Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 20:43, реферат
Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы əлемдік ауқымдағы жəне сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Əлсіз жақтары
мемлекеттік реттеу құрылымында жəне қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды. Қаржы институттарының проблемалары тəуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде жəне қазіргі заманғы үрдістерге жəне қабылданатын тəуекелдер деңгейіне (дəрежесі бойынша, сол сияқты жəне тəуекел сапасы бойынша) сəйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде жəне осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің
тиімсіздігінде пайда болды.
шеңберінде Қаржылық қадағалау агенттігі қаржылық қызмет көрсетулердің стандарттарын əзірлейді, сондай-ақ оны қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың қаржы ұйымдарына жеке шағымдарын
сотқа дейін реттеу жөніндегі өкілеттіктерін бір мезгілде бере отырып, қаржы нарығында дауларды реттеудің балама институтын - қаржы омбудсменін құрудың мақсатқа сай екендігі қаралатын болады.
Сонымен қатар қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың қызметтерді алу үдерісінде туындайтын талаптарын
қаржы ұйымдарының қарау тəртібіне қойылатын талаптар белгіленеді.
Бағалы қағаздар нарығын заңнамалық деңгейде одан əрі дамыту мақсатында акционерлік қоғам жасайтын мəмілелер туралы ақпараттың айқындылығын арттыру, акционерлік қоғамды корпоративтік
басқару жүйесін жетілдіру, инвесторлардың алдында бағалы қағаздар эмитенттерінің жəне лицензиаттардың қызметі туралы ақпараттың мəнін ашу арқылы акционерлік қоғамдардың лауазымды тұлғаларының
жауапкершілігі күшейтіледі.
Манипуляциялық мəмілелерді бақылау жəне болдырмау жөніндегі, инсайдерлік ақпаратты пайдалану мен таратуға бақылауды күшейту жөніндегі, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік жəне (немесе)
дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жəне сауда-саттық ұйымдастырушысының тəуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылар мен қаржы ұйымдары арасында туындайтын қатынастарды реттейтін жəне қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың тиісті сападағы қызметті
сатып алуға, қызмет көрсетулер туралы шынайы жəне айқын ақпаратты алуға, ағартуға, олардың мүдделерін мемлекеттік жəне қоғамдық қорғауға арналған құқықтарын белгілеуге, сондай-ақ осындай құқықтарды іске
асырудың тетігін айқындауға жəне қаржы ұйымдарымен жасалған шарттарға талаптарды белгілеуге мүмкіндік беретін заңнамалық база жетілдіріледі.
Жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығын ұлғайту үшін қатысушы банктердің күнтізбелік жарналарды төлеудің барынша консервативтік жүйесі енгізілетін болады. Тəуекелді
жəне агрессивті стратегияларды қолдайтын банк, өз тəуекелдерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайтын басқа қатысушы банктерге қарағанда, əсіресе экономикалық циклдің көтеріңкі фазасы
жағдайында көбірек төлеуі тиіс.
Сақтандыру нарығында сақтандыру төлемдерінің кепілдік беру жүйесіне тартылған сақтандыру сыныптарының (түрлерінің) аясын кеңейту мүмкіндігін қарастыру қажет.Халықтың қаржылық сауаттылығын жəне инвестициялық мəдениетін арттыру мақсатында ауқымды
түсіндіру жұмысын жүргізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Қаржы институттарының, олардың қызметкерлерінің, аффилиирленген тұлғалардың, сондай-ақ олармен өзара іс-əрекет жасайтын Қазақстандық қаржы ұйымдарының лауазымды тұлғаларының (Қазақстандағы қызметке толық тыйым салуды қоса алғанда) қызметіне, егер олардың қызметі заңда
белгіленген тəртіппен заңсыз деп танылса жəне Қазақстанның қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйіне жəне беделіне айтарлықтай зиян келтірсе (бірінші кезекте, Қазақстандық қаржы ұйымдары активтерінің
шетелге шығуы бойынша схемалар құруы есебінен) қатаң шектеулер енгізілетін болады. Осындай схемаларды құруға қатысқан қаржы институттарының, олардың акционерлерінің, сондай-ақ
лауазымды тұлғаларының «қара тізімі» жасалынады жəне тиісінше, олардың Қазақстандағы қызметі заңнамалық тұрғыдан шектеледі не тыйым салынады. Бұл ретте шығарылған активтер Қазақстанға қайтарылған жағдайда мұндай шектеулерден босату мүмкіндігі берілетін болады. Бұдан басқа, іс-əрекеттері (əрекетсіздіктері) нақты айқындалған өлшемдер негізінде дефолтқа əкелген
эмитенттердің, олардың акционерлерінің, сондай-ақ лауазымды тұлғаларының «қара тізімін» қалыптастыру
мүмкіндігі қарастырылады.
4-бөлім. Қаржы ұйымдарының корпоративтік басқару сапасын жəне
қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру
4.1. Тəуекел-менеджмент, ішкі бақылау жəне корпоративтік
басқару жүйесін жетілдіру
Жалпы əлемдік ұсынымдарды ескере отырып қаржы ұйымдарында ішкі бақылау мен тəуекел- менеджментінің тиімді жүйесін жасауға тұжырымдама жəне тəсілдер айтарлықтай қайта қаралады. Сонымен бір мезгілде қадағалау органының қаржы ұйымдары қолданатын осы тəуекелдерді басқару мен
корпоративтік басқару жүйелерінің сапасын жəне тиімділігін бағалау тəсілдері мен рəсімдері, оның ішінде тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйелерін өзін-өзі бағалау бойынша қосымша талаптар белгілеу
арқылы жетілдіріледі.
Қаржы ұйымдарында тəуекел-менеджментті күшейту жəне корпоративтік басқаруды күшейту мақсатында мынадай мəселелер қайта қаралады:
1) қаржы ұйымдары менеджментінің міндеттерін, өкілеттіктерін жəне жауапкершілігін нақты бөлу;
2) қаржы ұйымының бөлімшелері арасында жедел өзара іс-əрекет тетігін реттеу;
3) қызметті жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдаудың барынша тиімді тəртібін қамтамасыз ету;
4) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға байланысты тəуекелдерге рұқсат етілген лимиттерді
айқындау бөлігінде барынша «қолданбалы» талаптарды белгілеу;
5) қаржы ұйымының стресс-тестингті қолдану жəне экономикалық капиталды жоспарлау рəсімдерін
жетілдіру.
Сонымен қатар, тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесі шеңберінде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) жəне терроризмді қаржыландыруды, сондай-ақ қаржы
ұйымдарындағы сыйақы жəне материалдық ынталандыру саясатын болдырмау рəсімдері жетілдіріледі. Қаржы ұйымдары қызметкерлерінің кəсіби этикасының үлгі кодексін жетілдіру, оны əрбір қаржы
ұйымының қабылдауы қажет. Бұл кодекс қаржы ұйымы, оның клиенттері мен акционерлері арасында мүдделер қақтығысы болған кезде туындайтын проблемалық мəселелерді реттеуі тиіс.
Тəуекелдерді басқару жəне корпоративтік басқару жүйелерінің сапасы жəне тиімділігі қаржы ұйымдары тарапынан агрессивті саясатты немесе алыпсатарлық практика көріністерін болдырмауға, сондай-ақ қаржы
ұйымдарын басқару органдары сияқты тəуекел-менеджмент бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің жауапкершілігіне жəне біліктілігіне негізделеді.
Қаржы ұйымдарының директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың жоғары кəсіби деңгейін қамтамасыз етуге, компаниялардың қызметін жүйелі бағалау үшін тəуелсіз салалық мамандарды тартуға, заңнаманы сақтау мақсатында директорлар кеңесіне есеп беретін комитеттер құруға, ұйымдардың басшы құрамына сыйақы тағайындауға қатысты бөлігінде қойылатын талаптарды күшейту қажет. Сонымен бірге директорлар кеңесінің тəуелсіз мүшелерінің үлесін ұлғайтудың мақсатқа сəйкестігі қарастырылады. Жауапкершілікті
арттыру мақсатында директорлар кеңесінің əрбір тəуелсіз мүшесіне нақты жауапкершілік салалары жəне директорлар кеңесіне есеп беретін тиісті комитеттерді басқару бекітілетін болады. Тəуелсіз директорларды
сайлау тəртібіне қойылатын заңнамалық талаптарды кеңейту, бірнеше ұйымда тəуелсіз директордың функцияларын бір мезгілде орындау бөлігінде шектеу белгілеу, сондай-ақ Қаржылық қадағалау агенттігіне
тəуелсіз директорларды номинациялау не тиісті қаржы ұйымының ерекшеліктеріне жəне мемлекеттің мүддесіне орай оларды таңдап алу үшін бірнеше кандидатураларды ұсыну құқығын беру практикасын енгізу
болжанады.
Бағалау қызметі саласында қаржы жəне нақты активтерді бағалау сапасына жəне оның тəуелсіздігіне қойылатын талаптар олардың иелері - заемшылардың жəне сол сияқты қаржы институттары -инвесторлардың/кредиторлардың өзара мүдделерін сақтау мақсатында арттырылатын болады. Заңнамалық тұрғыдан кəсіби бағалаушылардың жауапкершілігі бекітіледі. Бағалау қызметінің халықаралық
стандарттарын енгізу жəне олардың сақталуына реттеу мен бақылаудың тиімді жүйесін құру қажет.
Аудиторлық ұйымдардың халықаралық аудит стандарттарын енгізуі мен сақтауына жəне аудиторлардың біліктілігін арттыруына бақылауды күшейту талап етіледі. Сонымен қатар қаржы ұйымдарының аудитін жүзеге асыратын қазақстандық аудиторлық компанияларға қойылатын талаптар
қызметкерлердің біліктілік деңгейіне, сондай-ақ тартылатын тəуелсіз сарапшылардың құзыреттілігінеқатысты күшейтіледі.
4.2. Қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету
жəне олардың қаржы жағдайы туралы ақпаратты ашып көрсету
Қаржы институттарының айқындылығын арттыру мақсатында қаржы институттарындағы стресс- тестілеудің, жүйелік күйзелістер туындаған жағдайда жоспарлы іс-шаралар кешенінің нəтижелері,
инвестициялау стратегиясы жəне қоржынның құрылымы (зейнетақы қорларына қатысты), ұйымдардың басқарушы менеджментіне бонустар төлеу жүйесі туралы ақпаратты тарату жөнінде шаралар қабылданады.
Сонымен қатар Қаржылық есептілік депозитарийіне берілетін ақпарат спектрін кеңейту мəселесі қаралады.
Қаржы ұйымдары басшыларының бонустық жүйесіне қатысты акционерлер үшін барынша айқындылықты жəне ықпал ету мүмкіндігін, оның ішінде жеке сыйақыларды жан-жақты баяндауға кепілдік
беретін реттеу режимі енгізіледі. Жекелеген қызметі үшін басшыға төленген «нақты жəне маңызды» қосымша сыйақы туралы, басшыға берілген акциялардың саны туралы, сондай-ақ ұсынылған опциондар
туралы ақпараттың мəні ашылатын болады.
Қаржы ұйымдары басшыларының сыйақы саясаты компанияның стратегиялық мақсаттарына жəне оның жұмысының тиімділік көрсеткіштеріне, сондай-ақ оның қаржы тұрақтылығының көрсеткіштеріне
байланысты болады. Материалдық ынталандыру саясаты қаржы ұйымдарының басшыларын қысқа мерзімде пайданы алуға емес, ұзақ мерзімді мақсаттарға орай пайданы қамтамасыз етуге ынталандыруы тиіс.
Сондықтан қаржы ұйымының бизнес-стратегиясы жəне оның тəуекелдерге тұрақтылығы басты бағдар болып табылады. Егер тəуекелдердің ұзақ мерзімді кезеңде көріну ықтималдылығы жоғары дəрежеде болса,
төлемдер қысқа мерзімді кезеңде жүзеге асырылмайды. Тиісінше, төлемдердің мерзімі кейінге қалдыру сипатында болуы мүмкін.
Менеджменттің сапасын арттыру жəне акционерлік қоғамдардың лауазымды тұлғаларының фидуциарлық (дербес) жауапкершілігін күшейту үшін қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлеріне жəне
ірі акционерлеріне, оның ішінде мінсіз іскерлік беделін айқындау өлшемдерін жетілдіруге қатысты талаптары заңнамалық деңгейде қатаңдатылатын болады. Қылмыстық жауапкершілікпен қоса,
жауапкершілік атқаруға дайын болу лайықты сыйақылармен жəне құқықтармен теңгерілуі тиіс. Қаржы ұйымының басшысы ұйымды банкроттыққа дейін əдейі жеткізген жағдайда осы тұлғаға қатысты кез келген
қаржы ұйымдарында басшылық қызметті атқаруға жəне қаржы ұйымының қызметіне акционер ретінде қатысуға өмір бойы тыйым салуды енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.Тұлғалардың осы санатын кеңейтуге қатысты «аффилиирленген тұлғалар» ұғымын айқындау нақтыланады.
Қаржы құралдарын бағалаудың қолданылып жүрген жүйесі халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарының қағидаттарына негізделеді, оларға сəйкес қаржы құралдарын бағалау əділ нарықтық құны бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорларын жəне инвестициялық қорларды қоса
алғанда, институционалдық инвесторлардың қызметін бағалау, оның ішінде активтерді басқарудан алынған кірістердің мөлшерін ескере отырып жүзеге асырылатын болғандықтан, инвестициялық қоржынның құрамына кіретін қаржы құралдарын бағалаудың қолданылып жүрген жүйесі барлығы үшін бірыңғай болуы жəне қаржы құралының объективті əділ құнын көрсетуі тиіс.
Ағымдағы жағдайларда белсенді нарығы жоқ жəне тиісінше əділ нарықтық құнын айқындау мүмкін болмайтын қаржы құралдарын бағалау бойынша мəселе анағұрлым өткір болып отыр. Осындай қаржы
құралдарын барабар бағалау тетігін анықтау үшін барлық қатысушыларға əртүрлі өлшемдер мен қағидаттарды пайдалана отырып қаржы құралдарының əділ құнын айқындауға, сондай-ақ
институционалдық инвесторлардың қоржынындағы жекелеген қаржы құралдарының құнсыздану жүйесін бірегейлендіруге мүмкіндік беретін əдістеме əзірленеді.
5-бөлім. Жүйелік тəуекелдерді реттеу жəне мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимылы
Орта мерзімді болашақта сəйкессіздіктердің жинақталуын, нақты жəне қаржы активтері нарығындағы «көпіршіктердің» пайда болуын ерте анықтау жəне болдырмау, сондай-ақ жүйелік тəуекелдерді барынша
азайтудың оңтайлы тетігін тұжырымдау өзекті бағыт болып табылады. Осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың болашақ моделі макропруденциалдық реттеу жүйесін іске асыруға бағытталады.
Макропруденциалдық реттеу ұғымы:
1) тұтастай алғанда жекелеген қаржы институттарының ұжымдық біртекті іс-қимылдары нəтижесінде
туындайтын қаржы жүйесінің жүйелік тəуекелдерін реттеуді;
2) институттарды олардың мəнділігі жəне олардың жүйе құрайтын сипатына байланысты əр түрлі
реттеуді (барлық қаржы институттарына қатысты бірыңғай нормаларды белгілеуді болжайтын микропруденциалдық тəсілден өзгеше) білдіреді.
Макропруденциалдық реттеудің міндеті объектілер (қызмет, нарықтар) жəне жүйелік сипаттағы, қаржылық тұрақтылықты айқындайтын талаптарды бұзуға жəне экономикалық ахуалды тұрақсыздандыруға
қабілетті тəуекел аймақтары бойынша басты шешімдерді айқындау болып табылады. Осы мақсатпен қаржы тұрақтылығын жəне макропруденциалдық реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етуге жауапты орталық орган ретінде Ұлттық Банктің рөлі күшейтілетін болады.
Ұлттық Банктің тікелей құзыретіне шешімдер қабылдау кезінде алқалылық қағидатын сақтай отырып мынадай мəселелер жатқызылатын болады:
1) жүйелік тəуекелдерді пруденциалдық реттеудің жəне тиісті нормативтерді қолданудың негізгі секторалды қағидаттарын, тəсілдерін айқындау;
2) жүйелік тəуекелдерді материалдандырған жағдайда дағдарысқа қарсы басқару шараларын жəне зиянды барынша азайту тетіктерін əзірлеу.
Шешімдер қабылдау жүйесі Ұлттық Банк бекіткен қаржы тұрақтылығы индикаторлары базасында тəуекелдерді ерте анықтау рəсімдерін, қаржы жүйесінде тəуекелдердің бөлінуін бағалауды, экономиканың
Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңді дамыту