Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:38, курсовая работа
Соңғы кезде Парламенттің мемлекеттік институт ретіндегі ролі елеулі өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасында өткізілген конституциялық реформа парламентаризмнің және елдің бүкіл саяси жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын белгіледі, Қазақстанды түбегейлі жаңа демокра тиялық стандарттар орын алған ел ретінде қалыптасуына зор үлес қосты. Аталған демократиялық стандарттарға қол жеткізу азаматтық қоғамның институттары бір мезгілде дамыған кезде мүмкін болып табылады.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
1) Қазақстандық парламентаризм және кәсіби Парламенттің Қазақстан Республикасында қалыптасуының қалыпты кезеңдері.
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары мемлекеттік билік орындар жүйесіндегі орны және рөлі.
3) ҚР Парламентінің құрылымы. ҚР Парламент Сенатын және Мәжілісін құру тәртібі.
4) Парламент Палаталарының депутаттарының мәртебесі, парламент депутаттарының өкілеттігі.
3. Қорытынды.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
ҚР Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қабылдаған: Ибрагимов Ж.И.
Астана 2013
Мақсаты:
Парламентаризм институтының қалыптасуына себепші болған негізгі факторларды қарастыру, аталған институттың даму барысын айқындау. Қазақстан Республикасында парламентаризм институты мен парламент қызметінің ара-қатынасын анықтау, олардың ортақ және ерекше сипаттамаларын айқындау, тұрғын халыққа, парламентаризм институтының мемлекеттің дамуына оңтайлы ықпал ететін қызмет түрлерін белгілеу.
1) Қазақстандық парламентаризм және кәсіби Парламенттің Қазақстан Республикасында қалыптасуының қалыпты кезеңдері.
2) Қазақстан Республикасы
Парламентінің жоғары
3) ҚР Парламентінің құрылымы. ҚР Парламент Сенатын және Мәжілісін құру тәртібі.
4) Парламент Палаталарының
депутаттарының мәртебесі,
3. Қорытынды.
Қазіргі
кезде тек біздің елімізде қана емес, тіпті
бүкіл әлемде парламентаризм, азаматтық
қоғам мәселесіне деген назардың күн сайын
арта түсуі адамзаттың өз эволюциясындағы
жаңа кезіңіне көшуімен байланысты деуге
болады. Ол, яғни қазіргі заманға сай кезең
ғылыми – техникалық революцияның дамуымен
және демократия мен ізгіліктің маңыздылығының
күн сайын арта түсуімен байланысты. Біздің
елімізде демократиялық өзгерістердің
орын алуына себепші болатын барлық қажетті
экономикалық және әлеуметтік алғышарттар
жасалған.
Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен
демократиялық мемлекет құрудың қиын
да ұзақ жолын басынан өткеруде. Осы жолда
жасалған реформалар қоғамның бүкіл салаларын
түбегейлі өзгертті. Экономиканың артынан
саяси жүйе, қоғамдық тәртіп, жалпы әлеуметтік-рухани
жай-күйі өзгеріске ұшырады.
Соңғы кезде Парламенттің мемлекеттік
институт ретіндегі ролі елеулі өзгеріске
ұшырады. Қазақстан Республикасында өткізілген
конституциялық реформа парламентаризмнің
және елдің бүкіл саяси жүйесінің дамуындағы
жаңа кезеңнің басталуын белгіледі, Қазақстанды
түбегейлі жаңа демокра тиялық стандарттар
орын алған ел ретінде қалыптасуына зор
үлес қосты. Аталған демократиялық стандарттарға
қол жеткізу азаматтық қоғамның институттары
бір мезгілде дамыған кезде мүмкін болып
табылады.
Мемлекет Басшысы Н. Назарбаев 2007 жылы
өткізілген конститу циялық реформа Қазақстанның
президенттік республикадан президенттік
– парламенттік республикаға іс жүзінде
өзгеруіне бағытталғандығын бірнеше рет
атап өткен болатын. Және де дәл осы бағыт,
яғни мемлекетті президенттік республикадан
президенттік – парламенттік республикаға
өзгертуге бағытталған қызмет қазіргі
кезде өз күш салуларын елімізде парламентаризмнің
дамуына шоғырландырған «Нұр Отан» Халықтық
– Демократиялық партияның қызметінде
басым бағыттағы қзмет болып табылады.
«Нұр-Отан» ХДП аталған қызметінің нәтижесі
– Парламентаризм Институтының құрылуы
туралы шешімнің қабылдануы болып табылады.
Институт қызметінің негізгі бағыты -
мемлекеттік билік органдарында халықтық
өкілеттікті дамытуға қатысты жаңа көзқарастарды
іздестіру. Қоғамды басқарудың өкілеттік
сипаттамасын арттыру жолдары келесідей:елдің
саяси жүйесінің партиялануы және осыған
байланысты саяси партиялардың белсенділігін
арттыру, оларды дамытып, елдің саяси өміріндегі
ролін нығайта түсу. Қазіргі кезге сай
демократия тек партияның қызметі арқывлы
қана жүзеге асырылуы мүмкін. Партия бірегей
роль атқарады; атап айтқанда, партияның
жүзеге асыратын негізгі ролі - қоғамда
бар немесе қоғамда пайда болатын мүдделердің
саяси деңгейіне шығару. Партиялар өркениеттің
маңызды жетістіктерінің бірі болумен
қатар азаматтық қоғамның саяси мүдделерін
білдіреді.
Рефома арқылы енгізілген үйлесімді сайлау
жүйесі саяси партияларға елдің саяси
жүйесіндегі өз ролін нығайту жөніндегі
қосымша мүмкіндіктерді ұсынып, осы қадам
арқылы саяси күштер мен тұрғын халықтың
шынайы еркін білдіруін қамтамасыз етті.
Саяси партиялар мен партиялық тізімдер
бойынша сайланған депутаттар арқылы
қоғамдық өкілдік жүзеге асырылады. Парламент
Мәжілісін қалыптастыру тәртібінің өзінде
халықтық егемендік қағидатына негізделген
өкілеттілік идеясы орын алған. Реформа
арқылы қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік
қаржыландыруға тыйым салу қағидаты жойылған.
Бүгінде қазақстандық зерттеуші лер де
парламентаризмнің теориясы мен практикасының
жоғарыда келтірілген фундаменталды белгілерін
қолдап, елімІздің заң шығару органының
қызметін осы талаптар түрғысынан тал-дайды.
Қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмінің
дамуының проб-лемалары мен одан әрі даму
жолдары туралы пікірлер мен ұсыныстар,
көзқарастар аз емес.1991 жылы тәуелсіздік
алған Қазақстанның бүкіл әлемге тәуелсіз,
егеменді ел болып танылғанына да жиырма
жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдар ішінде
оның қоғамдық және мемлекеттік өмір салаларында
үлкен өзгерістер болды. Осыған сөйкес
еліміздің қүқық тық, саяси, экономикалық
жүйелері де түбегейлі өзгерістерге ұшырады.
Қазіргі уақытта Қазақстан өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтыру үстінде Елбасы өзінің
Қазақстан халқына Жолдауында: «Өткен
10 жылдың ішінде біз еркін сайлау өткізілетін,
16 саяси партия жұмыс істеп жатқан, оның
төртеуі Парламентте өкілдік ететін қоғам
құрдық.Екі жарым мыңнан астам үкіметтік
емес ұйымдары бар қоғам құрдық. Газеттердің,
журналдардың, телерадиоарна ларының
сексен пайызы мемлекеттік емес қоғам
құрдық. Жүздеген түрлі діни қауымдастықтар
өзара байланыста, қатар, қалыпты өмір
сүріп жатқан қоғам құрдық. Кәсіпқой екі
палаталы Парламенті мен тәуелсіз сот
жүйесі бар қоғам құрдық» - дейді.
Қазақстанның
демократиялық жолмен құқықтық және әлеуметтік
мемлекет орнатуы — қазіргі өркениетті
әлемдік тәжірибеде нық қалыптасқан билік
бөлу принципіне негізделеді Билік бөлу
принципіне сәйкес Республикадағы біртұтас
мемлекетгік билік Конституция мен заңдар
негізінде заң шығарушы, атқарушы жене
сот тармақтарына бөлініп, олардың тежемелік
әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы
өзара іс қимыл жасау принципіне сәйкес
жүзеге асырылады.
Қазақстандық
парламентаризм және кәсіби Парламенттің
Қазақстан Республикасында
Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.
Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның – алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясының негізінде, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясының негізінде құрылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне алғашқы сайлау 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау жалпыға бірдей, тең және жасырын дауыс беру кезіндегі төте сайлау құқығы негізінде өткізілді. Жоғарғы Кеңестің депутаттық корпусын қалыптастыру Коммунистік партияның қатаң бақылауымен баламасыз негізде өткенін атап өту қажет. Депутатқа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген сыныптық, партиялық, ұлттық, жынысы-жасы және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары депутатқа кандидаттыққа атқарып отырған лауазымына сәйкес ұсынылды. Соған байланысты сайлау өткізу рәсімі көбіне формальді сипатта болатын.
1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болды және Қазақ КСР-інің қарауына жатқызылатын барлық мәселелерді шешуге құқылы еді.
Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессияларының аралығындағы кезеңде қажет болған жағдайда Қазақ КСР-інің қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіліп, олар кезекті сессияда қабылданатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қажет деп есептеген кезде тексеру комиссиясы мен кез келген мәселе бойынша өзге де комиссияларды құрды. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті болды. 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің он екінші сайланымына сайлау болып өтті. Бұл жерде оның әлі де әкімшілік-әміршілік жүйенің ықпалы жеткілікті болып тұрған жағдайда неғұрлым демократиялы алғашқы сайлау болғанын атап өту керек. 360 депутаттық мандаттың сайлау алды сайысына екі мыңнан астам үміткер қатысты. Бұл сайлаудың ерекшелігі саяси партиялар мен республикалық қоғамдық ұйымдардан тұңғыш рет кандидаттар ұсынылғандығында еді.
Он екінші сайланымның Жоғарғы Кеңесі бірқатар аса маңызды саяси-құқықтық құжаттарды қабылдады, олар тәуелсіз Қазақстанның және елде парламентаризм қалыптасуының іргетасын қалауда ерекше рөл атқарды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі
1994 жылғы сәуір – 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттары тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби Парламенті болды.
Жоғарғы Кеңестің сандық құрамы 360-тан 177-ге дейін азайтылды. Депутаттардың жалпы санының 52 %-ы – өзін-өзі ұсынғандар, ал 48 %-і – саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болды. Қазақстанның тарихында алғаш рет саяси партиялар мен қозғалыстардың нақты билік тетіктеріне, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мен қабылдауға ықпал ету мүмкіндігіне қолдары жетті. 1994 жылғы 7 наурызда өткен сайлау республикада көппартиялықтың қалыптасуына мүмкіндік жасады.
Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес бір жылдан сәл азырақ жұмыс істеп, заңсыз деп танылды, өйткені Конституциялық сот депутаттарды сайлау соған сәйкес жүргізілген сайлау заңнамасының кейбір нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды. Сонымен бірге он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Қазақстанда парламентаризмнің одан әрі дамуына алғышарттар жасағанын мойындаған жөн.
Қос палаталы Парламенттің қалыптасуы
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы ескі және жаңа саяси құрылыстың арасындағы өзіндік ымырасы, ғасырлар бойы құрылған батыс демократиясының үлгісін кеңестен кейінгі кеңістікте енгізуге тырысудың көрінісі болғандықтан, әуелбастан-ақ қайшылыққа толы еді. 1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Онда Парламент заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы ретінде айқындалды. Парламент екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұратын болды. Парламенттің кос палаталық құрылымы саяси жағынан орынды болып шықты, ол еліміздің саяси өміріндегі принципті жаңа элементке айналды және әлемдік тәжірибедегі жалпыға ортақ парламентаризм принциптеріне сай келді. Қазақстанда қос палаталы Парламенттің құрылуына мұның қабылданатын заңдардың сапасын арттыруға мүмкіндік жасайтыны себеп болды. Қос палаталы Парламенттің депутаттарын сайлау процесі 1995 жылдың соңында өтті. Сенатқа 19 облыстан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, барлығы 40 депутат сайланды. Сенаттың жеті депутатын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындады. Қазақстан Республикасының Мәжілісіне сайлау 1995 жылғы 9 желтоқсанда өтті. Оған 67 депутат сайланды. Мәжіліске сайлау нәтижелері бойынша басым көпшілікпен ер азаматтар өтті – 58 депутат, әйел депутаттар – 9. Палатаның барлық депутаттары жоғары білімді, олардың ішінде 7 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты болды. Бұл жерде бірінші сайланған қос палаталы заң шығару органы саяси, экономикалық және әлеуметтік проблемалардың шешілуін заңнамалық қамтамасыз еткен кәсіби Парламенттің бастаушысы ретінде Қазақстанның тарихында қалатынын атап өту керек.
Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары мемлекеттік билік орындар жүйесіндегі орны және рөлі.
1998 жылы еліміз бүкіл кеңестен кейінгі елдердің бәрін қамтыған дағдарыстан нық сеніммен шыға бастады. Қазақстанда болып жатқан реформалар билік тармақтарының қызметін жақсарта түсуді, оның ішінде парламентаризм процестерін тереңдетуді талап етті.
1999 жылы ел Конституциясына
енгізілген өзгерістерге
Елде жалпы саяси пікірталас барысында талқыланған мәселелердің бірі Мемлекет басшысының жекелеген өкілеттіктерін Парламентке беру туралы мәселе болды. Бүгін, елді жаңғырту процесінің аса маңызды параметрлері бұлжымас сипатқа ие болып отырғанда, Президент пен Парламент арасындағы кейбір міндеттер мен жауапкершілікті қайта бөлу қажеттігі пайда болды. Бұл өз кезегінде Парламенттің өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейтуді көздейді.
Еліміздің қолданыстағы Конституциясына сәйкес Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі болып табылады. Бұл принцип біздің саяси жүйемізді жаңғырту процесінде өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қазақстандықтардың көпшілігінің пікірінше, ол Қазақстандағы демократиялық өзгертулердің жаңа кезеңінде де мызғымай қалуға тиіс.
Президент депутаттардың жартысын мажоритарлық жүйе, ал жартысын – пропорционалдық жүйе бойынша сайлауды ұсынған Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын одан әрі тереңдете түсті. Сондықтан Президенттің Мәжіліс депутаттарын пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша сайлауға көшу ұсынысы неғұрлым екшелген әрі сындарлы болып көрінеді, өйткені өкілділікті қамтамасыз етіп, біздің өзіндік ерекшеліктерімізді ескереді. Қазақстандағы сайлау өткізудің жаңа нысаны саяси күштердің нақты орнығуы мен халықтың шын мәніндегі ерік-қалауын қамтамасыз етіп, саяси партияларға еліміздің саяси жүйесіндегі өз рөлін күшейту жөнінде қосымша мүмкіндіктер беруге тиіс. Мәжіліс депутаттарының саны 107-ге дейін көбейеді, олардың 98-і пропорционалдық жүйе бойынша сайланады. Демек, келешекте сайлауға тек саяси партиялар ғана шығатын болады. Қазақстанның аумағында тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің рөлін арттыру мен мүдделерін ескеру мақсатында Мәжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады. Осылайша, Парламент саны 38 адамға көбейіп, 154 депутат болады. Мұндай сан Қазақстан үшін неғұрлым оңтайлы деп танылды. Депутаттың қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты еместігі туралы норманың алынып тасталуы оның қызметіндегі принципті жайт болып табылады. Оған императивті мандат беру депутаттардың рөлін және өз қызметі үшін саяси партия алдындағы жауаптылығын арттыруға бағытталған. Бұл ретте, егер Мәжіліс депутаты партияның қатарынан шықса немесе түрлі себептер бойынша шығарылатын болса, онда сол бойда Мәжілістегі орнынан айырылады. Алайда, мұндай ереже Сенат депутаттарына қолданылмайды. Президенттік квотаның 7-ден 15 депутатқа дейін көбейтілуі есебінен Сенаттың жаңа саны туралы Мемкомиссияның ұсынысы қабылданды, олардың бір бөлігі қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделері өкілдігін қамтамасыз ету қажеттігі ескеріле отырып тағайындалатын болады. Сенатқа қосымша өкілеттіктер берілетіндігі туралы факті назар аудартады. Олардың қатарына, сөз жоқ, Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылудан туындаған, ол уақытша болмаған кезеңде заңдар қабылдау бойынша Парламент функциясын орындау жатады. Бұдан басқа, Ұлттық Банк Төрағасының қызметіне кандидатура Сенатпен келісілетін болады. Мұндай көзқарас Ұлттық Банктің мемлекеттің ақша-кредиттік саясатын іске асыру кезіндегі дербес болу принципіне сай келеді. Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Үкіметтің мемлекеттік қызметтер көрсетудің жоғары тиімділігі мен сапасын, қоғам алдында есепті болу мен қызметтің ашықтығын атқарушы органның қамтамасыз етуі үшін мемлекет Басшысының алдындағы ғана емес, Парламенттің де алдындағы жауаптылығын белгілейді. Тиісінше Парламенттің Үкіметтің қызметіне тиімді бақылау жасау жөніндегі өкілеттігі күшейтілді. Бұдан басқа, Мәжілістің Үкіметке сенімсіздік білдіруі үшін бұрын болғандай депутаттардың үштен екісінің емес, жай көпшілік дауысы жеткілікті болады. Шешуші жайт Үкіметті парламенттік көпшілік негізінде құрудың және оның жұмыс істеуінің жаңа ережелерін жасаудан тұрады. Бұл саяси партиялардың рөлін арттыруға мүмкіндік береді және парламенттік көпшілікке ие партияның Үкімет қызметіне жауапты болатыны өте маңызды.
Информация о работе Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі