Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:40, реферат
Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды.
Қаңлы жұрты
пайдаланған
киіз-текемет, кілем-сырмақ қатарлы төсеніш және үй қабырғаларына ілінетін тұс бұйымдар,
киетін — кимешектер өздері өсіріп отырған мал өнімдері мен мақта мамықтарынан жасалатын болған.
Олар қой
жүнінен
киіз текеметтер, төсеніштер жасаумен қатар,
киізден қалпақ, кебенек-шекпендер
жасап киген. Қарапайым халық қой терісінен тон сияқты сырт
киімдер тігіп киген. Ал жоғарғы жіктегілер түлкі, қасқыр, ілбіс және басқа да аңдар терісінен қымбат бағалы тымақ, ішік, тон сияқты киімдер тігіп киген.
Қаңлы елінде
заң
мен діни нанымдар өзара ұштастырылып атқарылған.
Қаңлылар
— отқа
табыну, дінге сыйынатын арнаулы кесенелер
салған.
Табиғат
күштеріне,
ата-баба аруағына сиынған. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған. Қаңлыларда
музыкалық
аспаптар болған, би билеген.
Археологиялық ескерткіштері.
Мардан – күйік қорымы – Сырдария өзенінің жағасындағы қаңлылардың жерлеу
ескерткіші. Бұл қорым Мардан-күйік қаласының іргесінде орын тепкен.
Мұнда
50-ден артық
мола бар. Қабірге өлікпен
бірге ыдыстар, әшекей бұйымдар, қару-жарақ көмілген. Қаңлы тайпалық бірлестігі б. з. б. I ғ. ортасында
ыдырады.
Ғұндар
Саяси тарихы. Ғұндар
бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген
ең
ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы
аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі.
Осыған
орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор
тарихи із қалдырды.
Бұлардың біріншісі – қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б.
209 жылы қайтыс
болған)
деп атаған
Тұман
(Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кезеңде ғұндар мемлекеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай
нығайтты,
ел шекарасын империя деңгейіне дейін кеңейтіп, сапалық өзгерістерді жүзеге асырды. Ол ғұндардың үлкен мемлекетін б. з. б. 209
– 176 жылдар аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді.
Екінші империя
— Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар
Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген
аумақ
пен халықтарды
иеленді. Бұл
мемлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.
Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары
бастапқы
кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар
«гуй фаң»,
«гун руң»,
«хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен
берілген.
Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 – 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді:
Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қол астына кіреді.
Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен.
Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи
бастаған ғұндар
Ыстықкөл маңында қытай әскерлерінен
жеңіліп, қолға түседі
(1518). Ғұндар
б. з. 93 жылдан бастап екінші рет Мажарстан
жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.
Шаруашылығы. Мал шаруашылығы жақсы дамыды. Егін шаруашылығы да
маңызды
рөл
атқарды.
Негізінен, дәнді дақылдардың ішінде тарыны көп өсірген. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан.
Көшпелі
шаруашылықпен
айналысқан ғұндардың негізгі
баспанасы киіз үй болды.
Ғұндарда қолөнер
мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихромды стилін
дүниеге әкелген.