Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңді дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 20:43, реферат

Описание

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы əлемдік ауқымдағы жəне сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Əлсіз жақтары
мемлекеттік реттеу құрылымында жəне қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды. Қаржы институттарының проблемалары тəуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде жəне қазіргі заманғы үрдістерге жəне қабылданатын тəуекелдер деңгейіне (дəрежесі бойынша, сол сияқты жəне тəуекел сапасы бойынша) сəйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде жəне осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің
тиімсіздігінде пайда болды.

Работа состоит из  1 файл

реферат кукук.doc

— 169.50 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті экономика факультеті «экономика және халықаралық бизнес» кафедрасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңді дамыту

 

 

 

 

 

                                                                                                   Орындаған:_______________________

                                                                                                         Жетекші:___________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

2011 жыл   Қарағанды

 

 

Кіріспе

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы əлемдік ауқымдағы жəне сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Əлсіз жақтары

мемлекеттік реттеу құрылымында жəне қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды. Қаржы институттарының проблемалары тəуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде жəне қазіргі заманғы үрдістерге жəне қабылданатын тəуекелдер деңгейіне (дəрежесі бойынша, сол сияқты жəне тəуекел сапасы бойынша) сəйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде жəне осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің

тиімсіздігінде пайда болды.

Дағдарыстан кейінгі кезеңнің айрықша белгілерінің бірі қаржы секторының анықталған проблемаларын жою қажеттілігі, жіберілген қателерді түзету жəне тұрақты əртараптандырылған өсуді қамтамасыз ету

болып табылады. Егемен Қазақстанның қазіргі заманғы, тұрақты жəне бəсекеге қабілетті қаржы жүйесін құру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Өзінің əлеуетін жоғалтпай, қалыптасып отырған нақты жағдайларды ескере отырып, пысықтау мен жетілдіруді талап ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284

қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы №

90 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

 

Негізгі мақсаттар жəне міндеттер

 

Осы Тұжырымдаманың негізгі мақсаты басқару мен реттеудің сапалы жаңа деңгейіне көшу бөлігінде қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде төмендегілер арқылы дамыту болып табылады:

1) қаржы секторының тұрақтылығын арттыру;

2) ағымдағы қаржы-экономикалық дағдарыс барысында анықталған кемшіліктерге, тұрақсыздық факторларына жəне құбылыстарына жол бермеу бойынша жағдайлар жасау;

3) дағдарыстан кейінгі кезеңде макроэкономикалық шешімдерді іске асыру құралы ретінде инвестициялық белсенділікті ынталандыру;

4) инвесторлар тарапынан, сол сияқты қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылар тарапынан елдің қаржы секторына сенімді нығайту.

Мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдырудағы күш-жігері бірінші кезекте ішкі инвесторларға

бағдарланады. Экономиканың ішкі ресурстары өзінің əлеуетін сақтайды жəне ішкі, оның ішінде көлеңкелі

секторда айналыстағы жинақ ақшаны тез жəне ауқымды тарту жөніндегі құралдарды жедел енгізу қажет.

Сонымен қатар Қазақстанның шағын экономикасына қатысты жағдайларда ресурстардың шектеулілігі шетелдік инвесторлардың қаражаттары мен ресурстарын индустриализациялау бағдарламасын қаржыландыру процесіндегі жоғары маңыздылығын айқындайды.

Бұл үшін мемлекеттің ерте кезеңде жүйелік тəуекелдерді жəне олардың көріністерін анықтау, алдын алу жəне еңсеру қабілеттерін арттыру үшін қадағалау жəне реттеу жүйесін нығайту жөніндегі, қаржы

ресурстарын жұмылдыру мəселелеріндегі мемлекеттің рөлін айқындау жөніндегі, қаржы ұйымдары жүзеге асыратын қызметтің айқындылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер іске асырылады. Сонымен қатар

инвесторларды жəне қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушыларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндег  рəсімдер жетілдіріледі. Корпоративтік басқару жəне қаржы ұйымдарының тəуекел-менеджменті одан əрі

дамиды.

Қазақстанның қаржы секторын дағдарыстан кейін дамытудың бірінші кезектегі міндеттері ел экономикасын дамытуды қаржыландырудың негізгі тетігі ретінде мемлекеттік-жеке əріптестік институтын пайдалану, сондай-ақ қаржы секторын реттеу мен қадағалаудың негізгі қағидаты ретінде контрциклдық қағидатты пайдалану болады.

Осы Тұжырымдамада салық жəне бюджеттік қатынастарды қоса алғанда, Қазақстанның бүкіл қаржы жүйесін дамыту мəселелері қаржы секторын дамыту тұрғысынан ғана қарастырылады. Назарды қаржы

секторына жəне қаржы институттарына ауыстыру салық-бюджет қатынастарының тұжырымдамалық құжаттары (Салық жəне Бюджет кодекстері) жақында ғана қолданысқа енгізіліп, олардың экономикалық

əсерін бағалау күрделі болған жағдайда өзін-өзі ақтады.

 

1-бөлім. Мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдыру

мəселелеріндегі рөлін айқындау

1.1.           Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі

 

Көптеген елдердің экономикалық тəжірибесі экономиканы мемлекеттік реттеудің бəсекелестіктің нарықтық тетіктері мен жеке кəсіпкерлік бастаманы мақсатқа сай қатар қолдану шараларының

артықшылығын растап отыр. Осыған байланысты экономиканы шоғырландырылған негізде мемлекеттік жоспарлау мен ынталандырудың рөлі артады. Сонымен қатар, еркін нарықтың бəсекелестік, жеке меншікке

қол сұқпау жəне іскерлік бастаманы қолдау сияқты базалық қағидаттары тұрақты болып қалады, ал жеке сектордың тиімді қызметі ынталандырылады. Ішкі ресурстарды жұмылдыру жөніндегі міндетті шешу үшін

республиканың қаржы секторына деген сенімді қалпына келтіру басым бағыт болады. Бұл ретте қаржылық қызмет көрсетулер аясын кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мемлекеттің əлеуметтік саладағы міндеттемелерін қысқарту жəне институционалдық инвесторлардың ерекше сыныбын құру бойынша мемлекеттің алғашқы қадамы

болды.

Бүкіл əлеуметтік қамсыздандыру жүйесін реформалаудың қисынды жалғасы халықтың əртүрлі топтарын (мүгедектерді, біреудің асырауында тұратын адамдарды, жұмыссыздарды жəне тағы басқалары)

жəне медициналық қамсыздандыруды толық мемлекеттік қолдау қағидаттарынан одан əрі əлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесіне тек мемлекеттің жəне жұмыс берушінің қаражаты есебінен ғана емес,

сонымен катар қызметкердің өзінің есебінен көшу болып табылады. Жұмыс берушілердің өндірістің зиянды жəне қауіпті түрлерінде міндетті кəсіби жарналар енгізуі мəселесі қаралатын болады. Жинақтаушы зейнетақы, əлеуметтік жəне медициналық қамсыздандыру (сақтандыру) жүйелерін одан

əрі жетілдіру шеңберінде нарықтық қағидаттарды жəне жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларының мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалана отырып əлеуметтік қамсыздандыру

жүйесінің жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Осы жұмыс шеңберінде күш-жігер тек азаматтардың əлеуметтік қорғалуын арттыруға ғана емес, сонымен қатар ел экономикасын ұзақ мерзімді қаржыландыруды

қамтамасыз етуге қабілетті институционалдық инвесторлардың мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталады.

 

1.2. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы

ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары

 

Қазақстан қаржы секторының сыртқы қарыз алуға тəуелді болуының теріс тəжірибесі қаржыландырудың ішкі көздерін тарту жөніндегі жұмысты жандандыруды басым бағыт ретінде айқындайды. Бұл ретте ел ішінде қаржы ресурстарын жұмылдыру жөніндегі жұмыстың жинақталған

тəжірибесі мынадай бағыттар бойынша жетілдіруді талап етеді.

Институционалдық инвесторлардың қаражатын тарту. Мемлекеттік органдар мен кəсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасады, бірінші кезекте мемлекеттік-жеке əріптестік негізінде.

Инфрақұрылымдық кешеннің объектілерін құру Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі болады. Мемлекеттік-жеке əріптестік тетіктерін пайдалану экономиканың

стратегиялық маңызды салаларын түрлендіру процесінің негізгі құрамдас бөлігі болуы тиіс. Əріптестіктің осы түрі бір жағынан алғанда, жеке кəсіпкерлік бастаманың əлеуетін іске асыруға жəне дамытуға əрі

институционалдық инвесторлардың қаражатын тартуға, екінші жағынан алғанда, экономиканың əлеуметтік маңызды секторларында мемлекеттің функцияларын сақтауға мүмкіндік жасайды.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері ретінде ішкі жəне сыртқы ресурстарды тиімді Тарту үшін жағдайлар жасалады. Инвестициялық жобаны іске асыру осы жоба бойынша негізгі өндірістік

тəуекелдерді көтеретін ірі инвестордың болуын көздейді. Ішінара инвестициялық жобаны қаржыландыру оларды жүзеге асыру үшін ресурстар беретін сыртқы жəне ішкі институционалдық инвесторларға

мемлекеттік кепілдік немесе кепілдеме бере отырып борыштық бағалы қағаздарды шығару есебінен жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды жоспарлауды жəне іске асыруды тиісті

дəрежеде бақылауды қамтамасыз ету жəне жауапкершілікті белгілеу, осындай жобаларды қаржыландыру шеңберінде мемлекеттен бизнеске тəуекелдерді қайта бөлу жəне жинақтаушы зейнетақы қорларының

шығындарын өтеу тетіктерін əзірлеу жөніндегі шаралар əзірленеді. Сонымен қатар мемлекеттік-жеке əріптестік шеңберіндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға тартылған зейнетақы жинақтарының

сақталуы мемлекеттің негізгі кепілдігінің бірі болып қалады.

Тиімді мемлекеттік-жеке əріптестікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде дамудың басым бағыты алдыңғы тəжірибені мұқият зерделеу негізінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру

үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін тартуды жандандыру болады.

Халықтың жəне кəсіпорындардың жинақ ақшасын тарту. Халықтың жəне заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі депозиттері қаржы секторын қорландырудың негізгі көзі болып қалады. Мемлекет

осы құралға сенімді нығайту жəне оның тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Бұған кірістер деңгейі тұрғысынан алғанда қолайлы болатын, бүкіл депозиттерге толық кепілдік бермей,

депозиттер бойынша өтеуге кепілдік беру, нарықтық тəуекелдерді сақтандыру құралдарын дамыту, қаржы нарықтарының қатысушылары қызметінің жəне олардың құралдарының айқындылығын арттыру, сондай-ақ

халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы қол жеткізіледі.

Бұдан басқа, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында банкроттық рəсімдері кезінде кепілдік берілген кредиторлардың басымдығын белгілеу жəне жеке тұлғалардың банкроттығы

институтын енгізу бөлігінде жан-жақты зерделеу жүргізіледі.

Отандық нарықтағы қаржы құралдарына инвестициялаудан алынған кірістерге салық u1089 салу ырықты, сондай-ақ түрлі қаржы құралдарына қаржы салу туралы шешім қабылдауға қатысты бейтарап болуы тиіс.

Осыған байланысты инвестициялық қызметтен түскен кірістерге салық салуды одан əрі жетілдіру жөніндегі мəселе зерделенетін болады. Сондай-ақ жинақтаушы сақтандыруға кепілдік беру жүйесін енгізу мəселесі

зерделенеді.

Мемлекеттік қарыз алу құралдарын дамыту. Нөлдік тəуекел дəрежесі бар қаржы құралдары эмитенттерінің бірі ретінде Үкіметтің рөлі айтарлықтай арттырылады. Бағалы қағаздар нарығын жəне жинақтаушы зейнетақы жүйесін қоса алғанда, қаржы нарығының жекелеген сегменттерін дамыту жəне жетілдіру жөніндегі міндеттермен жəне іс-шаралармен тығыз байланыста бола отырып мемлекеттік

сектордың активтерін жəне міндеттемелерін басқару стратегиясын əзірлеу қажет. Үкімет борышының қауіпсіз деңгейін қолдау кезінде республикалық бюджет тапшылығының тұрақты қалыпты мөлшерінің

болуы кірістілік ауытқымасын құру, қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді перспективалардағы күтулерді дұрыс бағалау, қаржы құралдарының тəуекелін дұрыс бағалау, спот-ставкаларды жəне болашақта қарыз алу

ставкаларын белгілеу үшін қажетті айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту сондай-ақ Ұлттық қордан трансферттердің көлемін қысқартуға, Ұлттық қордың активтерін жəне инвестициялық кірістерін ұлғайтуға, сондай-ақ жинақ

құрамдас бөлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды, бұл республикалық бюджеттегі тапшылықтың болуын бір дəрежеде өтейді. Шығыстар көлемі жəне тапшылық мөлшері проциклдықтың əсер етуін жоюға

да мүмкіндік жасауы тиіс, бұл теріс əлеуметтік салдарын жұмсарту мақсатында экономикалық циклдың əртүрлі сатысында мемлекеттік бюджеттің өлшемдерін өзгерту тетігін əзірлеуді талап етеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарының республикалық бюджеттің ақша ағындарының қысқа мерзімді алшақтықтарына жəне бұрын шығарылған

қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу қажеттілігіне негізделген көлемі сонымен қатар нарықтағы сенімді қысқа мерзімді өтімді құралдарға сұранысты ескеруі тиіс.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын орта мерзімді жəне ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі ішкі бағалы

қағаздар нарығының сыйымдылығы, оның ішінде қаржы секторы қатысушыларының инвестициялық портфелінің құрылымына қойылатын, заңнамалық түрде белгіленген талаптар ескеріле отырып айқындалуы

тиіс.

Нарықта мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістілік бастапқы жəне қайталама нарықтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қысқа мерзімді, ортамерзімді жəне ұзақ мерзімді айналыскезеңдері бар мемлекеттік бағалы қағаздарының ұсынылуы шартымен айқындалуы тиіс. Əр түрлі кіріктірмеопциондармен мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылады: инфляциядан қорғау опционымен, айырбастау

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңді дамыту