Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:48, отчет по практике
Адамзат әрқашан «Өз үйім – өлең төсегім» деген принципті ұстанады. Сонымен қатар кез-келген адам жайлылықты жақсы көреді. Өзін қауіпсіздікте сезінгенді ұнатады. Сондықтан өз баспанасының жайлы, әдемі ең бастысы болғанын қалайды. Ал осы баспананың негізгі құрылыс материалы кірпіш болып табылады. Ежелгі адамдар да өз қауіпсіздігі, табиғаттың келеңсіз жағдайларынан қорғану үшін үңгірлерді паналаған. Бірақ бертін келе баспана тұрғыза бастаған. Олар құрылыс материалдарының орнына сабанға араластырған саз балшықты қолданған. Заманға сай кірпіштің алғашқы түп нұсқасы осылай пайда болды. Кірпіш– жасанды құрылыс материалы. Оны саз және кремнезем жынысынан, өнеркәсіп
Кіріспе.............................................................................................................3
1 Жалпы мағлұматтар....................................................................................4
1.1 "Ш-Зулупхар" ЖШС туралы ақпарат.....................................................5
1.2 Кірпіш өндірісінің технологиясы..........................................................10
2 Сапаны басқару..........................................................................................16
2.1 Кірпіш өндіру технологиясын қадағалау............................................17
2.2 Дайын кірпіштің сапасын қадағалау.................................................18
3 Кірпішті сынау............................................................................................20
3.1 Аязға төзімділігіне сынау.........................................................................20
3.2 Кірпіштің беріктігіне сынау .................................................................21
3.3 Кірпішті ылғалдылыққа сынау ...........................................................22
3.4 Кірпішті су сіңіруіне сынау .................................................................23
4 Кірпішті сертификаттау..............................................................................26
Қорытынды.................................................................................................... 30
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................31
А қосымшасы..............................................................
Сынау алдында үлгілерді визуалды түрде тексеріп, ақаулары бар болса анықталынады. Сызат тереңдігі 10 мм-ден көп, шұңқырша диаметрі 10 мм-ден және тереңдігі 5 мм-ден көп, сонымен қатар қабыршақтану іздері бар және толығымен тығыздалмаған үлгілер сынауға жатпайды. Үлгінің тірегіш қабырғаларындағы бетон төмпешіктері егеумен немесе арнайы таспен алынып тасталуы керек. Визуалды тексеру нәтижелері сынау журналына жазылады. Қажет болған жағдайда ақаулардың орналасу сұлбасын белгілеп қояды.
Бір серияның барлық үлгілері есептік шамада 1 сағаттан артық емес уақытта сыналуы керек.
Үлгіні преске орналастырмас бұрын престің тірегіш плиталарындағы алдыңғы сынаудан қалған бетон бөлшектерін тазалау керек
Престің күшөлшігішінің шкаласын жойылатын жүктің күтілетін мәні максимал жүктің 20-80% аралығында болуы керек деген шартпен таңдайды.
Үлгілерге салмақ түсіру үздіксіз түрде үлгідегі есептік кернеудің үлгінің толық қирауына дейін қысуға сынау барысында (0,6?0,4) МПа/с шегінде және созылуға сынау барысында (0,05?0,002) МПа/с шегінде өсуін қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүргізіледі. Сонымен қатар, бір үлгіге салмақ түсіру уақыты 30 сек уақыттан аз болмауы керек.
- өлшемі 1,5 -тан үлкен толықтырғыш дәндерінің, топырақ түйіршіктерінің, қабыршақтану іздерінің бар болуы.
тірегіш беттерінің арасына болаттан жасалған қосымша тірегіш плиталар қоюға болады.
Үлгіні престің тірегіш плиталарына орналастырғаннан соң престің жоғарғы плитасын үлгінің жоғарғы тірегіш қабырғасымен олардың жазықтықтары толығымен бір-біріне жабысып тұратындай етіп қосады. Содан соң салмақ түсіруді бастайды.
Үлгі ақау әсерінен қираған жағдайда серияның анықталған орташа беріктігінің нәтижесі есепке алынбайды.
Иілу барысында созылуға сынау
Үлгілер сынау құрылғысына орналастырылады және қирауға жеткенше салмақ түсіріледі.
Егер үлгінің қирау жазықтығы вертикаль жазықтыққа 15°-тан иілсе, онда бетонның орташа беріктігін анықтау барысында бұл сынау нәтижесі есепке алынбайды.
Жарылу барысында созылуға сынау
Үлгілер пресс плитасына
немесе сынау құрылғысына
Үлгіге күшті біркелкі етіп беру үшін болат қадалғыш төсеме мен шаршы беттігінің арасына немесе пресстің тірегіш плиталары мен цилиндр-үлгі беттігінің арасына қосымша ретінде ұзындығы үлгі ұзындығынан артық емес картон немесе жұқа тақтай орналастыруға болады.
Призма-үлгілерді ұзындығы
бойынша бірнеше тілімдерге бөледі.
Тілімдердің ара қашықтығы
Осьтік созылуға сынау
Үлгілер ажыратқыш машиналардың біріне бекітіледі және қинауға жеткенше тартылады.
Егер қирау жұмыс жағдайында болмаса немесе үлгінің қирау жазықтығы оның горизонталь осіне 15°-тен артық иілген болса, сынау нәтижесі есепке алынбайды.
3.3 Кірпіштің ылғалдылығына сынау
Сынауға дайындау
Кірпіштің ылғалдылығын беріктікке сыналған үлгілерді бөлшектеу арқылы алынған немесе бұйымнан бөлініп алынған үлгілерді сынау арқылы анықтайды.
Бөлшектелген бетон
- ауыр және кеуекті толықтырғыштардан жасалған кірпіштер үшін - толықтырғыш түйіршіктерінің максимал өлшемінен үлкен емес;
- ұсақтүйіршікті кірпіштер үшін (ұяшықты және силикатты кірпіштерді қоса алғанда) – 5 мм-ден артық емес.
Ұсақталған материалдан массасы төмендегіден кем емес орташаланған үлгіні алады:
- 1000 г – ауыр және кеуекті толықтырғыштардан жасалған бетондар үшін;
- 100 г – ұяшықты, силикатты және ұсақ түйіршікті бетондар үшін.
Кірпішті және темірбетонды бұйымдарда кірпіштің ылғалдылығын өндірістік бақылау барысында массасы төмен бетон үлгілеріне сынау жүргізуге рұқсат етіледі.
Үлгілерді таңдап алған соң оларды ұсақтап, салмағын өлшейді немесе бу өтпейтін орамада немесе герметикалық тарада сақтайды. Ораманың немесе герметикалық тараның көлемі оған салынатын үлгі көлемінен екі еседен артық болмауы керек.
Сынау жүргізу
Дайындалған үлгілердің салмағы өлшенеді және кептіргіш шкафқа орналастырылып, (105 ? 5) °С температурада тұрақты массаға жеткенше кептіреді.
Үлгінің тұрақты массасы
ретінде соңғы екі өлшеу
Үлгілерді қайталап өлшемес
бұрын оларды эксикаторда сусыз
хлорлы кальциймен немесе кептіргіш
шкафпен бірге бөлме
жеткенге дейін суытады.
Салмақ өлшеу кезінде 0,01 г-ға дейін қателік қабылдана береді.
Кірпіш үлгілері сериясының ылғалдылығын жеке үлгілер ылғалдылығы нәтижелерінің орта арифметикалық мәнін анықтау арқылы табады [12].
Сынау нәтижелері енгізілетін журналда келесі мәліметтер болуы керек:
- үлгілердің таңбалануы;
- үлгілерді таңдап алу орыны мен уақыты;
- кірпіштің ылғалды күйі;
- кірпіш жасы мен сынау мерзімі;
- кірпіш үлгілерінің және серияларының массасы бойынша;
- кірпіш үлгілерінің және серияларының көлемі бойыншаылғалдылығы.
3.4 Кірпіштің су сіңіруіне сынау
Сынауға дайындау
Кірпіштің су сіңіруін үлгілерді сынау арқылы анықтайды.
Үлгілердің беті шаңнан, кірден сымтемірлі щетка немесе абразивті тастың көмегімен тазартылады.
Үлгілерді сынау кірпіштің табиғи ылғалдылығы жағдайында немесе тұрақты массаға дейінгі кептірілген күйде жүргізіледі.
Сынау жүргізу
Үлгілер сумен толтырылған ыдысқа орналастырылады. Судың деңгейі орналастырылған үлгінің беткі деңгейінен шамамен 50 мм-ге асып тұруы керек.
Үлгілер төсемелерге биіктігі
минимал болатындай етіп орналастырылады
(призмалар мен цилиндр
Ыдыстағы судың температурасы (20 ? 2) °С болуы керек.
Үлгілердің салмағы әрбір 24 сағат сайын жәй немесе гидростатикалық таразыларда 0,1 %-дан артық емес қателікпен өлшенеді.
Жәй таразыларда өлшеу барысында судан шығарылған үлгілер сығылған ылғал матамен алдын ала сүртіледі. Үлгі тесіктерінен таразыға аққан су массасын үлгі массасына қоса есепке алу керек.
Соңғы екі өлшеу нәтижелерінің айырмашылығы 0,1%-дан артық емес болғанша сынау жүргізіле береді.
Табиғи ылғалдылығы күйінде сыналатын үлгілер су сіңіру процесі аяқталған соң тұрақты массаға дейін кептіріледі.
Кірпіштің су сіңіруін үлгілерді қайнату арқылы да анықтайды.
Нәтижелерді өңдеу
Бетонның жеке үлгісінің су сіңіруін Wм массасы бойынша 0,1%-ға дейінгі қателікпен төмендегі формула бойынша процент арқылы есептейді:
мұндағы mc — кептірілген үлгінің массасы, г;
mв — су сіңірген үлгінің массасы, г.
Кірпіштің жеке үлгісінің су сіңіруін Wо көлемі бойынша 0,1%-ға дейінгі қателікпен төмендегі формула бойынша процент арқылы есептейді:
мұндағы rо — құрғақ бетонның тығыздығы, кг/м3;
rв —1 г/см3-қа тең деп алынатын су тығыздығы.
Кірпіш үлгілері сериясының су сіңіруін осы серия үлгілерін жеке сынау барысында алынған нәтижелердің орташа арифметикалық мәні табу арқылы анықтаймыз.
Сынау нәтижелері енгізілетін журналда төмендегі мәліметтер қарастырылуы керек:
- үлгілердің таңбалануы;
- кірпішжасы және сынау мерзімі;
- кірпіш үлгілерінің су сіңіруі;
- кірпіш үлгілері сериясының су сіңіруі.
Қайнату барысында су сіңіруін анықтау
1) Су сіңіруін анықтау үшін үлгілер су құйылған ыдыста қайнатылады.
Су көлемі орнатылған үлгі көлемінен екі есе болуы керек.
2) Ыдыстағы су д еңгейі үлгі бетінен кем дегенде 50 мм-ге асып тұруы керек.
3) Әрбір 4 сағаттық қайнатудан кейін үлгілер (20 ? 5) °С температураға дейін сыда суытылады, ылғал матамен сүртіліп, салмағы өлшенеді.
4) Соңғы екі өлшеу нәтижелерінің айырмашылығы 0,1%-дан артық емес болғанша сынау жүргізіле береді.
5) Қайнау кезінде кірпіштің су сіңіруі Wм,кип массасы бойынша 0,1%-ға дейінгі қателікпен есептейді.
4 Кірпішті сертификаттау
Сапа жүйелерінің қарқынды
дамуының сыртқы (тапсырма берушілердің
талаптары, бәсекелестіктің артуы)
және ішкі себептері бар. Маңызды
сыртқы себептердің бірі - көптеген
шетелдік органдар мен сертификаттау
жүйелерінің сапа жүйесін өнімді
сертификаттау процедурасына
Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау
Қазақстан Республикасында сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізудің тәртібіне жалпы талаптар және оларды жүргізу тәртібі ҚР СТ 3.15.1-98 стандартында белгіленген. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі мақсаттары:
Сапа жүйелері мен өндірістерінің
сертификатталуын ҚР СТ 3.2-мен белгіленген
Қазақстан Республикасының
Сапа жүйесінің нормативтік
құжаттарға сәйкестігі белгіленген
нысандағы сәйкестік