Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңді дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 20:43, реферат

Описание

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы əлемдік ауқымдағы жəне сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Əлсіз жақтары
мемлекеттік реттеу құрылымында жəне қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды. Қаржы институттарының проблемалары тəуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде жəне қазіргі заманғы үрдістерге жəне қабылданатын тəуекелдер деңгейіне (дəрежесі бойынша, сол сияқты жəне тəуекел сапасы бойынша) сəйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде жəне осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің
тиімсіздігінде пайда болды.

Работа состоит из  1 файл

реферат кукук.doc

— 169.50 Кб (Скачать документ)

қаржы жəне нақты секторларындағы тəуекелдердің өзара байланысын жəне жүйе құрайтын қаржы институттарының мəнділігін ескере отырып, жүйенің ықтимал шығындарды қаржы тұрақтылығы үшін айтарлықтай зиянсыз сіңіру қабілеттілігіне талдауды негізге алады.

Реттеу жүйесін іске асыру барлық қаржы институттарының Қаржылық қадағалау агенттігінің қадағалануында болатынын жəне есеп беретінін сақтай отырып, микропруденциалдық реттеу шеңберінде

жүзеге асырылатын болады.

Макропруденциалдық реттеу жүйесін тиімді іске асыру жəне қабылданатын шешімдерді үйлестіруді арттыру мақсатында Ұлттық Банк Қаржылық қадағалау агенттігімен бірлесіп қосарлануды болдырмайтын

жəне Қаржылық қадағалау агенттігі мен Ұлттық Банктің өкілеттіктерін функционалды бірін-бірі

толықтыратын банктерді пруденциалдық реттеу шеңберінде негізгі мəселелерді пысықтау кезінде шешімдер

қабылдау мен өзара іс-қимылдардың тиісті рəсімдерін бекітеді.

Реттеушілер қызметінің жəне əртүрлі тетіктер арқылы қабылданатын шешімдердің, мысалы дауыс беру рəсімін көпшілікке жариялау, айқындылығын арттыру жөнінде қажетті шаралар қосымша қабылданады.

Бұл тəсіл Қаржылық қадағалау агенттігі мен Ұлттық Банктің іс-қимылдарының оралымдылығын жəне өзара келісімділігін қамтамасыз етеді, бұл тұтастай алғанда банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді

жəне мемлекеттік ауқымда қаржы тəуекелдері мен қаржы жүйесінің тəуекелдерін елеулі түрде барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Жүйелік тəуекелдерді азайтудың екінші негізгі бағыты нарықтың қаржы ресурстарын алмастыруға қабілеттілігін, мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін жəне тұрақты экономикалық өсудің

экономикалық саясатын іске асыру үшін қаржы делдалдығы институттарын пайдалануда мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделерін ескере отырып, мемлекеттің банк жүйесінен бірте-бірте шығуын қамтамасыз ету

болады.

Мемлекет бұрын болжанған мерзімнен барынша ұзақ мерзімге банктердің негізгі кредиторы болуға мəжбүр бола отырып, мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру кезінде агенттер

ретінде болатындардан басқа, орта мерзімді болашақта қаржы институттарының акционері болып қалуды жоспарламайды. Мынадай қағидаттарға негізделген шығу стратегиясы айқындалады:

1) бір жағынан, салық төлеушілердің салынған ресурстарын сақтап қалу - экономикалық пайданы алу міндеттерінің теңгерімін ескере отырып мемлекеттің банктердің капиталына қатысуын іске асырудың баға

өлшемдерін, екінші жағынан, инвесторлардың ұзақ мерзімді экономикалық мүддесін жасауын бағалау;

2) орта мерзімді болашақта банкті капиталдандыруды бұдан əрі ұлғайту кепілдігі болған кезде ішкі жəне сыртқы инвесторлар арасында кемсітушіліктің болмауы;

3) жүйенің кəсіпорындар қаражатының жəне халықтың жинақ ақшасының қажетті көлемін Тарту қабілеттілігін ескере отырып, банктерге экономиканың нақты секторын қаржыландыруға берілген

ресурстарды қайтарудың нақты орта мерзімді жоспарын айқындау;

4) қаржы институттарының стресті активтер нарығын құруға жəне несие берешегін басқару институттарын дамытуға белсенді көмек көрсету;

5) банктердің мемлекет индустриялық саясат шеңберінде бөлетін қаржы ресурстарын заемшылар арасында кредиттік тəуекелдің тиімді деңгейі жағдайында, экономиканың жекелеген секторларын қаржыландыруда таңдауды жəне артықшылықты болдырмауда тең бөлу.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осы Тұжырымдаманы іске асыру елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі, сондай- ақ қаржы секторының тұрақты дамуы жəне оған деген сенімді нығайту үшін жағдайлар жасау жөніндегі

міндеттерді іске асыру үшін қаржы ресурстарын тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар дағдарыстан кейінгі кезеңде қаржы секторын дамыту жөніндегі іс-шаралардың толық болуы мен жан-

жақты аясы қолданыстағы Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын пысықтау кезінде қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте жаһандық қаржы

дағдарысы сабақтарынан шыға отырып, халықаралық институттар мен ұйымдардың əзірленіп жатқан ұсынымдарын ескеру қажет.

Осы Тұжырымдаманың іс-шаралары қаржы секторының барлық сегменттерінің дамуына ықпал етеді. Атап айтқанда, банк жүйесі активтерінің дағдарысқа дейінгі деңгейінде жалпы ішкі өнімге арақатынасы

көрсеткішіне жетуі жəне одан асып кетуі банк секторының қалпына келуін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі болады. Бұл ретте активтердің құрылымы мен сапасы қаржы құралдарының салалары мен түрлерін

əртараптандыру жағына қарай айтарлықтай түрін өзгертетін болады.

Мемлекет қаржы секторын қалпына келтіру үшін барлық жағдайларды жасайтын болады, бұл, өз кезегінде, тұтастай алғанда елдің экономикасының бұдан əрі дамуының қозғаушы күштерінің бірі болады.

Қалпына келтіру кезеңінде мемлекеттік қолдау сақталады, өйткені қаржы институттарының əлі де инвестициялық қаражатқа деген бар сұранысты өздігінен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ. Қалпына келтіру

барысына қарай тікелей мемлекеттік ықпал етудің рөлі, жеке бастамаға бірте-бірте жол бере отырып төмендейді.

 



Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңді дамыту