Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:38, курсовая работа

Описание

Соңғы кезде Парламенттің мемлекеттік институт ретіндегі ролі елеулі өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасында өткізілген конституциялық реформа парламентаризмнің және елдің бүкіл саяси жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын белгіледі, Қазақстанды түбегейлі жаңа демокра тиялық стандарттар орын алған ел ретінде қалыптасуына зор үлес қосты. Аталған демократиялық стандарттарға қол жеткізу азаматтық қоғамның институттары бір мезгілде дамыған кезде мүмкін болып табылады.

Содержание

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
1) Қазақстандық парламентаризм және кәсіби Парламенттің Қазақстан Республикасында қалыптасуының қалыпты кезеңдері.
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары мемлекеттік билік орындар жүйесіндегі орны және рөлі.
3) ҚР Парламентінің құрылымы. ҚР Парламент Сенатын және Мәжілісін құру тәртібі.
4) Парламент Палаталарының депутаттарының мәртебесі, парламент депутаттарының өкілеттігі.
3. Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

Парламент .docx

— 57.58 Кб (Скачать документ)

       4) Республиканың  заңдарына сәйкес жергілікті  өкілді органдардың өкілеттігін  мерзімінен бұрын тоқтату;

       5) Қазақстан  Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің  құрамына депутатты жіберу;

       6) Республиканың  Президентін қызметінен кетіру  туралы Мәжіліс қозғаған мәселені  қарау және оның нәтижесін  Палаталардың бірлескен отырысының  қарауына енгізу.

           Мәжіліс республиканың әкімшілік-  аумақтық бөлінісін және шамамен  сайлаушылардың сан жағынан тең  келуін ескере отырып құрылатын  бір мандатты аумақтық сайлау  округтері бойынша сайланған  67 депутаттан тұрады. Он депутат  Мәжіліске партиялық тізімдер  негізінде пропорционалдық өкілдік  жүйесі бойынша біртұтас жалпыұлттық  сайлау округінде сайланады. 25 жасқа  толған республика азаматы Мәжіліс  депутаты боа алады. Парламент  депутаты қос Палатаға бірдей  мүше бола алмайды: басқа өкілетті  органға депутат болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық  қызметтен басқа ақы алатын  лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыруға, басшы  органның немесе коммерциялық  ұйымдардың бақылау кеңесінің  құрамына кіруге құқығы жоқ.  Осы ережені бұзу депутаттың  өкілеттіген тоқтатуына әкеліп  соқтырады. Парламент депутатының  өкілеттігі тоқтатылған жағдайда  немесе өкілкттік мерзімінің  өтуі бойынша оның бұрынғы  қызметінің сақталуына кепілдік  берілмейді.

           Мәжілістің ерекше қарауына мыналар  жатады:

       1) заңдардың  жобаларын қарауға қабылдау және  қарау

       2) Республика  Парламенті қабылдаған заңдарға  Қазақстан Республикасы Президентінің  қарсылықтары бойынша ұсыныстар  әзірлеу;

       3) Республика  Президентінің ұсынуымен Республиканың  Орталық сайлау комиссиясының  Төрағасын, Төрағасының орынбасарын,  хатшысы мен мүшелерін сайлау  және қызметтен босату;

       4) Республика  Президентінің кезекті сайлауын  хабарлау;

       5) Әділет  біліктілік алқасының құрамына  екі депутатты жіберуҒ

       6) Республика  Президентіне қарсы мемлекетте  опасыздық жасады деп айып  тағу.

           Депутат Парламент сессияларында  және ол оның құрамына кіретін  органдардың отырыстарында қаралатын  барлық мәселелер бойынша шешуші  дауыс құқығын пайдаланады. Депутат  Парламенттің және оның Палаталарының  үйлестіруші және жұмысшы органдарына  сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша  ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға  есеп беретін лауазымды адамдардың есебін тыңдау туралы ұсыныс енгізуге; депутаттардың сауал салуға, Парламент қабылдайтынзаңдар, қаулылар, басқа да актілардің жобаларына түзетулер негізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

           Парламент депутатының өкілеттігі: ол орнынан түскен; депутат іс- әрекетке қабілетсіз деп танылған; Парламент таратылған; депутат болып  сайланғаннан кейін лауазымды  қызметін жалғастыру үшін сол  қызметті сақтауға тиіс болған  жағдайдатоқтатылады. Депутат оған  қатысты соттың айыптау үкімі  шығарылған кезде, Қазақстан Республикасынан  тыс жерлерге тұрақты тұруға  кетсе немесе одан айыру туралы  шешімді республиканың Орталық  сайлау комиссиясының  ұсынысы  бойынша Парламенттің тиісті  Палатасы оның депутаттарының  жалпы санының көпшілік даусымен  шығарады.  

          Депутаттық сұрау салу Парламент Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарында депутаттың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының Парламент сессиясына осы органның немесе лауазымды тұлғаның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында енгізілген түсініктеме беру немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады. Парламент депутаты Премьер- Министрге және Үкімет мүшелеріне, Ұлттық Банктің Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасына және мүшелеріне, Бас Прокурорға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы мен мүшелеріне сұрау сала алады.

           Депутаттық сауал лауазымды тұлғаларға депутаттардың Парламент отырысындағы берген ауызша сұрақтары.

           Фракция- белгіленген заң тәртібімен тіркелген саяси партияны немесе өзге қоғамдық бірлесуді білдіретін депутаттардың ұйымдасқан тобы; ол Парламенттегі тиісті саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің мүддесін білдіру мақсатында құрылады.

           Депутаттық топ- сайлау округткріндегі бірлескен қызметінде өздерінің өкілеттігін жүзеге асыру мақсатында депутаттардың бірлесуі. Қайсыбір фыакцияның қатарында болу депутаттық топқа кіруге кедергі келтірмейді.  Сенаттың және Мәжілістің тұрақты комитеттері, сондай- ақ Парламенттің бірлескен комиссиялары Қазақстан Республикасының Парламентінің жұмыс органдары болып табылады. Сенат пен Мәжіліс құратын тұрақты комитеттердің саны әрбір палатада жетіден аспауға тиіс.

           Депутат Парламент және оның  құрамына кіруге тиісті органдардың  жұмысына қатысуға міндетті. Депутат  дауыс беру құқығын өзі жүзеге  асырады. Оның даусын басқа  депутатқа беруге құқығы жоқ.  Палата Бюросының, оның тұрақты комитеттерінің, Парламент комиссияларының және оның Палаталарының құрамына кірген депутат оның қарауына кез келген мәселені енгізуге, мәселелерді қарауға әзірлкуге, ол бойынша талқылау мен оны қабылдауға қатысуға,  сондай- ақ қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын ұйымдастыруға, олардың орындалуын бақылауға құқылы. О Парламенттің өзі құрамына кірген органның шешімімен келіспксе, өз көзқарасын Парламент сессиясында мәлімдеуге немесе ол туралы жазбаша нысанда хабарлауға құқылы. Палата Бюросының, оның комитеттерінің,  комиссияларының құрамына кірмеген депутаттар аталған органдардың отырыстарына белсенді түрде қатыса алады.

           Палаталар тұрақты комитеттерінің  төрағалары Сенат, Мәжіліс отырысында  депутаттар арасынан ашық немесе  жасырын дауыс беру арқылы  Палата депутаттары жалпы санының  көпшілік даусымен сайланады. 

           Сенат пен Мәжілістің тұрақты  комитеттері заң жобаларымен  жұмыс жүргізу, Палаталардың қарауына  жататын мәселелерді алдын ала  қарау және әзірлеу үшін құрыады.  Өз өкілеттігін жүзеге асыру  үшін Палатаның тұрақты комитеттері:

      1) заң актілеріне  қорытындылар жасайды, тиісті  Палатаның Бюросына заң актісі  жобасын отырыстың күн тәртібіне  енгізу не онымен жұмысты жалғастыру  немесе дәлелді негіздеме келтіре  отырып, оны қабылдамау туралы  ұсыныстар енгізеді;

      2) тиісті Палатаның немесе оның Бюросының тапсырмасы бойынша нақты заң жобасы немесе Палатаның қарауына жататын басқа мәселе жөніндегі бас комитет қызметін атқарады;                  

      3) енгізілген заң жобаларын қарау жөніндегі жұмыс топтарын құрады, олардың құрамына заң жобалары бастамашыларын, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер, ғылыми мекемелер өкілдерін, мамандарды, шаруашылық жүргізуші субъектілер басшыларын тартады;

       4) заң  актілері жобаларын әзірлеу үшін  жұмыс топтарының құрамы жөнінде  тиісті Палатаның Бюросына ұсыныстар  енгізеді;

        5) енгізілген  заң жобаларының, қаулылау, Парламент  пен оның Палаталары қабылдайтын  басқа да актілер жобаларының  мәтінін өзгерту және толықтыру  жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

         6) енгізілген заң жобаларының,  қаулылар, Парламент пен оның  Палаталары қабылдайтын басқа  да актілер жобаларының мәтінін  өзгерту және (немесе) толықтыру  жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

         7) Палаталар қызметке тағайындауға, қызметке сайлауға және қызметінен  босатуға Президентке келісім  беру жөніндегі өкілеттігін жүзеге  асыру мақсатында өз отырысында ұсынылған кандидатураларды талқылайды және қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарады;

         8) Қазақстан Республикасы Жоғары  Сот Кеңесінің, Әділет біліктілік  алқасының, сондай- ақ Парламент  комиссияларының құрамына жіберілетін  Палаталар депутаттарының кандидатуралары  жөнінде ұсыныстар енгізеді;

         9) Республткалық бюджеттің атқарылуын  бақылау жөніндегі есеп комитетінің  мүшелері қызметіне ұсынылған  кандидатураларды талқылацды;

         10) тиісті ПалатаБюросының шешімімен  өз құзыретіндегі мәселелер бойынша  парламенттік тыңдаулар өткізеді;

         11) депутаттар енгізген мәселелер  мен ұсыныстарды қарайды, олар  бойынша шешім қабылдайды, қабылданған  шешімдердің жүзеге асуын ұйымдастырады,  сондай- ақ олардың орындалуына  бақылау жасайды;

         12) Палатаның қарауына сыртқы  және ішкі саясаттың жалпы  және жекелеген мәселелері бойынша  декларациялар, үндаулер мен мәлімдемелер  қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;

         13) Палата Бюросына шет мемлекеттерге  жіберілетін ресми парламенттік  делегациялардың құрамы жөнінде  ұсыныс енгізеді.

            Қазақстан Республикасы Парламентті мерзімінен бұрын мынадай жағдайларда тарата алады:

  1. Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірсе;
  2. Парламент Премьер- Министірді тағайындауға келісім беруден екі мәрте бас тартса;
  3. Парламент Палаталары немесе Парламент пен мемлекеттік биліктің басқа тармақтары арасында еңсерілиейтін келіспеушіліктер нәтижесінде саяси дағдарыс туындаған жағдайларда.  

           Төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Республика Президенті өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай- ақ осының алдындағы таратудан кейін бір жыл өтпейінше парламентті таратуға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

             Парламентаризм қазіргі саяси үдерістің маңызды құрамдасы болып табылады және ол өкілді демократия, көппартиялы жүйе, сайлау құқығы және басқа да маңызды институттарды қалыптастыру мәселелерімен байланысты.  Мемлекеттік биліктің жоғары органдары жүйесінде парламент тікелей халық еркін білдіретін және аса маңызды саяси шешімдерге заң нысаны мен күшін беретін жоғары өкілді орган болып табылады.

            Қазақстандық парламентаризм қазіргі түрінде салыстырмалы түрде біздің қоғамның саяси жүйесіндегі жаңа құбылыс. Біз өзіміз бастан кешкен тарихи кезеңде Халық депутаттары кеңесінен екі палаталы кәсіби парламентке өттік. Бүгінде екі палаталы парламенттің құрылымы жалпы республикалық және өңірлік мүдделерді біріктіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде биліктің заң  шығару органын нығайту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік, азаматтық  қоғам құрудың міндетті талаптарының бірі болуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі ұғымдар:

Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Парламентаризм - парламенттің өкілетті және заңшығарушы орган ретіндегі басым рөлін мойындайтын, заңшығарушы және атқарушы билік қызметтері толық нақтыланған мемлекеттік билік жүйесі.

Парламент (лат. parlare – сөйлеу, ағылш. parlіament) – мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы; өкілдік сайлау заң органы.

Сенат (латынша senatus, senex — кәрі, қария сөзінен)- парламенттің жоғарғы палатасы. Сенат түрлі жолмен: тікелей сайлау, жанама сайлау, сирек жағдайда төменгі палатаның өз құрамынан сайлауы (Норвегия, Исландия) арқылы құрылады.

Мәжіліс (араб.: меджлис‎— жиналыс, кеңес, әңгіме) — қауым алдында тұрған мәселені шешу мақсатында бас қосып кеңесу, алқа құрып жиналыс жасау; Түркия, Иран елдерінде заң шығарушы орган;Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы.

Депутаттық сұрау  салу Парламент Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарында депутаттың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының Парламент сессиясына осы органның немесе лауазымды тұлғаның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында енгізілген түсініктеме беру немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады.

Депутаттық сауал- лауазымды тұлғаларға депутаттардың Парламент отырысындағы берген ауызша сұрақтары.

Фракция- белгіленген заң тәртібімен тіркелген саяси партияны немесе өзге қоғамдық бірлесуді білдіретін депутаттардың ұйымдасқан тобы.

 Депутаттық топ- сайлау округткріндегі бірлескен қызметінде өздерінің өкілеттігін жүзеге асыру мақсатында депутаттардың бірлесуі.

 


Информация о работе Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі