Конституциялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:30, реферат

Описание

Конституциялық құқық - ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі ретінде - ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды.

Содержание

1 Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде 3
2 Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің Ата Заңы 7
3 Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері 14
4 Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері 22
5 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі 25
Әдебиеттер 31

Работа состоит из  1 файл

kontrosha.kz.doc

— 166.50 Кб (Скачать документ)

<h1>

>

<h2> </h2><h3>

Жоспар

1 Конституциялық  құқық - Қазақстан Республикасының  жетекші құқық саласы ретінде 3

2 Қазақстан  Республикасының Конституциясы  - мемлекеттің Ата Заңы 7

3 Қазақстан  Республикасындағы адамдардың және  азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері 14

4 Қазақстан  Республикасының конституциялық  құрылымының негіздері 22

5 Қазақстан  Республикасындағы сайлау жүйесі 25

Әдебиеттер 31

</h3> 
<h4>1 Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде

Конституциялық  құқық - ҚР  құқық жүйесінің жетекші саларының бірі ретінде - ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын  құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы  қоғамдық  қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.

Конституциялық  құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін  қоғамдық  қатынастар  құрайды. Конституциялық  құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық  қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.</h4>

Конституциялық  құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың  құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты  құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.

Конституциялық  құқық нормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам  өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды  қамтиды. Әрине, конституциялық  құқық нормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жанжақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Конституциялық  құқық, тұтас алғанда,  құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:

1. Міндеттеу әдісі;

2. Тыйым салу әдісі;

3. Рұқсат ету әдісі;

4. Тану әдістері қолданылады.

Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.

Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады.

Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі - тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды.

Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан - адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.

Конституцияның  құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының  құқықтық нормалары қалайша құқықтың қайнар көзі ретінде сипатталады:

1.  ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады.

Басқаша айтқанда, Конституцияның  құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық  қатынастарды реттейтін барлық нормативтік-құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

2.  ҚР Конституциясының  құқықтық нормалары мемлекет пен  қоғам  өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларын қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы  қоғамдық  қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық  қатынастардың мәнді, басты бағыттарын  ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.

3. Конституциялық  құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды.  ҚР-ның Конституциясында оның  қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.

4.  ҚР Конституциясының  тек конституциялық  құқықтық ғана емес, сондай-ақ  құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең  құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.

5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік-құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам  өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.

6. Сондай-ақ, Конституция конструциялық  құқықтың басқа бастауларынан  өзгерістер мен толықтырулар  қабылдаудың, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын  қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.

7. ҚР-сы Конституциясының  тағы бір өзіндік қыры - онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.

ҚР-сы конституциялық  құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің  қатарына конституциялық заңдар жатады. ҚР конституциялық заңдарының  өзіндік ерекшелігі - олар Конституцияға  өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды.  ҚР-ның конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.

 

<h4>2 Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің Ата Заңы

1993 жылы 28 қаңтарда  егеменді тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірінші  Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын тарихи орын алатын ҚР Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының қажеттілігі негізінде жаңа Конституция жобасы жасалды.

1995 жылы 30 тамызда  Республикалық референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Осы Конституцияға конституциялық реформалар нәтижесінде екі рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Алғашқысы 7 қазан 1998 жылы болса, екіншісі 21 мамыр 2007 жылы болды. </h4>

Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзі - өзiнiң егемендік құқығын баянды етті. Ата Заң қабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке - ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.

Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Мұның  өзі Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік-құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетеді. Кейiнгi екі Конституцияның алдыңғы екеуінен елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекетіміздің тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрі орнықтырды.

Жаңа Ата Заңда  құқықтық мемлекеттің  қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әралуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық  қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

ҚР Конституциясы барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.

ҚР Конституциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүние жүзі қоғамдастықта лайықты орын алуды көздей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезіне отырып, өзiмiздiң егемендік  құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеология тұрғысынан алғанда аса маңызды. Өйткені, бұл Ата Заң ҚР-нда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады.

Осыдан келіп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды:  өзiнiң ең  қымбат қазынасы ретінде адамды және оның өмiрiн,  құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекіту; өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы  қазақ жерінде мемлекеттік бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демократиялық негiздерiнiң мызғымастығын бекіту.

Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлі қағидалары айқындалады, олар:

• қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;

• бүкіл халықтың игiлiгiн көздейтін экономикалық даму;

• қазақстандық патриотизм;

• мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламенттік дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).

Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I-VIII бөлімдер) азаматтардың  құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық  құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған.

Қорытынды және өтпелі ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлімде Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негіз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн береді.

«Жалпы ережелер» деп  аталатын 1 бөлімде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берілген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлімде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар:

•  Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi);

•  Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы;

•  мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi;

•  Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы);

•  мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi;

• адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы;

•  мемлекеттік тіл саясатының кепiлдiгi, т.б.

Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесі үшін жұмыс iстейдi, мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелік, тепе-теңдік жүйесі пайдаланылады.

ҚР конституциялық  құрылысының мазмұны саяси, экономикалық негіздерден, әлеуметтік саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен құралады. Олар ҚР Конституциясының 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14, 26-баптарында тұжырымдалған.

Конституцияның 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады»,- деп жарияланған. Мұның өзі Конституцияның 2-бабының 1-тармағында көрсетiлгенiндей, «Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» екендiгiнен туындайды. Мұның мәнiсi мынада: бiрiншiден, Президент мемлекеттік билiк тармағының бiр де бiрiне жатқызылмайды; екiншiден, Президенттi халық сайлайды және ол Парламентке тәуелсіз; үшiншiден, Президентке кең өкiлеттiктер берiледi және ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік билiктiң барлық тармақтарына, олардың өз өкiлеттiктерiн тиiмдi жүргiзуiне көмектеседі, олардың өзара  қарым-қатынастарына сындарлы ықпал ете алады; төртiншiден, ұлан-байтақ  қазақ жерi ұлттық-аумақтық бөлiнiстерге бөлінбей, тек әкiмшілікаумақтық бөлiнiстерге - облыстарға,  қалаларға, аудандарға, ауылдарға ғана бөлiнедi және олар жоғарыдағы бір орталыққа бағынады. Демек, мемлекеттің басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етеді.

Информация о работе Конституциялық құқық