Кәсіпорынның өндіріс шығындарын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 20:03, курсовая работа

Описание

Мемлекет шығындарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебіне жүргізіледі. Мемлекет шығындарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығындарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.

Содержание

І. Материалдық шығындардың есебі-----------------------------------------------4
1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру-----------------10
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі--------------------------------------13
1.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі---------------------------------------------23
ІІ. Үстеме шығындар және оны бөлу тәртібі------------------------------------17
2.1 Үстеме шығындардың мәні---------------------------------------------------------17
2.2 Үстеме шығындар және оны бөлу тәртібі-------------------------------------20
ІІІ. Үстеме шығындардың құрамына жататын төлемақылар есебі------28
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------33

Работа состоит из  1 файл

ЖОСПАР-шыгын.doc

— 1.52 Мб (Скачать документ)

    кемекші өндіріске - 1358523 тенге (3190000x0,42586941);

    Ақауды  жөндеу бойынша шығысқа - 3067 тенге (7200x0,42586941).

    Құрал-жабдықтарды  пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстарын ескере отырып таратылған үстеме шығыстар:

    негізгі өндіріске - 4098448 тенге (2099110+1999338);

    көмекші өндіріске - 2131635 тенге (1358523+773112);

    ақауды  жөндеу бойынша шығыстарға — 5977 тенге (3067+2910).

    Әрбір цехтың үстеме шығыстарын тек өзінде өндірілетін өнімнің өзіндік  құнына ғана қосады.

    Егер  де кәсіпорын күрделі құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын болса, онда үстеме шығыстарды тарату коэффициенті бойынша аяқталмаған құрылысқа да жатқыза алады, ал ол 126 - "Аяқталмаған құрылыс" шотының дебеті және 930 шотының кредиті бойынша көрініс табады. 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ. Үстеме шығындардың  құрамына жататын төлемақылар есебі

    Үстеме  шығындардың құрамында құрылыс - монтаж жұмыстарының негізгі өндіріс жұмысшыларының қосымша жалақылары, құрылыс машиналарын пайдалану және қызмет көрсетумен айналысатын, күрделі емес жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың қосымша жалақылары есепке алынады. Үстеме шығындардың құрамына іс - сапар шығындары, жұмыстың жылжымалы сипаты үшін қосымша төлемақы да жатқызылады.

    Бухгалтерлік  есептің №12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік  келісім - шарттар» стандартының әдістемелік  нұсқауларына сәйкес құрылыс ұйымдарындағы қосымша еңбек ақының құрамына төмендегі шығын түрлері енгізіледі:

    •  жұмысшылардың  атмосфералық жағдайлардың салдарынан бос түрып  қалған уақыттағы  жалақылары;

    •  жұмысшылардың еңбек демалыстарын төлеу үшін резервке алынған сомалар;

    • жас жұмысшылардың жұмыс мөлшерін төмен орындауымен байланысты қосымшалар;

    • жоғарғы және арнайы орта оқу орындарында, сырттай аспирантурада оқитын жұмысшылар мен қызметкерлерге берілетін оқу  демалыстарының қолданыстағы заңдылықтарға  сәйкес төлемдері;

    •   жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарының төлемдері;

    • жүкті әйелдерге орташа жалақыға дейін төлемдер;                                                        

    •  тамақтандыратын әйелдердің жұмыстағы  үзілістеріне төлемдер;

    •  бригадаға жетекшілік еткені үшін бригадирлерге төлемақы;

    •  демалыстық жәрдемақы;                                                                                                        

    •  жұмысшыларға  заңмен  қарастырылған  жағдайларда тегін  немесе  жеңілдік  шарттарымен үсьшылатын қызметтер бойынша шығындар;

    • жұмысшыларға екінші және үшінші ауысымдағы жұмысы үшін төленетін ақы, совдай - ақ кезекші электр монтерлары, слесарларға, сантехниктерге, кочегарларға және басқа  да жүмысшыларға түнгі уақыттағы  жұмысы үшін (қосымша төлем сметалық нормаларда көрсетілген тау - өткелдік, жерасты жүмыстарынан басқа) төленетін ақы;

    •   шәкірттерді өндірісте оқытқаны үшін төлемдер.

    Жоғарыда  аталған төлемдер бухгалтерлік есептің  №7 «Тауарлы материалдық қорлар есебі» стандартына сәйкес тіке шығындарға жатқызылып, «Негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек ақылары» бабында есептелуі тиіс.

    Осы мәселе №7 стандартында берілген және №12 стандартында ұсынылған топтаманың шығындарды бір ізге түсіру қағидаларына қарама-қайшы екендігін байқатады. Біздің ойымызша, құрылыс өнімінің ерекшелігін ескере отырып, өндірістік жұмысшылардың қосымша еңбек ақысын үстеме шығындардың қатарында қалдырған жөн.

    Құрылыс объектілерінің шығындарына негізгі  еңбек ақы тікелей белгісі  бойынша енгізіледі. Үстеме ақылар мен қосымша ақылардың кейбір түрлерін тікелей енгізу мүмкін болмаған жағдайда олар объектілер бойынша негізгі еңбек ақы сомасына (үстеме және қосымша ақыларсыз) пропорциональды түрде бөлінеді.

    Құрылыс - монтаж жұмыстарымен айналысатын  жұмысшылардың негізгі еңбек  ақысы алғашқы құжаттардың негізінде құрылыстың сәйкесті объектісіне тікелей жатқызылады. Негізгі еңбек ақының құрамына енгізілгенімен, объектіге тікелей жатқызуға болмайтын қосымша ақының кейбір түрлері осы объектілердің арасында жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына пропорцианальды түрде бөлінеді.

    Құрылыс ұйымдарында негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын кесімді  және аккордты жалақы нысандарын пайдалану  арқылы есептейді, ал мерзімді еңбек  ақы нысанын әкімшілік - басқару  қызметкерлерінің, көмекші өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысын есептеуде кең қолданады. Еңбекке ақы төлеудің әртүрлі нысандарын қолдану жұмыс өнімділігі мен жүмыс уақытын есепке алуда алғашқы құжаттардың сан алуан түрлерін (нарядтар, аккордтық нарядтар, жұмыс өнімділігі ведомостері, т.б.) пайдалануға әкеледі.

    Жұмысшылардың кінәсінсіз болған бос түрып қалған, бірақ төленуге тиісті уакыт (ауа-райының  қолайсыздығы, материалдардың, электр қуатының болмауы, т.б.) бос тұрып  қалу парағымен рәсімделеді.

    Аккордтық еңбек ақы жүйесі кезінде бригадаға тапсырыс берілген уақыт ішінде аяқталуға тиіс жұмыстар кешеніне аккордтық нарядтар беріледі. Онда жекелеген жұмыс түрлерінің толық құрамы мен жұмыс бірлігіне қойылатын баға көрсетіледі (мысалы, 1 шаршы метрге қаланған кірпіш). Жұмыс 40                                                                                бірлігіне қойылатын бағаның құрамында тек кірпішті қалау ғана емес, осы қалаумен қатар жүретін жұмыстар да - кірпішті, ерітіндінк тетіктерді алып беріп тұру, сатыларды құрастыру - есептелінеді.

    Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына  тапсырыстардың түсуіне орай жинақталған  құрылыс бригадаларын уақытша жұмысқа тарту тәжірибелері кең етек алды. Бұл жағдайда аккордты еңбек ақы сомасын және оны анықтау тәртібін еңбек келісім - шартында айқындайды.

    Құрылыста негізгі өндірістік буын бұл - өндірістік бригада. Кәсіби құрамы бойынша бригада екі түрге бөлінеді:

    •  Мамандандырылған бригада - бір кәсіпті  меңгерген жұмысшылардан тұратын, өрі жұмыстың нақты бір технологиялық  түрлерін ғана орындайтын бригада;

    • Кешенді бригада - өзара байланысты, бірақ құрылыс - монтаж жұмыстарының түрі мен технологиясы өзгеше жұмыстар кешенін орындайтын әртүрлі кәсіби біліктілігі бар жұмысшылардан құралады.

    Құрылыс ұйымдарында негізгі өндіріс  жұмысшыларының еңбек ақысын ұйымдастыру  процесі ең алдымен осы шығындарды жоспарлау және олардың деңгейінің құрылыс сметасын бекіту кезінде тапсырыс берушімен келісілуіне тығыз байланысты. 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ

    Мемлекет  шығындарының басым бөлігі мемлекеттің  бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебіне жүргізіледі. Мемлекет шығындарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығындарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.

    Мемлекеттің шығындарын ұйымдастырудың қажетті  қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекет шығындарын ортақ қаржыландыру процесін білдіреді.

    Мемлекет  шығындарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (бір текті) емес. Шығындарды қаржыландырудың  көздеріндегі, нысанындарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осығын байланысты болады.

       Кәсіпорындардың меншікті қаржаттарының  үлесі өсіп келеді, бұл шаруашылық  есеп қаражаттары техникамен  қайта жарақтандыру және қайта  құруға арналған және кәсіпорын  ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді. Инвистициялық саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік құрылысты, сондай – ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын қаржыландыру үшін пайдаланылады.

    "Транзиттік" шоттарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып (белгіленген қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып), шығарылған өнімнің нақты өндірістік өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі де есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға бөлінеді:

    — шығындарға кеткен тікелей материалдар;

    — шығындарға кеткен тікелей жұмыс күші;

    — үстеме шығыстар.

    Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындарымен қатар қосылады. Мысалға, автомобиль өндірісі үшін болат немесе жиһаз өндірісі үшін ағаш негізгі материалдар болып табылады.

    Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар — бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.

    Мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе металл өңдеуші  станокта істейтін жұмысшының еңбек  ақысы т.б. осы сияқты тікелей еқбек ақылары жатады.

    Қызмет  көрсететін цех жұмысшыларының еңбек  ақысы тікелей еңбек ақы болып  табылмайды, ал олар үстеме шығысқа  жатқызылады.

    Үстеме  шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан  тікелей шығындарды (тікелей материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына: амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады. 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер 

1. ҚР Конституциясы

2. Родостовец  В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Алматы – 2001

3. Қаржылық есеп// Алматы – 2001

4. Бухгалтер бюллетені, N 7- 2005 ж.

5. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, N 12 – 2004;

6. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Бухгалтерлік есебі, Алматы – 2005;

7. Кеулімжаев Қ.К. Бухгалтерлік есеп принциптері, Алматы – 2004

8. ҚР-ң ағымдағы жылға «Республикалық бюджет жайлы есеп» заңы

ҚР-ң  қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген, толықтырулар мен өзгерістер енгізілген 20.05.1996 ж №111 біртұтас бюджеттік топтамасы

9. Басқару  есебі, 2005 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Кәсіпорынның өндіріс шығындарын басқару