Мен тауелсіз елдін ұрпағымын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2012 в 18:42, реферат

Описание

Декан алдында, стол үстіндегі шыны астында жатқан сабақ кестесіне қарап отырды да:
- Сіздің курс қазір осы дәліздегі 33-аудиторияға жиналады. Бес минуттан кейін сабақ басталады. Өзіңізді студентпін деп есептеп, курсыңызға барып отыра беруіңізге болады, - деді.
Мен деканға рақмет айтып, бас идім де, есікке қарай бұрылдым.

Работа состоит из  1 файл

1 Мен оларды жақсы көрдім.doc

— 172.50 Кб (Скачать документ)

 Сонымен,  ұзын сөздің қысқасы, жігітке  жұтаң соғыс кезіндегі ауылда  өсіп, сұрапыл шақта бозбаламен  қатар тұруға үйренбегендіктен және олардын қыз алдында өздерін қалай ұстайтындықтарын көрмегендіктен бе, әлде өзінің де мен сияқты қобалақ, қолапайлау ағасы болып, сол есіне түскендіктен бе, білмеймін, қыз менің ат байлайтын ақырдай болып, серейіп қалған қолайсыз күйімді күлкі етпеуге, елемеуге тырысты. Оның орнына бағанадан бері қыздар көзіне күлкінің нысанасы боп тұрған мені бұл жағдайдан тез шығарып әкетуге әрекеттенген сияқтанды. Жаныма одан сайын жанаса кеп тұрды да:

- Қане, ағай, жаңа  лекцияны жаза алдыңыз ба? - деп алдымда беті жабулы жатқан дәптерге қолын созды.

 Бұл бір  неміс қағазынан жасалған қалың  кінағаның жартысы болатын. Германиядан  қайтарда дүниеқоңыз кейбіреулер  дүкеннен дүкен қоймай аралап  жүріп, нәрсе алып, үйлеріне сәлемдеме  - посылкалар жөнелтір жатты. Ал мен халқымыздың «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген қағидасын берік ұстандым да, еш нәрсеге қол созбадым. Маған Отанымның жауын жеңгендігі мен өзімнің аман қалғандығымнан қымбат олжа жоқ еді. Осы оймен Германиядан кеткелі жатқанымда көп айлар қоластымда болған, кейін зеңбірек көздеушісіне жоғарылатылған жауынгер жолдасым - коми жігіті осы қалың кінағаны қаладағы баспаханаға барып, қақ бөлдіріп әкеп, менің зат қапшығыма салды. «Сержант, мұны жау жерінен алған олжам деп емес, менің сізге тартқан сыйлығым деп алыңыз. Еліңізге барып, оқуға түссеңіз, бұл қағаз сізге керек болады» деп етініп болмады. Ал, менің оқуға түсетініме еш күмәнім жоқ еді. Мен бір қызық айтайын сіздерге: өзім соғыста ешқашан да әлемін деп ойлаған емеспін. Соғыстан кейін алдыма қайтсем де журналист болуым керек деген мақсат қойып едім, ол да орындалды. Тегі адам не нәрсеге сеніп, беріле істесе, оның сол ойы орындалып шығатын болар деп ойлаймын. Жоқ, мұның біздің әңгімеге қатысы жоқ. Жай, еске түсіп кеткен соң айтып жатқаным да. Сонымен, қыз менің алдымдағы дәптерді өзіне қарай сырғытып, бірінші бетін ашып қарады. Одан жол ортасына бадырайта жазылған «Сын есім» деген сөзден еңге ештеме таппады да, бас жағын жазып үлгіре алмай, аяқ жағын келесі бетке жазған шығар деп ойлаған болуы керек, ол қағаздан да аппақ сүйрік саусақтарымен дәптердің екінші бетін аударды.

-Бәле, ағай, ештеңе  жазбапсыз ғой, - деді ол келесі  беттін де таза тұрғанын көріп.  Дес берісі қыз маған «Ештеңе  жаза алмапсыз ғой» демей, »жазбапсыз  ғой» деді. Тегі сол сөзінің  өзі менің көңіліме көп қалды деп ойлаған болуы керек, дереу оны және жұмсартуға тырысты. - Ой, ағай, мұндай бола береді. Шүу дегенде осы отырған бәріміз де лекция жаза алмағанбыз. Адам бірте-бірте төселеді. Алдымен әр оқытушының үніне құлақты үйрету керек.

 Осы кезде  дәлізде соғылған қоңырау үні  естілді. Мені қоршап тұрған  өзге қыздар өз орындарына  қарай ойысты. Тек ақ қыз әлденені  ойлағандай ернін жымыра түсіп,  бөгеліп қалды да:

-        Ағай, алға жүріп, менің қасыма  отырыңызшы. Мен сіздің конспект  жазуыңызға көмектесейін, - деді.

 Мен не істерімді, бұл ұсыныска не дерімді білмей, сәл бөгеліп қалдым. Мұным - қыздың бұл сөзді шын ықыласымен айтып, өзіме қиыла қарағаны су қоспаған, таза спиртті жұтқан адамның алдымен тұншыға жаздап барып, дем алғаннан кейін көмейінен томен қарай әлдене ішін өртеп, ақырын жылжып бара жатқанын сезіп, біраз үнсіз отыратыны сияқты бір сәт еді. Бұған дейін бұл қызға бас изеп, сақаудай ыммен жауап бергеннен басқа үн қатып ештеңе дей алмағанмын. Дей алмағаным, оны көргеннен-ақ тіл мен жағымнан айырылдым. Қыздың ақ дидарынан шыққан әлдебір асыл күш менің сөйлеуге тілімді келтірмей, көмекейімді тас қып буып тастаған тәрізденді. Міне, сондықтан бұл жолы да мен қызға ризалығымды ыммен білдіріп, басымды изедім. Осы кездегі оның ризалық, биязылық, сыпайылық, сүйкімділігін көргенде менің жүрегім бұрынғыдан бетер дүбірлеп, дүрсілдеп кетті. Бағанадан бері жүрегімнің лүпілі тыныш тұрған самолет моторының от алдырғандағы алғашқы гүріліне ұқсаса, оның ендігі соғысы сол мотордың стартқа келген самолетті көкке көтерер алдындағы бар қуатымен қалшылдай дірілдеп, самолетті ішіндегі жолаушыларымен қоса теңселте қозғап, тітіретіп жіберер сәтіне пара-пар болды.

Қойшы, не керек, лезде-ақ мен мұрнын тескен тайлақтай  елпеңдеп, қыздың соңына ілесіп, аудиторияның алдыңғы жағына қарай аяңдадым. Жоқ, сол сәтте ол қыз менің тек мұр-нымды ғана емес, жүрегімнің өзін қоса тесіп, бұйдалап алыпты ғой. Кім білген, қыз шіркіндердің бар істі осылай, үндемей тындыратынын.

 Ақ қыздың  орны есік жақтағы екінші партаның  оң қанатында екен. Мен жақындай бергенде сол жағында отырған қызға былай деп жатты:

 -        Қанипа, сен артқа барып отыршы. Мен ағайды қасыма алып, конспект жазуына көмектесейін.

-        Іһ-һі! - деді Қанипа біреу оны  ынқ еткізіп бүйірден қойып  қалғандай, даусына мән бере және қаттырақ шығарып. Жақынырақ отырған қыздар оның «іһ-һісіне!» елең етіп, мән бере қалды. Тек ақ қыз ғана оны елемеген сияқтанды.

-        Немесе мен орнымды берейін,  ағайға сен көмектес. Жаңа келген, әлі үйренбеген кісіге алыста  отырып лекция тыңдау қиын ғой, - деді ол өзінің сабырлы қалпымен.

 Жолдасына  тағы бірдене демек боп оқтала  берген қызыл шырайлы қыз сәл  бір йіп мен қасына келіп  қалғаннан кейін жалт етіп  бетіме қарады да, ақырын ғана  жымиып:

-        Қазір, қазір, - деп қағазын жинай бастады. - Әй, Меңтай-ай, жаңа ғана бұл жігіттен жауап алып, беделім күшейіп қалып еді. Абыройымды айрандай төктің-ау. Тым болмаса ертең ауысып отыратын едік қой.

 Маған қамқоршы  қыздың аты Меңтай екенін мен  енді ғана білдім. Аудиторияда  алғаш естіген аттарымды ұмытып қалмау үшін «Қанипа, Меңтай!.. Қанипа, Меңтай!..» деп өлең жаттағандай, күбірлец», ішімнен бірнеше рет қайталай бердім.

-        Ағай жауды тезірек жеңіп, оқуға  келсем, біз сияқты қарындастарының  қасында отырсам деп талай  арман еткен шығар. Сөйтіп келген кісіні ең түкпірге шошайтып жалғыз отырғызып қойғанымыз ұят емес пе?

 Ментайдың  бұл сөзі жаныма жағып кетті-ау  деймін, мен: 

-        Иә, иә, төрт жыл арман еттік  кой, - деп ыржалактап, басымды изей  бердім. Меңтай сөзінен жеңілген Қанипа басқа еді дау айта алмады. Тіпті ерніне келген өткір әзіл сөздерінен де айырылып қалды-ау деймін. Сасқалақтай орнынан тұрып:

-        Ғапу етіңіз, отырыңыз, - деп маған  тағы бір жымия қарап, жалт  өткізе көз тастады да, қағаздарын  құшақтап артқы партаға қарай кетті.

-        Қанипа, қайда барасың? - деді қыздар  әзілдеп. 

-        Эвакуация, тылға көшіп барамын, - деді ол да күле жа-уап беріп. 

 Мен оның орнына отыра беріп, Меңтай ойының зеректігіне таң қалдым. Меңтайдың жаңағы айтқан: «Ағай жауды тезірек жеңіп, оқуға келсем, біз сияқты қарындастарының қасында отырсам деп талай арман еткен шығар» дегені, оның алдында айтқан - алыста отырып лекция тындау ауыр екендігі, алдымен оқытушының үніне құлақты үйрету қажеттігі туралы пікірлері - бәрі-бәрі менің ойым. Сонда осы қыз алдыңғы лекцияда ештеңе жазбай, өлдебір әдіспен тек қана менің ойымды тындап отырғаннан сау ма екен өзі деп, оған қымсына қарап қойдым. Қыз жай ғана жымиып, парта қуысындағы дәптерін, сиясауытын, қаламын бір-бірлеп шығарып, жайлап алдына қоя бастады. Оның парта үстіне қойған дәптерінің мұқабасындағы жазуға көзім түсті. Онда былай деп жазылған екен: «Қазақ тілі

 Қазақ Мемлекеттік  универсигеті тарих-филология факультетінің  II курс студенті 

 Ербосынова М.»

 Мен Меңтайдың  фамилиясынын Ербосынова екенін осы арада білдім. Ол дәптерінің беттерін парактап ашқанда өткен лекциядан маржандай тізілген айқын әріптермен шақпақ жолды үш бетке толтыра конспект жазып алғанын көрдім. «Бәсе, ішіндегіні біреу қайдан білсін, - деп ойладым тағы да. - Өзінің зеректігімен мен ойлаған ойдың үстінен түсіп жатқан шығар. Дегенмен, бұл қыздың аузынан шыққан қарапайым сөздердің өзі мені сары алтынның буындай балқытып бара жатқаны тегі оның әң сұлулығынан ғана емес, осы ой зеректігінен де болар».

 Қазақ тілінің оқытушысы біраз кешігіңкіреп келіп, сабағын жалғастырды. Жақыннан қарағанда ол құсмұрындығының үстіне мүлде шүңірек көз кісі екен. Менің алыста оты-рып, оны бүркітке ұқсатқаным тіпті дұрыс болыпты.

 Сабағын бастай  бере ол екінші партада жапалақтай  жарбиып отырған маған көз тоқтатты.

-        Сіз қайдан келдіңіз, аты-жөніңіз  кім? - деді оқытушы маған. 

 Партаны салдыр-күлдір  еткізіп, мен орнымнан атып  тұрдым. Керзі етіктің екі басы, бірімен-бірі сүзіскен бұзаудай  болып, сарт ете қалды. Оң  қолымды шошаң өткізіп жоғары көтере бердім де, жалаң бас тұрғаным есіме түсіп, жалма-жан жамбасыма жапсыра қойдым. Бағанадан бері оқытушының аты-жөнін де сұрамаппын,. не де болса деп, бұрынғыша тарта бердім.

-        Жолдас оқытушы, алдыңызда тұрған - аға сержант Есенов Ербол. Демобилизациямен әскерден қайтып, университетке оқуға келдім.

 Қыздардың  бәрі қыран күлкі болды. Оқытушы  да күліп жатыр. Тек Меңтай  ғана дыбыс шығармай, езу тартты. Онысын да тез тыя қойып,  маған қарай жақындаңқырап: 

-        Ағай, сержант емес, студент деп айтыңыз, - деді.

 Жұрт осыған  күлген екен ғой дедім де, шапшаң  қатемді 

 түзетпек  болып, қыздардың күлкісі тоқтала  бергенде:

-        То есть студент Есенов Ерболмын, - дедім ыржиып.

 Қыздар бұрынғыдан  бетер сақылдап күлсін. Күлсе  күле берсін. Қыздардың күлкісі маған майдай жағады. Өйткені ол немістердің алты стволды минометінің абалап келіп, айналаға ажал шаша, алды-артымда жарылып жатқан миналары емес. Мен қазір тірі дүниенің тозағынан шығып, пейішке келіп тұрғандаймын. Сондықган осынау хор қыздарына қосылып, өзім де еріксіз күлемін.

 Бір кезде  күлкі басылды. Оқытушы оң жағына  бұрылың-қырап, қалтасынан орамалын  алып, көзін сүртті. Тегі мен орнына  отырды ма деп ойлады ма, әлде  маған қарасам, күліп 

 қоярмын деді  ме, білмеймін, оқытушы сол қырын қараған күйі сабағын бастады.

 Ал мен  отырғаным жоқ. Отырмағаным, әскерде  ондай тәртіп жоқ. Шені кіші  адамдар аға командир рұқсат  еткенде ғана орнына отырады.  Бұл жерде оқытушы аға командир  есебінде. Ендеше мен ол «отыр»  демей, орныма жайғасуға тиісті емеспін. Өстіп, өзімнің тәртіптілігімді танытпақ боп қалшиып тұрмын. Меңтай маған сыбырлап: «Отырыңыз», - дейді. Тәртіпті солдат қалай отырды? Ал мен оқытушының әскерде болмағанын, әскер тәртібінің иісі мұрнына да бармайтынын қайдан білейін. Мен одан сайын екі жамбасымды қаттырақ қысып, сіресе түсемін.

 Қыздар күлкіге  булығып, тағы сықылықтай бастады.  Тіпті болмаған соң Меңтай  мені гимнастеркамның етегінен  тартып, өзіне қаратты да: «Отырыңыз», - деп жалынғандай болды. Мен  қыздың көңілін қимай, отырайын деп ойладым да, оқытушыға қайта қарадым. Ол алдындағы конспектісіне үңіліп, сын есім туралы лекциясын төпелеп жатыр, мен жаққа ақы берсең бұрылатын емес. Бірінші рет әскер тәртібін бұзып, амалсыздан отыруыма тура келді. Рұқсатсыз отырғаныма, бейне бір намазым қаза болған молдадай ішімнен бұрқылдап, құсмұрын оқытушыны кіналадым. Дегенмен ол мен жаққа бұрыла қалса, тез орнымнан атып тұруға және әзір болдым. Осы кезде ол көзін менен асырып, арт жаққа қарады. Оқытушы маған назар аударған екен деп, елбең етіп, ұшып тұра жаздадым. Менің мұныма Меңтай амалсыз жымиып, ақырын ғана бас шайқады.

 Әскерде сүйекке  сіңіп кеткен тәртіпке байланысты  осы қылығымнан мен кейін қатты  ұялып жүрдім. Оған мынандай тағы  бір себеп те болды. Сол күннен  кейін іле-шала Тәкен-нен хат алғамын. Ол былай деп жазған екен.

 «Ербол, аманбысың?  Оқуға түскеніңе қуанып жатырмын. Сенің түсетінінді білгенмін.  Мен де аманмын. Өзім келген  күннің ертеңінде-ақ бір асауға  бұғалықты тастап кеп жі-бергенмін.  Бірақ әлі құлағына қолым тиген  жоқ. Ноқтаны ыңғайлап ұстап, жалын сипалап, жақындап келемін. Әлдеқашан-ақтұқыртып алатын едім, өзімнен болды. Өйткені, келген күні мен оның шешесін өлтіріп ала жаздаппын.

 Әңгіме былай.  Ауылдың үлкен-кішісі біздің үйге, маған сәлемдесуге келіп жатты.  Мен де оларға әскери тәртіппен ізет көрсеттім. Келгендер не қолымды алмақ болып, не бетімнен сүюге ыңғайланып, төрде отырған маған қарай ұмтылады. Мен орнымнан атып тұрамын да, он қолымды сарт еткізіп шекеме көтеріп:

- Здравия желаю,  старший сержант Майшанов, - дегі қатты айқайлап, қаққан қазықтай боп, бажырая қаламын. Міне, осыған соғыс көрмеген сужүрек екі-үш жаман кемпір шалқаларынан түсе жаздап, талып қалған болатын. Жұрт олардың бетіне су бүркіп жатқанда мен: «Әкетіңдер, әкетіндер, санротаға апарыңдар» деймін ғой баяғы. Өйткені маған сәлемдесуге басқа жұрт та келеді. Кемпірлерді төрге серейтіп салып қойып отырайын ба сол. Құдай ұрғанда жаңағы талып қалған кемпірлердің бірі мен жақсы көрген қыздың шешесі болып шықпасы бар ма? «Алыстан ажалдың аузынан қайтқан бала ғой деп, емірене еңкейіп, құшағымды жая бергенімде төрде тып-тыныш отырған алпамсадай жігіт алақ-жұлақ етіп атып тұрды. Кеудесіндегі теңгеліктері диуананың асасындай сыл-дыр-сылдыр қағып, әкесінің атына әлдебір түсініксіз сөздерді қосып, арс-арс ете қалғанда иманым ұшып, жүрегім жарылып кете жаздады. Мен ондай диуанаға қызымды бермеймін» деп айтады дейді сол кемпір. Диуана деп отырғаны - мен. Тапқан екен диуананы!

Информация о работе Мен тауелсіз елдін ұрпағымын