрпағы бар Отан - Ұлы Отан, оны ешқашан да жау ала алмайды.

 Жә, мұның өзі бүйректеу әңгіме боп кетті-ау деймін. Енді оны қойып, әлгі аудиторияға қайта оралайын.

 Иә, мен орныма отырғаннан кейін қыз ақырын ғана жымиып, білінер-білінбес етіп, басын шайқады дедім ғой. Онысы Ментайдың мені жазғырғаны ма, әлде жақтағаны ма - аңғарғаным жоқ. Бар байқағаным қыз сыпылдатып, өз дәптеріне тағы да жарты беттей жазып тастаған екен. - Ағай, үш жарым беттей орын қалдырып, міне жерден бастап маған ілесіп жаза беріңіз, - деп Меңтай сол қолының шынашағымен өзі дәптерге енді түсіре бастаған сөйлемді нұсқады. Қыздың шынашағы аяпақ, жұп-жұмыр екен. Одан озыңкы өзге саусақтар әсемдігі, әдемілігімен және жан күйдіреді. «Әттең, мына саусақтарды шөпілдетіп сүйер ме еді, тым болмаса ақырын ғана сыртынан сипар ма еді?!» деп мен кәмпит көрген баладай жұтынып, телмірдім де қалдым. Менің сұқтанып отырғанымды сөзді-ау деймін, қыз дәптерінің шетін басып тұрған есем саусақтарын ақырын ғана жұмып, жұдырығын түйіп алды. Жас баланын жұдырығындай сүйкімді сол бір жұдырықты жұтып қояр ма еді деп, мен оған да қызыға қарадым. Оң қолымен сыпылдата конспект жазып жатқан қыз жаңағы жұмған жұдырығын дәптер шетінде сәл ұстап отырды да, маған сездірмеуге тырысып, сол қолын жайлап тартып алып, төмен түсірді. Алақанымен сипалап, партаның қуысынан бірдеңе іздеген сияқтанды. Онысы менің көзімді тайдыру үшін жасаған қулығы-ау деймін. Өйткені сия сорғыш іздеді ме дейін десем, онысы дәптерінің үстінде, оң қолының астын-да жатыр.

 Бір минут  қана осы арада бір көлденең  әңгімеге тоқтай кетейін. Лекция  жазып отырған кезде көл терлейтінін, ал қағаздың тер тиген жеріне сия жайылып кететінін, өйтпес үшін оң қолдың астына сия сорғыш не бір басқа қағаз төсеп отыру керектігін мен кейін Меңтайдан үйрендім. Меңтай үйреткен осы әдіс маған өмірлік айнымас әдет болып кетті. Күні бүгінгі үйде, иә кеңседе отырып газетке мақала немесе очерк жазғанымда бір бет ақ қағазды алып, ортасынан бүктеймін де, оң қолымның астына салып, әр жол жазған сайын оны сол студент күнімдегі сияқты төмен қарай сырғытамын да отырамын. Ал аудандарға командировкаға шыққанымда шақтап қойын дәптерімнің ішіне де сондай бөлек қағаз салып аламын. Неге десеңіз, мен жолжазбаларымды қойын дәптерге тек қана сиямен толтырамын. Қарындашқа сенбеймін. Қарындаш тұрақсыз әйел сияқты, жазғаның қазір бадырайып тұрғанымен, біраздан соң із-түзсіз боп өшіп қалады. Иә, кейде сондай қағазды ортасынан бүктеп немесе қойын дәптеріме шақтап кесіп жатқанымда ойыма Меңтай түседі де, жақсы керген жаныңнан үйренген әдет жадыңнан шықпайды екен-ау деп қоямын ішімнен.

Информация о работе Мен тауелсіз елдін ұрпағымын