Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:40, реферат
Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды.
Сақтардың өнері мен саудасы. Сақтарда
кейіннен қолөнер
мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей,
найза, семсер, қанжар т. б. жасаған.
Қолөнер
жақсы
дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т. б. металдарды көп пайдаланған.
Сонымен қатар
теріден, ағаштан, қыштан
ыдыстар жасаған.
Сақ тайпалары Сібір, Еуропа,
Алтай және
Шығыс
елдерімен байланыс жасады. Сауда Жібек
жолы және
б. з. б. 1 мыңжылдықтағы «Дала
жолы» арқылы
дамыды.
Сақ жауынгерлері. Патшалар
жауынгерлер тобынан шықты.
Сақ жауынгерлерінің ерлігі туралы көптеген деректі әңгімелер бар.
Сақтар б. з. б. 519–518 жылдары
парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады.
Сақтар
парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі
соғысқа қатысады.
Сақтың әйел патшасы Томирис парсы
патшасы Кирдің әскерін жеңген. Томирис адам қаны
толтырылған
меске Кирдің басын салып тұрып: «Аңсағаның қан болса, ал енді іш!» —
деп айтады.
Б. з. б. IV ғ. Александр Македонскийдің Орта
Азия жеріне жорығы басталды. Ол б. з. б. 330–327
жылдары Сырдарияның сол жағындағы өңірлерді түгелге жуық басып алып, Шеткі Александрия қаласына
салады.
Александр Македонский
шығысты
жаулап алады, бірақ Сырдарияның оң жағындағы сақтардан жеңіледі.
Мәдениеті. Б. з. б. VII ғ. Батыс
Сібір, Қазақстан,
Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігіндегі далалы аймақтар өнерінде
аңдық стиль
пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдар мен аңыздардағы құбыжықтарды суреттеу еді. Мұндай
бейнелермен қола қазандар, әр түрлі құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.
«Аңдық стиль» өнері оңтүстік дәстүрінің ықпалымен қалыптасты. Онымен сақтар
Алдыңғы
Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден
сақтарға «өмір
ағашы»
дейтін арыстан бейнесі тарады.
Еуразия көшпелілері дамудың ұзақ жолынан өтті.
Олардың
бай фольклоры болды. Мифология – әлем,
оның құрылымы
туралы күрделі
түсінік
болып табылады.
Сақтар табиғат күштері – күнге, желге, күннің күркіреуіне, найзағайға табынды. Бұларды құдайдың ісі деп санады. Сақтардың түсінігі
бойынша, құдай әр түрлі
жануарлар бейнесінде өмір сүрді.
«Аңдық стиль» өнерінің негізі – ежелгі аңыздарда
сақталған,
адамның әр түрлі
жануарлардан шыққандығы туралы түсініктермен байланысты.
Адам өз
тегін табиғатпен байланыстырып, өздерін
сонын бөлшегі
деп есептеді. Әрбір ру тайпаның шыққан тегі: бұғы, қасқыр, арқар, жолбарыс, дала бүркіті
т. б. аңдар
болып есептеліп, сондықтан аң бейнелері бар заттар қасиетті
тұмар
немесе бойтұмар саналды.
Қару-жарақтағы аң бейнесі
шайқас
кезінде жауынгерге рух беріп, оқ дарытпайды,
жеңіске
бастайды деп сенді.
Көркемдік шығармашылықтың бұл түрі дамудың шегіне жетіп, III-II ғғ. шынайылық негізін
жоғалтып,
ою-өрнектік
кескінге айналды.
Сақтардың әлемнің құрылымы туралы да айқын түсінігі
болды. Олар үш әлем: жер асы әлемі (төменгі), орта – жер әлемі,
жоғары
– көк
немесе аспан әлемі бар деп есептеді.
Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Шырыққабат
– апасиактардың («су жағасын мекендеген сақтар»)
астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбеде
орналасқан. Қаланың орнынан
көптеген
дуал, мұнара құрылыстар
табылған.
Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі
– Бабыш молда қаласы.
Алматы облысындағы Есік қорғаны
– б. з. б. VIII-IIIғғ. сақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әрі абыз адам жерленген.
Ол алтын адам деп аталған. Онымен бірге қару-жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген.
Ежелгі грек тарихшысы
Геродот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған.
Алтын адам.
Алтын киімді сақ жауынгерін
1969 жылы Жетісу жерінде, Есік қорғанынан археолог К. Ақышев
тапқан.
«Алтын адам» зерттеушілердің пікірі бойынша б. з. б. VII-III ғасырларға, ерте
темір дәуіріне
жатады. Оның жасы 17–18-де, бойы шамасында
болған.
Сақ
көсемі
мүрдесінің басы
батысқа қаратылып
жатқызылыпты.
Есік қорғанындағы екі қорымның біреуі
ертеректе тоналған екен, ал екіншісі аман қалған.