Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 20:03, курсовая работа
Мемлекет шығындарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебіне жүргізіледі. Мемлекет шығындарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығындарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.
І. Материалдық шығындардың есебі-----------------------------------------------4
1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру-----------------10
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі--------------------------------------13
1.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі---------------------------------------------23
ІІ. Үстеме шығындар және оны бөлу тәртібі------------------------------------17
2.1 Үстеме шығындардың мәні---------------------------------------------------------17
2.2 Үстеме шығындар және оны бөлу тәртібі-------------------------------------20
ІІІ. Үстеме шығындардың құрамына жататын төлемақылар есебі------28
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------33
Қазақстан
Республикасы Білім
және Ғылым
Қорқыт
ата атындағы Мемлекеттік
Университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Кәсіпорынның
өндіріс шығындарын
басқару
орындаған:
қабылдаған:
тобы:
курс:
Қызылорда
2011ж
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-----------------------
І.
Материалдық шығындардың
есебі-------------------------
1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру-----------------10
1.2 Көмекші өндірістің
шығындарының есебі-------------------------
1.3 Негізгі өндіріс
шығындарының есебі-------------------------
ІІ.
Үстеме шығындар және
оны бөлу тәртібі-----------------------
2.1 Үстеме шығындардың
мәні--------------------------
2.2 Үстеме
шығындар және оны бөлу
ІІІ.
Үстеме шығындардың
құрамына жататын
төлемақылар есебі------28
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
Кіріспе
«Өндіріске жұмсалған шығындар»
Ал,
мемлекеттік мекемелер
І. ӨНДІРІСКЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ
1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет керсетуге өз септігін тигізеді.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
— шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өндеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
— қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;
— шығындар өнімнің өзіндік кұнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама — өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;
— өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы — шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты — өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі кұралдардың амортизациясы);
— шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
— өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
— коммерциялық (сатумен байланысты);
— әкімшілік (баскару процесімен байланысты).
Коммерциялық
және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына
жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды
есептеудің негізі болып табылады, олардың
сызбасын (схемасын) мынадай етіп салуға
болады:
1 сызба. Өндірістің өзіндік кұны
Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін шығындар (материалдар, ақша қаражаты және т.б.) немесе міндеттемелердің өсуіне (көбінесе кредиторлық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен оқиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алынатын болып күтіледі.
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 90 - "Негізгі өндіріс", 92 - "Көмекші өндіріс", 93 - "Үстеме шығындар", 95 -"Өндірістегі ақау" бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
"Цехтар
бойынша шығындар" ведомосы, онда
90, 92, 93 және 95 бөлімшелер шоттары
бойынша шығындар есепке
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:
— "Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату)" кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық запастары көрсетіледі (20 - "Материалдар" бөлімшесі шоттарының кредиті); өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары (681 -"Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу" шотының кредиті); еңбек ақыдан аударылатын аударымдар (634 - "Басқа да" шоттың "Әлеуметтік салық" субшотының кредиті);
-
"Негізгі құрал-жабдықтар
— "Материалдық емес активтер амортизациясының есебі" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы көрсетіледі (11 - "Материалдық емес активтердің амортизациясы" бөлімшесі шоттарының кредиті);
— "Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін белу" кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі (920 - "Көмекші өндірістер" және 940 - " Әлеуметтік сала" шоттарынын кредиті).
Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық) карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.
Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы төменде келтірілген.
2 сызба. Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және баскару бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық және басқару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастар мына төмендегі 6-сызбада көрсетілген.
Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін 211 - "Негізгі өндіріс", 212 "Өз өндірісінің шалафабрикаттары",
213 -
"Көмекші өндіріс", 214 - "Басқа
да" шоттары пайдаланылады. Бұл
шоттардағы топтастыру
214 шоттары кредиттеледі).
3 сызба. Қаржылық және өндірістік (басқару) бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастары
Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады (555 б.).
- өндіріс түрлері бойынша "транзиттік" шоттарда субъекттің есепті кезеңнің барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады (негізгі, көмекші т.б. өндірістері бойынша).