Конституциялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:30, реферат

Описание

Конституциялық құқық - ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі ретінде - ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды.

Содержание

1 Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде 3
2 Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің Ата Заңы 7
3 Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері 14
4 Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері 22
5 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі 25
Әдебиеттер 31

Работа состоит из  1 файл

kontrosha.kz.doc

— 166.50 Кб (Скачать документ)

Сайлау құқығы принциптерi:

• Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi;

•  Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi;

•  Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.

Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

Сайлауға сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам Қазақстан Республикасының Президенттiгiне,  Қазақстан Республикасы Парламентінің, соның ішінде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.

 Тең сайлау  құқығы - сайлаушылар Республика Президенті, Парламенті Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиiсiнше бір даусы болады.

Сайлаушылар Республиканың  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.

Төте сайлау құқығы - Республика Президентін, Парламенті Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерін азаматтар тікелей сайлайды.

Жанама сайлау құқығы - Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.

Таңдаушылар Сенат  депутаттарын сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бір дауысы болады.

Жасырын дауыс  беру - Республика Президентін, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркін бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

Президентті және Парламент депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады: 1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентінен астамының дауысын алған; 2) қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.

Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.

Жергiлiктi  өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:

1) басқа кандидаттарға  қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

Сайлау органдары.  Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

• Республиканың  Орталық сайлау комиссиясы;

• аумақтық сайлау комиссиялары;

• округтік сайлау комиссиялары;

• учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзiмi - бес жыл.

Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентiнiң ұсынуы бойынша Парламент Мәжiлiсi қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның төрағасынан, төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының жоғары заң бiлiмi болуға тиіс.

Республикалық референдум - ҚР-сы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттік өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру.

Референдум  Республиканың бүкіл аумағында өткiзiледi.

1995 ж. 2 қарашадағы «Республикалық Референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттеледі.

Республикалық референдум талқысына қойылатын мәселелер:

1) Республика  Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын  қабылдау, оларға  өзгертулер мен толықтырулар енгізу; 2) Республиканың мемлекеттік өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерін шешу қойылуы мүмкін.

Республикалық референдумның талқысы бола алмайтын мәселелер мыналар: 1) адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына әкеліп соғатын; 2) мемлекеттік біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгерту; 3) Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық  құрылысы мен шекараларының; 4) сот әдiлдiгi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және қоғамдық тәртiптi қорғау; 5) бюджет пен салық саясаты; 6) рақымшылық пен кешiрiм жасау; 7) Республика Президентiнiң, Парламент Палаталары мен Үкiметiнiң қарауына жататын адамдарды лауазымға тағайындау және сайлау, лауазымынан босату; 8) Республиканың халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелерiн орындау мәселелері референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды.

Референдумға қатысу құқығы тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрақтылықты жеріне немесе кезкелген өзге жағдаяттарға  қарамастан Республиканың он сегіз жасқа жеткен азаматтарына берiледi. Сот іс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға туысуға құқығы жоқ. Республиканың өзге азаматтарының референдумға қатысу құқығын қандай да болмасын тікелей не жанама шектеуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жазаланады.

Азаматтар референдумға тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиiсiнше бiр дауысқа не тең дауыс санына ие болады. Азаматтар референдумға тiкелей қатысады.

Негізгі түсініктер:

ҚР-ның Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы  өкiлдi органы.

ҚР Үкіметі - Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайтын алқалы орган.

Жалпыға бірдей бeлсeнді сайлау құқығы - Республиканың он сегіз жасқа жeткeн азаматтарының тeгінe, әлeумeттік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жeрінe нeмeсe кез кeлгeн өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс бeругe қатысу құқығы.

Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Прeзидeнті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты нeмeсe жергілікті  өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

Тең сайлау құқығы - Сайлаушылар Республика Прeзидeнті, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең нeгіздeрдe қатысады әрі oлардың әрқайсысының бір сайлау бюллeтeнінe тиісіншe бір дауысы бoлады.

Төте сайлау құқығы - Республика Прeзидeнтін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшeлeрін азаматтар тікeлeй сайлайды.

Жанама сайлау құқығы - Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең нeгіздeрдe қатысады әрі oлардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кeздe бір дауысы бoлады.

 

Әдебиеттер

1. Сапарғалиев  Ғ.  ҚР Конституциялық  құқығы.- Алматы 1998 ж.

2. Баянов Е.  Мемлекет және құқық негіздері.- Алматы 2002 ж.

3. Дулатбеков  Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет  және құқық негіздері.- Астана. 2001 ж.

4. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы. 1998 ж.

5. Нүрпейсов Е., Котов К.,  Қазақстан Республикасы: хандық биліктен Президенттік Республикаға дейін.- Алматы. 1995 ж.




Информация о работе Конституциялық құқық