Адамзат әрқашан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:48, отчет по практике

Описание

Адамзат әрқашан «Өз үйім – өлең төсегім» деген принципті ұстанады. Сонымен қатар кез-келген адам жайлылықты жақсы көреді. Өзін қауіпсіздікте сезінгенді ұнатады. Сондықтан өз баспанасының жайлы, әдемі ең бастысы болғанын қалайды. Ал осы баспананың негізгі құрылыс материалы кірпіш болып табылады. Ежелгі адамдар да өз қауіпсіздігі, табиғаттың келеңсіз жағдайларынан қорғану үшін үңгірлерді паналаған. Бірақ бертін келе баспана тұрғыза бастаған. Олар құрылыс материалдарының орнына сабанға араластырған саз балшықты қолданған. Заманға сай кірпіштің алғашқы түп нұсқасы осылай пайда болды. Кірпіш– жасанды құрылыс материалы. Оны саз және кремнезем жынысынан, өнеркәсіп

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................3
1 Жалпы мағлұматтар....................................................................................4
1.1 "Ш-Зулупхар" ЖШС туралы ақпарат.....................................................5
1.2 Кірпіш өндірісінің технологиясы..........................................................10
2 Сапаны басқару..........................................................................................16
2.1 Кірпіш өндіру технологиясын қадағалау............................................17
2.2 Дайын кірпіштің сапасын қадағалау.................................................18
3 Кірпішті сынау............................................................................................20
3.1 Аязға төзімділігіне сынау.........................................................................20
3.2 Кірпіштің беріктігіне сынау .................................................................21
3.3 Кірпішті ылғалдылыққа сынау ...........................................................22
3.4 Кірпішті су сіңіруіне сынау .................................................................23
4 Кірпішті сертификаттау..............................................................................26
Қорытынды.................................................................................................... 30
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................31
А қосымшасы..............................................................

Работа состоит из  1 файл

Отчет.docx

— 74.02 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе.............................................................................................................3

1 Жалпы мағлұматтар....................................................................................4

1.1 "Ш-Зулупхар" ЖШС туралы ақпарат.....................................................5

1.2  Кірпіш өндірісінің технологиясы..........................................................10

2 Сапаны басқару..........................................................................................16

2.1 Кірпіш   өндіру  технологиясын  қадағалау............................................17

2.2  Дайын  кірпіштің   сапасын   қадағалау.................................................18

3 Кірпішті сынау............................................................................................20

3.1 Аязға төзімділігіне  сынау.........................................................................20

3.2 Кірпіштің  беріктігіне   сынау .................................................................21

3.3  Кірпішті ылғалдылыққа    сынау ...........................................................22

3.4 Кірпішті су  сіңіруіне    сынау .................................................................23

4  Кірпішті   сертификаттау..............................................................................26

Қорытынды.................................................................................................... 30

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................31

А қосымшасы...................................................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

      Адамзат  әрқашан «Өз үйім – өлең  төсегім» деген принципті ұстанады. Сонымен қатар кез-келген адам  жайлылықты жақсы көреді. Өзін  қауіпсіздікте сезінгенді ұнатады.  Сондықтан өз баспанасының жайлы,  әдемі ең бастысы болғанын қалайды. Ал осы баспананың негізгі құрылыс материалы кірпіш болып табылады. Ежелгі адамдар да өз қауіпсіздігі, табиғаттың келеңсіз жағдайларынан қорғану үшін үңгірлерді паналаған. Бірақ бертін келе баспана тұрғыза бастаған. Олар құрылыс материалдарының орнына сабанға араластырған саз балшықты қолданған. Заманға сай кірпіштің алғашқы түп нұсқасы осылай пайда болды. Кірпіш– жасанды құрылыс материалы. Оны саз және кремнезем жынысынан, өнеркәсіп қалдықтарынан күйдіру (сазды) не автоклавта булау (силикатты) арқылы алады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Сонымен қатар, әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады.Оны жаппай Көне Мысырда жасай бастаған. Яғни, б.з.б. 3 – 1-мыңжылдықта түрлі түсті өрнектелген архитектуралық кірпіштер шыққан. Яғни, кірпіштің ежелгі заманда дамыған жерлері Оңтүстік Шығыс Азия, Орта Азия елдері, Ежелгі Мысыр болып табылады. Осы елдерден кейін грек саяхатшылары Шығыстың ұлы өркениетті мәдениетімен танысып, оның озық үлгілерін өз елдерінде жасауға, орнықтыруға асықты.. Б.з.б. 1-мыңжылдықтан бері грек шеберлері шығыс үлгісіндегі кірпіш жасауды қолға алып, өзіндік әдіспен дамыта білді. Соның нәтижесінде Ежелгі Грекияда, Римде кірпіш жасаудың мектептері қалыптасты, жүздеген шеберханалар жұмыс істеді. Олардың өнерінің өзге халықтарға да ықпалы мол болды. Қазіргі таңда дүние жүзінде кірпішті өндіру процесі жақсы дамыған. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикалық “золокерам” материалдары жасалып, өндіріске енгізілді. Бұл кірпіш өндірісінің Қазақстанда да дамығанының белгісі болып табылады.

 

 

  1. Жалпы мағлұматтар

      Бүгінгі  таңда Қазақстан Республикасы  өндіріс саласын жаңа деңгейге  шығару мақсатында арнайы стратегиялық  бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ  отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді  жан – жақты қолдап, олардың  нарыққа ұсынатын тауарларының  бәсекеге қабілеттілігін арттыруды  мақсат етіп алып отыр. Жаңа  өндіріс қуаттарын іске қосу  және еңбекшілердің тұрғын үйлер  құрылыстарын одан әрі жақсарту  басты міндеттердің бірі болып  отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын  өндірумен және олардың соны  жаңалықтармен оқушы қауымды  таныстырып өткен жөн. Үйді  қандай материалдардан салу жайы  ерте замандарда – ақ адамдарды  көп толғандырған. Дегенмен, бұл  мәселе қай заманда болсын  белгілі бір елдің экономикалық, әлеуметтік, тарихи – қоғамдық  және географиялық жағдайларына  тығыз байланысты дамып, өріс  алып отырды. Адам баласы кірпіш, бетон және құрылыс гипсін  жасауды біздің дәуірімізден  бірнеше ғасыр бұрын бастаған. Бұған қазіргі уақытқа дейін  сақталған архитектуралық ескерткіштерді  зерттеу нәтижелері дәлел бола  алады. Біздің дәуірімізден бірнеше  ғасыр бұрын салынып, осы күнге  дейін сақталған дүние жүзіндегі  аса ірі архитектуралық ескерткіштер, қорғандар, храмдар, тағы сол  сияқты күрделі және өте көрнекті құрылыстар қандай материалдардан және қалай жасалған, олардың қандай түрлері өндірілген. Өнеркәсіптік өндіріс даму тарихы қандай – бұл мәселелер туралы әркімдер – ақ белгілі бір мағлұмат алғысы келеді. Сонымен біз қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өнеркәсіп жолымен өндірудің ғылыми – техникалық негіздері және бұл салалардағы ең соңғы жаңалықтар туралы өндірістік практикада таныстық.

Құрылыс материалдары - үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен  бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының  түрлері:

  • табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);
  • органикалық(битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;
  • жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар);
  • ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);
  • металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.);
  • синтетикалықшайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.)

    Құрылыс материалдарын,  бұйымдары мен құрастырмаларын  сәйкестендіру ҚР МЖ 04-2003 өнім  жіктеуіші бойынша, жинақтығында  тану үшін жеткілікті болатын  таңбалау мен ілеспе құжаттар  бойынша, белгілері, параметрлері, көрсеткіштері мен талаптары  бойынша Сыртқы экономикалық  қызметтің тауар номенклатурасының  (СЭҚ ТН) кодтарын және Экономикалық  қызмет түрлері бойынша өнімдер  жіктеуіші (ЭҚТ ӨЖ) кодтары бойынша  оларға сәйкес келетін кодтарды  пайдалану арқылы жүргізіледі.

1.1 "Ш-Зулупхар" ЖШС туралы ақпарат

"Ш-Зулупхар" ЖШС 2007жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылында құрылыс материалы кірпіш өндіретін зауыт негізінде құрылды.

Ш-Зулупхар" ЖШС  дегі СМЖ-нің  8  қағидаты.

  1. Тұтынушыға  бағыттау

Ұйым өз тұтынушыларының  қажеттіліктерін анықтап, олардың  талаптарына сай бағытта  қызмет етуі қажет.

Тұтынушылар талаптарына  келесілер кіреді:

    • Өнімнің бағасы мен қолданылу шарттары;
    • Сапасы;
    • Қауіпсіздігі;
    • Өнім туралы ақпараттың дұрыстылығы;
  1. Көшбасшылық

Ұйым басшысы  сапалы өнім шығаратын өзіндік үлгісін көрсету  қажет. 

Көшбасшының 7 «МЕН»  қағидаты:

    1. Мен №1 сапа мақсатын ұстанамын;
    2. Мен сапаны өңдеу бойынша қызметке басшылық етемiн және оған  жауапты болып табыламын;
    3. Мен СМЖ ұйымдастырып, оған жауапты адамды тағайындаймын;
    4. Мен СМЖ-ға  қатыста талаптарды анықтаймын;
    5. Мен СМЖ талаптарының орындалуын анықтаймын;
    6. Мен СМЖ-нің тиімділігі мен нәтижесі  бойынша  жетекшілердің  есеп беруін талдаймын;
    7. Мен СМЖ үрдісінің  алға басуына жетекшілік етемін.
  1. Қызметкерлерді ынталандыру

Қағидаттың іске асуы ортақ  мақсатта  ұйымның негізгі жабдықтаушыларының  нақты және  тікелей  байланыста ақпараттық алмасуын талап етеді.Мысалы: зауыттағы қызметкерлерді еңбегіне сай ынталандыру сыйлықтарымен  қамтамасыз ету.

  1. Үрдісті көзқарас
    • Өнім тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкестендіріледі, қанағаттандыру дәрежесі өлшенеді;
    • Зауыттың функцияларымен барлық процесстердің өзара қарым-қатынасы орнатылады;
    • Әрбір процесс  басқарылады,үрдістің орындалу барысындағы жауапкершілік пен өкілеттілігі, құқығы бекітіледі;
    • Кірпіш өндіру  жобалау барысында басқарушылық іс-әрекеттері және қажетті ресурстармен қамтамасыз етіледі.
  1. Жүйелік көзқарас

Зауыттағы барлық жұмыстар жүйелік үрдісті құрайды. Зауыт  басқармасының барлық цехтері бір  бірімен байланыста жұмыс істеуі керек.

  1. Тұрақты жақсарту

Тұрақты жақсарту үшін 2 әдіс қолданылады:

    1. Қазіргі үрдістерді қайта қарау немесе жаңа технологияларды енгізу.
    2. Қадам бойынша тұрақты жақсарту.Қазіргі үрдістер аумағында жұмысшылар топтарында өткізіледі.
  1. Фактілерге негізделген жұмыс

Зауыттағы барлық қабылданған  шешімдер маманның жеке тәжірибесі немесе интуициясына емес дәлелденген фактілерге негізделуі тиіс.

  1. Жабдықтаушылармен жұмыс

Зауыт  әрбір жабдықтаушының тұрақты тұтынушы болуы үшін сапалы еңбек етуі керек.

Сонымен қатар зауыттағы  инженер-техникалық қызметкерлер және  барлық жұмыскерлері 
үшін төмендегі заңдылықтар міндетті болып табылады: 
- адал, ұйымшыл еңбек ету, материалдық құндылықтарға сақтықпен қарау; 
- жаңа техниканы игеру, алдыңғы тәжірибелерді әрқашан қабылдау; 
- біліктіліктерін үнемі арттырып отыру, өз мамандығынан басқа қосалқы мамандық игеру; 
- өндіріс және санитарлық мәдениетті көтеру; 
- бір күндік тіршілікпен ғана өмір сүрмей,келешекке зор үмітпен қарау; 
- жоспар орындау - басты міндет, ал оны асыра орындау - әр жұмыскердің абыройы.

Зауыт басшыларының, механиктердің,шеберлердің, қызметкерлердің 50% жас мамандар.

Қазіргі уакытта зауыттағы  кірпіштердің өлшемдері, маркасы, сақтау,  транспорттау шарттары МЕСТ 379-95 «Кірпіш және силикатты тастар. Техникалық шарттар» талаптарына сай өндіріледі. Ал қауіпсіздік шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы N 1202 Қаулысымен бекітілген "Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауіпсіздігі" техникалық регламентіне сәйкес.

 Кірпіштің  шығу тарихы

Кірпіш— құрылыс материалы  үшін қолданылатын тығыздық, суға, суыққа төзімділік тастың қасиеттеріне ие дұрыс  пішіндегі жасанды тас. Кірпіштің  негізінен келесідей үш түрі қолданылады: күйдірілген топырақтан жасалған керамикалық  кірпіш, құм мен ізбестен тұратын  силикатты кірпіш және соңғысы сығылған (престелген) кірпіш.

«Кірпіш» сөзі  ежелгі түркі тілінен енгізілген. Осы  заманға дейін көптеген мемлекетте күйдірілмеген кірпіш шикізаты қолданылған. Дегенмен, Египетте күйдірілген кірпіштің  қолданысқа енуі ежелден б.з.д. 3—2 мыңжылдықтан басталады. Әсіресе, Месопатамия, Ежелгі Римде (45×30×10 см) өлшемдегі кірпіштер  күрделі құрылыс жұмыстарында маңызды  рөл атқарды. Ежелгі Римде кірпіш пішіні тікбұрышты, үшбұрышты жіне домалақ пішінде дайындалды.  Көне Мысырда б.з.б. 3 – 1-мыңжылдықта  түрлі түсті өрнектелген архитектуралық кірпіштерді жасай бастаған. Яғни, кірпіштің ежелгі заманда дамыған  жерлері Оңтүстік Шығыс Азия, Орта Азия елдері, Ежелгі Мысыр болып  табылады.

Өлшемдері

Ресейде кірпіш бірыңғай стандартта 1927 жылы пайда болды. Нормальды пішін  250х120х65 мм өлшемінде болады. Қалған өлшемдер атауы өндірілген нормальды пішін деп аталады, олар келесідей:

  • 1 НП (біртекті) — 250х120х65 мм;
  • 1,4 НП (бір жарым) — 250х120х88 мм;
  • 2,1 НП (екеулік) — 250х120х140 мм.

Сонымен қатар стандартта  келесідей басқа өлшемдердің  қолданылатындығы жазылған (бірақ жиі  емес):

  • 0,7 НП («Евро») — 250х85х65 мм;
  • 1,3 НП (модульді біртекті) — 288х138х65 мм.

Толық емес (бөлік):

  • 3/4 — 180 мм;
  • 1/2 — 120 мм;
  • 1/4 — 60—65 мм.

Шектік атаулары

ГОСТ 530—2007 стандартына сәйкес кірпіштің шектік атаулары келесідей:

  • Ұяшық— қалау бойынша паралель орналасқан бұйымның жұмыс шегі (Мысалдағы 1 НПбұл 250х120 мм өлшемдегі бөліктер);
  • Керте — ұяшыққа перпендикуляр орналасқан бұйымның аумақ бойынша орта шегі (1НП — 250х65 мм);
  • Істік — ұяшыққа перпендикуляр орналасқан, бұйымның кіші шегі (1 НФ — 120х65 мм).

Кірпіштің түрлері

Кірпіштің негізінен келесідей  түрлері қолданылады: құм мен  ізбестен тұратын силикатты кірпіш, күйдірілген топырақтан жасалған керамикалық  кірпіш және динас, шамот, магнезитті, хроммагнезитті және т.б.

Силикатты кірпіш

Силикатты кірпіш кварцты  құм қоспасы, әуелік ізбес пен  судан дайындалады. Қалыпталған  кірпіш 170—200 °C  температура мен жоғары қысымдағы қаныққан сула пар әсерімен автоклавты өңдеуден өтеді. Осындай технологияны қолданудың арқасында жасанды тас жасалады.

Силикатты кірпіштің артықшылықтары

  • Экологиялық. Силикатты кірпіш адамзатқа ерте заманнан таныс  ізбес пен құм сияқты экологиялық таза, табиғи шикізаттан дайындалған.
  • Дыбысизоляция.Бұл артықшылық пәтер және бөлмеаралық қабырға тұрғызуда маңызды рөл атқарады. Силикатты кірпіш азаматтық және өндірістік құрылыста қабырғалар мен столбтарды қалау үшін қолданады.

Информация о работе Адамзат әрқашан