Инвестициялық климат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 16:39, курсовая работа

Описание

1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................2
І.ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...................................................................................................4
1.1Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі..................................................4
1.2Инвестициялық қызметті ұйымдастыру...................................................8
1.3 Инвестициялық қызметтің шетелдік тәжірибесі .....................................9
ІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫ ТАЛДАУ..................................................................................14
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары.........................................................................................................14
2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат жағдайын талдау...............................................................................................................16
2.3 «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл- ауқат қорының» дамуы.....................22
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ..............................................................................27
3.1 Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу........................................27
3.2 Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың режимі..................30
3.3 Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету.................................34
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39

Работа состоит из  1 файл

МАЗМҰНЫкуууурсовой.docx

— 105.66 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

КІРІСПЕ.............................................................................................................2

І.ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...................................................................................................4

   1.1Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі..................................................4

   1.2Инвестициялық қызметті ұйымдастыру...................................................8

1.3 Инвестициялық  қызметтің шетелдік тәжірибесі .....................................9

ІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ    КЛИМАТТЫ ТАЛДАУ..................................................................................14

2.1 Қазақстан  Республикасындағы инвестициялық  саясаттың негізгі бағыттары.........................................................................................................14

2.2 Қазақстан  Республикасындағы инвестициялық  климат жағдайын талдау...............................................................................................................16

2.3 «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл- ауқат қорының» дамуы.....................22

ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ..............................................................................27

3.1 Инвестициялық  саясатты мемлекеттік реттеу........................................27

3.2 Қазақстанға  шетелдік инвестицияларды тартудың  режимі..................30

3.3 Инвестициялық  тартымдылықты қамтамасыз ету.................................34

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................38

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

1998ж.бастап Қазақстан экономикасында  қалыпты экономикалық өсу көрініс  алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс  табуына жоспарлық - әкімшілдік  жүйенінің түрленуі, экономикаға  келесі нарықтық механизмдердің  енуі: еркін бағалар, меншікті  мемлекет иелігінен алу, экономиканы  демонополияландыру, бәсекелестіктің  дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің  ырықтануы, банктік – қаржылық  жүйенің реформалануы, қор нарығының  пайда болуы және инвестициялық  әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін  тигізді. 

Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен  бастап шетелдік инвестицияларды тартуға  қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2009 жылдар арасында республика тікелей инвестиция ретінде 68 млрд. АҚШ долларын тартты, адам басына шаққанда 4,4 мың АҚШ долларын құрайды. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.

Дегемен, шетел инвестицияларын  экономикаға тарту мәселесі әлі  де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика  салалары өзінің өндірістік аппаратын  жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші  саладағы инвестиция көлемі әлемдік  нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.

Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай еместігінен  инвестициялардың жеткіліксіздігі  орын алып отыр. Өнеркәсіптің еркін  қаржылары күнделікті қажеттіліктерге  жұмсалып отыр. Сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты  секторын қаржыландыру көзі болмай отыр. 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел  капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат  өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ  салалары басымды болып отыр. Осындай  жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық  саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті  шарты болып инвестициялық ресурстар  табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның  “жаңа индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі  заманғы ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл  елдер экономикасындағы инвестицияның  қарқындап өсуінің арқасында  мүмкін болды.

 Сондықтан мемлекет  шетел  инвестицияларын тартудың бағыттарының  басымдылығын белгілеу керек.  Шетел инвестициялары Қазақстан  экономикасының бәсеке қабілеттілігін  жоғарылататын факторға айналуы  қажет. Шетелдік инвестицияларды  мемлекеттік реттеу күшейген  сайын Қазақстан шын мәнінде  әлемдегі ең бәсекеге қабілетті  50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел  2007 жылдың ақпандағы Елбасы     Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды.

Инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.

 Қазақстан экономикасына инвестиция тартудың қазіргі беталысы мен заңдылықтары отандық өндірістің мақсаттары мен міндеттеріне сай емес және оның күшті бәсекелестік ортада қарқынды дамуына әкеліп соқпайды. Экономиканы инвестицияландыру теориясының тәсілдері, ішкі инвестициялық қорларды пайдалануды жандандыру мәселелері, инвестицияландырудың басымды бағыттарын анықтау әлі де толықтай зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің теориялық, тәжірибелік маңызы және бұл бағыттың толықтай зерттелмегендігі курстық жұмыс тақырыбын таңдауға себебші болды. Осыған байланысты жұмыстың келесі мақсаты мен міндеттері анықталды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан республикасының инвестициялық саясатын талдау жіне инвестициялық саясат ел экономикасы дамуының негізгі екендігін ашып көрсету.

Курстық жұмыс міндеттері:

-«инвестиция» терминінің мәні  мен қызметін талдау;

-шет елдерінің инвестициялық  саясатын зерттеу;

-Қазақстанның инвестициялық саясатының  бағыттарын анықтау;

-шетел инвестицияларын тартудың  қажеттілігін анықтау;

-шетел инвестицияларын тарту  мақсатына арналған мемлекеттік  шараларды сұрыптау. 

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде  жалпы инвестиция туралы түсінік  және инвестициялық саясатты жүзеге асырудың негізі- инвестициялық қызмет туралы теориялық аспектілер қарастырылады.

Екінші бөлім Қазақстанның инвестициялық  саясатының ерекшеліктерін анықтауға  арналған, яғни инвестициялық саясаттың  бағыттарын, еліміздегі инвестициялық  климат туралы айтылады.

Курстық жұмыстың үшінші бөлімі экономикамыздың  одан әрі дамуы үшін инвестициялық  саясатты жетілдіру жолдары қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 Инвестиция  мәні, түсінігі және жіктелуі

Нарықтық экономиканың қазіргі  реформалау кезеңінде инвестициялық  қызметті жүргізудің рөлі мен мүмкіндіктерін анықтау өзекті болып келеді. Инвестициялық  қызметті іске асыру барысында инвестициялық  ұдайы өндірістің ұйымдастырушылық- экономикалық механизмі мен құқықтық қамтамасыз ету негізінде жаңа салалар  қалыптасады. Тарихи тұрғыдан инвестицияның  маңызы мен генезисін анықтаудың жалпы теориялық мәселелерін  зерттеу қажет, сонымен қатар, түрлі  мектептер мен ағымдардың пайда  болуы мен олардың жаңалануын да назардан тыс қалдырмау керек. Қалыптасып жатқан экономикалық жағдайлар  мен экономикалық теорияның дамуына  байланысты инвестиция ұғымының анықтамасы да өзгеріп отырады.

Инвестициялар категориясына берілген көптеген анықтамалардың нұсқаларын сараптай отырып, барлық ортақ ғылыми анықтамалар  сияқты, олардың да толық болмайтынын  айта кету керек. Сонымен бірге, атаулы ұғымның өзіне тән ерекшеліктерін бөліп айтуға болады.

Инвестицияларды шаруашылық қызметке әр түрлі формадағы капитал салымы ретінде қарастыра отырып, В.Д. Никифорова белгілі шаруашылық қызмет кезеңіндегі жинақталған және қолданылмаған қоғамдық өндіріске қайта салынатын табыс түрінде әр түрлі шаруашылық қызметіне салымының құралы. Бұл үрдіс ұдайы өндірістің барлық факторларын интеграциялап, заңды түрде қайталанып отырады, сонымен қатар, оған инвестициялық қаражатты өндіріске жұмсау тән болып келеді.

Отандық ғалымдар, мысалы, М.Т. Оспанова және Т.И. Мухамбетов инвестицияларды  анықтау кезінде басты назарды  мазмұндық сипаттамаға аударып  қоймай, олардың мақсатты бағытталуын  атап қтуді ұсынып отыр. Осы тұрғыдан инвестициялар тікелей қоғамдық құндылықтарға материалдық емес және материалдық байлықтарға , сондай- ақ жанама түрде қаржылық құралдар, инновациялық және әлеуметтік салалар  арқылы салынатын ресурстарды түсінуге болады.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтарындағы №373-11 «Инвестициялар туралы»  Заңында келесі анықтама келтірілген: «Инвестициялар- заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын бекітілген активтерді өсіру үшін инвесторлар құйған мүліктің барлық түрлері (жеке пайдалануға арналған тауарлардан басқа), ол лизинг келісім  шартын жасаған сәттен бастап лизинг заттарын, сонымен қатар, оларға деген  құқықтарды қамтиды».

Инвестиция ұғымын анықтағаннан кейін міндетті түрде оның жіктелуін қарастыру қажет. Инвестициялардың жіктелуі тиімді инвестициялық қызметті іске асыру үшін объективті ақпаратты ала отырып, оларды пайдалану деңгейін жан- жақты талдауға, сауатты есепке алуға жағдай жасайды. Инвестициялардың барлық түрлері қызметтің әртүрлілігіне қарамастан, елдің шаруашылығының дамуында үлкен маңызға ие.

Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық(портфелдік), тікелей, венчурлық, аннуиттік және кейбір әдебиеттерде интеллектуалдық болып бөлінеді(1- Сурет ). 

 

1- Сурет. Инвестициялардың түрлері

 

Нақты (тікелей) инвестициялардегеніміз – бұлтабысалумақсатындатауарларөндіруменжәнеқызметтеркөрсетументікелейбайланыстынақтыактивтергесалынғанақшақаражаттары. Нақтыинвестицияларнегізгіқұралдардықайтақұру, кәсіпорындағаыөндірістікеңейту, техникалыққайтажарақтандырунемесежаңаландыруарқылыжүзегеасады.

Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалы қағаздар:акциялар, облигациялар, жинақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистері және басқалары кіреді.

Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұлзейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оғанүнемі белгілі  кіріс әкеліп тұратын салымы.Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы  қорынасалынатын қаржы.

Сақтандыру компаииялары және зейнетақы  қоры қарыздықміндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқастынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана  алады.Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз  қайтыс болған жағдайда,қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды.Зейнетақылық қор өз клиенттерін  зейнеткерліккешыққаннан  кейін    ақшалай қормен қамтамасыз  етеді.Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарғасақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендергеақша немесе ануитетті  беруі мүмкін

Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде  қолданылатын термин. Венчурлық капитал  үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық  капитал өзара байланыстары жоқ  жобаларға салынады да,салынатын  қаржының тез арада орнына келуіне  есептеледі.

Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін  сатып алу арқылы немесе оған қарыз  беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға  айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды  тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық  фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

Инвестициялардыжіктеудіңкелесібелгісі – инвестициялаумерзімі. Аталғанбелгібойыншаинвестицияларқысқамерзімдіжәнеұзақмерзімдіболыпжіктеледі.

Қысқамерзімдіинвестициялар – бұл бір жылғадейінгімерзімгесалынғанақшасалымдары. Әдеттеқаржылықинвестицияларқысқамерзімдіболыпкеледі.

Ұзақмерзімдіинвестицилардеп бір жылданартықмерзімдерішіндеқалыптытабыскөзінқамтамасызететінжобалардыжүзегеасыруғасалынғанақшақаражаттарынайтады.

Меншік түріне қарай жеке меншік инвестициялары және мемлекеттік инвестициялар  деп бөлінеді.

Жеке меншік инвестициялары- жеке және заңды тұлғалар есебінен салынатын  салымдар.

Мемлекеттік инвестициялар- бюджеттік, бюджеттік емес және несие қаражаттары  есебінен орталық және жергілікті билік  және басқару органдарымен, сонымен  қатар, унитарлы кәсіпорындар, мекемелер  және ұйымдардың жеке қаржылық көздерін мобильдендіру мақсатында салатын  қаражаттары.

Аралас инвестициялар- мемлекет, аймақ, муниципалды білім беру сонымен  қатар, заңды және жеке тұлғалардың  қаражаттарын үлестік салу.

Информация о работе Инвестициялық климат