Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:30, реферат
Конституциялық құқық - ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі ретінде - ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды.
1 Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде 3
2 Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің Ата Заңы 7
3 Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері 14
4 Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері 22
5 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі 25
Әдебиеттер 31
Конституция бойынша азаматтар бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Мемлекет органдары азаматтардың заңды мұндай әрекеттеріне кедергі жасамауға тиіс.
Азаматтар қоғамның саяси өмірінде белсенді қатысу мақсатында қоғамдық бірлестіктер құру құқығынан пайдаланады. Діни бірлестіктерден басқа бірлестіктер саяси өмірде қатыса алады. Олардың ережелері мен бағдарламалары Конституция көлемінде түзілу керек.
Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар.
Мемлекеттік қызметті лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және олар заңмен белгіленеді.
ҚР азаматтарының экономикалық және әлеуметтік құқықтарымен бостандықтары.
Әркімнің экономикалық құқықтары мен бостандықтары оның материалдық өндірісте және материалдық байлықты бөлуде қатысу мүмкіндігін жүзеге асыру үшін керек. Оның әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары адамның рухани және жеке талаптарын қанағаттандыру үшін қажет.
ҚР Конституциясы бойынша азамат заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
Әркімнің, еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Экономикалық құқықтар жүйесінде бұл негізгі орын алады. Себебі еңбекке қабілетті әрбір адам өз еңбегімен күн көруге заңды мүмкіндігін алады.
Конституция бойынша
еріксіз еңбекке жол
Конституцияда азаматтардың дем алу құқығы бекітілген.
Жұмыс күнінің ішінде үзілістің болуы, апталық демалыс күні, жыл сайын берілетін еңбек демалысы, мемлекет тарапынан белгіленген мейрам күндері тынығу құқығының түрлері болып танылады.
Қазақстан азаматтарының денсаулық сақтау құқығы бар.
Олар заңмен
белгіленген кепілді
Конституцияда азаматтардың білім алу құқығына кепілдік берілген. Білім алу құқығы жастардың орта білім алудың міндеттілігімен басталады. Орта білім алған азамат өзінің білімін онан гөрі колледждерде, институт, университеттерде жалғастыруға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік оқу орындарында тегін оқытылады, студенттерге стипендия төленеді. Конституция бойынша ақылы білім алуға да жол беріледі.
Азаматтарға құқықтар мен бостандықтар берілуі мен бірқатар көптеген құқықтық міндеттер жүктеледі. Себебі құқықтар мен міндеттер қатар жүреді, оларды ажырату мүмкін емес. Әрбір адам басқа біреудің алдында, қоғам және мемлекет алдында міндетті болады, өзара байланыста болады. Міндеттердің негізгілері конституциялық міндеттер болып табылады.
Олар төмендегілер:
1) Әрбір адам Республика Конституциясын сақтауға, Заңдарды сақтауға, орындауға міндетті, яғни Заңды бұзбауға тиіс.
2) Әрбір азамат басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар намысын құрметтеуге міндетті.
3) Азаматтар заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
Салықтар мен алымдар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Олардың мөлшері заңмен белгіленіп, барлық жеке және заңды тұлғалар төлеуге міндетті.
4) Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы. Белгілі жасқа толған (18 жасқа) республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.
5) Әркім ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. Жалау, Елтаңба, Әнұран елдің қасиетті белгілері болып есептеледі.
6) Азаматтар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті. Сонымен қатар азаматтар табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
ҚР-ның Конституциясы бойынша неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы.
ҚР Конституциясында шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесінің негізгі принципі белгіленген. 12-баптың 4-тармағында «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарын пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады» - деп бекітілген.
1995 ж. 19-маусымда қабылданған «Шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Президент Жарлығында шет ел азаматтарының құқықтық мәртебесі толық белгіленген. Шет ел азаматы деп, Қазақстан азаматы болып танылмайтын, басқа бір мемлекеттің азаматы екендігін дәлелдейтін құжаты бар адамдарға айтылады. Белгілі бір мемлекеттің азаматы екендігін дәлелдейтін құжаты жоқ тұлғалар азаматтығы жоқ адамдар деп танылады.
Шет ел азаматтары екі топқа бөлінеді: 1) Республикада тұрақты жасаушы шет ел азаматтары; 2) Республикаға уақытша келіп-кетуші шет ел азаматтары, олар белгілі бір мерзім өткен соң Республикадан шығып кетуі тиіс.
Жарлыққа сәйкес кейбір жағдайларда шет ел азаматының ҚР-на келуіне рұқсат етілмейді: а) мемлекет қауіпсіздігін көздеп, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын сақтау мақсатында; б) Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында; в) егер шет ел азаматы Қазақстанның егемендігіне қарсы шықса; г) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық немесе діни араздыққа шақырса; д) егер ол террорлық әрекеті үшін сотталған болса.
Кейбір жағдайларда шет ел азаматына Республикадан шығып кетуге жол берілмейді: а) егер ол қылмыстық жауапқа тартуға негіз болса; б) егер ол жасаған қылмысы үшін сотталған болса; в) егер оның өтелмеген міндеттері болса.
Кейбір жағдайларда шет ел азаматтары Республика аумағынан мәжбүрлеп шығарылып жіберіледі, егер оның әрекеті мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына қайшы келсе.
ҚР адам құқықтары бұзылуының құрбаны болған шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға баспана құқығын береді.
Саяси баспана беру мәселесін Республика Президенті шешеді.
Әрбір мемлекетке тән бір ортақ көрініс - бұл мемлекетті ұйымдастыруда және мемлекеттік құрылысында өзіне ғана үйлесімді ерекшеліктердің болуы.
Конституциялық құрылыс бұл - сол елдің Конституциясында бекітілген, мемлекетті құрудағы ерекше бір әдіс немесе ерекше бір форма.
ҚР Конституциясының 1-ші бабына сәйкес, «Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді, оның жоғары құндылығы ретінде адам оның өмірі, құқығы мен бостандығын қояды» деп жазылған.
Басқару тұрпаты жағынан Қазақстан мемлекеті республика болып есептеледі. Мемлекеттегі билік халық тарапынан сайланған, белгілі бір мерзімдік өкілеттіліктерге ие өкілеттік органдар арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан - Президенттік басқарудағы республика. </h4>
ҚР-ның Президенті мен Парламенті жеке сайлауларда сайланады. Бұл көп жағдайда Президенттің Парламентке қатысты Тәуелсіз жағдайын анықтайды. Қазақстандағы Президенттік басқарудың негізгі белгілері:
• республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді;
• Президент - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конститутцияның мызғымастығының, адам және құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі;
• Президент Ұлттық Банкінің төрағасының,
Бас Прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік
Комитетінің Төрағасын қызметке Парламентің
келісімімен тағайындайды және қызметінен
босатады.
ҚР Президенті Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламент Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен Мемлекеттік билік басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.
Зайырлы сипаты жағынан Қазақстан мемлекетіне бірнеше көріністер тән. Бұл көріністер ел Конституциясында және ҚР-ның 1992 жылдың 15-ші қаңтарында шыққан «Діни наным еркіндігі және діни бірлестіктер» туралы заңында кең көрініс тапқан. Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген. Барлық діндер және діни бірлестіктер заң алдында бірдей. Қандайда бір дін немесе діни бірлестік бір-бірімен болатын қарым-қатынастарында екінші біреуіне қарағанда артықшылық немесе басымдылыққа ие бола алмайды. Мемлекеттің зайырлы сипаты деген ұғым, бұл жерде әрине мемлекеттің ұйым бірлестіктерімен мүлдем қатынас жасамайды дегенді білдірмейді. Діни бірлестіктер осы дінге сенушілердің дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуына ерекше әсер етеді. Сондықтан да діни бірлестіктермен тығыз байланыс әрі жұмыс жасайтын мемлекеттік органдар құрылған.
Мемлекеттің демократизмдік деңгейі - елде халық билігінің шын мәнісінде толық қамтамасыз етілуімен бейнеленеді: биліктің заң шығарушылық, атқарушылық, соттық болып бөлінуі саяси және идеологиялық әр алуандылық жергілікті өзін-өзі басқаруы сияқты маңызды салаларынан көрінеді. ҚР Конституциясының 3-ші бабында «Мемлекеттік биліктің басты, әрі бірден-бір қайнар көзі - халық болып табылады» деп жазылған.
Халық билікті Республикалық Референдум және еркін сайлау арқылы, мемлекеттік органдарға өз өкілдерін қою арқылы іске асырады. Идеологиялық және саяси әр алуандылық қағидалар ҚР Конституциясының 5-ші бабында бекітілген. Қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар қосылуына және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда саяси партиялар құруға жол берілмейді, қоғамдық ұйымдардың барлықтары заң алдында бірдей тең.
ҚР демократиясының көрінісі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мойындалуын айтсақ болады. Бұл органдар тұрғындардың жергілікті деңгейдегі барлық мәселелерін өз бетінше шешеді.
ҚР Конституциясының 2-ші бабына сәйкес, аумақтық құрылымы жағынан ҚР-сы бөлінбес, біртұтас унитарлы мемлекет болып есептеледі.
Біртұтас унитарлы мемлекет - бұл өз құрамында басқа да мемлекеттік құрылымдар жоқ, әкімшілік-территориялық негізде орналасқан және орталық органдар қабылдаған заңдар негізінде басқарылатын мемлекеттік-территориялық құрылым.
Ол әкімшілік-территориялық орналасуына қарай әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлінеді.
Олар: Облыс, аудан, қала, ауыл (село), ауылдық (селолық), округтар болып аталады.
ҚР территориясының біртұтастығы конституциялық құқықтың мәртебесінің бөлінбес элементі болып табылады. ҚР өз территориясы мыналардан тұрады: Субъектілер территориясы және құрғақ және ішкі сулары, территориялық теңіз иелігі, және осылар үстіндегі әуе кеңістігі. Әкімшілік аумақтық жағынан Қазақстан 14 облысқа бөлінген, олардың құрамында 160 аудан және 84 қала бар, жалпы көлемі 2 млн. 727,9 мың шаршы км.
Мемлекет тәуелсіздігі. ҚР Конституциясы 2-ші бабында ай талғандай - өзге бір мемлекеттен тәуелсіз, өз бетінше билік жүргізетін мемлекетті айтады. Мемлекет суверенитетінің тағы бір белгісі - мемлекеттік биліктің үстем болуы, ел бірлігі және тәуелсіздігі. Конституцияның 91-ші бабында бекітілгендей, мемлекеттің біртұтастығы мен территориясының бөлінбестігі, биліктің басқару тұрпаты өзгертілуі мүмкін емес. Мемлекеттік тіл - бұл заң шығарушылық істерінде және ресми іс жүргізуде қолданылатын мемлекеттің негізгі тілі. ҚР Конституциясының 7-ші бабына сәйкес ҚР-да мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып табылады. Қазақ тілімен бірдей мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі де қолданылады. Сонымен бірге, Мемлекет Қазақстан халықтарының өсіп-өркендеуіне, үйренуіне қамқорлық жасайды. ҚР Конституциялық құқықтың мәртебесінің негізгі элементі ретінде оның шетелдермен халықаралық қатынас жасау құқығы аталады. ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық және мемлекетаралық келісім-шарттар жасайды, халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады, ұжымдық қауіпсіздік пен аймақтық одақтарға мүше бола алады.
ҚР міне, осы қадамдарға негіз болатын барлық құқықтық субъектілерге ие.
ҚР Конституциялық мәртебесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде оның мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Ән ұраны есептеледі. Оларда ел тәуелсіздігі, мемлекет астанасы - Астана бейнеленеді.
Сайлау жүйесі мемлекеттік құрылыстың негізгі элементі болып табылады. Қазақстан Республикасында сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір белгісі ретінде көрінеді, соған байланысты Президент сайлауы, Мәжіліс депутаттары мен жергілікті Мәслихат - сайлауы жүргізіледі.
Республиканың сайлау құқығының көзі құқықтық актілерді, конституциялық құқықтық нормаларды, қоғамдық қатынастарды бағыттаушы, елдегі сайлау органдарының бағытын құрастыру болып табылады.</h4>
Сонымен, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы Республика Президентiнiң, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде пайда болатын қатынастарды реттейді, сондай-ақ Республика азаматтарының ерік бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететін кепiлдiктердi белгiлейдi.