Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 20:03, курсовая работа
Мемлекет шығындарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебіне жүргізіледі. Мемлекет шығындарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығындарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.
І. Материалдық шығындардың есебі-----------------------------------------------4
1.1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру-----------------10
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі--------------------------------------13
1.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі---------------------------------------------23
ІІ. Үстеме шығындар және оны бөлу тәртібі------------------------------------17
2.1 Үстеме шығындардың мәні---------------------------------------------------------17
2.2 Үстеме шығындар және оны бөлу тәртібі-------------------------------------20
ІІІ. Үстеме шығындардың құрамына жататын төлемақылар есебі------28
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------33
- "Үстеме шығыстардың" шоттары бойынша субъекттің үстеме шығыстары жинақталып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;
-
үстеме шығыстарын белгіленген
тәсіл (шаруашылық жүргізуші
-
"Транзиттік" шоттардағы жинақталған
шығыстарды дайын өнім шотына есептен
шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік
құны қалыптасады, сондай-ақ аяқталмаған
өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі
саласына жатқызылады.
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі
Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл — қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 920 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.
Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:
920 - "Кемекші өндірістер (қорытушы шот)";
921 - "Материалдар";
922 - "Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу";
923 - "Еңбекақыдан қаржы бөлу";
924 - "Амортизациялық қаржы бөлу";
925 - "Басқа да шығыстар".
Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу "цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.
Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.
Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ак, шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.
Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді, ейткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жендеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.
Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша (немесе еткен айдағы қызмет көрсетудің құны бойынша) есептелінеді. Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кеңінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.
Тек
жөндеу-механикалык пен
Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік (басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 920 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеліп, 213 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі.
Кемекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату" деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші цехтардың жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша – будың тоннасы, компрестік қондырғы - қысылған ауаның куба метрі, электростанция — киловатт/сағаты, автотранспорт — тонно/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынғандарға таратады.
Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.
"Көмекші өндіріс қызметін таратудың" талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қызметгердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама-қарсы қызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.
Екінші бөлімнің деректері "Цех шығындарының" негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 920 шоты кредиттеледі.
Үшінші бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.
Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар (электр станциялары, бу-қазандық, компрессорлық және оптегі станциялары, автомобиль көлігі) болмайды.
Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске жендеу, модельдік (үлгілік), аспаптық, ыдыс цехтары жатады.
Енді осы аталған түрлеріне сәйкес біз бір мысал келтіріп көрейік.
Кәсіпорынның
құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотранспорттық,
жөндеу-механикалық, бу қазандық цехтары
бар болсын делік. Олардың ішінен жөндеу-механикалық
цехы - күрделі цех болып саналады, ал қалған
екеуі қарапайым цехтар қатарына жатады.
1.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі
Өндіріс шығындарын есептеу үшін 90 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау (шолу) үшін 900-"Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттын 901 - "Материалдар", 902 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы", 903 - "Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар", 904 "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл соңында 900 "Негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады;
Негізгі өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру 8 сызбада берілген. 900 "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістің шығындар есебі төмендегі номенклатура баптары бойынша топтастырылып, әдетте, олар элементтерінің кескіні бойынша есепке алынады.
Материалдар. Шикі заттар мен материалдар — өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.
Лимиттік-алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар (өндірістер), калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың шығыстарын тарату" дел аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және "Цехтар бойынша шығындарының" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлерына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.
Көмекші материалдар - тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны (технологиялық максаттарға пайдаланған көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде таратылады.
4-сызба. Өндіріске жұмсалған шығындардың есебін ұйымдастыру
Қайтарылған қалдықтар — бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің қалдығы.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына қайтарылған өндіріс қалдықтарының (отходтарынын) құны қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикатгар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары-саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға
Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:
- егер де қалдықтарды негізгі ендіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;
- қалдықтар ұайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинау мен өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген бағасы бойынша;
-
егер де қалдықтар шартқа
Қайтымсыз
(пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға
жатпайды. Қалдықтарды пайдалануды
нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға
тиісінше бақылау жасауды жолға
қою керек.
ІІ. Үстеме шығындар және оны бөлу тәртібі
2.1 Үстеме шығындардың мәні
Үстеме шығыстар - бұл өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығыстар, олар кешендік сипатқа ие болады, олардың кұрамында экономикалық элементтердің барлық шығындары көрініс табады.
Бұл шығындар ай бойында белгіленген номенклатуралық шығыс баптары бойынша 930 " Үстеме шығыстары" шотында көрініс табады. Әрбір цехтың өзінде дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылады.
Үстеме шығыстар ай соңында белгіленген әдістеме бойынша (§ 2. Үстеме шығыстарының есебіне қараңыз). Негізгі өндіріс шығындарының құрамына кіретін үстеме шығыстарын таратқан кезде 904 шоты дебеттеліп және 930 шоты кредиттеледі.
Шаруашылық жүргізуші субъекттер өзінің есептік саясатында өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына өзгерістер енгізуі мүмкін.
Мысалға, үстеме шығысының құрамында "Өндірісті дайындау және игеру шығыстары" деген бабы жеке бөлінуі мүмкін. Өндірістің жұмыс істеу ұзақтығына және басқа да жағдайларына байланысты тәртібін ескере отырып, оған қажетті шығын деңгейін сметаның көмегімен анықтайды. Сметаны жасау кезінде сыннан өткізілген өнімнің құнын ескеру керек, өйткені ол жұмысқа қосудың жалпы сомасына қосылмайды. Жұмысқа қосу шығысының сметасын бекіткен кезде өндіріске енгізілетін объектінің өндірістік қуаттылығын және оның нормативтік мерзімін ескере отырып, оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызу мерзімі мен нақты тәртібіне байланысты етіп анықтайды.
Өндірісті дайындау және игеру шығыстары алғашқыда шығыстың жалпы сомасынан алынған өнім бірлігіне белгіленген норма бойынша өтеледі.