Инвестициялық климат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 16:39, курсовая работа

Описание

1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................2
І.ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...................................................................................................4
1.1Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі..................................................4
1.2Инвестициялық қызметті ұйымдастыру...................................................8
1.3 Инвестициялық қызметтің шетелдік тәжірибесі .....................................9
ІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫ ТАЛДАУ..................................................................................14
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары.........................................................................................................14
2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат жағдайын талдау...............................................................................................................16
2.3 «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл- ауқат қорының» дамуы.....................22
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ..............................................................................27
3.1 Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу........................................27
3.2 Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың режимі..................30
3.3 Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету.................................34
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39

Работа состоит из  1 файл

МАЗМҰНЫкуууурсовой.docx

— 105.66 Кб (Скачать документ)

Жарияланған деректер бойынша инвестиция құрылымының 49 пайызын- тікелей шетелдік инвестициялар, 1 пайызын- портфельдік, 28 пайзын- несиелер, 22 пайызын- халықаралық  қаржы ұйымдарының заемы құрады.  Шетелдік тікелей инвестицияның  Қазақстан экономикасына салыну көлемі бойынша алдыңғы топқа- Америка Құрама Штаты 30,7%, Англия 13,7%, Италия 7,0%, Швецария 5,7%. Алдағы 25 жылға сомасы 100 миллиард Америка Құрама Штат долларын құрайтын келісім шарт жасалып қойылды.

5-кесте. Қазақстан Республикасына тікелей шетел инвестицияларының жалпы келіп түсуі

 

Мемлекеттер

2006 ж

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

Батыс Европа

908,3

1053,92

2163,74

1992,46

3408,25

5497,2

Дамушы мемлекеттер

773,07

900,07

591,48

780,77

1169,32

3199,96

Дамыған мемлекеттер

2197,05

2160,54

4719,68

2650,59

4619,93

6254,77

Азия мемлекеттері

110,38

334,91

460,3

273,67

608,94

613,78

Басқада мемлекеттер

117,6

175

382,1

921,1

762,2

1900,4

Барлығы

4106,40

4624,44

8317,30

6618,59

10568,63

17466,12


 

 

 

Еліміздегі негізгі капитал  көздерінің ең қомақты инвестициялық  жобалары деп мыналарды айтуға болады :

  • Нидерланды – 580 млн. АҚШ доллары («ИспатКармет» ААҚ);Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясыныңіріжобасы);
  • Түркия – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);
  • Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);
  • Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан – Мардон» ЖШС-ніңіріжобасы).

Қазақстанға шетел инвестицияларын тарту құрылымында өндіру саласының үлесі әлі де болса басым. Осыған орай Үкімет өңдеу секторына да шетел инвестицияларының құйылуын жақсарту мақсатында шаралар қабылдаған болатын. Оның нәтижесі жоқ емес.

Ал 2007 жылдың І жарты жылдығында өңдеу секторына құйылған тікелей шетел инвестициясы 383,8 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2006 жылдағы көрсеткіштен едәуір жоғары. Міне, осылайша өңдеу саласына шетелдік инвестициялар ағымы уақыт өткен сайын күшейе түсуде.

Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасымен Индустрия және сауда министрлігінде басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, басым жобалардың тізімі жасалуда. Бұл машина жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай-химия, құрылыс материалдары, биотехника, уран өнеркәсібі саласындағы жобалар.

Шетел инвестициясын табысты тарту  үшін 2006 жылы 30-дан астам елге, соның  ішінде Ұлыбритания, Италия, Германия, Жапония, Қытай, Ресей және басқа да шет елдерде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған ақпараттық-тұсаукесерлік шаралар жүргізілді. Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы 39 мемлекетаралық келісім жасалды.

Бұл шаралардың нәтижесі жоқ емес. Шикізаттық емес бағытта инвестиция тартудың табысты жобаларының бірі ретінде “Интергласс-Казахстан” ЖШС-нің “Steіnert Іndustrіes” неміс компаниясымен бірігіп Ақтөбе облысында шыны шығаратын зауытты іске асыра бастағандығын айтуға болады.

Екінші бір мысал. Сараптау мәліметтері бойынша, Қазақстан қажетті цементтің 25 пайыздан көбін сырттан импорттайды. Бірнеше ірі компаниялар аталған салаға инвестиция салғысы келетін тілегін білдірді. Өткен жылы цемент өндіретін 2 зауыттың құрылысына инвестициялық преференция беру туралы 2 келісім-шартқа отырдық. Аталған зауыттардың қуаттылығы жылына шамамен 2 млн. тонна цементті құрайды. Осы жылы тағы 3 келісім-шарт дайындалып жатыр.

Тағы бір мысал. Алюминий саласындағы әлемнің ірі компаниялары құрамына енетін СУАЛ-мен өткен жылдың аяғында Павлодар облысында қуаттылығы жылына 500 мың тонна алюминий өндіруге жететін, ал  инвестиция көлемі 1,5 млрд. АҚШ долл. құрайтын алюминий зауытын салу туралы келіссөздер жүргізілді. Жаңа жұмыс орны 2000 адамды қамтиды. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалуда, шамамен осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқталады.

350 млрд. АҚШ доллары көлемінде  активі бар әлемнің ірі компаниясы  “General Electrіc” корпорациясымен Қазақстанда дизельді локомотив шығаратын зауыт құрылысы туралы келісім жасалуы да еліміздегі шикізаттық емес секторда инвестициялық ахуалдың жақсара түсуінің тағы бір дәлелі. Мұндай мысалдарды келтіре беруге болады.

Қазіргі уақытта біздің базада экономиканың басымдықты секторларындағы 150-ден астам жоба жинақталған. Біз Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, әкімдіктер тоқсан сайын бізге инвестициялық  жобалардың жай-күйі туралы  ақпарат беретін  есептілік нысанды әзірлеген болатынбыз. Осылайша, біздің деректер әрбір үш ай сайын  жаңарып тұрады, сондықтан біз кез келген сәтте  инвесторларға жаңа және өзекті ақпарат бере аламыз. Анағұрлым қызықты идеяларды айтатын болсам, Nokіan Tyres (Финляндия) Астанада Ордабасы компаниясымен қосылып мемлекеттік стандартқа сәйкес шина шығаруды қолға алды.   Оның жалпы құны  200 млн. АҚШ  долларын құрайды.  Құрылыс өнеркәсібінде  Ақтөбе облысында  қуаттылығы жылына 1 млн. тонна  цемент зауытын салу бастамасы қолға алынуда. Оны іске асыруға 100 млн. АҚШ доллары  талап етіледі. Тағам өнеркәсібінде  Алматы облысында  жеміс, көкөніс  өнімдерін өңдеу зауытының құрылысы жөніндегі жоба қызығушылық тудырады. Бұл жобаны іске асыру үшін  5,2 млн. АҚШ долларының инвестициясы қажет.

Объектілерді салу және сатып алумен қатар шетел капиталын  салу бағыттарына мыналар жатады:

-   біріккен және төл кәсіпорындарды құру;

-  шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;

-     акционерлеу   жолы   арқылы   кәсіпорындарды   жекешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;

-    банктік мекемелерді инвестициялау

-    қолданылатын бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда:

-  біріккен кәсіпорындардың делдалдық-өткізу және сатыпалу кызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық қызметте, аграрлық секторда ұлғаюы.

1997 жылы қызмет етіп  жатқан біріккен кәсіпорындардың  жалпы саны 1388, ал шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 100-ден астам болды.

Тікелей инвестицияларды тартудың негізгі формасы болып біріккен кәсіпорындар табылады. Қазақстан Республикасының  Ұлттық статистика агенттігінің мәлімдеуі  бойынша 2007 жылы  шетел фирмаларымен біріккен 995 кәсіпорындар бар екен. Олардың көп бөлігі Турция, Ресей, Қытай, Германия, АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және тағы басқа  елдермен ұйымдастырылған.

Экономикалық қайта құрулар  осындай формадағы ірі кәсіпорындардың  пайда болуына ықпал етті. Мысалы, 1993 жылы « Табако К.» АҚ «Филипп  Моррис» компаниясымен бірігіп  құрылған еді. Сонымен қатар, 1993 жылы «Шеврон Оверсиз К.»(АҚШ) және «Тенгизмұнайгаз» бірігуінен «Тенгизшевройл» біріккен кәсіпорыны құрылған болатын. Бұл екі  кәсіпорындарға тікелей шетел инвестициялары 1993 жылы 1,2 млрд. долларды құрады.

Шетел капиталының тартымдылығын  қамтамасыз етудің біріккен кәсіпорындар құру мен тікелей шетел инвестицияларынан  басқа да формалары бар, мысалы, біріккен және шетел банктерін құру. Қазіргі  кезде ондай банктер Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкінде тіркеледі. Осы формадағы банктерге- АВN АМRОВАNК, ТЕXАКАВАNК, АЛЬФАБАНК және басқа  да банктер жатады.

 

3.3 Инвестициялық тартымдылықты  қамтамасыз ету

 

Республикада қолайлы инвестициялық ахуал жасау және инвестицияларды тарту саясатын жалғастыру үшін, мемлекет қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға инвесторларды ынталандыру шараларын қолдануда. Соның ішінде шетелдік және отандық инвесторға  Инвестициялар комитетімен келісім-шарт жасасу арқылы инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері берілуі мүмкін: корпоративтік табыс салығы, мүлік пен жерге салық,  инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жабдықты әкелу кезіндегі  кеден баждарын төлеуден босату бойынша салықтық жеңілдіктер, сондай-ақ мемлекеттік заттай гранттар.

Корпоративтивтік табыс салығы бойынша (КТС) жаңа кәсіпорындарға  инвестициялық қызметтен алынған табыс салығынан 3 жылға дейінгі мерзімге босатылады. Ал, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға жалпы жылдық табыстан пайдалануға берілген, тіркелген активтер құнын шегеру құқығы 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі.  Салықтық преференциялар беру мерзімі тіркелген активтерге, инвестициялардың көлеміне байланысты болады. Инвестиция ерекшелігіне сай жер және мүлік салықтарынан да 3 жылға дейін босатуға болады. Егер инвестиция жасаған кәсіпкер шетелден құрал-жабдық алып келсе, ол кедендік баж салығын төлеуден босатылады.

Инвестициялық преференциялар берілетін салалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы қаулысымен бекітілген.

Тізбеге экономикалық қызметтің 245 түрі енгізілген. Оның ішінде: ауыл, орман  және балық шаруашылығы; сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру, тоқыма өндірісі; сүректі өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау; қағаз, картон және одан жасалатын бұйымдар өндірісі; химия өнеркәсібі; резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі; металлургия өнеркәсібі; дайын металл бұйымдары өндірісі; кеңсе жабдықтары мен есептеу техникасы өндірісі; медициналық техника бұйымдары, өлшеу құралдары, оптикалық аспаптар мен аппаратуралар өндірісі; жиһаз өндірісі; электр энергиясын, газ, бу және су өндіру және бөлу; қонақ үйлер, туристік лагерьлер мен кемпингтер қызметтерін ұсыну; барлық көлік түрлерінің қызметі; ғарыш байланысы; жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар  және басқалары бар. 

Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды  қоса қаржыландыру мен мемлекеттік  үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру  формалары енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру  мақсатында жеңілдіктер жүйесі қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды  қайтару нормасының ұлтайтылуы сияқтылары енген.

Шетелдік инвестицияларды тартуда  өнеркәсіптің өңдеуші салаларына басымдық берілуге тиіс. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан» атты жолдауыныңбесінші бағытында – Өндіруші сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық қайтарымдылығын едәуір арттыру деп көрсетіліп кеткен. 
«Біз алдағы уақытта да жауапты әрі өзара тиімді энергетикалық саясат жүргізуге ниеттіміз.Көмірсутегі секторын одан әрі дамытуды, шетелдік және жергілікті инвесторларды тартуды экономиканы әртараптандырумен тікелей байланыстырып, осы арқылы жаңа, келешегі зор өндірістер құру жөніндегі маңызды міндеттерді шешу керекпіз» дей отыра, шетелдік және отандық инвесторларға өңдеуші секторға баса назар аударуды жүктеп отыр. 
Жаңа ірі инвестициялар есебінен маркетинг пен менеджменттің осы заманғы әдістері қолданылатын технологиялық жағынан күрделі өндірістер құрылуы мүмкін.

Шетелдік тікелей инвесторлар  қызметін реттеуде олардың кәсіпорынның негізгі капиталына инвестиция салуы  жөніндегі және экологиялық қауіпсіздік  нормаларын орындауы жөніндегі міндеттемелерін  атқаруына бақылау жасау шараларын  заң жүзінде бекіту қажет.

Инвестициялық преференциялар (салық  және кеден жеңілдіктері, мемлекеттік  заттай гранттар) мемлекеттік инвестициялық  саясаттың маңызды құралы болады. Шетелдік және отандық инвесторларды  мемлекеттік қолдау жүйесі инвестициялық преференциялар алудың инвесторлардың негізгі құралдарға инвестиция салу, сондай- ақ салық төлеуден босатуды оның мерзімін кейінге қалдырумен (жедел амортизация) алмастыру және жер салығы бойынша жеңілдіктерді алып тастау есебінен бәсекелестік ортаны сауықтыру жөніндегі міндеттемелерді орындауына неғұрлым қатаң тәуелді болуын көздейтін болады.

Тікелей инвестициялардағы едәуір үлесті жер қойнауын пайдалану инвестициясы иеленеді, ол басқа салаларды дамытуға мультипликативті (еселенген) нәтижесін  тигізе алар еді. Бұл нәтижеге ие болу үшін жер қойнауын пайдаланушылармен  келісімшарт жасаған кезде отандық  кәсіпорындарға жабдықтар мен қосалқы  бөлшектер беруге, отандық жұмысшылар мен мамандарды тартуға, әлеуметтік объектілер салу мен жөндеуге қаражат  аударуға тапсырыстар орналастыру  бөлігінде инвесторлардың міндеттемелерін  ескерту қажет.

Информация о работе Инвестициялық климат