Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 17:13, дипломная работа
“Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін жетілдіру” атты дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Елбасының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларға сүйене отырып, еліміздегі жергілікті басқару деңгейіе зерттеу, сонымен қатар жергілікті халықтың демократиялық жағдайын қарастыратын шараларды ұйымдастырушы билік органдарының қызметін жетілдіру шараларын жан-жақты қарастыру болып табылады.
Тақырып өзектілігі зерттеу барысында статистикалық мәліметтер мен нақты аналитикалық шолулармен ашылады. Дипломдық жұмыс үлкен үш тараудан тұрады. Бірінші бөлімде жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқарудың теориялық негіздемелері және шетелдердегі жергілікті басқару модельдері салыстырмалы түрде баяндалған.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару: мәні мен маңызы...................6
1.2 Жергілікті мемлекеттік басқару органдары және олардың қаржы-экономикалық негіздері............................................................................................12
1.3 Шетелдік тәжірибедегі жергілікті басқару модельдерінің ерекшеліктері.............................................................................................................18
2 ҚР ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ.........23
2.1 Жуалы аудандық маслихатының жергілікті басқару құрылымы мен қызметтерін бағалау..................................................................................................23
2.2 Жуалы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын және оны дамыту бағдарламаларын талдау...........................................................................................34
2.3 ҚР жергілікті басқару органдарының қызметін дамытудағы негізгі мәселелер....................................................................................................................52
3 ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ..........63
3.1 Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау шаралары.........................................................................................................63
3.2 Жергілікті мемлекеттік басқару реформасы және басқаруды демократиялау............................................................................................................71
Қорытынды.................................................................................................................74
Қосымша А.................................................................................................................77
Қосымша Ә.................................................................................................................78
Қосымша Б.................................................................................................................79
Қосымша В.................................................................................................................82
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................89
Алайда, әлемнің көптеген елдерінде, жергілікті өзін-өзі басқарудың қандай да бір моделіне қарамастан, конституциямен немесе конституциялық заңдармен жергілікті өзін-өзі басқару іс-әрекет ететін деңгейлер айқындалған. Әдетте бұл – төменгі және аралық, яғни өңірлік буындарды қамтитын қос деңгейлі жүйе. Үш деңгейлі жүйе де бар. Мысалы, Польшада: гмина – новьят – воеводство.
Біздің Конституциямызда мұндай деңгейлер қарастырылмаған. Негізгі Заңның жергілікті өзін-өзі басқаруға арналған 89-бабы оны құрудың басты элементтерін айқындайды. Оның мәнісі мынада: жергілікті өзін-өзі басқаруды құру – бұл азаматтардың құқы, бірақ міндеті емес; жергілікті өзін-өзі басқару ауылда да, қалада да құрылады; ол ұйымдастырылған кезде азаматтардың жиі қоныстануы мен оның органдарының міндетті сайламалылығы қамтамасыз етілуі қажет. Өзін-өзі басқаратын қоғамның мүшелері өз қызметінің тәртібін заң шеңберінде өздері белгілейді және ақыр соңында, жергілікті өзін-өзі басқарудың өз бетінше жұмыс істеуіне конституциялық кепілдік беріледі, яғни ол мемлекеттік басқарудан қатаң түрде бөлінеді. Бірақ, сонымен бір мезгілде, ел Конституциясында мемлекеттік басқарудың жекелеген өкілеттілігін жергілікті өзін-өзі басқаруға беруге болатын негіздегі бап жоқ [4].
2 ҚР жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрылымы, олардың негізгі қызметтері мен мәселелері.
2.1 Жуалы аудандық маслихатының басқару құрылымы мен қызметтерін бағалау.
Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданының жергілікті басқару органдарының құрылымын 1-сызбадан көруге болады:
Сызба 1 - Жуалы ауданының жергілікті басқару құрылымы.
1-сызбада байқағанымыздай Жуалы ауданының жергілікті басқару құрылымы өте күрделі. Бұл кестедегі мәліметтерге 1 ауыл және 14 ауылдық округ әкімдерінің аппараты да жатады. Әр бөлімнің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері және оларды орындаушы қызметкерлері бар. Аудандық мәслихаттың құзыретіне Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мыналар жатады:
Аудандық мәслихат аудандық әкімияттың ұсынысы бойынша заң шеңберінде басқа да шешімдер қабылдауға құқылы.
Аудан әкімінің тағайындалуын талқылау тәртібі мен мәслихаттың келісім беруі [50].
Облыс әкімінен аудан әкімі қызметіне тағайындау туралы ұсыныс түскеннен кейін мәслихаттың сессиясы шақырылады.
Мәслихаттың сессиясында лауазымды қызметке тағайындау туралы ұсынысты облыс әкімі немесе өкілеттік берілген лауазым иесі ұсынады.
Мәслихаттың сессиясында ұсыныс жасап отырған өкілетті лауазымды иесіне және кандидатқа сұрақ беруге, сонымен бірге депутаттар ұсынылған кандидатты «жақтап» немесе «қарсы» пікірлерін білдіруіне болады. Егер депутаттар талап қоймаса, ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашылмауы мүмкін.
Егер мәслихат дауыс берудің басқаша тәртібін анықтамаса мәслихаттың ұсынылған кандидатты тағайындауға келісімі депутаттардың жалпы санының көпшілік ашық дауысымен қабылданады және тиісті құжатпен рәсімделеді.
Ұсынылған кандидатты қолдамаған жағдайда, мәслихаттың шешімі қолдамаған себептерін айқындайтын дәлелдерін анықтап көрсетуі қажет.
Облыс әкімі аудан әкімін тағайындауға бұрынғы немесе басқа жаңа кандидатты қайта ұсынғанда мәслихаттағы қаралу тәртібі бұрынғы қалыпта жүргізіледі.
Аудандық мәслихат өз депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен аудан әкіміне сенімсіздік білдіруге және облыс әкіміне оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
Аудан әкімі ұсынған аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді аудандық мәслихаттың екі рет бекітпеуі аудандық мәслихаттың аудан әкіміне сенімсіздік білдіруі туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.
Аудандық мәслихаттың қызметі перспективалық және ағымдағы жоспарларға сәйкес жүргізіледі.
Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарларын аудандық мәслихаттың хатшысы тоқсандарға бөліп, күнтізбелік бір жылға жасайды, жоспар алдын – ала аудандық мәслихаттың аяқталып бара жатқан жылдағы соңғы сессиясында бекітіледі. Қалыптасқан ахуалға байланысты аудандық мәслихат өз жұмыс жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
Аудандық мәслихаттың перспективалық жоспары сессия төрағасынан, аудандық мәслихат хатшысынан, тұрақты және тексеру комиссияларының төрағаларынан, депутаттық топтар мен депутаттардан, аудан әкімінен түскен ұсыныстар ескеріліп, жасалады. Онда аудандық мәслихаттың қарауына енгізілетін мәселелер тізбесі айқындалады.
Аумақтық даму жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік бюджеттік бағдарламалар және олардың орындалуы туралы есептер мәслихат сессиясына қараған күнге дейін ең кемі бір ай мерзімде табыс етіледі. Жоспарлар, аудан дамуының эканомикалық және әлеуметтік бағдарламалары, олардың орындалуы туралы есептер, сондай – ақ аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп аудандық мәслихат шешімдерінің жобалары үшін осы регламент белгілеген тәртіпке сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында қаралады және бекітіледі.
Сессияда аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеппен бірге аудандық мәслихат шешімдерінің жобалары үшін осы регламент белгілеген тәртіп пен мерзімде сол жылы аудандық бюджетті орындау туралы есеп бойынша аудандық мәслихат тексеру комиссиясының қорытындысы міндетті түрде аудандық мәслихатқа табыс етіледі [13].
Жоспарларды, бағдарламаларды және оларды орындаудың есептерін бекіту аудандық мәслихаттың шешімдер қабылдау жолымен жүзеге асырылады, егерде оған депутаттардың жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.
Егерде дауыс берудің нәтижесінде жоспар немесе бағдарлама бекітілмей қалса олар тек аудандық мәслихаттың басқа сессиясында қаралуы мүмкін, ал оларды орындау туралы есеп бекітілмеген жағдайда, қосымша талқылаудан кейін сол сессияда қайтадан дауыс беру өткізілуі мүмкін. Аудандық бюджеттің жобасы алдын ала аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Тұрақты комиссиялар өз мүшелерінің қатарынан жұмысшы топтарды құрады. Жұмысшы топтардың пікірін есепке алып, тұрақты комиссиялар дәйекті айқындалған ұсыныстар мен толықтыруларды ендіріп, тиісті дәйектермен және есептермен аудандық бюджет және экономикалық даму мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жолдайды. Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізеді. Осыған сәйкес бұл жиынтыққа тек тиісті негіздемелер мен есептері бар ұсыныстар енгізіледі.
Бюджеттің жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депутаттардың ұсыныстары осы түзетулерді енгізу қажеттілігі, олардың әлеуметтік – экономикалық даму басылымдықтарына сәйкестігі, оларға есептерді қоса тіркеп, сондай – ақ бюджеттің жобасында белгіленген бюджет тапшылығының мөлшерінен асырмай сақтау үшін қосымша түсімдердің, не қысқартылатын шығындардың нақты көздерін анықтау бойынша ой – пікірлер жазбаша түрде қосымша берілуі керек. Бұл ұсыныстар әдетте, аудандық мәслихаттың, бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында алдын ала қаралуға тиісті. Олар тікелей сессияда жарияланса, онда сессияның редакциялық комиссиясы оларды дауысқа салады. Аудандық мәслихаттың сессиясында аудандық бюджеттің жобасын талдау кезінде аудан әкімінің, не жергілікті өкілетті органның өкілі (өкілдері) ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының орта мерізімді фискалдық саясат пен тиісті қаржы жылға жасалған аудандық бюджеттің жобасы бойынша баяндамасы, сондай – ақ аудандық мәслихаттың бюджет және эканомикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қосымша баяндамасы тыңдалады [47, 23 б].
Әуелгіде тиісті жылдың аудандық бюджеті туралы шешімнің жобасын негіз ретінде қабылдау туралы мәселе дауысқа түседі. Одан әрі, оңды шешім қабылданған жағдайда әрбір өзгерту мен толықтыру жеке – жеке дауысқа салынады. Бұл процедура аяқталғаннан кейін шешімнің жобасы, қабылданған өзгертулер мен толықтырулар ескеріліп, тұтасымен дауыс беруге қойылады.
Егер дауыс берудің нәтижесінде аудандық бюджет туралы шешімнің жобасы негіз ретінде қабылданбаса немесе өзгертулер мен толықтыруларды есепке алып, шешімді тұтасымен қабылдау үшін дауыс беру кезінде ол депутаттар қажетті санын жинамаса онда аудандық бюджет бекітілмеген болып есептеледі.
Аудандық бюджет бекітілмеген жағдайда аудандық мәслихат сессиясының жұмысына келісімдік процедураларды өткізу үшін үзіліс жарияланады. Бюджеттің өзге параметрлерін немесе оның жеке бөліктерін келісуді бюджетті жасаушылармен бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия немесе бұл үшін мәслихат шешімімен арнайы құрылған келістіру комиссиясы өткізеді.
Аудандық бюджетті екінші мәрте қарау осы регламентте белгіленген тәртіпке сай аудандық бюджеттің жобасы аудандық мәслихатқа қайталап түскен күннен бастап екі аптадан кешіктірмей өткізіледі.
Аудандық бюджетті айқындау заңмен және осы регламентте аудандық бюджетті жасау және бекіту үшін белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихат мәслихаттың тексеру комиссиясының аудандық бюджеттің орындалуы туралы есебін алғаннан кейін, аудан әкімиятының аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі жылдық есебін мәслихаттың тұрақты комиссиялары бір ай ішінде қарайды.
Есепті қарау кезінде әкімияттың өкілетті адамының (адамдарының) аудандық бюджеттің орындалуы туралы баяндамасын, аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының аудандық бюджеттің орындалу барысын бақылау нәтижелері туралы баяндамасын және аудандық бюджеттің орындалуы туралы есебі бойынша тұжырымдамасын, аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының қосымша баяндамасын тыңдайды. Есепті қарау кезінде аудандық мәслихатта жергілікті бюджеттік бағдарламаларға басшылық етушілердің жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы есептері тыңдалуы мүмкін.
Аудандық мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Ол аудандық мәслихаттың өкілеттігі мерізіміне депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланады және мәслихаттың сессиясында лауазымынан босатылады.
Аудандық мәслихаттың хатшысы лауазымына кандидатураларды аудандық мәслихаттың сессиясында депутаттар ұсынады.
Өзіне қарсы шыққан адамнан басқа барлық ұсынылған кандидатуралар өздерінің ұсынылу тәртібімен дауысқа салынады. Өзіне өзі қарсы адамға дауыс берілмейді.
Дауыстарды санауды осы регламентке сәйкес сессияда сайланған санақ тобы жүзеге асырады.
Кандидат, егерде ол дауыс берудің нәтижесінде сайланған депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысына ие болса, сайланады деп есептеледі.
Егерде аудандық мәслихаттың хатшысы лауазымына екеуден астам кандидатуралар ұсынылып, олардың бірде – бірі талап етілетін дауыс санын ала алмаса, ең көп дауысқа ие болған екі кандидатура бойынша дауыс берудің екінші айналымы өткізіледі. Бұл ретте аудандық мәслихаттың әрбір депутаты тек қана бір кандидатура үшін дауыс бере алады.
Егерде дауыс берудің екінші айналымында екі кандидатураның бірде - бірі депутаттар жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, аудандық мәслихаттың хатшысын сайлауға кандидатуралар ұсыну қайталанады.
Аудандық мәслихаттың хатшысын сайлау сессияның шешімімен хатталады.
Аудандық мәслихаттың хатшысы депутаттар жалпы санының үштен екісі дауыс бергенде мерізімінен бұрын лауазымынан босатылуы мүмкін.
Аудандық мәслихаттың хатшысын лауазымынан мерізімінен бұрын босату туралы мәселені сессияға енгізу және онда қарау аудандық мәслихаттың енгізуі және шешім қабылдауы үшін осы регламентте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Мәслихат босатылуын қабылдамаған жағдайда мәслихат хатшысы аудандық мәслихаттың сессиясында оның арызын қарағаннан кейін бір ай өткен соң өзінің өкілеттігін тоқтатып қоюға құқылы [28].
Хатшының өкілеттігі іс үстіндегі заңдылықтармен, осы регламентпен, сондай – ақ аудандық мәслихаттың шешімімен белгіленеді.
Аудандық мәслихаттың хатшысы:
Информация о работе Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін жетілдіру