Инвестициялық климат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 16:39, курсовая работа

Описание

1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................2
І.ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...................................................................................................4
1.1Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі..................................................4
1.2Инвестициялық қызметті ұйымдастыру...................................................8
1.3 Инвестициялық қызметтің шетелдік тәжірибесі .....................................9
ІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫ ТАЛДАУ..................................................................................14
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары.........................................................................................................14
2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат жағдайын талдау...............................................................................................................16
2.3 «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл- ауқат қорының» дамуы.....................22
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ..............................................................................27
3.1 Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу........................................27
3.2 Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың режимі..................30
3.3 Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету.................................34
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39

Работа состоит из  1 файл

МАЗМҰНЫкуууурсовой.docx

— 105.66 Кб (Скачать документ)

Ұлттық мүдделерді сақтау үшін шетелдік инвесторлардың нарыққа монополистік бақылау орнатуына жол беруге болмайды, салық төлеуден жалтару  мақсатында трансферттік баға белгілеуді пайдаланудың жолын кесу керек.

Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық мүдделеріне  қайшы келген жағдайда шетелдік инвесторлармен жасалған келісімшарттарды қайта қарауға  батыл бару қажет.

Мемлекеттің инвестициялық саясатының басты мақсаты ол капитал салымдарын қаржыландырудың бюджеттік емес көздерін кеңейту және отандық және шетел инвестицияларын тартуды  нормативтік- заңнамалық негізде және мемлекеттің нәтижелі инвестициялық  жобаларды қолдау арқылы жағымды  орта қалыптастыру болып табылады.

Бұл туралы Қазақстан  Республикасы Президентінің «Қазақстан- 2030» деп аталатын ұзақ мерзімдік стртегиясында атап көрсетілген, яғни стратегияда былай деп айтылған: «Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуте ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет. Аймақаралық ірі көлік орталығы ретіндегі біздің бағытымыз шетел инвестицияларынын, неғұрлым либералды режимін орнатуды талап етеді. Тек осылайша ғана біз қаржы мен білімнің қажетті ағынын тартып, өз мүмкіндіктерімізді және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта аламыз.  Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық, тиімді және қатаң ұстанатын заңдары бар ашық және либералды инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады. Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын.  Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мумкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді пайдалануда асқан шеберлік танытуға да тиіспіз».

Осылайша, біз  инвестицияны тартудың саясатының мақсатын қарастыруға тырыстық- бұл экономикалық артта қалушылықтың алдын алу, ел тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруды  инвестицияны пайдалану негізінде  жүзеге асыру, ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құруда шетел инвестициясын  пайдалану. Бұл стратегиялық мақсатты орындау экспорттық потенциалдың дамуын, импортталатын тауарды алмастырушы  отандық кәсіпорындарды дамыту, салықтық түсімдерді арттыру, жаңа жұмыс орындарын  құру және тағы басқа  жетістіктерге  қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру  арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге  жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір  қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы  инвестициялық саясат, лизингтік  келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.

Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан  қаржыландырудың көздерін анықтап  және оларды қалай басқарудың амалдарын  саралап және де Қазақстан Республикасындағы  банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын  жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.  

Қазақстан ТМД елдер арасында экономикалық өсу қарқыны жағынан топ жарып, алдыңғы орындардың бірінде келеміз. Мұндай жетістікке шетелдік инвестицияны тарту елеулі әсер етті. Қазақстан 1991 жылдан кейін кең байтақ жерді, қазба  байлығы мол ел болып қалғанымен, Мәскеу басшыларының әсерінен, С.Сейфуллин  айтқандай «Қазақстан отарлы ел болып  қалды» деген сөзіне сәйкес келді. Соның  әсерінен болар, 90-жылдар ортасында Қазақстан тек шикізат экспорттаумен болды (шетелдік инвестиция арқасында). 2000 жылдан бастап қаржы жағынан еңсесін көтерген отандық кәсіпорындарда кейбір салалар бойынша қатаң бәсекеге түсіп кетті. Бұл жетістіктерге инвестицияны тартудың арқасында жетті. Жоғарыда айтқандай, Қазақстан бұрын тек шикізатты экспорттаумен болса, енді қазіргі кезде бұл қаржыны өңдеу сферасына жұмсауды жүзеге асыра бастады. Бірақ альтернативті жолдардың арқасында инвестицияны тартудағы бұрын көз жұмған жетіспеушіліктерге орын бермеу керек. Инвестициялық қарекетті қатаң бақылауға, әкімшілік ақпаратты дұрыстауға, құқықтық режимді реттеуге ықыласымызды аударуымыз керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Никифорова В.Д. Денежно- кредитное регулирование инвестиций// Санк- Петербург, Изд-во СПб УЭФ, 2004 г.
  2. Оспанова М.Т. және Т.И. МухамбетовИностранныйкапитал и инвестиций: теории, практики привлечение и использования.// Алматы, 2005 г.
  3. ҚазақстанРеспубликасының 2003-жылдың 8-қаңтарындағы «Инвестициялартуралы» Заңы
  4. Қаржы менеджментi: оқу құралы / Р. Ә. Әмiрқанов, А. Қ. Тұрғұлова. - Алматы : [б. и.], 2002. - 187 б
  5. Финансовый мониторинг. Оценка стоимости компании: учебное пособие / Г. Н. Джаксыбекова. - Алматы : Эрекет-Принт, 2008. - 339 с.
  6. Финансовый менеджмент : учебник / Б. С. Сапарова ; НИИ Финансово-банковского менеджмента при КазЭУ им. Т. Рыскулова. - Алматы : Экономика, 2010. - 462 с.

 

  1. Ви А. Регулириование инвестиционной деятельности в развитых странах Азии// Транзитная экономика 2005ж. № 3
  2. Статистический ежегодник Казахстана, 2007 г.// Алматы: Агенство Республики Казахстан по статистике, 2008 г.
  3. Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы (утверждена Указом Президента РК от 17 мая 2003 года N 1096)
  4. Пралиева С. Ж. Становление и развитие инвестиционной деятельности в Республике Казахстан: специфика и проблемы // Автореферат   диссертации   на  соискание ученой  степени  кандидата   экономических   наук. Алматы 2007 жыл
  5. Б. Қиқымов «Самұрық» пен «Қазынаның» бірігуінен не күтеміз?//Айқын газеті 15 қыркүйек 2008 жыл
  6. “ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ” акционерлік қоғамының Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік экономикалық әріптестікті дамытуға қатысуы// Егемен Қазақстан 2008 жыл 22- қараша:
  7. Акбаев В.Т.  Необходимость   государственного   управления   инвестициями  в условиях    рыночных   отношений // Вестник КазГУ. Серия экономика. 2003.- № 6
  8. А. Жарқынбаева, Привлечение иностранных инвестиций в экономику Казахстана: современное состояние и перспективы // Аль- Пари №3-4, 2006 г.
  9. Сұңғат ӘЛІПБАЙ  Өңдеу саласына бетбұрыс.// Айқын газеті, 5 тамыз,2007жыл
  10. Қалықов С. Ж., Игисинова С. Е. Қазақстан Республикасы экономикасындағы инвестицияның рөлі және инвестициялық саясат // Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция- Алматы: Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2007 жыл.
  11. Молдабекова А.  Инвестиции и пути   повышения    их   эффективности //  Финансы и   кредиты.- 2006.- № 2.-  с. 19-22
  12. Жапбасова А. Государственная поддержка прямых инвестиций в Республике Казахстан //Вестник КазГУ. Серия экономическая. –1998, №11
  13. С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций» //Казахстанская правда.- 07.03.2006 г.
  14. Финансовый менеджмент : учебное пособие / А. К. Тургулова. - Алматы : ТОО Издательство ЛЕМ, 2010. - 324 с

21.Г. Балахметова «Отраслевой и региональный аспекты привлечения прямых иностранных инвестиции в экономику Казахстана» // Аль-Пари, № 6, 2007ж

22.У. Есайдар, А. Ускеленова Современные тенденции движения инвестиции в мировой экономике. // Транзитная экономика, № 3, 2008ж.

23.А. Кайгорадиев «Инновационный и инвестиционный климат в РК»// Аль-Пари, № 2-3, 2009ж.

24.Н. Рустемов «Инструменты регулирования инвестиционных процессов в социальной сфере» // Транзитная экономика, №3, 2010ж.

25. Г. Юльчиева «Услуги как способ привлечения инвестиции в экономику РК » // Аль-Пари, № 2-3, 2011 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Инвестициялық климат