Нарық инфрақұрылым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:40, реферат

Описание

Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 37.68 Кб (Скачать документ)

Үйсіндер қорғандары негізінен үйінді оба түрінде болған. Ер адамдарды қылыш, жебе, садағымен бірге жерлесе, әйелдердің бейіттеріне әшекей бұйымдар – сырға, жүзік, моншақ, т. б қойылған. 

Үйсіндер мекендеген аймақта қолөнердің дамығандығы байқалады. Үйсіндердің бейнелеу өнері сақтардың көркемдік дәстүрімен (аң стилі) байланысты. Үйсіндерде құмыра жасау кәсібі барынша дамыды. Үйсін ыдыстарының негізгі түрлері — тегенелер мен кеселер, тостағандар, түрлі құмыралар мен қазан­дар. Ежелгі үйсіндер темір, мыс, қоладан еңбек құралдары, қару-жарақтар, сәндік бұйымдар жасаған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, асыл тастар, бағалы тас­тар мен бағалы металл, сүйек өңдеу ісі де дамыған. 

Үйсіндер туралы тарихи деректер.  Үйсіндер туралы кең мәлімет Қытай деректерінде көп кездеседі. Себебі үйсіндер Қытаймен кең байланыста болған. Үйсіндер туралы көп деректі Қытай тарихшысы Сыма Цян жазды. Оның жинағында үйсіндер туралы былай делінген: «Халықтың саны 630 мың, үй саны 120 мың, жауынгерлерінің саны 180 мың 

Үйсіндерде жылқы көп. Бай адамдардың 4000–5000 жылқысы болады.» 

Қаңлылар 

Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Мемлекет аты алғаш Қытай жылнамасы «Шы Жи»-Дауан Лежуанда («Тарихи жазбалар»-Ферғана тарауы) жазылған «Қаң жүй го» деген атаудан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әдебиетінде «кангюй»), го — «мемлекет» деген мағынаны білдіреді. 

Ғалымдардың көпшілігі қаңлылардың түркі тілдес халық болғандығына күмән келтірмейді. 

Қаңлы мемлекетінің б. з. б I ғасырында дәуірленген кезеңінде халқының саны 600 мың адамды құрап, әскерінің саны 120 мыңға жеткен. 

Қаңлылар астанасы – Битянь қаласы. Байланыс жасаған елдер – Қытай, Рим, Кавказ т. б. Қаңлы бейлеушісінің жеке иелік шекарасы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құрған сармат-алан тайпаларының одағы түгелдей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мемлекеті өз алдына дербес саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларына қарсы тойтарыс беруіне көмектесіп отырған. Қаңлы патшасы өзі мекендеген солтүстік өңірді (Талас өзенінің аймағы) жеке басқарады. 

Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен көсемдердің қолында болған. 

Шаруашылығы. Тайпа халқы негізінен мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысты. Басты байлығы мал болды. Көбінесе жылқы, қой, оған қосымша сиыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақылдар еккен және бау-бақша өсірумен де айналысқан. Жерді тас, металл кетпендермен өңдеді, сондай-ақ сүйектен жасалынған егіншілік құралдары да пайдаланылды. Жиналған өнім жерден қазылған ұраларда немесе қыш құмыраларда сақтал­ды. Көптеген бөгендер мен тоғандар тұрғызылды. 

Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, арқар, киік және су құстары — үйрек, қаз ауланды. Ет, балық және дәнді дақыл өнімдерімен қатар тамаққа жабайы алма, алмұрт, өрік, долана, пісте жемістері, тау жуасы пайдаланылды. 

Мәдениеті. Қаңлыларда қолөнер кәсібі өте жоғары дәрежеде өркендеген. Қаңлылардың тегі хұн, түрік тілдес халықтар болғандықтан, олар өз тілінде, яғни түркі тілінде сөйлеген. 

Қаңлылардың тұрғын үйлері көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлер және топырақ пен ағаштан, тастан жасалған тұрғын үйлер, адамдар жиі орналасқан елді ме­кен, қалалары болған. Археологтардың мәлімдеуіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстандағы ежелгі орта ғасырдағы көптеген қалалардың іргетасы сонау кангюлер (қаңлылар) дәуірінде пайда болған» деген пікір бар. 

Информация о работе Нарық инфрақұрылым