Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:38, курсовая работа

Описание

Соңғы кезде Парламенттің мемлекеттік институт ретіндегі ролі елеулі өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасында өткізілген конституциялық реформа парламентаризмнің және елдің бүкіл саяси жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын белгіледі, Қазақстанды түбегейлі жаңа демокра тиялық стандарттар орын алған ел ретінде қалыптасуына зор үлес қосты. Аталған демократиялық стандарттарға қол жеткізу азаматтық қоғамның институттары бір мезгілде дамыған кезде мүмкін болып табылады.

Содержание

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
1) Қазақстандық парламентаризм және кәсіби Парламенттің Қазақстан Республикасында қалыптасуының қалыпты кезеңдері.
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары мемлекеттік билік орындар жүйесіндегі орны және рөлі.
3) ҚР Парламентінің құрылымы. ҚР Парламент Сенатын және Мәжілісін құру тәртібі.
4) Парламент Палаталарының депутаттарының мәртебесі, парламент депутаттарының өкілеттігі.
3. Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

Парламент .docx

— 57.58 Кб (Скачать документ)

           Парламент Палаталары Төрағаларының  саяси жауапкершілігі. Палаталардың  төрағалары заң шығарушылық бойынша  жұмысқа басшылық етеді, сондықтан  оларға үлкен саяси жауапкершілік  жүктеледі. Парламент Палаталарының  төрағалары жәй депутаттар ғана  емес, олар жоғары санатты саяси  қызметшілерге жатажы.

           Парламенттің саяси жауапкершілігі. Парламент халықтың алдында Конституцияға  сәйкес заң шығарушылық функциясын  жүзеге асыру үшін саяси жауапкершілік  көтереді. Бұл жауапкершілік «виртуалды»  сипатқа ие, өйткені сайлаушылар  не депутатты қайта шақырып  ала алмайды, не Парламентті  тарата алмайды. Бірақ сайлаушылар  түрлі тәсілдермен беретін Парламент  қызметінің саяси бағасы оны  қолдау және мақұлдау немесе  сөгу түрінде көріне алады.

           Парламенттің құқықтық жауапкершілігін  айту үшін бүкіл депутаттар  корпусының Парламентті өз функцияларын  сапалы жүзеге асыруы үшін  перспективадағы жауапкершілігі  туралы айту керек. Бұл, атап  айтқанда, депутаттардың заңдарды  әзірлеуге, талқылауға, қабылдауғазаң  шығару техникасын бұлжытпай  сақтай отырып жауапты, кәсіпқойлық  қарауы.  Парламенттің Сенат пен  Мәжілістің бірлескен және бөлек  отырыстарындағы құзыретін, Палаталардың  ерекше құзыретін Республика  Конституциясы белгілейді және  Парламенттің сессияларында, Парламент  Палаталарының, оның органдары  мен депутаттардың қызметінде  жүзеге асырылады. 

           Қазақстан Республикасының Парламенті  өз жұмысын сессиялық тәртіппен  жүзеге асырады. Парламент сессиясы  Палаталардың, Палаталар Бюроларының,  тұрақты комитеттерінің және  Палаталардың бірлескен комиссияларыгың  бірлескен және жеке отырыстарынан  тұрады.  Жаңа сайланған парламенттің  бірінші сессиясын сайлаудың  қорытындысы жарияланып, әр Палатада  депутаттардың кем дегенде үштен  екісі сайланғаннан кейін әрі  кеткенде отыз күннің ішінде  Президент шақырады. Парламент сессиясы  Сенат пен Мәжілістің бірлескен  отырысымен ашылады және жабылады.

           Парламенттің кезекті және кезектен  тыс сессиялары болады. Парламенттің  кезекті сессиясын Мәжілістің  Төрағасы шақырады және жылына  бір рет- қыркүйек айының бірінші  жұмыс күнінен маусым айының  соңғы жұмыс күніне дейін өткізеді. Парламенттің сессиялары арасында  Президенттің:

  1. өзінің жеке бастамасы бойынша;
  2. Палата Төрағаларының ұсыныстары бойынша;

Парламент депутаттарының жалпы  санының кем дегенде үштен  бірінің ұсынысы бойынша Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысын шақыруы мүмкін.  Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысы Президент  белгіеген мерзім мен тәртіпте өткізіледі. Кезектен тыс бірлескен отырысты өткізу тураы ұсынысты енгізе отырып, Палаталардың Төрағалары және оны өткізуге себепші болған мәселенің басын  ашады.

           Палаталардың бірлескен отырысы  әр Палатадан депутаттардың жалпы  санының кем дегенде үштен  екісі қатысқан жағдайда құқылы  болып есептеледі. Палаталардың  бірлескен отырысы ашық өткізіледі. Регламент отырыстардың жабық  өткізілу мүмкіндігін де қарастырған.  Егер бұған қатысушы депутаттардың  жартысынан көбі дауыс берсе,  Президент пен депутаттардың  ұсынысы бойынша жабық отырыс  өткізілуі мүмкін. Кейбір лауазымды  адамдар жабық отырысқа да, ашық  отырысқа да қатысып, сөз сөйей  алады. Оған Президент, Премьер-  министр, Үкімет мүшелері, Ұлттық  Банктің Төрағасы, Бас Прокурор, Ұлттық қауіпсыздік комитетінің  төрағасы, Мемлекеттік Хатшы, Президент  Әкімшілігінің басшысы жатады.

           Парамнет Палаталарының бірлескен  отырыстарында қаралатын мәселелер  Қазақстан Республикасы Конституциясымен  белгіленген (53- бап). Ол мемлекет  өміріндегі ерекше маңызды мәселелер.  Мәселелер қос Палата депутаттарының  бірлескен отырыстарында талқыланады,  бірақ талқыланған мәселелер  бойынша дауыс Палаталарда жеке- жеке беріледі. Сөйтіп екі Палатаның  да дербестігі сақталады, бір  Палатаның екінші Палатаға қысым  көрскту мүмкіндігі жойылады. Екі  Палатаның да депутаттары бұған  дауыс берсешешім қабылданған  болып есептеледі.

           Палаталардың бірлескен отырысында  Парламент:

      1) Қазақстан  Республикасы Президентінің ұсынысы  бойынша Конституцияға өзгертулер  мен толықтырулар енгізеді; конституцмялық  заңдар қабылдап, оларға өзгертулер  мен толықтырулар енгізеді;

        2) Республикалық  бюджетті және Үкімет пен Республикалық  бюджеттің атқарылуын бақылау  жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің  атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар  енгізеді;

      3) Республика  Президентінің қарсылығын туғызған  заңдар немесе заңның баптары  бойынша ол қарсылық жіберген  күннен бастап бір ай мерзім  ішінде қайталап талқылау мен  дауысқа салуды өткізеді. Бұл  мерзімнің сақталмауы Президент  қарсылығының қабылданғанын білдіреді.  Егер Парламент әр Палата депутаттарының  жалпы санының үштен екісінің  көпшілік даусымен бұрын қабылданған  шешімді растайтын болса, Перзидент  жеті күн ішінде заңға қол  қояды. Егер Президенттің қарсылығы  ескерілмесе, заң қабылданбады  немесе Президент ұсынған редакцияда  қабыданды деп есептеледі.

      4) Президентке  оның бастамасы бойынша әр  палата депутаттары жалпы санының  үштен екісінің даусымен бір  жылдан аспайтын мерзіиге заң  шығару өкілеттігін беруге хақылы;

      5) Президенттің  Республика Премьер- Министрін,  Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын  тағайындауына келісім береді;

      6) Премьер-  Министрдің Үкімет бағдарламасы  туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны  мақұлдайды немесеқабылдамай тастайды, бағдарламаны қайтадан қабылдамай  тастау әр палата депутаттары  жалпы санының үштен екісінің  көпшілік даусымен жүзеге асырылуы  мүмкін және бұл Үкіметке сенімсіздік  көрсетілгенін білдіреді. Ондай  көпшілік дауыстың болмауы Үкімет  бағдарламасының мақұлданғанын  білдіреді;

      7) әр Палата  депутаттары жапы санының үштен  екісінің көпшілік даусымен, Парламент  депутаттары жалпы санының кемінде  бестен бірінің бастамасы бойынша  немесе Конституцияда белгіленген  реттерде Үкіметке сенімсіздік  білдіреді.

      8) соғыс  және бітім мәселесін шешеді;

      9)Республика  Президентінің ұсынысы бойынша  бейбітшілік пен қауіпсіздікті  сақтау жөніндегі халықаралық  міндеттемелерді орындау үшін  Республиканың Қарулы Күштерін  пайдалану туралы шешім қабылдайды;

      10) Республикалық  референдум тағайындау туралы  бастама көтереді;

      11) Республика  Конституциялық Кеңесінің Республикадағы  конституциялық заңдылықтың жай-  күйі туралы жыл сайынғы жолдауын  тыңдайды;

      12) Палаталардың  бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды  және қызметтен босатады, комиссиялардың  қызметі туралы есептерді тыңдайды;

      13) Парламентке  Конституция жүктеген өзге де  өкілеттіктерді жүзеге асырады.

           Заң шығару бастамашылығы құқығы  субъектінің Парламент қарауға  міндетті заң жобасының және  Парламенттің өзге заң актісінің  ресми енгізуі заң шығару бастамашылығы  болып табылады. Заң шығару бастамашылығы  құқығы тек Мәжілісте ғана  жүзеге асырылады және ол:

      1)заң құжатының  жобаларын Мәжіліске енгізу туралы  шешімін тиісті ұсынысымен ресімдеген  Парламент депутаттарына;

      2) заң құжатының  жобасын Мәжіліске енгізу туралы  шешімін Үкіметтің тиісті қаулысын  шығару жолымен қабылдайтын Республика  Үкіметіне беріледі.

           Депутаттар және Үкімет енгізген  заң актілерінің жобалары Мәжіліс  қаулысымен Мәжілістің тиісті  тұрақты комитеттеріне қарауға  жіберіледі әрі бұлар жөнінде  Мәжілістің тұрақты комитеттерінің  тұжырымдары болған ретте ғана  оның пленарлық отырысында қаралуы  мүмкін.

           Заңдар мен Парламенттің өзге  актілерінің жобаларын қараудың  кезегін Парламент, оның Палаталары, сондай- ақ Конституцияда көзделген  реттерде Республика Президенті  белгілейді.

           Мәжіліс депутаттары қараған  және жалпы санының көпшілік  даусымен мақұлданған заң жобасы  Сенатқа беріледі, ол онда жобаны  Сенат алған күннен бастап  әрі кеткенде алпыс күннің  ішінде қаралады. Сенат депутаттары  жалпы санының көпшілік даусымен  қабылданған жоба заңға айналады  және Президенттің қол қоюына  беріледі. Тұтас алғанда Сенат  депутаттары жалпы санының көпшілік  даусымен қабылданбаған жоба  Мәжідіске қайтарылады. Егер Мәжіліс  депутаттары жалпы санының ұштен  екісінің көпшілік даусымен жобаны  қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа  қайта талқылау және дауысқа  салу үшін сессия барысында  қайтадан енгізуге болмайды. Сенат  депутаттары жалпы санының көпшілік  даусымен заң жобасына енгізілген  өзгертулер мен толықтырулар  Мәжіліске жіюеріледі. Егер Мәжіліс  депутаттарының жалпы санының  көпшілік даусымен ұсынылған  өзгертулермен және толықтырулармен  келіссе, заң қабылданды деп  саналады. Егер Мәжіліс нақ сондай  көпшілік дауыспен Сенат енгізген  өзгертулер мен толықтыруларға  қарсы болса, Палаталар арасындағы  келіспеушілік келісу рәсімдері  арқылы шешіледі.   Үкімет енгізген  заң жобасының қабылданбауына  байланысты Премьер- Министр Парламент  Палаталарының бірлескен отырысында  Үкіметке сенім білдіру туралы  мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе  бойынша дауысқа салу сенім  білдіру туралы мәселе қойылған  сәттен бастап қырық сегіз  сағат өтпейінше өткізілмейді. Егер  сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс  Конституциямен белгіленген қажетті  дауыс санын ала алмаған ретте,  заң жобасы дауысқа салынбай  қабылданды деп саналады. Алайда  Үкімет бұл құқықты жылына  екі реттен артық пайдалана  алмайды. 

           Республика заңдары Республика  Президенті қол қойғаннан кейін  күшіне енеді. Парламент қабылдаған  заңдар қабылданған күннкн бастап  он күннің ішінде Парламент Палаталарының әрқайсысының төрағаларының қолдарымен, сондай- ақ егер заң жобасын Үкімет енгізсе, Премьер- Министрдің қолымен алды ала бекітіліп, Республика Президентінің қол қоюына ұсынылады, ол он бес жұмыс күнінің ішінде ұсынылған заңға қол қойып онв жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін Парламентке қайтарады.

           Республика Президентінің қарсылықтарын  туғызған заңдарнемесе заңның  баптары бойынша қайтадан талқылау  және дауысқа салу қарсылықтар  жіберілген күннен бастап бір  ай мерзім ішінде өткізіледі. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент  қарсылықтарының қабылданғанын  білдіреді.  Егер Парламент әр  Палата депутаттары жалпы санының  үштен екісінің көпшілік даусымен  тұтасымен заң бойынша немесе  тиісінше оның жекелеген баптары  бойынша өзі бұрын қабылдаған  шешімді қуаттайтын болса, Республика  Президентінің қарсылықтары еңсерілді  деп саналады. Бұл ретте заң  тиісінше оның баптары оның  баптары Парламент оны алғашқы  рет қабылдаған редакциясында  жеті күн мерзім ішінде Президент  оған қол қояды. 

           Сенат екі тәсілмен алыптасады:

     1) депутаттардың  бір бөлігі әр облыстан, республикалық  маңызы бар қаладан және республикасының  астанасынан екі адамнан, тиісінше  облыстардан, республикалық маңызы  бар қалалардан және республика  астанасынан барлық өкілетті  органдары депутаттарының бірлескен  отырысында сайланатын депутаттардан  тұрады;

     2) Сенаттың  жеті депутатын Республика Президенті  Парламент өкілеттігі мерзіміне  тағайындайды, Сенат мүшелігіне  тағайындалғандардың өкілеттігі  алынған немесе тоқтатылған жағдайда  Президент 10 күндік мерзімде олардың  орнына Парламент өкілеттігінің  қалған мерзіміне Сенат депутаттарын  тағайындайды.

           Азаматтығына кем дегенде бес  жыл болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кем дегенде  бес жыл жұмыс тәжірибесі бар,  тиісті облыс, республикалық маңызы  бар қала не республика астанасы  аусағында кем дегенде үш жыл  тұрақты тұратын азамат Сенат  депутаты бола алады.

           Сенаттың ерекше қарауына мыналар  жатады:

1) Қазақстан Республикасы  Президентінің ұсынуымен Республиканың  Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар  Төрағаларын  және Жоғары Сотының  судьяларын сайлау мен қызметтен  босату, олардың анттарын қабылдау;

       2) Республика  Президентінің Республиканың Бас  Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік  комитетінің Төрағасын тағайындауына  келісіи беру;

       3) Республиканың  Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының  Төрағасы мен судьяларын оларға  ешкімнің тиіспеуі жөніндегі  құқығынан айыру;

Информация о работе Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі