Нарық инфрақұрылым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:40, реферат

Описание

Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 37.68 Кб (Скачать документ)

Соғыс ісінде дамуы шарықтап, әскердің негізі атты жауынгерлерден құрылды. Олардың қаруы садақ және дөңгелек немесе сопақша кескіндегі қалқандары болды. 

Мәдениеті. Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін алатын. 

Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері салынған. Олар­дың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен байланысты келеді. 

Ғұндардың қоғамдық құрылысы. Мемлекет билеушісінің титулы – шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 ру­дан құрылды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды. 

Сарматтар 

Сарматтар туралы деректер өте аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Б. з. б.III — б. з. -дың IV ғасыры аралығында Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген тайпалар. Олар алғашында б. з. б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Б. з. б. II ғасырдан бастап Оңтүстік Оралды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумағын қоныстанған. Б. з-дың IVғ. ғұндардан жеңіліп батысқа қарай қоныс аударған. Жауынгер сармат тайпалары дах (дай) – массагет, исседондармен туыстас болып келген. Сарматтар тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сарматтардың құрамында роксоландар, алаңдар, аорстар, сирактар т. б. тайпалар болған. 

Мәдениеті.  Сарматтар мәдениеті 3 кезеңді қамтиды.

ерте сарматтар  мәдениеті (прохор)

орта сарматтар  мәдениеті (суслов)

кейінгі сарматтар  мәдениеті.  

Сарматтар қыш ыдыстар, сақина, білезік сияқты әшекей заттар жасаған. Б. з. II-IV ғғ. Сарматтардың аса ірі археологиялық ескерткіші – жерлеу орындары (Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында) табылған. Олар кейінгі сарматтар мәдениетіне жатады. Қабірге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген. 

III-V ғғ. зергерлік өнерге түсті металдардың ішінен алтынды көп қолданған. Осы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында зергерлік өнер­де «полихромдық стиль» кең тарады. Қазақстанда б. з. VII – V ғғ. бұл стильдің екі түрі дамыды: безендіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б. з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бар. 

Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір сүріп егіншілікпен айналысты. Сармат тайпалары Еуразияның саяси–экономикалық және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.

Информация о работе Нарық инфрақұрылым