Кәсіпорынның өндіріс шығындарын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 20:03, курсовая работа

Описание

Мемлекет шығындарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебіне жүргізіледі. Мемлекет шығындарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығындарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.

Содержание

І. Материалдық шығындардың есебі-----------------------------------------------4
1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру-----------------10
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі--------------------------------------13
1.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі---------------------------------------------23
ІІ. Үстеме шығындар және оны бөлу тәртібі------------------------------------17
2.1 Үстеме шығындардың мәні---------------------------------------------------------17
2.2 Үстеме шығындар және оны бөлу тәртібі-------------------------------------20
ІІІ. Үстеме шығындардың құрамына жататын төлемақылар есебі------28
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------33

Работа состоит из  1 файл

ЖОСПАР-шыгын.doc

— 1.52 Мб (Скачать документ)

    Егер  де кәсіпорында бірнеше өнім түрі өндірілетін болса, онда жаңа өндірісті  игеру шығындары олардың арасына  таратылады, ал тарату процесі, әдетте, негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының сомасына және құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстарына пара-пар (пропорционалды) етіп жасалады. Жекелеген тапсырыстарды орындаған кезде өндірісті дайындаудың нақты шығындары сол бұйымдардың өзіндік құнына толығымен жатқызылады.

    Өндірістегі барлық шығындар цехтардың ведомостары бойынша топтастырылады, онда әрбір цех үшін жеке парақтар ашылады.

    900 - "Негізгі өндіріс" шотыныц  дебеті мен кредиті бойынша  шоттар корреспонденциясын қарастыру  үшін жоғарыда келтірілген мысалға  қайтып ораламыз. Шағын аяк киім  тігетін кәсіпорында төрт негізгі өндіріс цехтары бар болсын делік: кесу, пішу, дайындау және тігу. Ол кәсіпорын төрт түрлі өнім ассортиментін шығарады делік:

    - ерлер ботинкасын;

    - ерлер туфлиін; -жеңіл әйелдер  туфлиін; үйге киетін әйелдер  туфлиін.

    Ағымдағы  айда аталған енімнің өндіріс көлемі мынадай болған:

    10 мың жұп — ерлер ботинкасы;

    7 мың жүп — ерлер туфлиі;

    5 мың жүп — әйелдер туфлиі;

    12 мың жұп — әйелдердің үйге  киетін туфлиі.

    Кәсіпорынның  жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін онда көмекші өндірістер құрылған: жөндеу-механикалық; бу қазандық; автотранспорттық; олардың шығыны дайын өнімнің өзіндік құнына келесі тәртіпте енгізіледі: жөндеу-механикалық цехының шығыны — жөндеу жұмысының түрлері бойынша; бу қазаны мен автотранспорт цехтарының шығындары—тұтынылған қызмет көлеміне сәйкес пропорционалды жолмен таратылады.

    Кәсіпорынның  есептік саясатында үстеме шығыстар құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау  шығыстарына қатысты (осы шығындардың деңгейінен алынған құрал-жабдықтың бір сағаттағы жұмысынан есептелген) бөлігіне және тиесілі өнім бірлігін әзірлеу кезіндегі жұмыстың ұзақтылығына

    

    қарап таратылуы мүмкін. Жалпы үстеме шығысын  тарату негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының деңгейіне қарап  жасалынады.

    Ағымдағы  кезеңде 400 жұп аяқ киім сапа бөлімінің бақылауынан өтпеген, демек олар ақау болып табылған. 52 жүп әйелдердің үйге киетін туфлиі жөнделмейтін ақау болып танылған, олар 12000 теңге сомасын құраған. Жөнделмейтін ақау бойынша жасалған шығыстан 2000 теңге сомасын өзіндік құнға жатқызған. Ерлердің 348 жұп туфлиі бойынша 24683 теңге деңгейінде ақаулар табылған, бірақ ол ақауды жөндеуге болатындығы дәлелденген. Ақаулар бойынша орын алған шығындардың бір бөлігі өтелген, оның сомасы 17100 теңге құраған, ал оның бір бөлігі өндіріс шығыны ретінде есептен шығарылған. Ағымдағы айда аяқ киімді дайындау кезінде келесі шығыстар жасалған: 

     2.2  Үстеме шығындар және оны бөлу тәртібі

    Үстеме  шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың  жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды. Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:

    — кешендік сипаты — шығыстар құрамында  барлық экономикалық элементтер шығындары  көрініс табады;

    — екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.

    Үстеме  шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына  тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес көрініс табады:

    — өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына  пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;

    —тікелей  материал шығыстарына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;

    — өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;

    — цех құнына пара-пар етіп (пропорционалды) (мысалға, қара металлургияда) немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп (пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) таратылады; 

    

    — алдын-ала белгіленген шығындардың  тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;

    — басқа да тарату базалары бойынша  таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс  сағатына және т.б.).

    93 - "Үстеме шығындар" бөлімшесі  мынадай шоттардан тұрады:

    930 - "Үстеме шығындар", онда транзиттік  әрі бір элементтік шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;

    931 - "Материалдар" — үстеме  шығындардағы материалдардың барлық  түрлерін есепке алу үшін арналған;

    932  - "Қызметкерлердің еңбегіне еңбек  ақы төлеу" — жабдықтарға  қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа  қосумен айналысатын жұмысшьшарға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке алуға арналған;

    933  - "Еңбекақыдан аударылатын аударымдар" — 932-шотында есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке алуға арналған;

    934  - "Негізгі құралды жөндеу" — ендіріс қызметінде пайдаланатын негізгі құралдарды жендеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;

    935  - "Негізгі құралдардың тозуы  және материалдық емес активтердің  амортизациясы" — өндіріс қызметінде  пайдаланатын материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;

    936 - "Тұрғын-үй қызметі" - тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да көрсетілуі мүмкін;

    937  - "Жал ақысы" — өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;

    938  - "Басқа да" — әлеуметтік  сфераға (аясына) негізгі және  көмекші өндірістердің керсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.

    Үстеме  шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі  келесі номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді:

    Төменде 93 - "Үстеме шығындар" бөлімшесінің шоттары бойынша

    Мысал. Аяқ киім тігетін өнеркәсіп кәсіпорны  төрт өнім түрін шығарады делік:

    теріден тігілген ерлер аяқ киімі — 100 мың жұп айына;

    теріден тігілген ерлер туфлиі - 7 мың жұп айына;

    жеңіл материалдардан тігілген әйелдердің туфлиі — 12 мың жұп айына;

    үйде  киетін әйелдер туфлиі - 12 мың жұп  айына.

    ұстеме  шығыстарын тарату кезінде мыналар қабылданды:

    — алдымен құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша таратылады, ол кезде құрал-жабдықтың жұмыс сағатына кеткен осы шығыстың деңгейі және тиесілі өнім түрін әзірлеген кездегі құрал-жабдықпен жұмыс істеу ұзақтылығы ескеріледі. Бұл үшін құрал-жабдықтың жұмыс істеу машина / сағаты туралы сандық мәліметтің негізінде нормативтік (сметалық) мөлшерлеме анықталады;

    — содан соң жалпы үстеме шығыстары өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды түрде таратылады.

    Сметалық  нормативтік мөлшерлеме есептеу  үшін мына формуланы пайдаланады:

    Н=СР,

    Мұнда,

    Н - сметалық (нормативтік) мөлшерлеме;

    С — құрал-жабдықтың бір сағатына кететін сметалық шығыстың сомасы;

    Р — құрал-жабдықтың жұмыс істеу барысында жасалған машина/ сағатының саны.

    Соңғы көрсеткіштің деңгейі өнімнің бір  түрін әзірлеуде пайдаланатын әртүрлі топтағы құрал-жабдықтың машина/сағатын түзету коэффициентіне кебейту арқылы есептелінеді. Түзету коэффициенті өндірістік сипаты бойынша біртектес құрал-жабдықтардың топтары бойынша анықталады, мысалға, детальдарды штамповка жасау үшін арналған пресс (тығыздау), токарь станогі, фрезерлік станок т.б. Өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтардың әрбір топтарының қажетті жұмыс сағатының санын технологиялық құжаттарының негізінде анықтайды. Ол үшін 4 кесте келтірілген.

    — цех құрал-жабдықтарының шығындарын олардың күрделілігіне, қуаттылығына және құнына тәуелді етіп таратады, сондай-ақ әрбір құрал-жабдықтың бірлігіне келетін шығыстың мөлшері бойынша да 4 топқа бөлінеді: А, Б, В, Г;

    —  құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша жылдық сметалық шығыс жасалған, оның жалпы сомасы 5985 мың тенге құраған;

    — әрбір топ бойынша жұмыс істеу  сағаты, яғни машинаның жұмыс істеу  мерзімі белгіленген, осьщан барып өндіріс құрал-жабдығының бір нормативтік сағатының сметалық мөлшерлемесі анықталады.

    Жоғарыда келтірілген мысалда теріден тігілген ерлер аяқ киімін әзірлеуге арналған құрал-жабдықты күтіп-ұстауға кеткен шығыстың сметалық мөлшерлемесін есептеу жолы көрсетілген. Енді біз басқа бұйымдар үшін сметалық мөлшерлемені мына төменде келтірілген мәліметтер бойынша анықтаймыз.    

    

    Есептеуді оңайлату мақсатында тек өздерінің  конструкциясы, технологиясы және басқа параметрлері бойынша ұқсас типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесін алуға рұқсат етіледі. Бұл тапсырыс бойынша орындалатын құрал-саймандарға, запас бөлшектерге қатысты болып келеді. Олардың шығыс нормасы типтік бұйым түрлерінің сметалық мелшерлемесінің негізінде белгіленеді, өздерінің' бұйым топтарына сәйкес өндірістік жұмысшының жалақысына пайыздық қатынасының көмегімен оларға түзетулер енгізілуі мүмкін.

    Бұл арада атап өтетін бір жайт, ол құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары оның калькуляцияланатын объектілеріне істелген машина сағатына пропорциональды түрінде сметалық (нормативтік) мөлшерлемесін пайдалана отырып таратады және ол өндіріс жұмысшыларының жалақысына тәуелді емес. Сондықтан бұл шығындардың сметалық (нормативтік) мөлшерлемесі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пайыздық қатынасы арқылы есептелінеді және осы әдістің көмегімен өнімнің өзіндік қүнына енгізіледі, демек, оларды таратудың техникалық әдісі болып табылады. Көмекші процестердің сметалық мөлшерлемесі де осыған ұқсас есептелінеді.

    Көмекші өндірісте біртектес өнімдер  әзірленсе, онда құрал-жабдықтар, машинаны пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды таратылады.

    Мысалға, құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау  шығыстары 2775360 тенге құраған (оның ішінде жөндеуге — 1206000 тенге, негізгі  құралдың тозу сомасына — 1129360 тенге, құрал-жабдықты күтіп-ұстауға, пайдаланған материалдар құнына — 440000 тенге шығындар жұмсалған).

    Құрал-жабдықтарды  пайдалану мен күтіп-ұстауға кеткен нақты шығындарды таратқан кезде, оның сол тиесілі бөлігіне жататын  ақаудың өзіндік құнын ескеру керек. Бұл шығыстар ақаудың өзіндік ұұнына сметалық (нормативтік) мөлшерлемені анықтаған кезде есептелінген нормативтік қатынас бойынша өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды енгізіледі. Ақауды жөндеумен айналысатын жұмысшының жалақысы 18 тенге болса, ал оның сметалық нормативтік мелшерлемесі 7,5 тенге құраған, бұл соңғы құрал-жабдықтың күтіп-ұстау шығысына ақаудың тиесілі сомасы арқылы анықталған.

    Жалпы, үстеме шығыстар негізгі жалақының  деңгейіне байланысты етіп таратылады, ол мынаны құрады:

    — негізгі өндірісте жұмыс істейтін еңбеккерлердің жалақысы — 4929000 тенге;

    — көмекші өндірісте жұмыс істейтін еңбеккерлердің жалақысы — 3190000 тенге;

    — ақауды жөндеумен шұғылданатын еңбеккерлердің жалақысы — 7200 тенге. Үстеме шығыстарының жалпы сомасы 3460700 тенге құраған (6236060-2775360). Тарату коэффициенті мынаған тең:

    0,42586941[3460700:(4929000+3190000+7200)].

    Келтірілген мәліметтен үстеме шығысьшың әрбір  тарату объектісіне кететін сомасы:

    негізгі өндіріске - 2099110 тенге (4929000x0,42586941);

Информация о работе Кәсіпорынның өндіріс шығындарын басқару